-Alcon Pharmaceuticals, Ltd
Страна производитель: Бельгия
Көзге тамызатын дәрі 40 мкг/мл, 2.5 мл
Капли глазные
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат:
F2α простагландинінің аналогы болып табылатын Травопрост - бұл трабекулярлы желі мен увеосклеаральді ағындар бойымен сулы ылғалдың ағып шығуын арттыру арқылы көзішілік қысымды төмендететін простагландиннің FP рецепторымен айқын тектестігі бар толық жоғары селективті агонист. Көзішілік қысым төмендеуі препаратты қолданудан кейін шамамен 2 сағаттан соң байқалады, ең жоғары әсері 12 сағаттан соң байқалады. Көзішілік қысымның елеулі төмендеуі бір рет тамызудан кейін 24 сағат бойы сақталуы мүмкін.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Траватан препаратымен (поликватерниум консерванты ретінде қосылатын) күніне бір рет кешкілік емдеу жүргізілген ашық бұрышты глаукома немесе көзішілік гипертензия бар пациенттердің қатысуымен клиникалық зерттеу барысында, 24-тен 26 мм сын. бағ. дейін құраған бастапқы шамалармен салыстырғанда, көзішілік қысымның 8-9 мм сын. бағ. (шамамен 33%) төмендеуі аталды. Траватан препаратын 0,5% тимололмен бірге қолданған клиникалық зерттеулер барысында алынған деректер және осы дәрілік препаратты 0,2% бримонидинмен біріктірілімде қолдану жөніндегі шектеулі деректер бар, олар осы глаукомаға қарсы дәрілік препараттармен біріктіргенде Траватан препаратының әсері күшейетінін айғақтайды.
Екіншілік фармакология
Травопрост жергілікті офтальмологиялық (тәулігіне бір рет 1,4 микрограмм) тағайындаудан кейін 7 күн өткен соң үй қояндарында көру жүйкесі дискісінің қанмен қамтылуын едәуір күшейтеді.
Адамның мөлдір қабығының жасушалар өсіріндісіне жасалған тәжірибе барысында, сондай-ақ препаратты үй қояндарының көзіне тамызғанда консервант ретінде поликватерниум-1 қолданылатын Траватан препараты, егер осыны консервант ретінде бензалконий хлориді қолданылатын көз тамшыларының әсерімен салыстырғанда, көз беткейіне аздаған уытты әсерін тудырды.
Балаларда қолдану
Траватан препаратын 2 айлығынан бастап 18 жасқа толмаған балаларда қолдану тиімділігі көзішілік гипертензия немесе балалар глаукомасы диагнозымен 152 пациент қатысқан салыстырмалы жасырын әдіспен травопросттың 12-апталық клиникалық зерттеуінің барысында тимололмен салыстырмалы көріністелді. Пациенттер тәулігіне бір рет 0,004% травопрост немесе тәулігіне екі рет 0,5% тимолол (зерттеудің 3 жасқа толмаған қатысушылары үшін 0,25%) қабылдады. Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі, зерттеудің 12 аптасындағы бастапқы нүктемен салыстырғанда, көзішілік қысымның (КІҚ) өзгеруі болды. Травопрост пен тимолол қабылдап жүрген пациенттер тобында КІҚ төмендеуінің орташа көрсеткіштері ұқсас болды (1 кестені қараңыз).
3 - < 12 жас (n = 36) және 12 - < 18 (n = 26) жас тобында травопрост қабылдап жүрген пациенттер тобында 12 аптада КІҚ төмендеуінің орташа көрсеткіші тимолол қабылдап жүрген пациенттер тобымен салыстырғанда ұқсас болды. Пациенттердің 2 айлық - < 3 жас тобындағы 12 аптада КІҚ төмендеуінің орташа мәні травопрост қабылдап жүрген пациенттер тобында 1,8 мм сын. бағ. және тимолол қабылдап жүрген пациенттер тобында 7,3 сын. бағ. құрады. Аталған пациенттер тобына тән КІҚ төмендеу көрсеткіші тек тимолол қабылдап жүрген топтың 6 пациентіне және травопрост қабылдап жүрген топтың 9 пациентіне ғана негізделген, осы орайда травопрост қабылдап жүрген топтағы 4 пациентте, тимолол қабылдап жүрген топтағы 0 пациентпен салыстырғанда, 12 аптада тиісті КІҚ төмендеуі болмады. 2 айға толмаған балаларға қатысты қандай да бір деректер жоқ.
