Инъекцияға арналған ерітінді, 25 мг/мл
Раствор для инъекций, 25 мг/мл
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат- 25 мг прометазин гидрохлориді бар (22,16 мг прометазинге баламалы),
қосымша заттар:
Прометазин, Пипольфен препаратының белсенді компоненті, фенотиазиннің туындысы болып табылады. Оның антипсихоздық фенотиазиндерден өзгеше молекулалық құрылымы бар, бұл оның антипсихоздық белсенділігінің едәуір төмендігін түсіндіреді. Прометазин H 1 рецепторларының тиімді блокаторы болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Прометазин құсуға қарсы және седативті препарат болып табылады, сонымен қатар бастың орталық типтегі айналуы кезінде тиімді (вертиго). Прометазиннің құсуға қарсы әсері оның орталықтық антихолинергиялық әсерімен, вестибулярлық жүйенің қозғыштығының төмендеуімен, лабиринт функциясының басылуымен, сондай-ақ сопақша мидың триггерлі хеморецепторлы аймақтарын тікелей тежейтін әсерімен байланысты болды. Прометазиннің седативті- ұйықтататын әсері гистаминдік, серотониндік және ацетилхолиндік рецепторлардың блокадасымен және альфа-адренергиялық рецепторлардың стимуляциясымен байланысты.
Прометазин, активный компонент препарата, имеет отличную от антипсихотических фенотиазинов молекулярную структуру, что объясняет его более низкую антипсихотическую активность. Прометазин является эффективным блокатором рецепторов H1, противорвотным и седативным препаратом, также эффективным при головокружении. Противорвотное действие прометазина обусловлено его центральным антихолинергическим эффектом, снижением возбудимости вестибулярной системы, подавлением функции лабиринта, а также прямым тормозным эффектом на триггерные хеморецепторные зоны продолговатого мозга. Седативно-снотворный эффект прометазина связан с блокадой гистаминовых, серотониновых и ацетилхолиновых рецепторов и стимуляцией альфа-адренергических рецепторов.
Сіңірілуі
Клиникалық әсерлері бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізгеннен кейін 20 және 3-5 минут ішінде білінеді. Әсері ішке қабылдағаннан кейін әдетте 4-6 сағат бойы созылады, бірақ 12 сағат бойы сақталуы мүмкін.
Таралуы
Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 65-90%.
Биотрансформациясы
Прометазин бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды.
Элиминациясы
Прометазин метаболиттері ең алдымен бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі - 7-14 сағат.
Клинические эффекты проявляются в течение 20 и 3-5 минут соответственно после внутримышечного и внутривенного введения. Эффект обычно продолжается в течение 4-6 часов после приема внутрь, но может сохраняться и на протяжении 12 часов. Связывание с белками плазмы крови - 65-90%. Прометазин подвергается интенсивному метаболизму в печени. Его метаболиты выводятся почками. Период полувыведения – 7-14 часов.
Жағымсыз реакциялардың кесте түріндегі түйіндемесі
Төменде келтірілген жағымсыз реакциялардың жиілігі белгісіз, яғни жиілікті қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Лейкопения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия, агранулоцитоз
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар, соның ішінде есекжем, тері бөртпесі, қышыну, ангионевроздық ісіну және анафилаксия туралы хабарланды
Метаболизм және тамақтану бұзылулары
Анорексия
Психикалық бұзылулар
Сананың шатасуы, бағдарсыздық, мазасыздану, қозу (балаларда - парадокстық жоғары қозғыштық, қорқынышты түстер көру, шаршағыштық, эйфория, жүйкенің тозуы, елестеулер).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Экстрапирамидалық симптомдар, мысалы, окулогирлік криз, қисық мойын, тілдің протрузиясы (бәлкім, парентральді және оральді жоғарырақ дозаларын қабылдағанда), тремор, ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, қимыл үйлесімінің бұзылуы, ұйқысыздық, конвульсиялар. Қатерлі нейролептикалық синдромның дамығаны туралы хабарланды (өліммен аяқталу қаупімен).
