1. Жалпы ережелер мен терминдер
1.1. apteka.com сайтының (бұдан әрі — Сайт) пайдаланылуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық нормаларымен реттеледі.
1.2. Сайт — Пайдаланушыларды Серіктес-дәріханалардағы тауарлардың ассортименті, бар-жоғы және бағалары туралы тек ақпараттандыруға, сондай-ақ брондауға алдын ала Өтінімдерді ресімдеуге (Тапсырысты ресімдеуге) арналған, Интернет желісінде apteka.com мекенжайы бойынша орналасқан (соның ішінде мобильді қосымшалар мен ішкі домендер) бағдарламалық-аппараттық құралдардың, дерекқорлар мен контенттің жиынтығы, ақпараттық сервис болып табылады.
1.3. Сайт Әкімшілігі - apteka.com домендік атауының Құқық иеленушісі және әкімшісі «ЭМИТИ Интернешнл» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 981040000153, Орналасқан жері: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Чайковский көшесі, 15 А, т.е.жай 7, пошта индексі A05H9E0) болып табылады, ол Сайттың техникалық және ақпараттық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әкімшілік Тауарларды сатушы, маркетплейс, электрондық сауда алаңы, интернет-дүкен немесе Пайдаланушылардан төлемдерді қабылдау жөніндегі агент болып табылмайды.
1.4. Серіктес-дәріхана — Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС-мен тауарларды жеткізу шарты жасалған дәріхана ұйымдарында, олардың нақты орналасқан жерлерінде жеке тұлғаларға Тауарларды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тәуелсіз заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
1.5. Тауарлар — дәрілік препараттар, гигиена құралдары, медициналық жабдықтар, диеталық, спорттық және мамандандырылған тамақ өнімдері, биологиялық белсенді қоспалар және дәріхана ұйымдары арқылы бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілген өзге де тауарлар.
1.6. Брондауға өтінім (Тапсырысты ресімдеу) — Пайдаланушының таңдалған Тауарды таңдалған Серіктес-дәріханадан көрсетілген баға бойынша ол жеткізілгеннен/бар екендігі расталғаннан кейін сатып алу ниетін білдіретін, Пайдаланушының Сайт арқылы қалыптастырған ақпараттық тапсырмасы.
1.7. apteka.com Сайтында себетті қалыптастыру және кейіннен «Тапсырысты ресімдеу» терезесін басу арқылы Тапсырысты ресімдеу Сатып алушының Серіктес-дәріханамен тікелей бөлшек саудада сатып алу-сату шартын жасасу шарттарымен келісуі, сондай-ақ Тапсырысты тиісті жеткізу нүктесі арқылы қабылдауға және төлеуге келісімі болып табылады.
1.8. Келісімді Сайт Әкімшілігі Пайдаланушыларға арнайы ескертусіз біржақты тәртіпте өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы Интернет желісінде apteka.com мекенжайы бойынша орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
1.9. Осы Келісімнің пәні Сайт Әкімшілігінің Пайдаланушыға ақпарат алу мақсатында, сондай-ақ ақпаратты іздеу және соңғылардың арасында жасалған жеткізу шарты шеңберінде таңдалған тауарды жеткізуге Серіктес-дәріхананың атынан «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС мекенжайына тауарларды брондау (Тапсырыстарды ресімдеу) мақсатында Сайтты және оның сервистерін пайдалануға қолжетімділік ұсынуы болып табылады.
1.10. Пайдаланушы Сайтта тіркелген сәтке дейін осы Келісіммен танысуға міндетті. Пайдаланушының Сайтта тіркелуі Пайдаланушының осы Келісімді толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді.
2. Пайдаланушыны тіркеу, Пайдаланушының есептік жазбасы
2.1. Пайдаланушыны Сайтта тіркеу тегін, ерікті түрде жүргізіледі және Интернет желісіндегі мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: apteka.com.
2.2. Сайттың Пайдаланушысы — осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес Сайтта тіркелген, осы Келісімді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол берілетін жасқа толған жеке тұлға (бұдан бұрын және бұдан әрі — Пайдаланушы).
2.3. Сайтты пайдалану үшін Пайдаланушы тіркелу процедурасынан өтуі қажет, оның нәтижесінде Пайдаланушы үшін есептік жазба жасалады.
