-ДЖЕНЕФАРМ С.А
Страна производитель: Греция
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, 100 мг
Бір таблетканың құрамында
Белсенді зат - 140,48 мг силденафил цитраты, 100.00 мг силденафилге баламалы,
Қосымша заттар:
Әсер ету механизмі
Синегра 100, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған пероральді дәрілік препарат, яғни сексуалдық стимуляция кезінде ол бұзылған эректильді функцияны жыныс мүшесіне келетін қан ағымын арттыру арқылы қалпына келтіреді.
Жыныс мүшесі эрекциясының физиологиялық механизміне сексуалдық стимуляция кезінде қуыс денелерде азот тотығының (NO) босап шығуы кіреді. Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсендіреді, бұл циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына, кейіннен қуыс денелердегі тегіс бұлшықеттердің босаңсуына және қан ағымының артуына алып келеді.
Силденафил қуыс денелердегі цГМФ ыдырауына жауап беретін цГМФ - 5-ші типті спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ-5) күшті және іріктелген тежегіші болып табылады. Силденафил эрекцияға шеткері әсер береді. Силденафил адамдағы оқшау қуыс денеге тікелей босаңсытқыш әсер бермейді, бірақ NO осы тінге босаңсытыш әсерін айтарлықтай күшейтеді. Сексуалдық стимуляция кезінде орын алатындай, NO/цГМФ метаболизм жолы белсенділенген кезде, силденафилдің ФДЭ-5 тежеуі қуыс денелердегі цГМФ деңгейлерінің артуына алып келеді. Сондықтан, силденафил күтілгендей өнімді фармакологиялық әсер беруі үшін, сексуалдық стимуляция қажет.
Фармакодинамикалық әсерлері
In vitro зерттеулер.Силденафил эрекция үдерісінің реттелуіне қатысатын ФДЭ-5-ке іріктеп әсер етеді. Синегра 100 препаратының ФДЭ-5-ке әсері басқа белгілі фосфодиэстеразаларға қарағанда күштірек. Синегра 100 препаратының бұл әсері көздің торқабығындағы фотоөзгеріс үдерістеріне қатысатын ФДЭ-6-ға әсеріне қарағанда 10 есе күштірек. Ең жоғарғы ұсынылған дозаларында қолданғанда силденафилдің ФДЭ-5-ке іріктелгендігі оның ФДЭ-1-ге іріктелгендігінен 80 есе артық, ФДЭ-2, ФДЭ-3, ФДЭ-4, ФДЭ-7, ФДЭ-8, ФДЭ-9, ФДЭ-10 және ФДЭ-11-ге іріктелгендігі - 700 еседен астам. Атап айтқанда, силденафилдің ФДЭ-5-ке іріктелгендігі оның жүрек жиырылуының реттелуіне қатысатын ФДЭ-3 - фосфодиэстеразаның цАМФ-спецификалық изоформасына іріктелгендігінен 4000 есе артық.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Дозаны енгізгеннен кейін силденафил сексуалдық стимуляцияға жауап ретінде эрекцияны туғыза алатындай уақыт аралығына баға беру үшін екі клиникалық зерттеу арнайы әзірленді. Қарны ашқан пациенттерде жыныс мүшесінің плетизмографиясын зерттеуде (RigiScan) қаттылығы 60% эрекцияның (жыныстық қатынас үшін жеткілікті) басталуының орташа уақыты силденафилде 25 минутты (диапазоны 12-37 минут) құрады. RigiScan жеке зерттеуінде силденафил дозаны енгізгеннен кейін 4-5 сағаттан соң сексуалдық стимуляцияға жауап ретінде әлі де эрекцияны туғыза алатындай болды.
