Служба обработки заказов: +7-700-911-5555 ((С 08:30 до 17:30 (пн-пт)))

Іздеу

Сайттағы іздеу жолағы әлдеқайда жетік болды. Біз сіздермен ақпаратты жылдам әрі тиімді табуға көмектесетін кейбір құпиялармен бөлісеміз.

Жылдам сөзкөмек

Сұрауды іздеу жолағына енгізгенде, соның дәл астында алғашқы бес лайықты препарат пен мақала көрсетілген сөзкөмек пайда болады. Егер сізге қажеті шықса, атауы жазылған жолақты жай ғана басыңыз, сонда бірден препараттың картасына өтесіз.

ХПА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ХПА немесе Халықаралық патенттелмеген атауы — бұл дәріні негізгі қасиеттерімен қамтамасыз ететін белсенді зат атауы. Дәрігер рецепт жазғанда ХПА-ны көрсетуі керек. Apteka.COM құрамында көрсетілген заты бар арзан да, «брендтелген» де препараттарды табуға көмектеседі. Мысал ретінде «дротаверин» деп енгізуге болады.

Препарат картасынан құрамында дәл сол сияқты әрекет ететін заты бар аналогтарды да табуға болады.

Өндіруші бойынша іздеу

Препараттың атауын ұмытып қалдыңыз, бірақ өндіруші есіңізде ме? Оны жай ғана іздеу жолағына енгізіңіз, сонда осы өндірушінің барлық препараттары табылады.

Ал екеуін бірдей табуға бола ма?

Бұл да мүмкін. Іздеу жолағына «дротаверин обнов» жазуын енгізіңіз, сонда «Обновление» фабрикасы шығарған, құрамында дротаверині бар препараттарды көресіз.

Ампулалар керек пе? Немесе таблеткалар керек пе?
«Дротаверин амп», «дротаверин таб» деп енгізіңіз.

Мақалалардан іздеу

Сайтымызда түрлі препараттар туралы көптеген мақалалар бар. Іздеу функциясы бұл туралы біледі. Егер іздеп отырған сөз сайтта жарияланған мақалаларда бар болса, іздеу нәтижелерінде «Мақалалар» қойындысы пайда болады. «Супрастин» сөзін іздеп көріңіз.

Мақалада препараттар белгіленген болуы да мүмкін Меңзерді олардың үстіне апарыңыз, толық атауы мен бағасы көрсетілген терезені көресіз, атауын басыңыз, сонда препарат картасына өтесіз.

Бұнымен аяқталған жоқ, егер препарат қандай да бір мақалада белгіленген болса, онда «Оқу» қойындысындағы препарат картасында оның сілтемесі пайда болады.

Басқа не?

Көп адам пернетақтаның орналасуын ауыстыруды ұмытып кетеді, бірақ Apteka.COM сізге бұл жағдайда да көмекке келеді. Орыс тілін қосуды «ұмытып» кетіп, препараттың атауын енгізіп көріңіз.

Досыңыз препаратты өзі таңдап алуы үшін оған сайттағы іздеу нәтижелерін жібергіңіз келгенде не істеу керек? Бұл да проблема емес. Іздеу нәтижелері терезесінің мекенжай жолағынан сілтемені жай ғана көшіріп алыңыз, осы сілтеме арқылы өткен кезде іздеу қайта орындалады.

Apteka.COM тобы сайтты пайдалану ыңғайлы болуы үшін көп жұмыс істеді.
Өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектерді іздеңіз, сатып алыңыз және сау болыңыз!

В приложении ещё удобнее и быстрее!

Установить

Спасибо, в другой раз

apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555
apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555