КІҚ әсері емдеудің екінші аптасынан бастап білінді және барлық жас тобында 12-апталық зерттеу кезеңі бойына тұрақты сақталды.
1 кесте - КІҚ орташа көрсеткішінің 12 аптада бастапқы нүктеден өзгеруін (мм сын. бағ.) салыстыру.
Травопрост
Орташа мәні Тимолол
Орташа мәні
Орташа мәні
N (СК) N (СК) Айырмасыа (95% СА)
53 -6,4 60 -5,8 -0,5 (-2,1, 1,0).
(1,05) (0,96)
СК = стандартты кінәраты; СА = сенім аралығы;
aТравопрост - Тимолол орташа мәндерінің айырмасы. Бағалау үлгіде ұсынылған бастапқы нүктедегі КІҚ деңгейімен және бастапқы диагноз қойылған пациенттегі өзара байланысты КІҚ өлшемдері ескерілетін статистикалық модельден алынған ең аз квадраттар әдісіне негізделген.
Препарат Траватан® капли глазные является аналогом простагландина F2?, агониста, который является высокоселективным и имеет высокое сродство с рецептором простагландина FP, и снижает внутриглазное давление путем увеличения оттока внутриглазной жидкости через трубчатую сетчатку и увеосклеральный тракт. Снижение внутриглазного давления начинается приблизительно через 2 часа после закапывания, максимальный эффект достигается через 12 часов. Значительное снижение внутриглазного давления может наблюдаться в течение 24 часов при использовании однократной дозы.
Сіңірілуі
Травопрост - эфирлік ізашар дәрі. Ол мөлдір қабыққа сіңеді, онда изопропил эфирі бос белсенді қышқылға дейін гидролизденеді. Үй қояндарына жүргізілген зерттеулер барысында Траватан препаратын жергілікті қолданудан кейін 1-2 сағаттан соң сулы ылғалда 20 нг/г құрайтын бос қышқыл концентрациясының жоғарғы шегіне жететіні анықталды. Сулы ылғалдағы концентрациясы 1,5 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен төмендеді.
Таралуы
Траватан препаратын дені сау еріктілердің көзіне тамызудан кейін бос белсенді қышқылының жүйелі әсері төмен болды. Плазмада 25 пг/мл немесе одан аз құрайтын бос белсенді қышқылдың жоғары шекті концентрациялары препаратты тамызудан кейін 10-30 минут өткен соң білінді. Артынан тамызудан кейін 1 сағаттан соң оның плазмадағы мөлшері сандық анықталу шегі болып табылатын 10 пг/мл-ден аз деңгейге дейін тез төмендеді. Плазмадағы концентрациялары төмен болғандықтан, ал шығарылуы жергілікті қолданудан кейін өте жылдам жүреді, адам организмінен бос белсенді қышқылының жартылай шығарылу кезеңін анықтау мүмкін болмады.
Биотрансформациясы
Травопрост та, белсенді бос қышқыл да негізінен метаболизм үдерісінде шығарылады. Жүйелік метаболизм жолдары F2 эндогенді простагландин метаболизмі жолдарымен қатар жүреді, олар бүйірлік жоғарғы тізбектің 13-14 қосарлы байланыстарының азаюымен, 15-гидроксильді тотығуымен және β-тотықтырғыш ыдырауымен сипатталады.
Элиминациясы
Травопрост бос қышқыл және оның метаболиттері түрінде көбінесе бүйрекпен шығарылады. Траватан препаратының әсері бауыр жеткіліксіздігі жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі (креатинин клиренсі 14 мл/минуттан төмен) пациенттерде зерттелді. Пациенттердің осы санатына дозаны түзету қажет емес.