Силденафил артериялық қысымның орташа және қысқа мерзімдік төмендеуін туғызады, ол көпшілік жағдайларда клиникалық әсерлерге әкелмейді. Силденафилді 100 мг пероральді қабылдаудан кейін шалқадан жатқан күйде систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғарғы төмендеуі 8,4 мм сын. бағ. құрады. Шалқадан жатқан күйде диастолалық артериялық қысымның сәйкес өзгерісі 5,5 мм сын бағ. құрады. Артериялық қысымның бұл төмендеулері тамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі цГМФ деңгейінің жоғарылауынан болуы ықтимал силденафилдің тамырды кеңейтетін әсерлеріне сәйкес келеді. Силденафилдің 100 мг дейінгі бір реттік пероральді дозалары дені сау еріктілерде ЭКГ-ге клиникалық мәні бар әсерін тигізген жоқ.
Силденафилдің 100 мг бір реттік пероральді дозаларының гемодинамикалық әсерлерін зерттегенде жүректің ауыр ишемиялық ауруы (ЖИА) (кем дегенде бір коронарлық артерияның > 70% стенозы) бар 14 пациентте тыныштық күйдегі орташа систолалық және диастолалық артериялық қысым бастапқы деңгеймен салыстырғанда сәйкесінше 7% және 6% азайды. Өкпедегі орташа систолалық артериялық қысым 9% төмендеді. Силденафил жүрек лықсытуына әсер еткен жоқ және стеноздалған коронарлық артериялар арқылы қан ағымын бұзған жоқ.
Эректильной дисфункциясы және созылмалы тұрақты стенокардиясы бар, антиангинальді дәрілік заттарды (нитраттардан басқа) ұдайы қабылдап жүрген 144 пациентке дене жүктемесінің салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын сынағында баға берілді. Нәтижелері силденафил мен плацебо арасында стенокардияның шектелуіне дейінгі уақыттың клиникалық мәні бар айырмашылықтарды көрсеткен жоқ.
Кейбір субъектілерде 100 мг дозадан кейін 1 сағат өткенде Фарнсворт-Манселл 100 реңкті тестін пайдаланып түстерді (көк/ жасыл) ажыратудағы жеңіл әрі қысқа мерзімдік айырмашылықтар анықталды, дозаны енгізгеннен кейін 2 сағаттан соң айқын әсерлері болған жоқ. Түстер дискриминациясының бұл өзгерісінің болжамды механизмі торқабықтың фототрансдукция қаскадына қатысатын PDE6 тежелуімен байланысты. Силденафил көру өткірлігіне немесе контрастылық сезімталдыққа әсер етпейді. Шағын көлемдегі плацебо-бақыланатын зерттеуде бұрын құжатталған жасқа байланысты макулярлық дегенерациясы бар пациенттерде (n = 9) жүргізілген визуальді тесттерде (көру өткірлігі, Амслер торы, түстік дискриминация, бағдаршам түстерін ажыратудың түстік симуляциясы, Хамфри периметрі және фотостресс) силденафил (бір реттік доза, 100 мг) елеулі өзгерістерді көрсеткен жоқ.
100 мг силденафилді бір реттік қабылдаудан кейін дені сау еріктілерде сперматозоидтардың қозғалғыштығына және морфологиясына әсері байқалған жоқ (4.6 бөлімін қараңыз).
Клиникалық сынақтар туралы қосымша ақпарат.
Клиникалық сынақтарда силденафил 19-87 жастағы 8000-нан астам пациентке қолданылды. Пациенттердің мынадай топтары ұсынылды:
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін силденафил жылдам сіңеді. Силденафил қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияларына (Cmax) ашқарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-дан 120 минутқа (медиана 60 минут) дейінгі аралықта жетеді. Препаратты ішу арқылы қабылдаған кездегі абсолюттік биожетімділігі 41 % құрайды (мәндердің 25 - 63% диапазонымен). Силденафилді ұсынылған дозалар ауқымында (25 - 100 мг) ішу арқылы қолданғаннан кейін фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) мен Cmax мәндері қабылданған дозасына тікелей пропорционалды артады.
Силденафилді тамақпен бірге қабылдаған кезде сіңу жылдамдығы қан плазмасында ең жоғарғы концентрацияларына (tmax) жетудің 60 минут орташа уақыт кідірісімен және Cmax мәнінің 29 %-ға орташа азаюымен төмендейді.
