Служба обработки заказов: +7-700-911-5555 ((С 08:30 до 17:30 (пн-пт)))

Пайдаланушылық келісім

Пайдаланушылық келісім

1. Жалпы ережелері

1.1. Kz.apteka.com сайтын (бұдан әрі — Сайт) пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.

1.2. Kz.apteka.com домен атына құқық иеленуші мен оның әкімшісі – «ЭМИТИ Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 981040000153, орналасқан жері: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Чайковский көшесі, үй 15 А, т.е.б. 7, пошталық индексі A05H9E0) (бұдан әрі — Сайт әкімшілігі).

1.3. Kz.apteka.com сайтында сатып алу себетін құрып, кейін «Тапсырысты рәсімдеу» терезесін түрту арқылы Тапсырысты рәсімдеу Сатып алушының оферта талаптарымен келісімі, сондай-ақ тиісті жеткізу нүктесі арқылы тапсырысты қабылдауға және төлеуге келісімі болып табылады.

1.3. Келісімді Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды арнайы ескертусіз бір жақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Келісімнің жаңа нұсқасы оны https://kz.apteka.com/legal-kz/terms-of-use/ мекенжайы бойынша орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.

1.4. Сайт әкімшілігінің Пайдаланушыға ақпарат алу мақсатында, сондай-ақ Дәріхана атынан «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС атына олардың арасында жеткізу туралы жасалған шарттың аясында таңдалған өнімді жеткізуге өтінім құру мақсатында сайтты және оның сервистерін пайдалануға рұқсат беруі осы Келісімнің мәні болып табылады.

1.5. Пайдаланушы сайтта тіркелген сәтке дейін осы Келісіммен танысып шығуға міндетті. Пайдаланушының сайтта тіркелуі Пайдаланушының осы Келісімді толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді.

2. Пайдаланушының тіркелуі, Пайдаланушының есептік жазбасы

2.1. Пайдаланушыны сайтта Тіркеу тегін, ерікті болып табылады және Интернет желісіндегі мына мекенжай бойынша жүргізіледі: https://kz.apteka.com/.

2.2. Сайтты Пайдаланушы – осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес сайтқа тіркелген, осы келісімді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етілген жасқа толған жеке тұлға (бұдан бұрын және бұдан әрі — Пайдаланушы).

2.3. Сайтты пайдалану үшін Пайдаланушы тіркеу процедурасынан өтуі керек, оның нәтижесінде пайдаланушы үшін есептік жазба жасалады.

2.4. Тіркелген кезде Пайдаланушы логин ретінде өзінің мобильді телефонының нөмірін көрсетеді. Пайдаланушы тіркелуін сайттағы тиісті формаға Пайдаланушы сайттан Пайдаланушының өзі көрсеткен мобильді телефон нөміріне SMS-хабарлама түрінде алған кодты енгізу арқылы растауы тиіс. Содан кейін Пайдаланушы сайттан SMS-хабарлама түрінде алған код Пайдаланушының жеке кабинетіне кіру үшін құпиясөз болады.

2.5. Мобильді телефон нөмірі, сонымен бірге Пайдаланушы сайтқа тіркелген кезде көрсеткен Пайдаланушының электрондық поштасы төмендегілер туралы ақпарат беру үшін пайдаланылуы мүмкін:

- Kz.apteka.com сайтында жүргізілетін акциялар мен өзге де іс-шаралар;

- Тапсырыс статусы туралы хабарлар жіберу.

2.5. Пайдаланушы өзінің логині мен құпиясөзінің құпиялылығын жеке өзі қамтамасыз етеді. Пайдаланушы өзінің логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес, оларды сақтау тәсілін өз бетінше таңдап, олардың сақталуына толық жауапты болады.

2.6. Пайдаланушы керісіншесін дәлелдемесе, Пайдаланушының логині мен құпиясөзін қолдану арқылы жасалған кез келген әрекеттер тиісті Пайдаланушы жасаған болып саналады.

2.7. Пайдаланушының логині мен құпиясөзіне және/немесе жеке кабинетіне рұқсатсыз кірген немесе логин мен құпиясөз жария етілген жағдайда, Пайдаланушы бұл туралы белгіленген тәртіпте Сайт әкімшілігіне дереу хабарлауға міндетті.

2.8. Тіркеуді тоқтату. Сайт әкімшілігі себебін түсіндірместен, оның ішінде Пайдаланушы келісім талаптарын бұзған жағдайда, Пайдаланушының есептік жазбасын бұғаттауға немесе жоюға құқылы.

