Жүйеде авторизациядан өту немесе тіркелу үшін, іздеу жолағының үстіндегі сол жақтағы «ВХОД» сөзін басыңыз.
Пайда болған нысандағы тиісті жолдарға өз ұялы телефоныңыздың нөмірі мен құпиясөзді енгізіңіз. Тіркелу үшін немесе құпиясөз есіңізде болмаса, «Получить пароль по SMS» сілтемесін басыңыз. Көрсетілген нөмірге бірнеше минут ішінде жаңа құпиясөз келеді.
Алынған құпиясөзді нысанның тиісті жолына енгізіп, «ВОЙТИ» түймесін басыңыз.
Іздеу жолағының үстінде пайда болған телефон нөміріңіз жүйеге сәтті кіргеніңізді білдіреді. Географиялық аймағыңыз дұрыс анықталғанын тексеріңіз (сайт оны автоматты түрде анықтайды). Аймаққа байланысты тауардың бағасы сәл өзгеше болуы мүмкін, сондықтан ықтимал түсініспеушіліктерді бірден жойған дұрыс. Егер аймақ дұрыс анықталмаса, оның атын басып, пайда болған терезеден қажеттісін таңдаңыз. Жүйе оны жадында сақтайды.
Қажетті тауарды табу үшін, іздеу жолағына оның атауын енгізіңіз. Сондай-ақ өндіруші фирма арқылы, ал препараттарды қолданыстағы белсенді заты арқылы іздеуге болады. Іздеу сұраудың енгізілуіне қарай динамикалық түрде орындалады және нәтижелер бірден көрсетіледі. Парақшаны жаңартудың қажеті жоқ. Іздеу нәтижелерінде препараттың барлық қолжетімді түрлері көрсетіледі.
Тауарларды іздеу және таңдау үшін каталогті де пайдалануға болады. «Товары» мәзірі тармағына меңзерді апарғанда, екі деңгейлі мәзір ашылады, сол жақ бағанда негізгі тараулар атауы, ал оң жақ бағанда тиісті бөлімдер болады.
Іздеу нәтижелерінің парақшалары мен каталогтің қосалқы бөлімдері ұқсас түрге ие. Қажетті тауарды Себетке бірден жіберуге немесе Таңдаулыда болашаққа қалдыруға болады («Избранное» тауарлардың тізімі Жеке кабинетте қолжетімді болады). Тауар туралы толық ақпарат алу үшін, оның атауын немесе суретін басыңыз.
Әр тауардың парақшасында оның егжей-тегжейлі сипаттамасы берілген, препараттар үшін олардың әрекеті, көрсеткіштері мен қолдануға болмайтын жағдайлары, қолдану тәсілі, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі көрсетілген. Сондай-ақ парақшада тауардың сапасы мен түпнұсқалығын растайтын сертификаттар және/немесе басқа да ресми құжаттар бар.
Себетке кезекті тауарды жібергенде, Себеттегі тауарлардың саны мен жалпы сомасы туралы ақпарат іздеу жолағының үстіндегі оң жақ бөлікте бірден жаңартылады.
Тапсырысты рәсімдеу үшін іздеу жолағының үстіндегі оң жақта орналасқан «КОРЗИНА» сөзін немесе соңғы тауарды Себетке жібергеннен кейін «ОФОРМИТЬ ЗАКАЗ» түймесін басу арқылы Себетке кіріңіз.
Себетте таңдалған тауарлар тізімі бар. Олардың санын өзгертуге немесе жоюға болады. Егер тапсырыста рецептуралық препараттар бар болса, дәріханада олар үшін рецепт талап етілуі мүмкін екенін ескеру керек, егер рецепт болмаса, дәріхана сізге бұл препараттарды бермеуге құқылы. Сондай-ақ мыналарға назар аударыңыз: егер тапсырыстың жалпы сомасы минималды сомадан аз болса, «ОФОРМИТЬ ЗАКАЗ» түймесі белсенді болмайды.
Егер бәрі дұрыс болса, «ОФОРМИТЬ ЗАКАЗ» түймесін басыңыз.
Тапсырысты рәсімдеу үшін жеткізу пункті ретінде дәріхананы таңдау керек.
Картада орналасқандардың арасынан өзіңізге ыңғайлы дәріхананы таңдаңыз. Сандар жазылған көгілдір шеңберлер осы ауданда бірнеше дәріхананың бар екенін білдіреді. Сізге қажет аудандағы осындай шеңберді басыңыз, сонда ол карта фрагментін жақындата отырып, жекелеген дәріханаларға «шашырайды». Картаны тінтуірдің дөңгелегін және картаның бүйіріндегі масштабты үлкейту мен кішірейту құралын пайдалана отырып, «тасуға», масштабын өзгертуге болады. Ыңғайлы болу үшін картада нақты мекенжайды, объектіні, көшені немесе метро станциясын енгізуге болатын іздеу жолағы бар.
Меңзерді дәріхана белгішесінің үстіне апарғанда, оның атауы, ал басқанда, мынадай барлық қажетті ақпарат көрсетіледі: мекенжайы, атауы, жұмыс уақыты, телефон нөмірі, ең жақын метро станциясы (метрополитен бар жерде). Жеткізу пункті ретінде дәріхананы таңдау үшін, «ВЫБРАТЬ» түймесін басыңыз.
Балама нұсқа ретінде карта астында барлық дәріханалар қалыпты тізімде берілген. Әрқайсысында қажетті ақпарат және «ВЫБРАТЬ» түймесі бар.
Жеткізу пункті таңдалды. Ол басқасына ауыстырғанша келесі тапсырыстар кезінде автоматты түрде көрсетіледі. Рәсімдеуді аяқтау үшін, «ОФОРМИТЬ ЗАКАЗ» түймесін басыңыз. Тапсырыс жасалды және өңдеуге жіберілді.
Тапсырыстар тек жұмыс күндері жергілікті уақытпен сағат 9:00 мен 18:00 аралығында өңделеді.
Сіз тапсырысты рәсімдеп, өңдеуге жібергеннен кейін, бір күн ішінде жергілікті уақытпен сағат 9:00 мен 18:00 аралығында Apteka.com менеджері тапсырысты растау үшін сізге хабарласуы мүмкін. Тапсырысыңыз жинауға жіберілгенде, сізге мынадай бірінші SMS хабарлама жіберіледі: «Сіздің № **** тапсырысыңыз жинауға жіберілді…»
Тапсырысты өңдеу, жеткізу, төлеу және алу туралы толық ақпарат >>
* Apteka.com сайтында «тапсырыс беру» және «брондау» дегеніміз сайт пайдаланушысының жасасқан жеткізу шартына сәйкес дәріхана ұйымының атынан жеткізушіге таңдалған тауарды жеткізу өтінімім жасауын білдіреді.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың қолдануға болмайтын жағдайлары болуы мүмкін екеніне назар аударыңыз, қолданар алдында пайдалану нұсқаулығын оқып шығуға немесе маманның кеңесін алуға кеңес береміз.