Таралуы
Силденафил үшін таралуының орташа тепе-теңдік көлемі (Vd) 105 л құрайды, бұл оның организм тіндеріне таралатындығын көрсетеді.
Силденафилді бір реттік 100 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы орташа концентрациясы 440 нг/мл жуықты құрайды (40 % ауытқу коэффициентімен). Силденафил (және оның айналыстағы негізгі метаболиті - N-десметил-метаболит) қан плазмасы ақуыздарымен 96 %-ға байланысатындығына байланысты, бос силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы орташа концентрациясы 18 нг/мл (38 нМ) құрайды. Ақуыздармен байланысуы препараттың жалпы концентрацияларына тәуелсіз.
Силденафилді бір рет 100 мг дозада қабылдаған пациенттерде, дозасын қабылдағаннан кейін 90 минуттан соң эякулятта препараттың қабылданған дозасының 0,0002 %-дан азы (орташа алғанда - 188 нг) анықталды.
Метаболизмі
Силденафил негізінен бауырдың микросомальді изоферменттерінің CYP3A4 (негізгі жол) және CYP2C9 (қосымша жол) цитохромының әсерімен метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболит силденафилдің N-деметилденуі арқылы түзіледі. Бұл метаболит силденафил сияқты ФДЭ-ге іріктемелі әсерін тигізеді. Оның ФДЭ-5-ке тежегіш әсері in vitro зерттеуінде силденафилдің белсенділігінің шамамен 50% - ын құрайды. Плазмадағы метаболиттің концентрациясы силденафил концентрациясының шамамен 40% құрайды. N-десметил метаболиті одан әрі метаболизмге ұшырайды, оның түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағатқа тең.
Шығарылуы
Силденафилдің жалпы клиренсі 41 л/сағатты құрайды, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 3-тен 5 сағатқа дейін. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін, силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжіспен (қабылданған пероральді дозасының 80 %-ға жуығы) және азғантай дәрежеде несеппен (қабылданған пероральді дозасының 13 %-ға жуығы) шығарылады.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде (65 жас шамасындағы және одан үлкен) силденафил клиренсінің төмендеуі байқалды, бұл силденафил мен оның белсенді N-деметилденген метаболитінің плазмадағы концентрацияларының жасы кіші пациенттердегі (18-45 жас) осындаймен салыстырғанда шамамен 90 %-ға артуына түрткі болды. Жас ерекшеліктеріне байланысты, қан плазмасы ақуыздарымен байланысуында, қан плазмасындағы бос силденафил концентрациясының артуы шамамен 40 %-ды құрайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл немесе орташа дәрежесі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) 50 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін силденафилдің фармакокинетикасы өзгермейді. N-деметилденген метаболитінің AUC және Cmax орташа көрсеткіштерінің жоғарылауы жас шамасы ұқсас, бүйрек функциясы бұзылмаған адамдардағы осындай көрсеткіштермен салыстырғанда сәйкесінше 126 %-ға және 73 %-ға дейінді құрады. Алайда пациенттер арасында көрсеткіштердің ауытқымалылығы жоғары болуына байланысты, бұл ерекшеліктер статистикалық тұрғыдан маңызды болған жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде силденафилдің клиренсі төмендеді, бұл AUC және Cmax көрсеткіштерінің жас шамалары ұқсас, бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттермен салыстырғанда сәйкесінше 100 % және 88 %-ға орташа жоғарылауларына алып келді. Бұдан өзге, N-деметилденген метаболиті үшін AUC және Cmax мәндері де айтарлықтай - сәйкесінше 200 % және 79 %-ға артты.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер
Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бауыр циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В сатылары) силденафилдің клиренсі төмен болды, бұл жас шамалары ұқсас, бауыр функциясының бұзылулары жоқ пациенттермен салыстырғанда, AUC (84 %-ға) және Cmax (47 %-ға) көрсеткіштерінің артуына алып келді.