Балаларда қолдану
2 айлық - < 18 жас аралығындағы балаларда жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер барысында плазмадағы травопрост бос қышқылдары концентрациясының өте төмен деңгейі көріністелді, концентрациялар диапазоны 10 пг/мл-ден бастап 54,5 пг/мл дейінгі сандық анықталу шегінен төмен. Ересектердегі фармакокинетикасына осының алдында жүргізілген 4 жүйелі зерттеуде плазмадағы травопрост бос қышқылының концентрациясы 52,0 пг/мл дейінгі сандық анықталу шегінен төмен диапазонда болды. Плазмасы туралы деректері зерттеулердің бәрінде сандық өлшеуге келмегендіктен, жас топтары бойынша жүйелі әсеріне статистикалық салыстыру жүргізілмеді, жалпы үрдіс Траватан препаратын қолданудан кейін травопрост бос қышқылының плазмаға әсері бағаланған жас топтарының бәрінде едәуір төмен.
,
При местном применении препарата Траватан® капли глазные, травопрост всасывается системно через роговицу. Травопрост быстро гидролизируется эфиразами в оболочке роговицы до биологически активной свободной кислоты. Системно свободная кислота травопроста быстро и экстенсивно метаболизируется до неактивных метаболитов. Биотрансформация включает бета-оксидацию ? (карбоновой кислоты) цепи, с образованием 1,2-динор и 1,2,3,4-тетранор аналогов, окисление 15-гидроксильного компонента, а также восстановление 13, 14 двойной связи.
Свободная кислота травопроста определяется в плазме крови только в течение первого часа после применения препарата Траватан® капли глазные. Свободная кислота травопроста и образующиеся метаболиты в основном выводятся через почки.
Өте жиі
- көз гиперемиясы
Жиі
- нұрлы қабықтың шамадан тыс пигментациясы, көздің ауыруы, көздің жайсыздануы, көздің құрғап кетуі, көздің қышынуы, көздің тітіркенуі
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық, маусымдық аллергия
- бас ауыру
- мөлдір қабық эрозиясы, увеит, ирит, алдыңғы камераның қабынуы, кератит, нүктелі кератит, фотофобия, көздің бөліністері, блефарит, қабақ эритемасы, көз айналасының ісінуі, қабақтың қышынуы, көру өткірлігінің төмендеуі, көрудің анық болмауы, көз жасының көп ағуы, конъюнктивит, эктропион, катаракта, қабақтың шетінде қыртыс түзілуі, кірпіктің өсуі
- жүректің жиі соғуы
- жөтел, мұрын бітелуі, тамақтың тітіркенуі
- терінің жоғары пигментациясы (периокулярлы), тері түсінің өзгеруі, шаштың аномальді текстурасы, гипертрихоз
Сирек
- бас айналу, көру өрісінің ақауы, дисгевзия
- иридоциклит, қарапайым офтальмогерпес, көздің қабынуы, фотопсия, қабақ экземасы, конъюнктива ісінуі, жарық көзінің айналасындағы арайлану, конъюнктива фолликулдары, көз гипестезиясы, трихиаз, мейбомия бездерінің қабынуы, көздің алдыңғы камерасының пигментациясы, мидриаз, астенопия, кірпіктердің шамадан тыс пигментациясы, кірпіктердің қалыңдауы
- жүрек аритмиясы, ЖЖЖ азаюы
- диастолалық қан қысымының төмендеуі, систолалық қан қысымының көтерілуі, гипотензия, гипертензия
- ентігу, демікпе, тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылу, ауыз-жұтқыншақ ауыруы, дисфония, аллергиялық ринит, мұрын аумағының құрғап кетуі
- пептидтік ойық жараның қайта белсенділенуі, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу, іш қату, ауыз кеберсуі
- аллергиялық дерматит, жанаспалы дерматит, эритема, бөртпе, шаш түсінің өзгеруі, мадароз
- қаңқа-бұлшықет ауыруы, артралгия
- астения
Белгісіз
- депрессия, үрейлену, ұйқысыздық
- макулалық ісіну, қабақ жырашығының тереңдеуі
