Служба обработки заказов: +7-700-911-5555 ((С 08:30 до 17:30 (пн-пт)))

Сұрақтар

  1. Неліктен мен сайтқа тіркеле алмаймын (тапсырыс бере алмаймын)?
  2. Apteka.COM сайтында қалай тапсырыс беруге болады?
  3. Тапсырыстың минималды сомасы қандай?
  4. Неліктен сайтыңыздағы бағалар дәріханалардағы бағалардан өзгеше?
  5. Тауарыңыздың түпнұсқа және сапалы екеніне қандай кепілдіктер бар?
  6. Егер маған «Сіздің № **** тапсырысыңыз қабылданды…» деген СМС хабарлама келсе, тауарымды қашан ала аламын?
  7. Тапсырысымның дәріханаға келіп түскенін қалай білуге болады?
  8. Apteka.COM сайтында рецептуралық препараттар бар, оларға тапсырыс беріп, дәріханадан ала аламын ба?
  9. Егер тапсырысты дәріханаға түскен күні алып кете алмасам, оны кейінірек сатып алуыма бола ма?
  10. Егер тапсырысымды 5 күн ішінде сатып ала алмасам, тапсырысыма не болады және оны кейін қашан алып кетуіме болады?
  11. Дәріханаға өзім хабарласып, тапсырысымның келген-келмегенін біле аламын ба?
  12. Дәріханаға жібергеннен кейін тапсырысымды өзгерте аламын ба?
  13. Тауарды үйге жеткізуге тапсырыс беруге бола ма?
  14. Тауарға банк картасымен төлем жасауға бола ма?
  15. Егер менде дәріхананың дисконттық картасы бар болса, қосымша жеңілдік беріле ме?
  16. Жеңілдікті қалай алуға болады?
  17. Жеңілдік алу құқығын беретін промокодты қалай алуға болады? «Промокод» деген не?
  18. «Дәрумендер» деген не, олар не үшін беріледі және қалай қолданылады?
  19. Сатып алынған медициналық құралға кепілдікті қалай рәсімдеуге болады?
  20. Тауарларға қатысты кінарат-талаптар туралы
  21. Егер сәйкес болмаса, бұйымды қайтарып бере аламын ба?
  22. Мен сайттан медициналық техника сатып алдым, бірақ құрал бұзылған болып шықты. Мұндай жағдайда қайтпекпін?
  23. Дәріханада кепілдік талонына мөр басылмады. Ақаулы бұйымды қалай қайтаруға болады?

1. Неліктен мен сайтқа тіркеле алмаймын (тапсырыс бере алмаймын)?

Мұндай жағдай кейде болады, әсіресе белгілі жағдайларда Internet Explorer браузерінің ескі нұсқаларында кездеседі. Егер осы браузер арқылы тапсырыс беріп көріп, сәтсіз аяқталса, сайтқа келесі браузерлер арқылы кіріп көріңіз: FireFox, Google Chrome немесе Opera. Бұл көмектесуі керек.

2. Apteka.COM сайтында қалай тапсырыс беруге болады?

«Тапсырыс беру жолы» бөлімін қараңыз.

3. Тапсырыстың минималды сомасы қандай?

Тапсырыстың минималды сомасы 2000 теңгеден басталады.

4. Неліктен сайтыңыздағы бағалар дәріханалардағы бағалардан өзгеше?

Біз өз клиенттерімізге тартымды бағалар ұсынуға тырысамыз, сондықтан сайтымыздағы препараттардың бағалары жарамды және тек Apteka.COM сайтында берілген интернет тапсырыстарға қолданылады және серіктес дәріханалардағы препараттар бағаларынан өзгеше болуы мүмкін.

5. Тауарыңыздың түпнұсқа және сапалы екеніне қандай кепілдіктер бар?

Apteka.COM дәрі-дәрмекке тапсырыс беру қызметі дәрі-дәрмек пен денсаулыққа арналған тауарларды Қазақстан нарығына жеткізетін ең ірі жеткізуші болып табылатын және 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «ЭМИТИ Интернешнл» компаниясына тиесілі. 
Сондықтан Apteka.COM тек өндірушілерден тікелей жеткізілетін тіркелген және сертификатталған тауарларды ұсынады, барлық сақтау және тасымалдау талаптарын қатаң сақтайды және оның өз бақылау жүйесі бар. 
Егер тауардың сапасына немесе түпнұсқалығына күмәндансаңыз, тапсырысты сатып алған дәріханаға хабарласуға кеңес береміз. Дәріхана тауарды қабылдап, оның сараптамасын жүргізуге міндетті. Егер тауар қандай да бір талапқа сәйкес келмесе, дәріхана ақшаңызды қайтарады немесе тауарды ауыстырады. Егер сәйкессіздік анықталмайтын болса, онда дәріханаға сараптаманың құнын өтеп беруге міндетті боласыз.