Бауыр функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі бар пациенттердегі силденафилдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Силденафил, действующее вещество препарата СИНЕГРА® быстро всасывается после приема внутрь и максимальная концентрация в плазме достигается в течение от 30 до 120 минут (в среднем 60 минут). Абсолютная биодоступность препарата составляет около 40 %. При приеме силденафила одновременно с жирной пищей скорость всасывания уменьшается, в связи с чем время достижения максимальной концентрации (Tmax) замедляется, в среднем, до 60 минут и максимальная концентрация (Cmax) в крови уменьшается до 29 %. Силденафил и его основной N-десметильный метаболит связываются с белками плазмы примерно на 96 %. Связывание с белками не зависит от общей концентрации препарата.
Силденафил метаболизируется преимущественно микросомальными изоферментами печени - CYP3А4 (основной путь) и CYP2С9 (второстепенный путь). Основной метаболит, который образуется в результате N-десметилирования силденафила, подвергается дальнейшему метаболизму. Концентрация метаболита в плазме составляет примерно 40 % от концентрации силденафила и фармакологическое действие метаболита составляет около 20 % от фармакологического действия силденафила. После приема внутрь примерно 80 % дозы препарата выделяется в виде метаболитов преимущественно с калом и около 13 % - с мочой.
Өте жиі:
рецептурные
Эректильді дисфункцияның диагностикасы және оның болуы мүмкін алғашқы себептерін анықтау үшін аурудың тарихын зерттеу және фармакологиялық емдеу мүмкіндіктері қарастырылғанға дейін медициналық тексеру жүргізу керек.
Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары
Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігер өзінің пациенттерінің жүрек-қантамырлық статусына баға беруі керек, өйткені сексуалдық белсенділікпен байланысты жүрек асқынулары қаупінің белгілі бір дәрежесі болады.
Силденафилдің тамырды кеңейтетін қасиеттері бар, бұл артериялық қысымның жеңіл және қысқа мерзімдік төмендеуіне әкеледі. Силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер бұл препараттың белгілі бір негізгі жай-күйлері бар пациенттердің жағдайына, әсіресе олардың сексуалдық белсенділікпен үйлесіміне жағымсыз салдарының ықтималдылығын мұқият ойластыруы керек. Тамырды кеңейтетін дәрілерге сезімталдығы жоғары топқа сол жақ қарыншаның шығар бөлігінің тарылуы (мысалы, аорта клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы) бар пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымның автономдық бақылануы бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде білінетін сирек көптүрлі жүйелі атрофия синдромы бар пациенттер жатады.
Силденафил нитраттардың гипотензивті әсерін күшейтеді.
Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде қауіпті жүрек-қан тамырлары асқынуларының жағдайлары тіркелді (оның ішінде миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, кенеттен коронарлық өлім, қарыншалық аритмия, геморрагиялық инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл, артериялық гипертензия және гипотензия), олардың силденафилді қолданумен уақытша байланысы болды. Бұл пациенттердің көпшілігінде, бірақ олардың барлығында емес, жүрек-қан тамырлары асқынуларының қауіп факторлары болды. Осы аталған жағымсыз құбылыстардың көбісі сексуалды белсенділіктен кейін көп ұзамай байқалды және олардың кейбіреулері силденафилді кейінгі сексуалды белсенділіксіз қабылдағаннан кейін байқалды. Осы құбылыстар мен көрсетілген немесе өзге факторлардың арасында тікелей байланыстың болуын анықтау мүмкін емес.
Приапизм
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, соның ішінде силденафилді, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерде, сондай-ақ приапизм дамуына бейімдейтін аурулары (орақтәрізді-жасушалы анемия, көптүрлі миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ұзаққа созылған эрекция мен приапизм жағдайлары хабарланды. 4 сағаттан артыққа созылған эрекция жағдайында, пациент жедел медициналық жәрдемге хабарласуы керек. Дереу ем жүргізілмеген жағдайда приапизм жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына алып келуі мүмкін.
