-Bayer Pharma AG
Страна производитель: Германия
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой , 10 мг
Одна таблетка, покрытая пленочной оболочкой содержит
активное вещество - ривароксабан 10 мг,
вспомогательные вещества:
Жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін),
- анемия (оның ішінде сәйкес зертханалық көрсеткіштер)
- бас айналуы, бас ауыруы
- көз тіндеріне қан құйылуы (оның ішінде конъюнктивалық қан құйылу)
- гипотензия, гематома
- мұрыннан қан кету, қан түкіру
- қызыл иектен қан кету, асқазан-ішектен қан кету (оның ішінде ректальді қан кету), іштің ауыруы және асқазанмен, ішекпен байланысты ауыру, диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы А, диарея, құсу А.
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- қышыну (оның ішінде жайылған қышынудың жиі емес жағдайлары), тері бөртпесі, экхимоздар, терінің және тері астының қанталауы
- аяқ-қолдардың ауыруы А
- несеп-жыныс жолдарымен байланысты қан кетулер (оның ішінде гематурия және меноррагияB), бүйрек жеткіліксіздігі (оның ішінде креатинин деңгейінің, қандағы мочевинаның жоғарылауы)
- қызбаА, шеткері ісінулер, дене күшінің төмендеуі және сылбырлық (әлсіздік пен астенияны қоса)
- емшаралардан кейін қан құйылу (оның ішінде операциядан кейінгі анемия және жарадан қан кету), соғылу, жарадан шыққан бөліністер A
Жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін),
- тромбоцитоз (тромбоциттер санының артуын қоса) А, тромбоцитопения
- аллергиялық реакциялар, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну және аллергиялық ісіну
- миішілік және бассүйекішілік қан құйылу, синкопалық жай-күй
- тахикардия
- ауыздың құрғауы
- бауыр жеткіліксіздігі, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы А, ГГТП деңгейінің жоғарылауы А
- есекжем
- гемартроз
- өзін нашар сезіну (дімкәстануды қоса)
- ЛДГ деңгейінің жоғарылауы А, липаза деңгейінің жоғарылауы А, амилаза деңгейінің жоғарылауы А
Сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін),
- сарғаю, тікелей билирубин деңгейінің жоғарылауы, (АЛТ деңгейінің қатарлас жоғарылауымен немесе онсыз), холестаз, гепатит (гепатоцеллюлярлық зақымдануды қоса)
- бұлшықеттерге қан құйылу
- жергілікті ісінулер А
- қантамырлардың жалған аневризмасы С
Өте сирек (< 1/10000),
- анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар
- Стивенс-Джонсон синдромы /уытты эпидермалық некролиз, DRESS-синдром
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
- қан кету аясындағы қысылу синдромы
- бүйрек жеткіліксіздігі/гипоперфузия туғызу үшін жеткілікті қан кету аясындағы бүйректің жедел жеткіліксіздігі
Наиболее частыми побочными реакциями у пациентов, принимающих ривароксабан, были кровотечения. Самыми частыми кровотечениями были носовое и желудочно-кишечное кровотечение
Резюме побочных реакций
Часто (≥ от 1/100 до < 1/10),
- анемия (в том числе соответствующие лабораторные показатели)
- головокружение, головная боль
- гипотензия, гематома
- кровоизлияние в ткани глаза (в том числе конъюнктивальные кровоизлияния)
- носовое кровотечение, кровохарканье
- кровотечение из десен, желудочно-кишечное кровотечение (в том числе ректальное кровотечение), боли в животе и боли, связанные с желудком и кишечником, диспепсия, тошнота, запорА , диарея, рвотаА
- повышение уровня трансаминаз
- зуд (в том числе нечастые случаи генерализованного зуда), кожная сыпь, экхимозы, кожные и подкожные кровоизлияния
- боли в конечностях А
- кровотечения, связанные с мочеполовыми путями (в том числе гематурия и меноррагияВ), почечная недостаточность (в том числе повышение уровня креатинина,
мочевины в крови)
- лихорадкаА, периферические отеки, снижение физической силы и вялость (включая общую слабость и астению)
- постпроцедурное кровотечение (в том числе послеоперационная анемия и кровотечение из раны), ушиб, раневая секрецияА
Нечасто (≥ от 1/1000 до < 1/100),
- тромбоцитоз (включая повышение количества тромбоцитов) А, тромбоцитопения
- аллергические реакции, аллергический дерматит, ангионевротический
и аллергический отек
- внутричерепное кровоизлияние и кровоизлияние в мозг, синкопальное состояние
- тахикардия
- сухость во рту
- печеночная недостаточность, повышение уровня билирубина, повышение уровня щелочной фосфатазы в кровиА , повышение уровня ГГТПА
- крапивница
- гемартроз
- плохое самочувствие (включая недомогание)
- повышение уровня ЛДГА, повышение уровня липазыА, повышение уровня амилазыА
Редко (≥ 1/10000 до < 1/1000),
- желтуха, повышение уровня прямого билирубина (с сопутствующим повышением уровня АЛТ либо без него), холестаз, гепатит (включая гепато-целлюлярные поражения)
- мышечное кровоизлияние
- местные отекиА
- сосудистая псевдоаневризмаС
Очень редко (< 1/10000),
- анафилактические реакции, включая анафилактический шок
- синдром Стивенса-Джонсона/ токсический эпидермальный некролиз, DRESS синдром
Неизвестно (невозможно оценить на основании имеющихся данных)
- синдром сдавливания на фоне кровотечения
- почечная недостаточность/острая почечная недостаточность на фоне кровотечения, достаточного, чтобы вызвать гипоперфузию
A:
рецептурные
Қолданылуы
- ұршық немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейінгі ересек пациенттерде вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) профилактикасы.