- бас айналу, құлақтағы шуыл
- кеуденің ауыруы, брадикардия, тахикардия, аритмия
- демікпенің өршуі, эпистаксис
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу
- қышыну, шаштың аномалиялық өсуі
- дизурия, несептің еріктен тыс шығып кетуі
- қуық асты безінің спецификалық антиген мөлшерінің көбеюі
Местные
Очень часто:
рецептурные
Көз түсінің өзгеруі
Траватан препараты меланоциттердегі меланосомалар санын (пигментті түйіршіктер) арттыра отырып, көз түсін біртіндеп өзгертуі мүмкін. Емдеу тағайындалғанша пациенттерді көз түсінің қайтымсыз өзгеру мүмкіндігіне қатысты хабардар ету керек. Біржақты емдеу тұрақты гетерохромияға әкелуі мүмкін. Меланоциттерге ұзақ мерзімді әсерлер және олардың қандай да бір зардаптары қазіргі уақытта белгісіз. Мөлдір қабық түсінің өзгерісі баяу туындайды және айлар немесе жыл бойы елеусіз болуы мүмкін. Көз түсінің өзгеруі көбінесе нұрлы қабық түсі аралас, мысалы, көгілдір-қоңыр, сұрғылт-қоңыр, сары-қоңыр және жасыл-қоңыр түсті пациенттерде байқалды; алайда ол қоңыр көзді пациенттерде де байқалған. Әдетте, қарашық айналасының қоңыр пигментациясы зақымданған көздің шетіне қарай бағытталумен шоғырлана таралады, бірақ бүкіл нұрлы қабық немесе оның бөліктері қою қоңырлануы мүмкін. Емдеуді тоқтатудан кейін нұрлы қабықтың қоңыр пигментінің одан әрі қандай да бір ұлғаюы байқалмады.
Орбита айналасындағы өзгерістер және көз қабағының өзгерістері
Бақыланатын клиникалық сынақтар өткізілгенде Траватан препаратын қабылдап жүрген пациенттердің 0,4%-да көз терісінің орбита айналасының күңгірттенуі және/немесе көз қабағы терісінің күңгірттенуі мәлімделді. Орбита айналасындағы өзгерістер және қабақ жырашығының тереңдеуін қоса, қабақ өзгерістері простагландин аналогтарын қабылдау кезінде де байқалды.
Траватан препараты емдеу жүргізілетін көздің (көз) кірпігін біртіндеп өзгертуі мүмкін; бұл өзгерістер клиникалық сынақтарда пациенттердің шамамен жартысында байқалды және өзінде:
- көзішілік қысым көтерілуінен немесе ашық бұрышты глаукомадан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерде көзішілік қысым көтерілуін төмендету
- көзішілік қысым көтерілуінен немесе балалар глаукомасынан зардап шегетін 2 айлықтан бастап < 18 жасқа дейінгі балаларда көзішілік қысым көтерілуін төмендету
- повышенное внутриглазное давление у пациентов с открытоугольной формой глаукомы
- повышенный офтальмотонус
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
-повышенная чувствительность к любому компоненту препарата
-беременность и период лактации
-детский возраст до 18 лет
Препарат Траватан® капли глазные должен использоваться с осторожностью у пациентов с активным внутриглазным воспалением (ирит/увеит); у пациентов с разрывом задней капсулы линзы или передней камеры линзы; у пациентов с риском возникновения макулярной кисты и имеющих высокий риск развития ирита/увеита.
Қандай да бір өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген.
Исследований лекарственного взаимодействия препарата Траватан® капли глазные с другими лекарственными средствами не проводилось.
Ближайшие к вам пункты доставки в Восточно-Казахстанской области вы можете посмотреть здесь.
Цены на Траватан в других городах
Траватан в Алматы, Траватан в Астане, Траватан в Уральске, Траватан в Актау, Траватан в Усть-Каменогорске, Траватан в Шымкенте, Траватан в Караганде
-Alcon Pharmaceuticals, Ltd
Страна производитель: Бельгия