Басқа PDE5 тежегіштерімен бірге пайдалану немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістері
Силденафилдің басқа ФДЭ5 тежегіштерімен немесе өкпенің артериялық гипертониясын емдеуге арналған құрамында силденафил бар басқа препараттармен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зертелмеген. Сондықтан мұндай біріктірілімдерді пайдалану ұсынылмайды.
Көруге әсері
Силденафил мен ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты бұзылулардың, атап айтқанда сирек ауру - көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы жағдайлары болды. Көру жітілігінде кез келген ақаулар туындаған жағдайда, Синегра 100 препаратын қабылдауды тоқтату және дәрігерге көріну қажет.
Ритонавирмен бір мезгілде қабылдау
Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.
Альфа-адреноблокаторлармен бірге қолдану
Альфа-адреноблокаторларды қабылдайтын емделушілерге силденафилді тағайындағанда сақтық танытқан жөн, өйткені олардың кейбіреулерінде бұл симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайдың дамуы препараттың дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральды гипотензияның даму ықтималдығын азайту үшін емделушілерде силденафилді бастағанға дейін альфа-блокаторлармен емделу кезінде гемодинамикалық тұрақты болуы керек. Силденафилді қолдануды төменірек дозалардан (25 мг) бастау ұсынылады. Сонымен қатар, дәрігерлер пациенттерге постуральды гипотензия белгілері пайда болған жағдайда не істеу керектігін нұсқауы керек.
Қанның ұюына әсері
Адамның тромбоциттерін пайдаланатын in vitro зерттеулер силденафилдің натрий нитропруссидінің тромбоциттерге қарсы әсерін күшейтетінін көрсетті. Қан кету бұзылыстары немесе белсенді асқазан жарасы бар емделушілерде силденафилдің қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан силденафилді пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін қолдану керек.
Натрий
Синегра 100 құрамында бір таблеткада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни «натрий іс жүзінде жоқ».
Индигокармин (E 132)
Синегра 100 препаратының қабықшасының бөлігі ретінде индигокарминді (E 132) қамтиды және балаларға арналған дәрілерде қолдануға тыйым салынады.
Әйелдер
Синегра 100 әйелдерге қолдануға арналмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Синегра® 100 әйелдердің қолдануына арналмаған.
Силденафилдің жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуына тиісінше және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Егеуқұйрықтарда және үй қояндарында ұрпақ өрбіту зерттеулерінде силденафилді пероральді қабылдаудан кейін ешқандай сәйкес жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.
Ұрпақ өрбіту функциясы
Силденафилді 100 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін, препараттың сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына әсері анықталған жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне болар-болмас әсер етеді.
Автокөлік құралдарын басқарудың немесе механизмдермен жұмыс істеудің алдында препараттың бас айналуы және көру арқылы қабылдаудың бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлеріне байланысты, пациенттер өздерінің организмі Синегра® 100 препаратын қабылдауға қандай реакция беретіндігін анықтап алуы керек.
Силденафил обладает системным вазодилатирующим свойством, что может привести к преходящему понижению кровяного давления, в связи с чем перед назначением препарата СИНЕГРА® необходимо тщательно взвесить риск нежелательных проявлений у пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями, особенно на фоне половой активности.
Повышенная восприимчивость к вазодилататорам наблюдается у пациентов с обструкцией выходного тракта левого желудочка (например, аортальный стеноз, идиопатический субаортальный стеноз) и у пациентов с тяжелым нарушением вегетативной регуляции кровяного давления.
В случае состояния эрекции, продолжающейся более 4 часов, пациенты должны немедленно обратиться за медицинской помощью. Если приапизм не будет излечен немедленно, возможно развитие необратимой импотенции.
Необходимо с осторожностью назначать препарат СИНЕГРА® при совместном применении с ритонавиром, так как ритонавир значительно повышает плазменную концентрацию силденафила в 11 раз.
Для снижения риска побочных эффектов у пациентов, получающих ритонавир, рекомендуется уменьшить дозу силденафила.