- ересектерде терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ, ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы.
- профилактика венозной тромбоэмболии (ВТЭ) у взрослых пациентов с плановым протезированием тазобедренного или коленного сустава.
- лечение тромбоза глубоких вен (ТГВ) и тромбоэмболии легочной артерии (ТЭЛА), а также профилактика повторного ТГВ и ТЭЛА у взрослых.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету
- ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай. Мұндайларға бұрыннан бар немесе жуырда болған асқазанның ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым немесе офтальмологиялық операция, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы жатуы мүмкін.
- фракцияланбаған гепарин (ФГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында.
- Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, коагулопатиямен және клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен қатар жүретін бауыр ауруы
- жүктілік және емшек емізу
- гиперчувствительность к активному веществу или любому из вспомогательных веществ
- активное клинически значимое кровотечение
- нарушение или состояние, считающееся значимым фактором риска массивного кровотечения. К ним могут относиться имеющаяся или недавно имевшая место язва желудка, наличие злокачественных новообразований с высоким риском кровотечения, недавняя травма головного или спинного мозга, недавнее хирургическое вмешательство на головном, спинном мозге или офтальмологическая операция, недавнее внутричерепное кровоизлияние, диагностированное или подозрение на варикозное расширение вен пищевода, артериовенозные аномалии развития, сосудистые аневризмы или патология крупных сосудов спинного или головного мозга.
- cопутствующая терапия любыми другими антикоагулянтами, такими как нефракционированный гепарин (НГ), низкомолекулярные гепарины (эноксапарин, далтепарин и т. д.), производные гепарина (фондапаринукс и т. д.), пероральные антикоагулянты (варфарин, дабигатрана этексилат, апиксабан и т. д.), за исключением особых случаев перехода на другую антикоагулянтную терапию или когда НГ вводится в дозах, необходимых для обеспечения проходимости центрального венозного или артериального катетера.
- заболевание печени, сопровождающееся коагулопатией и риском развития клинически значимого кровотечения, включая пациентов с циррозом печени класса В и С по Чайлд-Пью
- беременность и грудное вскармливание
CYP3A4 цитохромы мен Р-гликопротеин тежегіштері
Ривароксабанды кетоконазолмен (тәулігіне бір рет 400 мг) немесе ритонавирді (тәулігіне екі рет 600 мг) бірге қолдану ривароксабанның орташа AUC 2,6/2,5 есе жоғарылауына және ривароксабанның орташа Сmax 1,7/1,6 есе ұлғаюына алып келген, бұл препараттың фармакодинамикалық әсерлерінің едәуір күшеюімен қатар жүрген, ол қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан да Ассубекс препаратын кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты зеңге қарсы азолдық препараттармен, немесе АИТВ протеазасы тежегіштерімен жүйелі ем қабылдап жүрген пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Ол заттар CYP3A4-тің де, Р гликопротеиннің де күшті тежегіштері болып табылады.
Ривароксабанның CYP3A4 немесе Р гликопротеин арқылы жүретін шығарылу жолдарының біреуін ғана қатты бәсеңдететін әсер етуші заттар ривароксабанның плазмадағы концентрациясын аз дәрежеде арттырады. Мысалы, CYP3A4 күшті тежегіші және Р гликопротеиннің орташа тежегіші болып саналатын кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг), ривароксабанның орташа AUC 1,5 есе және Сmax 1,4 есе жоғарылауын туғызған. Кларитромицинмен өзара әрекеттесуі пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан елеулі болмауы ықтимал, бірақ жоғары қауіп факторлары бар пациенттерде әлеуетті маңызы болуы мүмкін.