Көру ағзасы тарапынан бұзылулар
Көрудің бұлыңғырлануы, қос көріну
Есту ағзасы және лабиринт тарапынан бұзылулар
Құлақтың шыңылдауы немесе шуылдауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жүректің қатты соғуын сезіну, аритмия, тахикардия, брадикардия
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, талып қалу
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар
Демікпе, мұрынның бітелуі, тыныс алудың тежелуі (өліммен аяқталуы мүмкін) және демнің тоқтауы (өліммен аяқталуы мүмкін)
Асқазан-ішек бұзылулары
Құсу, іш қату, жүрек айну, ауыздың құрғауы, асқазанның тітіркенуі
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Сарғаю (холестаздық сарғаю)
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Тері бөртпелері, фотосенсибилизация, дерматит, есекжем
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Несеп шығуының тежелуі
На основании имеющихся данных, нельзя определить частоту побочных реакций.
- лейкопения и тромбоцитопения, гемолитическая анемия, агранулоцитоз
- аллергические реакции:
рецептурные
Прометазинді 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды (өлімге әкелетін тыныс алу тежелуі даму мүмкіндігіне байланысты).
2 және одан үлкен жастағы балаларда прометазинді қолдану сақтықты қажет етеді. 2 және одан үлкен жастағы балаларға прометазинді ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады; тыныс алуды бәсеңдететін басқа препараттармен бірге қолданудан аулақ болу керек.
Вена ішіне енгізуді экстравазацияны немесе байқаусызда интраартериялық енгізуді болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргізген жөн, бұл некрозды немесе шеткергі гангренаны туындатуы мүмкін. Егер пациент вена ішіне енгізген кезде ауырсындыратынын айтып шағымданса, препаратты енгізуді дереу тоқтату керек, өйткені ауырсыну экстравазацияның немесе абайсызда интраартериялық енгізудің белгісі болуы мүмкін. Бұлшықет ішіне енгізген кезде жергілікті некрозды туындатуы мүмкін тері астына кездейсоқ енгізуді болдырмау мақсатында сақ болу қажет.
Препаратты (әсіресе жоғары дозалар немесе парентеральді қолдану кезінде) егде пациенттерде жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғары болуына байланысты өте сақ болу қажет. Қарттар әсіресе прометазиннің антихолинергиялық әсеріне сезімтал болып келеді, ол сондай-ақ сананың шатасуын туындатуы мүмкін.
Балаларда прометазинді аурудың негізгі диагнозы қойылғанға дейін ерекше сақтықпен қолдану керек, өйткені диагностикаланбаған энцефалопатия, Рейе синдромы және прометазиннің жағымсыз әсерлері симптомдарының белгілі бір ұқсастықтары болады.
Рейе ауруының белгілері мен симптомдары болған кезде препаратты қолданудан аулақ болу керек.
Прометазин салицилаттар сияқты отоуытты медициналық препараттар туындатқан отоуыттылық белгілерін бүркемелеуі мүмкін.
Құсудың басылуына байланысты прометазин ішек өтімсіздігін немесе бассүйекішілік қысымның жоғарылауын ерте диагностикалауға кедергі келтіруі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесінің, бүйрек және бауыр аурулары бар пациенттерге прометазинді тағайындау кезінде ерекше сақ болу керек.
Прометазин холестаздық сарғаюды (негізінен парентеральді енгізгеннен кейін) туындатуы мүмкін.
Препарат құрысудың дайындық шегін төмендетеді. Мұны құрысуларға бейім немесе прометазинмен әсері ұқсас басқа препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді емдеген кезде ескеру керек
Прометазиннің антихолинергиялық әсері салдарынан кейбір аурулар ағымының нашарлауы (жабықбұрышты глаукома, асқазанның стеноздалған ойықжарасы, қуық мойнының обструкциясы және/немесе қуықасты безінің гипертрофиясы) орын алуы мүмкін. Бұл препаратты осындай аурулары бар пациенттерге тағайындаған кезде өте сақ болу керек.