Одновременное применение силденафила и альфа-адреноблокаторов, может привести к артериальной гипотензии у некоторых пациентов. Поэтому дозы силденафила, превышающие 25 мг не должны приниматься в течение 4 часов после приема альфа-адреноблокаторов. При приеме повышенных доз силденафила и доксазина в дозе 4 мг возможно развитие постуральной гипотензии в течение 1- 4 часов после приема.
Безопасность силденафила у пациентов с заболеваниями, сопровождающимися кровоточивостью и пациентов с пептической язвой в периоде обострения неизвестна.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
На фоне приема препарата СИНЕГРА® какого-либо отрицательного влияния на способность управлять автомобилем или другими техническими средствами не наблюдалось. Однако поскольку при приеме препарата возможно снижение АД, развитие хроматопсии, затуманенного зрения, следует пациентов информировать об опасности, связанной с управлением транспортными средствами, обслуживанием механического оборудования и другими потенциально опасными видами деятельности и внимательно относиться к индивидуальному действию препарата в указанных ситуациях, особенно в начале лечения и при изменении режима дозирования.
- жыныс мүшесінің қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтап тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда.
Синегра® 100 сексуалдық стимуляция болғанда ғана тиімді
- эректильная дисфункция, характеризующаяся неспособностью к достижению или сохранению эрекции полового члена, достаточной для удовлетворительного полового акта.
Синегра® 100 эффективна только при наличии сексуальной стимуляции
- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау, олар циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі, силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін көтермелейтіні көрсетілген және оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқтылар) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бірге енгізуге болмайды
- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау, өйткені әлеуетті түрде симптоматикалық гипотонияға әкелуі мүмкін.
- силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды сексуалдық белсенділік қолайсыз болып табылатын ер адамдарда (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты жүрек-қантамырлық ауыр бұзылулары бар пациенттер) пайдаланбау керек.
- бұл көріністің ФДЭ-5 тежегішін алдыңғы қолданумен байланысты немесе байланысты еместігіне қарамастан, көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік ишемиялық нейропатиясының салдарынан бір көздің көрмей қалуы.
Силденафиллің қауіпсіздігі пациенттердің келесі қосалқы топтарында зерттелмеген, сондықтан оны қолдануға болмайды:
Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері
In vitro зерттеулер
Силденафилдің метаболизміне негізінен P450 цитохромының (CYP) 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 (қосалқы жолы) изоформалары түрткі болады. Осы себепті, аталған изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуі, ал аталған изоферменттердің индукторлары - арттыруы мүмкін.
In vivo зерттеулер
Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафилдің клиренсінің төмендегені байқалады. Пациенттердің аталған тобында жағымсыз әсерлері жиілігінің жоғарылағаны байқалмайды, дегенмен, cилденафин препаратымен емдеуді бастапқы 25 мг дозасында бастау қажет.
P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші ритонавирді тепе теңдік жағдайында (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) 300 %-ға артуына (4 есе), сондай-ақ қан плазмасындағы силденафил AUC 1000 %-ға (11 есе) артуына алып келеді. 24 сағаттан соң силденафилдің қан плазмасындағы деңгейлері тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі 5 нг/мл-ге жуықпен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарының кең ауқымына айқын әсерлеріне сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге ала отырып, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Синегра® 100 ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Силденафилдің ең жоғарғы дозасы ешбір жағдайда 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.
CYP3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші саквинавирді тепе-теңдік жағдайында (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140 %-ға артуына, сондай-ақ силденафил AUC 210 %-ға артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері айқынырақ болады.
Силденафилді 100 мг дозада CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен бірге тепе-теңдік жағдайында бір рет қабылдағанда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг), силденафилдің жүйелі әсерінің 182 %-ға ұлғаюы байқалады (AUC бойынша анықталады).
Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминациясы жылдамдығының константасына, силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің жартылай шығарылуының келесі кезеңіне әсер етпейді.
P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының 56 %-ға артуын туғызады.