CYP3A4 пен Р гликопротеинді орташа бәсеңдететін эритромицин (тәулігіне 3 рет 500 мг), ривароксабанның орташа AUC мен Сmax 1,3 есе жоғарылауына әкелді. Эритромицинмен өзара әрекеттесуі пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыда маңызды болмауы ықтимал, бірақ жоғары қауіп факторлары бар пациенттерде әлеуетті маңызы болуы мүмкін.
Бүйректің жеңіл жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицинді (тәулігіне үш рет 500 мг) қабылдау бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, ривароксабанның орташа AUC 1,8 есе және Сmax 1,6 есе жоғарылауына әкелді. Бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицинді қабылдау, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, орташа AUC 2,0 есе және Сmax 1,6 есе жоғарылауын туғызды. Бүйрек функциясы бұзылғанда эритромициннің әсері күшейеді.
CYP3A4 орташа тежегіші болып саналатын флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг), ривароксабанның орташа AUC 1,4 есе жоғарылауына және орташа Cmax 1,3 есе жоғарылауына алып келеді. Флуконазолмен өзара әрекеттесуі пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды болмауы ықтимал, бірақ жоғары қауіп факторлары бар пациенттерде әлеуетті маңызы болуы мүмкін.
Дронедаронды қолдану жөніндегі клиникалық деректер шектеулі болғандықтан, оны ривароксабанмен бірге қолданудан аулақ болған жөн.
Антикоагулянттар
Эноксапаринді (бір реттік 40 мг дозасы) және ривароксабанды (бір реттік 10 мг дозасы) біріктіріп қолданғаннан кейін, Ха факторының белсенділігіне бәсеңдеткіш ықпалымен байланысты аддитивті әсері байқалды, бұл кезде қанның ұю көрсеткіштерінің (протромбин уақыты (ПУ), ішінара белсенділенген тромбопластин уақыты (ІБТУ)) қосымша өзгерістері болмады. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасына әсер етпеді.
Қан кетулер қаупінің жоғарылығына байланысты, пациенттер басқа антикоагулянттармен бірге қолданғанда сақтық танытуы керек.
ҚҚСП/ тромбоциттер агрегациясының тежегіштері
Ривароксабанды, 15 мг, және напроксенді, 500 мг, бірге тағайындаудан кейін қан кету уақытының клиникалық тұрғыдан елеулі ұзаруы байқалмаған. Дегенмен, жекелеген тұлғаларда фармакодинамикалық әсері айқынырақ болуы мүмкін.
Ривароксабан мен 500 мг ацетилсалицил қышқылын бірге қолданғанда, клиникалық тұрғыдан елеулі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Клопидогрел (300 мг екпінді дозасы, содан соң
75 мг демеуші дозасымен) ривароксабанмен (15 мг) фармакокинетикалық өзара әрекеттесу көрсеткен жоқ, алайда, кейбір пациенттерде қан кету уақытының тромбоциттер агрегациясымен немесе Р-селектинге немесе GPIIb/IIIa рецепторлар санымен өзара байланыссыз едәуір ұзарғаны байқалды.
ҚҚСП (ацетилсалицил қышқылын қоса) мен тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту керек, өйткені аталған препараттар, әдетте, қан кету қаупін арттырады.
СКҚІТ/СНКҚІТ
Басқа антикоагулянттар жағдайындағы сияқты, СКҚСТ немесе СНКҚІТ-мен бірге қолданған жағдайда, олардың тромбоциттерге әсеріне байланысты, пациенттер қан кетудің жоғарылау қаупіне ұшырауы ықтимал. Ривароксабанның клиникалық бағдарламасында бір мезгілде пайдаланғанда, барлық емдеу топтарында ауқымды немесе ауқымды емес, клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетулер жиілігінің жоғарырақ болғаны байқалды.
Варфарин
Пациенттердің К дәруменінің антагонисі варфариннен (ХҚҚ 2,0 - 3,0) ривароксабанға (20 мг) немесе ривароксабаннан (20 мг) варфаринге (ХҚҚ 2,0 - 3,0) ауысуы, протромбин уақытын/ХҚҚ (Неопластин) қарапайым жиынтықтау кезіндеге қарағанда айқынырақ ұлғаюымен қатар жүрді (ХҚҚ жекелеген мәндері 12,0-ге жетуі мүмкін), ал ІБТУ-ге, Ха фактор белсенділігінің және тромбиннің эндогенділік әлеуетінің бәсеңдеуіне әсері аддитивті болды.