2.9. Пайдаланушы өзінің есептік жазбасын жою үшін осы Келісімнің 1.2-тармағында көрсетілген мекенжайға Сайт әкімшілігіне талап жіберуі тиіс. Сайт әкімшілігі есептік жазбаны жоюды осындай талап алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

3. Тараптардың міндеттері

3.1. Сайтты Пайдаланушының құқықтары:

3.1.1. Пайдаланушы өзі (сайтта ұсынылған дәріханалар тізімінен) таңдаған дәріхана ұйымынан сатып ала алатын тауарларға тапсырыс рәсімдеу. Бұл ретте Пайдаланушы сайтта өзі таңдаған дәріхана тұтынушыға жеке, отбасылық, үйде пайдалану мақсаттарында және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарда және бұл тауарға арналған нұсқаулыққа сәйкес қалыпты тәуліктік/курстық дозалар болып табылатынына ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз ететін мөлшерде тауарларды сататын бөлшек сауда ұйымы болып табылатынын түсінуі тиіс. Осы айтылғанға байланысты сайтта рәсімделген Тапсырыс жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен тауарға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.

3.2. Сайтты пайдалану барысында Пайдаланушы төмендегі іс-әрекеттерді жасауға құқылы емес:

3.2.1. Келісімнің 3.1.1-тармағы талаптарына сәйкес сайтта тауарларға кәсіпкерлік мақсатта тапсырыс беру;

3.2.2. Келісімнің 3.1.1-тармағын бұза отырып тауарларға тапсырыс беру;

3.2.3. заңсыз, зиянды, жала жабу, адамгершілікке нұқсан келтіретін, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті көрсететін (немесе оларды насихаттайтын), зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын, нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және/немесе кемсітуді насихаттайтын, қандай да бір адамдарға немесе ұйымдарға қатысты қорлауды қамтиды, порнографияның элементтерін қамтитын (немесе оны насихаттайтын), сексуалдық сипаттағы қызметтердің жарнамасы (оның ішінде өзге де қызметтер түрінде) болып табылатын (немесе оны насихаттайтын), есірткі заттарды немесе олардың аналогтарын, жарылғыш заттарды немесе өзге де қаруды дайындау, қолдану немесе өзге де пайдалану тәртібін түсіндіретін ақпаратты жүктеу, жөнелту, жіберу немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыру және/немесе тарату;

3.2.4. үшінші тұлғалардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және/немесе оларға кез келген формада зиян келтіру;

3.2.5. өзін басқа адам немесе ұйым және/немесе қоғамдастық өкілі ретінде, оның ішінде Сайт әкімшілігінің қызметкерлері, форумдар модераторы, Сайт иесі ретінде таныстыру, сондай-ақ желіде басқа тұлғаларды заңсыз таныстырудың кез келген басқа формалары мен тәсілдерін қолдану, сондай-ақ пайдаланушыларды қандай да бір субъектілердің немесе объектілердің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты адастыру;

3.2.6. заңнамаға немесе қандай да бір шарттық қатынастарға сәйкес мұндай іс-әрекеттерге құқықтары болмаған кезде ақпаратты жүктеу, жөнелту, беру немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыру және/немесе тарату;

3.2.7. арнайы түрде рұқсат етілмеген жарнамалық ақпаратты, спамды, бөтен электрондық пошта мекенжайларының тізімдерін, байланыс деректерін жүктеу, жөнелту, беру немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыру және/немесе тарату;

3.2.8. вирустары немесе кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың не бағдарламалардың функциясын бұзуға, жоюға немесе шектеуге, рұқсатсыз қол жеткізуді жүзеге асыруға бағытталған басқа да компьютерлік кодтары, файлдары немесе бағдарламалары бар материалдарды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сілтемелерді жүктеу, жөнелту, беру немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыру және/немесе тарату;

3.2.9. басқа тұлғалардың дербес деректерін рұқсатсыз жинау, сақтау немесе тарату;

3.2.10. Сайттың қалыпты жұмысын бұзу;

3.2.11. Келісім арқылы белгіленген шектеулер мен тыйымдарды бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді қолдау;

3.2.12. басқа жолмен заңнама нормаларын, оның ішінде халықаралық құқық нормаларын бұзу.

3.3. Пайдаланушы сайтқа орналастыратын, басқа пайдаланушыларға хабарлайтын кез келген ақпарат үшін, сондай-ақ өз тәуекелімен жүзеге асыратын басқа Пайдаланушылармен кез келген өзара іс-қимыл үшін жеке өзі жауапты болады.

3.4. Сайт Сайтта орналастырылған сілтемелермен өту салдарынан пайдаланушының техникасына келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

3.5. Сайт Әкімшілігі Сайттың қызметі мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және техникалық ақаулар мен үзілістер болған жағдайда оның жұмыс қабілеттілігін жедел қалпына келтіруге міндеттенеді. Сайт әкімшілігі Сайт жұмысындағы уақытша ақаулар мен үзілістер және олардың салдарынан пайда болған ақпараттың жоғалуы үшін жауап бермейді. Әкімшілік сайтта орналастырылған сілтемелер бойынша материалдарды жүктеуге байланысты немесе оның салдарынан туындаған пайдаланушының немесе басқа тұлғаның компьютеріне, мобильді құрылғыларына, кез келген басқа жабдығына не бағдарламалық құралына келтірілген кез келген залал үшін жауапты емес.