Грейпфрут шырыны ішек қабырғасындағы CYP3A4 түрткі болған метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туғызуы мүмкін.
Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.
CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері, трициклдық антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Эндотелин бозентан антагонисін (CYP3A4, CYP2C9 орташа индукторы CYP2C19) (тәулігіне екі рет 125 мг) мен тепе-теңдік жағдайындағы силденафилмен (тәулігіне үш рет 80 мг) бір мезгілде қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің сәйкесінше 62,6 % және 55,4 %-ға төмендеуіне алып келеді. Осылайша, рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану силденафилдің қан плазмасындағы концентрацияларының айқынырақ төмендеуіне түрткі болады деп шамаланып отыр.
Никорандил калий өзекшелері мен нитрат активаторының гибриді болып табылады. Нитратты компонентінің есебінен оның силденафилмен елеулі өзара әрекеттестікке түсуге қабілеттілігі зор.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері
Іn vitro зерттеулер
Силденафил Р450 цитохромы 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоформаларының әлсіз тежегіші (ІС50>150мкМ) болып табылады. Силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациялары препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін шамамен 1 мкМ құраған жағдайда, силденафилдің аталған изоферменттер субстаттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз. Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразалардың спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесетіндігі туралы мәліметтер жоқ.
In vivo зерттеулер
Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге, атап айтқанда артериялық қысымды елеулі төмендетуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген формадағы нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Риоцигуат. Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Мұндай біріктірілімді зерттеліп отырған популяцияда қолданған кезде жағымды клиникалық әсері туралы деректер болмаған. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, соның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Альфа-адреноблокаторлармен бір мезгілде қабылдау. α-адреноблокаторын қабылдайтын пациенттердің силденафилді бір мезгілде қолдануы жекелеген бейімділігі бар пациенттерде симптоматикалық гипотензияға алып келуі мүмкін. Силденафил дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде бұл жағдайдың дамуы мүмкін. Доксазозинмен емдеу кезінде тұрақты жағдайымен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ВРН, benign prostatic hyperplasia) бар пациенттерге дәрілердің өзара әрекеттесуінің үш арнайы зерттеулерінде бір мезгілде доксазозин (4 мг және 8 мг) альфа-адреноблокаторы және силденафил (25, 50 және 100 мг) тағайындалды. Осы зерттеудің популяциясында қан қысымының көлденең қалыпта орташа есеппен 7/7 мм сын.бағ., 9/5 мм сын.бағ. және 8/4 мм сын.бағ., және тік қалыпта - сәйкесінше 6/6 мм сын.бағ., 11/4 мм сын.бағ. және 4/5 мм сын.бағ.қосымша төмендегені байқалды. Силденафил мен доксазозин доксазозинмен емдеу кезінде жағдайы тұрақты пациенттерге бір мезгілде тағайындалғанда симптоматикалық постуральді гипотензияның сирек жағдайлары байқалды. Мұндай жағдайларда пациенттердің симптомдарында бас айналу байқалды, бірақ есінен тану байқалған жоқ.
Силденафилді (50 мг дозада) екеуі де CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, елеулі өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын қабылдаудан (150 мг дозада) туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етеді.
Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкоголдің 80 мг/дл орташа ең жоғарғы деңгейлері кезінде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.
Гипертензияға қарсы дәрілік препараттардың төмендегі кластарын:
Ближайшие к вам пункты доставки в Алматы вы можете посмотреть здесь.
-ДЖЕНЕФАРМ С.А
Страна производитель: Греция
-PFIZER H.C.P. CORPARATION
Страна производитель: Франция
-PFIZER H.C.P. CORPARATION
Страна производитель: Франция
-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
-MACLEODS PHARMACEUTICALS LIMITED
Страна производитель: Индия
-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-MACLEODS PHARMACEUTICALS LIMITED
Страна производитель: Индия
-Лекфарм СООО
Страна производитель: Беларусь
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
-ACTAVIS LTD.
Страна производитель: Мальта