6. Егер маған «Сіздің № **** тапсырысыңыз жинауға жіберілді…» деген SMS хабарлама келсе, тауарымды қашан ала аламын?

SMS хабарлама жіберілген сәтте сіздің өтініміңіз қоймаға жіберіледі. Сол жерде тапсырысыңыз жиналып, таяудағы жұмыс күні өзіңіз таңдаған дәріханаға жеткізіледі.

Маңызды!

  • Өтінімдер тек жұмыс күндері сағат 9-00 мен 18-00 аралығында өңделеді.
  • Жұма күні өңделген өтінімдер дәріханаға дүйсенбі күні немесе сейсенбі күні жеткізіледі.
  • Демалыс күндері келіп түскен өтінімдер таяудағы жұмыс күні өңделеді.

7. Тапсырысымның дәріханаға келіп түскенін қалай білуге болады?

Сізге «Сіздің № **** тапсырысыңыз дәріханаға жіберілді…» деген SMS хабарлама келеді. Оған қоса тапсырыс дәріханаға түскенде, көп жағдайда дәріхана қызметкерлері қоңырау шалып, тапсырыстың келгенін және оны алып кетуге болатынын хабарлайды. Сондай-ақ SMS-те көрсетілген телефон нөмірі арқылы дәріханаға өзіңіз хабарласып, тапсырысыңыздың түскен-түспегенін біле аласыз.

Маңызды!
Барлық SMS хабарламалар автоматты түрде жіберіледі, сондықтан кейде тапсырысыңыз дәріханаға жеткізілмей тұрып, SMS жіберілетін жағдайлар болады. Дәріханадан шалынған телефон қоңырауы — тапсырысыңыздың дәріханаға келіп түскенінің және оны ала алатыныңыздың кепілі. Сондықтан осы қоңырауды күтіңіз.

8. Apteka.COM сайтында рецептуралық препараттар бар, оларға тапсырыс беріп, дәріханадан ала аламын ба?

Әрине тапсырыс бере аласыз, бірақ дәріхана кез келген рецептуралық препараттың рецептін талап етуге құқылы, ал рецепт болмаса, дәріхана тапсырысты бермеуге құқылы.

9. Егер тапсырысты дәріханаға түскен күні алып кете алмасам, оны кейінірек сатып алуыма бола ма?

Тапсырысыңыз дәріханада түскен сәттен бастап 5 күн сақталады. Осы уақыт ішінде тапсырысыңызды алып кете аласыз.

10. Егер тапсырысымды 5 күн ішінде сатып ала алмасам, тапсырысыма не болады және оны кейін қашан алып кетуіме болады?

Егер тапсырысыңызды 5 күн ішінде сатып алмасаңыз, тапсырыс жойылады, қоймаға қайтарылады және таратылады. Және сайттан қайта тапсырыс беруіңізге тура келеді.

11. Дәріханаға өзім хабарласып, тапсырысымның келген-келмегенін біле аламын ба?

Сізге «Сіздің № **** тапсырысыңыз дәріханаға жіберілді…» деген SMS хабарлама келгеннен кейін, SMS хабарламада көрсетілген телефон нөмірі арқылы дәріханаға қоңырау шала аласыз.

12. Дәріханаға жібергеннен кейін тапсырысымды өзгерте аламын ба?

Тапсырысты жібергеннен кейін тауарды, санын түзету, дәріхананы таңдау және т. б. мүмкін емес.

Сіз Apteka.COM сайтында жаңа, нақтыланған тапсырыс бере аласыз. Тапсырысты рәсімдеу кезінде «Менің әлі де сұрақтарым бар, маған оператордың телефон шалғанын қалаймын» деген ұяшыққа құсбелгі қойып, Apteka.COM менеджерінің қоңырау шалғанын күтіңіз де, оған қай тапсырысты жеткізу керек екенін айтыңыз. Apteka.COM менеджері артық тапсырысты алып тастайды. Сондай-ақ сайттағы кері байланыс нысаны арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.

13. Тауарды үйге жеткізуге тапсырыс беруге бола ма?

Біз тапсырыстарды тек дәріханаларға жеткіземіз, сіз Apteka.COM сайтында ұсынылғандардың ішінен өзіңізге ыңғайлы кез келген дәріхананы таңдай аласыз.