2.4. Рецептімен берілетін дәрілік заттарды брондауға Өтінімді ресімдеу (Тапсырысты ресімдеу) кезінде Пайдаланушы брондау фактісі Серіктес-дәріханадан Тауарды сатып алу кезінде фармацевтке/провизорға ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделген дәрігердің түпнұсқалық рецептін көрсету міндетін жоймайтыны туралы хабардар етілген және онымен келіседі. Рецепт болмаған жағдайда Серіктес-дәріхана Тауарды беруден бас тартуға міндетті.
2.5. Тіркелу кезінде Пайдаланушы логин ретінде өзінің ұялы телефон нөмірін көрсетеді. Пайдаланушы тіркелуді Пайдаланушының өзі көрсеткен ұялы телефонына Сайттан SMS-хабарлама түрінде алған кодты Сайттағы тиісті формаға енгізу арқылы растауы тиіс. Болашақта Пайдаланушының Сайттан SMS-хабарлама түрінде алған коды Пайдаланушының жеке кабинетіне кіруге арналған пароль болады.
2.6. Пайдаланушының ұялы телефон нөмірі, сондай-ақ сайтта тіркелу кезінде Пайдаланушы көрсеткен электрондық поштасы мыналар туралы ақпараттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін: - apteka.com сайтында өткізілетін акциялар мен өзге де әрекеттер; - Тапсырыстың мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу.
2.7. Пайдаланушы өзі алған парольдің сақталуын, құпиялылығын дербес қамтамасыз етеді. Пайдаланушы өзінің логині мен паролін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес, олардың сақталуына толық жауапты болады, оларды сақтау тәсілін дербес таңдайды.
2.8. Егер Пайдаланушы керісінше жағдайды дәлелдемесе, Пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып жасалған кез келген әрекеттер тиісті Пайдаланушы жасаған әрекеттер болып есептеледі.
2.9. Логин мен парольге және/немесе Пайдаланушының жеке кабинетіне рұқсатсыз кіру немесе логин мен парольдің таралып кетуі жағдайында Пайдаланушы бұл туралы белгіленген тәртіппен Сайт Әкімшілігіне дереу хабарлауға міндетті.
2.10. Тіркеуді тоқтату. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының есептік жазбасын ешқандай себеп түсіндірместен, соның ішінде Пайдаланушы Келісім шарттарын бұзған жағдайда бұғаттауға немесе жоюға құқылы.
2.11. Өзінің есептік жазбасын жою үшін Пайдаланушы осы Келісімнің 1.3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Сайт Әкімшілігіне талап жіберуі тиіс. Есептік жазбаны жоюды Сайт Әкімшілігі осындай талап алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
3. Тараптардың міндеттері
3.1. Сайт пайдаланушысы құқылы:
3.1.1. Сайтта тауарларға тапсырыс ресімдеуге, оларды пайдаланушы өзі таңдаған Серіктес-дәріханадан (сайтта ұсынылған дәріханалар тізімінен) сатып ала алады. Бұл ретте пайдаланушы өзі таңдаған дәріхана тұтынушыға тауарларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішілік және өзге де мақсаттарда және тауарға қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес қалыпты тәуліктік/емдеу курсының дозалары екендігіне негізді сенімділікті қамтамасыз ететін мөлшерде сататын бөлшек сауда ұйымы екенін түсінуі тиіс. Осы айтылғандарға байланысты сайтта ресімделген тапсырыс жоғарыда көрсетілген мақсаттарға және тауарға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
3.2. Сайтты пайдалану кезінде Пайдаланушының мыналарға құқығы жоқ:
3.2.1. Келісімнің 3.1.1-тармағының талаптарын негізге ала отырып, сайтта тауарларға кәсіпкерлік мақсатта тапсырыс беруге;
3.2.2. Келісімнің 3.1.1-тармағын бұза отырып тауарларға тапсырыс беруге;