Мұндай өтпелі кезеңде ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда, варфариннің әсері болмайтын қажетті тестілер ретінде, Ха антифакторының белсенділігін анықтауды, протромбиназа-индукцияланған ұю уақытын (PiCT) және HepTest пайдалануға болады. Варфариннің соңғы дозасын қабылдаудан кейін төртінші күні барлық зерттеулер (соның ішінде ПУ, ІБТУ, Ха фактор тежелуі мен ТЭӘ (тромбиннің эндогенділік әлеуеті) тек қана ривароксабанның әсерін көрсетеді.
Өтпелі кезеңде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда, ривароксабанның қан плазмасындағы қалдық концентрациясы аясында(ривароксабанның алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң) ХҚҚ анықтауды пайдалануға болады, өйткені, сол сәтте ривароксабанның бұл зерттеуге әсері барынша аз болады.
Варфарин мен ривароксабан арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
CYP3A4 индукторлары
Ривароксабан мен CYP3A4 күшті индукторы рифампицинді бірге қабылдау ривароксабанның орташа AUC шамамен 50%-ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерлерінің параллель азаюына алып келген. Ривароксабанды CYP3A4 басқа күшті индукторларымен (мысалы, фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен немесе кәдімгі шайқураймен (шілтер жапырақты шайқураймен) бірге қолдану да ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан, пациентті тромбоз белгілері мен симптомдарын мұқият қадағаламай тұрып, CYP3A4 күшті индукторларымен бірге қабылдаудан аулақ болу керек.
Қатарлас емнің басқа да препараттары
Ривароксабан мен мидазолам (CYP3A4 субстраты), дигоксин (Р гликопротеинінің субстраты) немесе аторвастатин (CYP3A4 пен Р гликопротеинінің субстраты) немесе омепразол (протондық помпа тежегіші) арасында клиникалық тұрғыдан елеулі фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ривароксабан CYP3A4 сияқты CYP негізгі изоформаларын тежемейді және индукцияламайды.
Тамақпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Зертханалық көрсеткіштер
Ривароксабан оның әсер ету механизміне байланысты қан ұюының көрсеткіштеріне (яғни, ПУ, ІБТУ, HepTest) әсер етеді деп күтіледі.
Арнайы сақтандырулар
Барлық емдеу кезеңі бойында белгіленген антикоагуляттық ем аясында клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Фармакологиялық әсер ету механизмін ескерсек, ривароксабанды қолдану кез келген ағзалар мен тіндерден жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін, ол геморрагиядан кейінгі анемияға әкеліп соғуы ықтимал. Белгілері, симптомдары мен ауырлығы (өлім жағдайларын қоса) орналасуы мен ауырлық дәрежесіне немесе қан кетудің және/немесе анемияның ауқымдылығына байланысты ауытқып тұрады. Шырышты қабықтардан (мысалы, мұрыннан, асқазан-ішектен, қызыл иектен, сондай-ақ қынаптан патологиялық қан кету мен неғұрлым ауқымды етеккірлік қан кетуді қоса, урогенитальді ағзалардан) қан кетулер және анемия КДА емдеумен салыстырғанда, ривароксабанмен ұзақ уақыт емдеген кезде жиірек байқалды. Демек, тиісті клиникалық бақылауға қосымша, егер бұл орынды деп саналса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін анықтау пайдалы болуы мүмкін. Қан кетудің даму қаупі пациенттердің кейбір топтарында, мысалы, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиясы бар және/немесе гемостазға әсер ететін препараттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде жоғарылауы мүмкін.
Етеккірлік қан кетулер қарқындырақ және/немесе ұзағырақ болуы мүмкін.
Геморрагиялық асқынулар әлсіздікпен, бозарумен, бас айналуымен, бас ауыруымен, түсініксіз домбығумен, ентігумен немесе түсініксіз шокпен көрініс беруі мүмкін. Кей жағдайларда, анемияның салдарынан кеуде ауыруы сияқты миокард ишемиясы симптомдары немесе стенокардия байқалған.
Ривароксабанды қолданған жағдайда ауыр қан кетудің салдарынан қысылу синдромы және гипоперфузия нәтижесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі сияқты асқынулар да белгілі болған. Сондықтан, антикоагулянттарды қабылдап жүрген кез келген пациенттің жағдайын бағалағанда, қан құйылу мүмкіндігін қарастыру керек.