14. Тауарға банк картасымен төлем жасауға бола ма?

Банк карталарымен төлем жасау дәріхананың қалауына қарай жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ақпаратты дәріханадан нақтылаңыз.

15. Егер менде дәріхананың дисконттық картасы бар болса, қосымша жеңілдік беріле ме?

Дәріханалардың дисконттық карталары және басқа да жеңілдіктер Apteka.COM арқылы жасалған интернет тапсырыстарға қолданылмайды. Біз тек ең төменгі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ дәріхана өз қалауына қарай клиенттерге интернет тапсырыстар бойынша қосымша жеңілдіктер беруге құқылы.

16. Жеңілдікті қалай алуға болады?

Apteka.COM сайтында жеңілдіктердің бірнеше түрі бар:

Тек «дәрумендер» үшін жеңілдіктер басқа жеңілдік түрлерімен қосыла алады, жеңілдіктердің басқа түрлері өзара қосылмайды, бірақ ең жоғарғысы қолданылады. Жеңілдіктің максималды мөлшері — 3 %, минималды мөлшері — 2 %.

17. Жеңілдік алу құқығын беретін промокодты қалай алуға болады? «Промокод» деген не?

Промокод — бұл Apteka.COM сайтында тауарға тапсырыс бергенде жеңілдік алу құқығын беретін код сөз. Біржолғы және көп реттік, мерзімі шектеусіз және жарамдылық мерзімі бар промокодтар болады. Сондықтан промокодыңыз болса, оны бірден қолданған дұрыс.Бірінші промокодты сайтта тіркелген кезде sms арқылы аласыз. Apteka.COM сайтында жеңілдік қолданылған өнімдерді қоспағанда, промокод бойынша жеңілдіктер барлық тауарларға қолданылады. Жеңілдіктердің басқа түрлері өзара қосылмайды

18. «Дәрумендер» деген не, олар не үшін беріледі және қалай қолданылады?

Apteka.COM сайтының әр пайдаланушысы сайтта жеңілдік алу үшін пайдалануға болатын бонустық ұпайлар, яғни «дәрумендер» жинай отырып, бонустық бағдарламаның қатысушысы бола алады.

«Дәрумендер» бонустық бағдарламасы туралы толық ақпарат >>

Сізге «дәрумендер» мынадай жағдайларда беріледі:

  • Apteka.COM сайтындағы тапсырыстар үшін, тапсырыстың әр 1000 теңгесіне 1 «дәрумен» есебінен
    («дәрумендер» тапсырыс сатып алынған соң, 2–3 күннен кейін есептеледі);
  • сайттағы мақалаларға пікірлер үшін, 1 пікірге 1 «дәрумен» есебінен
    («дәрумендер» бірден есептеледі);
  • Apteka.COM сайтындағы тауар туралы ақпаратты немесе мақаланы әлеуметтік желілерде қайта жариялағаны үшін (мақалалар астындағы және тауар беттеріндегі әлеуметтік желілер түймелерінің көмегімен), 1 қайта жариялау үшін 1 «дәрумен» есебінен
    («дәрумендер» бірден есептеледі).

Пікір жазғанда және қайта жариялағанда, Apteka.COM сайтында авторизациядан өткен болуыңыз керек. Әйтпесе сайт «дәрумендерді» беретін адамды анықтай алмайды. 
Егер пікірлер мағынасыз немесе сайт ережелерін бұзатын болса, олар жойылады, ал олар үшін берілген «дәрумендер» есептен шығарылады. 
Пікірлер мен қайта жариялаулар үшін тапсырыс бергенге дейін барлығы 30-дан аспайтын «дәрумен» жинақтауға болады. Әр тапсырыстан кейін, пікірлер мен қайта жариялаулар үшін «дәрумендерді» есептеу қайта басталады.

Сайтта жеңілдік алу үшін жинақталған «дәрумендерді» қалауыңызға қарай пайдалануға болады. Әр 10 «дәрумен» үшін 1 % жеңілдік ала аласыз. Тапсырыс кезінде қолдануға болатын максималды жеңілдік — 3 %, минималды жеңілдік — 2 %. Бұл ретте жеңілдікке жұмсалған «дәрумендер» шотыңыздан шығарылады.

Бонустық бағдарлама ережелерін жүйелі түрде бұзған жағдайда (мағынасыз пікірлер, сатып алынбаған тапсырыстар), пайдаланушы бонустық бағдарламаға қатысудан шеттетілуі мүмкін.

19. Сатып алынған медициналық құралға кепілдікті қалай рәсімдеуге болады?