3.2.3. заңсыз, зиянды, жала жабатын, адамгершілікке тіл тигізетін, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті көрсететін (немесе оның насихаты болып табылатын), зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын, нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарға деген өшпенділікті және/немесе кемсітушілікті насихаттайтын, қандай да бір тұлғалардың немесе ұйымдардың атына тіл тигізуді қамтитын, порнография элементтерін қамтитын (немесе оның насихаты болып табылатын), сексуалдық сипаттағы қызметтердің жарнамасы (немесе оның насихаты) болып табылатын (соның ішінде өзге қызметтер кейпінде), есірткі заттардың немесе олардың аналогтарының, жарылғыш заттардың немесе өзге де қарудың жасалу, қолданылу немесе өзге де пайдаланылу тәртібін түсіндіретін ақпаратты жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген өзге тәсілмен орналастыруға және/немесе таратуға;
3.2.4. үшінші тұлғалардың, соның ішінде кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын бұзуға және/немесе оларға кез келген нысанда зиян келтіруге;
3.2.5. жеткілікті құқықтары болмаса, өзін басқа адам немесе ұйымның және/немесе қоғамдастықтың өкілі ретінде, соның ішінде Сайт Әкімшілігінің қызметкері, форумдардың модераторы, Сайттың иесі ретінде көрсетуге, сондай-ақ желіде басқа тұлғалардың атынан заңсыз өкілдік етудің кез келген өзге нысандары мен тәсілдерін қолдануға, сонымен қатар пайдаланушыларды қандай да бір субъектілердің немесе объектілердің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты адастыруға;
3.2.6. заңнамаға немесе қандай да бір шарттық қатынастарға сәйкес мұндай әрекеттерге құқығы болмаған жағдайда ақпаратты жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген өзге тәсілмен орналастыруға және/немесе таратуға;
3.2.7. арнайы рұқсат етілмеген жарнамалық ақпаратты, спамды, басқалардың электрондық пошта мекенжайларының тізімдерін, байланыс деректерін жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген өзге тәсілмен орналастыруға және/немесе таратуға;
3.2.8. кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың жұмыс істеуін бұзуға, жоюға не шектеуге арналған, рұқсатсыз кіруді жүзеге асыруға арналған вирустары немесе басқа да компьютерлік кодтары, файлдары немесе бағдарламалары бар қандай да бір материалдарды жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген өзге тәсілмен орналастыруға және/немесе таратуға, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сілтемелерді орналастыруға;
3.2.9. басқа тұлғалардың дербес деректерін рұқсатсыз жинауға, сақтауға немесе таратуға;
3.2.10. Сайттың қалыпты жұмысын бұзуға;
3.2.11. Келісіммен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды бұзуға бағытталған әрекеттерге жәрдемдесуге;
3.2.12. өзге тәсілмен заңнама нормаларын, соның ішінде халықаралық құқық нормаларын бұзуға.
3.3. Пайдаланушы Сайтта орналастыратын, басқа Пайдаланушыларға хабарлайтын кез келген ақпарат үшін, сондай-ақ басқа Пайдаланушылармен өз тәуекелімен жүзеге асырылатын кез келген өзара іс-қимылдар үшін дербес жауапты болады.
3.4. Сайтта орналастырылған сілтемелер бойынша өту нәтижесінде пайдаланушының техникасына зиян келген жағдайда Сайт жауапты болмайды.
3.5. Сайт Әкімшілігі Сайттың жұмыс істеуін және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді және техникалық ақаулар мен үзілістер болған жағдайда оның жұмысқа қабілеттілігін жедел қалпына келтіруге міндеттенеді. Сайт Әкімшілігі Сайт жұмысындағы уақытша ақаулар мен үзілістер және олардан туындаған ақпараттың жоғалуы үшін жауапты болмайды. Әкімшілік Пайдаланушының немесе өзге тұлғаның компьютеріне, мобильді құрылғыларына, кез келген өзге жабдығына немесе бағдарламалық жасақтамасына Сайтта орналастырылған сілтемелер бойынша материалдарды жүктеуден туындаған немесе соған байланысты келген кез келген зарар үшін жауапты болмайды.
3.6. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының есептік жазбасын жоюға құқылы, соның ішінде соңғысы Сайтты пайдалану ережелерін жүйелі түрде бұзған жағдайда.
3.7. Сайт Әкімшілігі біржақты тәртіппен осы Пайдаланушылық келісімнің шарттарын өзгертуге, Сайтты өзгертуге, соның ішінде бөлімдерді өзгертуге немесе қосуға, дизайнын өзгертуге және т.б. құқылы.