Қан кету қаупі
Басқа антикоагулянттарды қолданғандағы сияқты, Ассубекс қабылдайтын пациенттерді қан кету белгілерін анықтау үшін мұқият қадағалау қажет. Қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеуде Ассубексті сақтықпен пайдалану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған жағдайда, Ассубекс препаратын қабылдау тоқтатылуға тиіс.
КДА емдеумен салыстырғанда, клиникалық зерттеулерде шырышты қабықтардан (мысалы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазан-ішектен, сондай-ақ қынаптан патологиялық қан кету мен неғұрлым ауқымды етеккірлік қан кетуді қоса, урогенитальді ағзалардан) қан кетулер және анемия Ассубекс препаратымен ұзақ уақыт емдеген кезде жиірек байқалды. Демек, тиісті клиникалық бақылауға қосымша, егер бұл орынды деп саналса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін анықтау және айқын қан кетудің клиникалық ықтималдығына баға беру пайдалы болуы мүмкін.
Пациенттердің төменде сипатталған бірнеше қосалқы топтарында қан кетудің даму қаупі жоғары болады. Бұл пациенттер емдеу басталғаннан қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылауда болуға тиіс.
Ұршық немесе тізе буынын жоспарланған протездеуден кейін ВТЭ профилактикасы үшін Ассубекс қабылдап жүрген ересек пациенттер үшін мұны жүйелі түрде медициналық тексеру, операция жарасынан бөліністерді мұқият қадағалау және гемоглобин деңгейін мезгіл-мезгіл анықтап отыру арқылы қамтамасыз етуге болады. Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуі жағдайында, қан кету көзін іздеу қажет.
Ривароксабанмен емдеу жүйелі әсеріне мониторинг жүргізуді қажет етпесе де, ерекше жағдайларда Xa факторы тежелуінің калибрленген сандық тесті көмегімен ривароксабанның деңгейін анықтау, ривароксабанның әсері туралы деректер клиникалық деңгейде қабылданатын шешімдерге ықпал етуі мүмкін кезде, мысалы, артық дозаланғанда және шұғыл операцияда, пайдалы болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде ривароксабанның қан плазмасындағы концентрациясы едәуір жоғарылауы мүмкін (орташа алғанда 1,6 есе), бұл өз кезегінде қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауын жол ашуы ықтимал.
Ассубексті креатинин клиренсі 15-29 мл/минут құрайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Креатинин клиренсі <15 мл/минут пациенттерге Ассубекс қолдану ұсынылмайды.
Ассубексті бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин), қан плазмасында ривароксабан концентрациясын арттыратын басқа препараттармен қатарлас ем алатын пациенттерді емдеуде сақтықпен қолдану қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ассубекс препаратын азолдық зеңге қарсы препараттармен (кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты) немесе АИТВ протеазасы тежегіштерімен (мысалы, ритонавир) жүйелі ем қабылдап жүрген пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бұл заттар CYP3A4-тің де, Р гликопротеиннің де күшті тежегіштері болып табылады, сондықтан ривароксабанның плазмадағы концентрациясын клиникалық тұрғыдан маңызды деңгейге дейін (орташа алғанда 2,6 дейін) жоғарылатуы мүмкін, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Гомеостазға ықпал ететін препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ), сондай-ақ серотонин мен норэпинефринді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СНКҚІТ) бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту керек. Асқазан-ішек жолының ойық жара ауруының қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізуді қарастыруға болады.
Қан кетудің басқа да қауіп факторлары
Тромбозға қарсы басқа да препараттар сияқты, ривароксабан төмендегідей қан кету қаупі жоғары пациенттерге ұсынылмайды:
Ближайшие к вам пункты доставки в Алматы вы можете посмотреть здесь.
-Bayer Pharma AG
Страна производитель: Германия
-БАЙЕР ФАРМА АГ
Страна производитель: Германия
-Bayer Pharma AG
Страна производитель: Германия
-БАЙЕР ФАРМА АГ
Страна производитель: Германия
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-ABDI IBRAHIM ILAC SANAYI VE TICARET A.S.
Страна производитель: Турция
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-ABDI IBRAHIM ILAC SANAYI VE TICARET A.S.
Страна производитель: Турция
-ФарОС МТ ЛТД
Страна производитель: Венгрия
-ФарОС МТ ЛТД
Страна производитель: Венгрия
-HETERO LABS LIMITED
Страна производитель: Индия
-HETERO LABS LIMITED
Страна производитель: Индия