3.6. Пайдаланушының сайтты пайдалану ережелерін жүйелі түрде бұзып жүрген жағдайларды қоса алғанда, Сайт әкімшілігі пайдаланушының есептік жазбасын жоюға құқылы.

3.7. Сайт әкімшілігі осы Пайдаланушылық келісімнің талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге, Сайтты өзгертуге, оның ішінде бөлімдерді өзгертуге немесе қосуға, дизайнын өзгертуге және т.б. құқылы.

3.8. Пайдаланушы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ Сайт әкімшілігінің тапсырыс берілген тауар мен оның саны осы Келісімнің 3.1.1-тармағы талаптарына сәйкес келетініне ақылға қонымды сенімділігі болмаған жағдайда, Сайт әкімшілігі сайтты Пайдаланушыға Дәріхана атынан «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС атына таңдалған тауарды жеткізуге берілген өтінімді құрудан бас тартуға құқылы.

4. Дербес деректер

4.1. Сайтқа тіркеген кезде Пайдаланушы ерікті түрде, өз еркімен және өз мүдделерінде https://kz.apteka.com/terms-of-service/ мекенжайы бойынша орналастырылған келісімнің мәтініне сәйкес Сайттың әкімшілігіне берген өзінің дербес деректерін өңдеуге толық және сөзсіз келісімін береді. Сонымен бірге Пайдаланушы https://kz.apteka.com/legal-kz/personal-data-processing-policy/ мекенжайы бойынша орналастырылған Kz.apteka.com сайтының Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатымен танысқанын растайды. Бұл ретте Сайт әкімшілігі Пайдаланушының өз еркін білдіруін қосымша растау үшін жазбаша формасын немесе өзге де дәлелдемелерді талап етпейді.

4.2. Сайтта тіркеле отырып, Пайдаланушы Сайт сервисі аясында Пайдаланушының телефон нөмірі Пайдаланушының жалғыз сәйкестендіргіші болып табылатындықтан, Пайдаланушының сайтта Дәріхана атынан жеткізушінің атына тапсырысты қалыптастыруы тапсырысты алу үшін өзі таңдаған Дәріханаға Пайдаланушының телефон нөмірін беруге әкеп соғатынымен келіседі. Пайдаланушының телефон нөмірін беруге келісімін кері қайтарып алуы Сайтта қалыптастырылған тапсырыстарды орындаудың мүмкін болмауына әкеп соғады.

5. Үшінші тұлғалардың сайттары мен контенттері

5.1. Сайтта Интернет желісіндегі үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер болуы мүмкін. Сайт әкімшілігі осындай үшінші тұлғалар мен олардың сайттарын қолданыстағы заңнама талаптарына (нақтылық, толықтық, заңдылық және т.б. бойынша) сәйкестігін тексермейді. Сайт әкімшілігі сайттан сілтемелер бойынша өткен кезде Пайдаланушы қол жеткізе алатындарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар үшін жауапты болмайды.

5.2. Сайтта орналастырылған кез келген сайтқа, өнімге, қызметке, коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез келген ақпаратқа (кез келген түрдегі) сілтеме, Сайт ресурстарында тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сайт әкімшілігі тарапынан осы өнімдерді (қызметтерді, қызметті) мақұлдау немесе ұсыну болып табылмайды.

6. Кепілдіктердің болмауы, жауапкершіліктің шектелуі

6.1. Пайдаланушы сайтты пайдалану тәуекелін өзі көтереді. Қызметтер «сол қалпында» ұсынылады. Сайт әкімшілігі Сайттың Пайдаланушының мақсаттарына сәйкестігін қоса алғанда, өзіне ешқандай жауапкершілік қабылдап алмайды.

6.2. Сайт әкімшілігі мыналарға кепілдік бермейді: сервистер Пайдаланушының талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келетін болады; сервистер үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз ұсынылады; сервистерді пайдалана отырып алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және т.б. сапасы Пайдаланушының күткеніне сәйкес болады.

6.3. Сайт әкімшілігі немесе оның өкілдері ешбір жағдайда Пайдаланушылар алдында немесе кез келген үшінші тұлғалар алдында Сайтты, Сайттың мазмұнын немесе пайдаланушылар не өзге тұлғалар Сайттың көмегімен қол жеткізген өзге де материалдарды пайдалануға байланысты жоғалтқан пайданы, ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделке келтірілген зиянды қоса алғанда, залал үшін жауапты болмайды.

7. Өзге ережелер

7.1. Осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері қандай да бір себептер бойынша жарамсыз немесе заңды күші болмайды деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

«Тапсырыс» деп kz.apteka.com сайтында сайтты пайдаланушының дәріхана ұйымынан жеткізушінің атына олардың арасында жасалған жеткізу туралы шартқа сәйкес таңдалған тауарды жеткізуге өтінімді қалыптастыруы түсініледі.

В приложении ещё удобнее и быстрее!

Установить

Спасибо, в другой раз

apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555
apteka.com
ул. Муратбаева 23/1050026КазахстанАлматы
+7-700-911-5555