3.8. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушы Келісім шарттарын бұзған жағдайда, сондай-ақ сайт әкімшілігінде тапсырыс берілген тауар мен оның мөлшері осы Келісімнің 3.1.1-тармағының шарттарына сәйкес келетіндігіне негізді сенімділік болмаған жағдайда, Дәріхана атынан таңдалған тауарды жеткізуге «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС мекенжайына пайдаланушының өтінім қалыптастыруынан бас тартуға құқылы.
4. Дербес деректер
4.1. Сайтта тіркеле отырып, Пайдаланушы еркін, өз еркімен және өз мүддесі үшін Сайт Әкімшілігіне apteka.com мекенжайы бойынша орналасқан келісім мәтініне сәйкес өзі ұсынған дербес деректерін өңдеуге толық және сөзсіз келісімін береді. Сондай-ақ Пайдаланушы apteka.com сайтының дербес деректерді өңдеуге қатысты https://apteka.com/about/company/policy/ мекенжайында орналасқан Саясатымен танысқанын растайды. Бұл ретте Сайт Әкімшілігіне Пайдаланушының еркін білдіруін қосымша растау үшін жазбаша нысан немесе өзге де дәлелдемелер қажет болмайды.
4.2. Сайтта тіркеле отырып, Пайдаланушы Сайт сервисі шеңберінде Пайдаланушының телефон нөмірі Пайдаланушының жалғыз идентификаторы болып табылатындықтан, Пайдаланушының Сайтта Дәріхана атынан жеткізушінің мекенжайына тапсырыс қалыптастыруы Пайдаланушының телефон нөмірін тапсырысты алу үшін ол таңдаған Дәріханаға беруге әкеп соғатынымен келіседі. Пайдаланушының телефон нөмірін беруге өз келісімін кері қайтарып алуы Сайтта қалыптастырылған тапсырыстарды орындаудың мүмкін еместігіне әкеп соғады.
5. Үшінші тұлғалардың сайттары мен контенті
5.1. Сайтта Интернет желісіндегі үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер болуы мүмкін. Аталған үшінші тұлғалар мен олардың сайттары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне (нақтылығына, толықтығына, заңдылығына және т.б.) Сайт Әкімшілігі тарапынан тексерілмейді. Сайт Әкімшілігі үшінші тұлғалардың сайттарында орналасқан, Пайдаланушы Сайттан сілтемелер бойынша өткен кезде қол жеткізетін кез келген ақпарат, материалдар үшін жауапты болмайды.
5.2. Сайтта орналасқан кез келген сайтқа, өнімге, қызметке, коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез келген ақпаратқа сілтеме (кез келген нысанда), Сайт ресурстарында бұл туралы тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сайт Әкімшілігі тарапынан бұл өнімдерді (қызметтерді, қызметті) мақұлдау немесе ұсыну болып табылмайды.
6. Кепілдіктердің болмауы, жауапкершілікті шектеу
6.2. Пайдаланушы Сайтты өз тәуекелімен пайдаланады. Сервистер «сол қалпында» ұсынылады. Сайт Әкімшілігі ешқандай жауапкершілікті, соның ішінде Сайттың Пайдаланушы мақсаттарына сәйкестігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды.
6.2. Сайт Әкімшілігі сервистер Пайдаланушының талаптарына сәйкес келетініне/сәйкес келетіндігіне; сервистер үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз ұсынылатынына; сервистерді пайдалана отырып алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және т.б. сапасы Пайдаланушының күткеніне сәйкес келетіндігіне кепілдік бермейді.
6.3. Ешбір жағдайда Сайт Әкімшілігі немесе оның өкілдері Пайдаланушылардың немесе кез келген үшінші тұлғалардың алдында Сайтты, Сайттың мазмұнын немесе Пайдаланушылар немесе өзге тұлғалар Сайттың көмегімен қол жеткізген өзге де материалдарды пайдалануға байланысты туындаған залал, соның ішінде айырылып қалған пайда, ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.
7. Өзге ережелер
7.1. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді. apteka.com сайтындағы «Тапсырыс» деп сайтты пайдаланушының соңғылардың арасында жасалған жеткізу шартына сәйкес таңдалған тауарды жеткізуге дәріхана ұйымынан жеткізушінің мекенжайына өтінім қалыптастыруы түсініледі.