Кепілдік сатып алу кезінде дәріханада рәсімделеді. Ол үшін құрылғының қаптамасындағы кепілдік талонын толтырып, фармацевтке қол қойдыртып, дәріхана мөрін қоюын сұрауыңыз керек.

20. Тауарларға қатысты кінарат-талаптар туралы

Интернет тапсырысқа кіретін тауарлар бойынша барлық кінарат-талаптар дәріханадан алған кезде, кассада төлем жасағанға дейін қабылданады. Тапсырысыңызды алғанда, оның берілген тапсырысқа сәйкестігін, тауарлар санын, олардың бағаларын, бүтіндігін, жарамдылық мерзімдерін тексеріңіз.

21. Егер сәйкес болмаса, бұйымды қайтарып бере аламын ба?

ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды қайтаруға немесе айырбастауға болмайды.

22. Мен сайттан медициналық техникаға тапсырыс бердім, бірақ құрал бұзылған болып шықты. 
Мұндай жағдайда қайтпекпін?

Заңға сәйкес, тауардың ақаулары анықталса, сатып алушы тауарды ауыстыра алады немесе ақшаны қайтара алады. Бұл үшін медициналық бұйымның шынымен де зауыттық ақауы бар екенін және оны жөндеу мүмкін емес екенін қосымша тексеру (сараптама жүргізу) қажет.

Сіз тапсырысты алып кететін дәріхана бұйымдар мен дәрі-дәрмектерді сатушы (яғни сатып алу-сату шартын жасасқан ұйым) болып табылады. Дәріханаға хабарласқанда қызметкер тауарды сыртынан қарап тексереді. Егер сыртқы ақаулық белгілері болмаса, дәріхана бұйымды сараптамаға жібереді. Бұл жағдайда тексеру қосымша уақыт алуы мүмкін.

Тауар сапасын қосымша тексеру (сараптама) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екені немесе кемшіліктер тұтынушының белгіленген тауарды пайдалану, сақтау қағидаларын бұзуынан немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны анықталса, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.

Негіздеме: ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 30-бабы.

Тәжірибе жүзінде, клиенттерімізде мұндай жағдайлар туындайтын болса, тауар кемшіліктерін ақысыз жою немесе жою мүмкін болмағанда тауарды ауыстыру үшін өндірушінің сервистік-кепілдік қызметіне жүгіну ең жылдам шешім болып табылады.

Сатып алушы үшін өндірушінің қызмет көрсету орталығына тікелей жүгіну ыңғайлы, себебі бұл уақыт пен ақшаны үнемдейді: қызмет көрсету орталығы мейлінше қысқа мерзімде клиент үшін тегін тексеру жүргізуге міндетті.

Тиісті емес сападағы тауар ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуы тиіс. Егер талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жүргізілуі тиіс. Тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) ауыстырғанда, кепілдік мерзімі оны тұтынушыға берген күннен бастап қайта есептеледі.

Негіздеме: ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 30-бабы.

23. Дәріханада кепілдік талонына мөр басылмады. 
Ақаулы бұйымды қалай қайтаруға болады?

Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде анықталған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптарды қоюға құқылы.

Дәріхананың кепілдік талонына мөртабан қоймағаны кепілді қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Қайтару үшін өндірушінің өз тауарына кепілдік мерзімін белгілеуі жеткілікті. Қызмет көрсету орталығына жүгінгенде, ақаулы бұйымды және сатып алуды растайтын құжатты (кассалық түбіртекті) көрсету қажет.

Негіздеме: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 25-бабы сатушыларды кепілді мерзімнің болуы немесе болмауы туралы ақпарат беруге міндеттейді.

Кепілдік талонының нысаны тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңда немесе басқа да нормативтік актілерде белгіленбеген, оған қоса кепілдік талонын беру фактісі қайтару үшін міндетті талап болып табылмайды. Кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (тауарлардың көпшілігінде бұл мерзімдер белгіленген) ішінде сапасыз тауарды тұтынушыға қайтаруға болады.

ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 17-бабының 2-тармағында былай делінген: Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.

Осылайша ақаулы бұйымды қайтару үшін дәріханадан сатып алғаныңызды растайтын түбіртекті сервистік-кепілдік қызметіне немесе дәріханаға ұсынуыңыз керек.

Әлі де сұрақтарыңыз болса, оларды кері байланыс нысаны арқылы қоя аласыз және біз міндетті түрде жауап береміз.

В приложении ещё удобнее и быстрее!

Установить

Спасибо, в другой раз

apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555
apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555