Служба обработки заказов: +7-700-911-5555 ((С 08:30 до 17:30 (пн-пт)))

Жеткізу ережесі

Тапсырысты өңдеу және жеткізу

Тапсырыстар тек жұмыс күндері жергілікті уақытпен сағат 9:00 мен 18:00 аралығында өңделеді.

Сіз тапсырысты рәсімдеп, өңдеуге жібергеннен кейін, бір күн ішінде жергілікті уақытпен сағат 9:00 мен 18:00 аралығында Apteka.COM менеджері тапсырысты растау үшін сізге хабарласуы мүмкін. Тапсырысыңыз жинауға жіберілгенде, сізге мынадай бірінші SMS хабарлама жіберіледі: «Сіздің № **** тапсырысыңыз жинауға жіберілді.»

Тапсырысыңыз қоймада жиналып, сіз таңдаған дәріханаға жіберілгенде, телефон нөміріңізге мынадай екінші SMS хабарлама жіберіледі: «Сіздің № **** тапсырысыңыз дәріханаға жіберілді…». Онда тапсырыс нөмірі мен құны, дәріхананың телефон нөмірі көрсетіледі.

Сайтта дүйсенбі мен бейсенбі аралығында жергілікті уақытпен сағат 18:00-ге дейін жасалған тапсырысты келесі күні дәріханаға жеткізуге тырысамыз. Бірақ кейбір жағдайларда тапсырыс рәсімделгеннен кейін 1–2 күнде жеткізілуі мүмкін.

Егер тапсырыс жұма, сенбі немесе жексенбі күндері жасалған болса, біз оны сіз көрсеткен дәріханаға дүйсенбіде, сейсенбіде немесе сәрсенбіде жеткізуге тырысамыз.

Тапсырыс дәріханаға түскенде, көп жағдайда дәріхана қызметкерлері қоңырау шалып, тапсырыстың келгенін және оны алып кетуге болатынын хабарлайды. Осы қоңыраудан кейін тапсырысыңызды дәріханадан ала аласыз. Егер тапсырыс 5 күн ішінде сатып алынбаса, дәріхана оны қайтадан қоймаға қайтарады.

Маңызды: барлық SMS хабарламалар автоматты түрде жіберіледі, сондықтан кейде тапсырысыңыз дәріханаға жеткізілмей тұрып, SMS жіберілетін жағдайлар болады. Дәріханадан шалынған телефон қоңырауы — тапсырысыңыздың дәріханаға келіп түскенінің және оны ала алатыныңыздың кепілі.

Сондай-ақ SMS-те көрсетілген телефон нөмірі арқылы дәріханаға өзіңіз хабарласып, тапсырысыңыздың түскен-түспегенін біле аласыз.

Тапсырысқа төлем жасау және алу

Дәріханадан тапсырысты алу үшін оның нөмірін айтсаңыз жеткілікті, ал ұмытып қалған болсаңыз, тапсырысты телефон нөміріңіз арқылы оңай табуға болады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, егер тапсырысыңыздың ішінде рецептілі дәрі болса дәріхана сізден рецептіні сұрауға құқылы.

Тапсырысты алған кезде төлем жүргізіледі. Төлем жасау түрі — қолма-қол ақша. Банк карталарымен төлем жасау дәріхананың қалауына қарай жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ақпаратты дәріханадан нақтылаңыз.

Дәріханалардың дисконттық карталары және басқа да жеңілдіктер Apteka.COM арқылы жасалған интернет тапсырыстарға қолданылмайды, бірақ дәріхана өз қалауына қарай клиенттерге интернет тапсырыстар бойынша қосымша жеңілдіктер беруге құқылы.

Интернет тапсырысқа кіретін тауарлар бойынша барлық кінарат-талаптар дәріханадан алған кезде, кассада төлем жасағанға дейін қабылданады. Тапсырысыңызды алғанда, оның берілген тапсырысқа сәйкестігін, тауарлар санын, олардың бағаларын, бүтіндігін, түсін (бұйым болса), жарамдылық мерзімдерін тексеріңіз.

Медициналық құрылғылардың кепілдігі сатып алу кезінде дәріханада рәсімделеді. Ол үшін құрылғының қаптамасындағы кепілдік талонын толтырып, фармацевтке қол қойдыртып, дәріхана мөрін қоюын сұрауыңыз керек.

Маңызды!

Сайтта көрсетілген бағалар тек сайттан тапсырыс бергенде, тапсырысты сіз таңдаған кез келген дәріханаға жеткізгенде жарамды. Дәріхана тапсырыстың көрсетілген құнынан артық соманы талап етуге құқылы емес. Бұл — құқықбұзушылық.

Барлық тапсырыстар тегін жеткізіледі.

В приложении ещё удобнее и быстрее!

Установить

Спасибо, в другой раз

apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555
apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555