Препаратты демікпесі немесе тыныс алу ағзаларының ауыр аурулары бар пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындау керек. Прометазин тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ылғалдылығын азайтуға, қақырықтың тұтқырлығын арттыруға және оның өндірілуін нашарлатуға қабілетті, сонымен қатар ол өлімге әкелетін тыныс алудың тежелуін туындатуы мүмкін.
Парадокстық реакциялар. Прометазинді бір рет қолданғаннан кейін аса қозғыштық және қалыптан тыс қозғалу байқалды. Ондай симптомдар дамығанда прометазинді тоқтату және басқа препараттарға ауысу туралы ойланған жөн.
Прометазинді қолдану кезінде қатерлі нейролептикалық синдромның (ҚНС) дамуы өліммен аяқталу қаупімен байқалды. ҚНС симптомдарына:
ринитті, есекжемді және дәрі-дәрмектер мен бөгде ақуыздарға анафилаксиялық реакцияларды қоса алғанда, жоғарғы тыныс жолдары мен тері тарапынан аллергиялық жағдайларды симптоматикалық емдеу (адъювантты дәрі ретінде);
седация және ересектердегі ұйқысыздықты емдеу;
хирургия мен акушерияда операцияға дейінгі седация үшін адъювантты дәрі ретінде
2 жастан кейінгі балалардың седациясы.
симптоматическое лечение аллергических состояний со стороны верхних дыхательных путей и кожи, включая ринит, крапивницу и анафилактические реакции на лекарства и чужеродные белки (в качестве адъювантного средства);
седация и лечение бессонницы у взрослых;
в качестве адъювантного средства для предоперационной седации в хирургии и акушерстве
седация детей после 2х лет.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- коматозды жай-күйлер немесе орталық жүйке жүйесі функцияларының ауыр бәсеңдеуі
- МАО тежегіштерін қолданғаннан кейін кезең 14 күннен аз болғанда
- 2 жасқа дейінгі балалар.
- повышенная чувствительность к активному веществу или любому из вспомогательных веществ
- коматозные состояния или угнетение функций центральной нервной системы любой этиологии
- период менее 14 дней после приема ингибиторов моноаминооксидазы
- детский возраст до 2-х лет (в виду возможности развития фатального угнетения дыхания).
- одновременное применение с препаратами, угнетающими ЦНС, адреналином
С осторожностью:
Седативті, ұйықтайтын препараттар, трициклді антидепрессанттар және транквилизаторлар прометазиннің ОЖЖ-ға тежегіштік әсерін күшейтеді, сондықтан прометазинмен бірге қолданған кезде осы препараттардың дозасын азайту керек.
Прометазин антихолинергиялық әсері бар препараттардың әсерін күшейте алады.
Адреналинмен бір мезгілде енгізген кезде парадокстық гипотензия және тахикардия дамуы мүмкін (прометазин альфа-адренорецепторларды бөгеп, адреналиннің прессорлық әсерін әлсіретуі мүмкін).
Прометазин гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін күшейте алады.
Бірге қолданған кезде прометазин экстрапирамидалық симптомдарды туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін (ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі артады).
Прометазин құрысуға дайындық шегін төмендетуі мүмкін, соның салдарынан құрысуға қарсы препараттардың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.
Прометазин жүктілікті анықтау тестінің жалған оң немесе жалған теріс нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Пипольфен препаратымен емдеуді теріге аллергиялық сынамалар жүргізер алдында 72 сағат бұрын тоқтату керек, өйткені прометазин гистаминнің босап шығуын тежейді және оны қолдану жалған-теріс нәтижеге әкелуі мүмкін.
Пипольфен потенцирует угнетающее влияние седативных, снотворных препаратов, трициклических антидепрессантов и транквилизаторов на центральную нервную систему. Поэтому во время лечения Пипольфеном рекомендуется снижение дозы этих препаратов.
Пипольфен может усиливать действие препаратов с антихолинергическим действием.
При одновременном введении с адреналином могут развиться парадоксальная гипотензия и тахикардия (Пипольфен может блокировать альфа-адренорецепторы и ослаблять прессорный эффект адреналина).
Пипольфен может усиливать действие антигипертензивных средств.
При совместном применении Пипольфен может усиливать действие препаратов, вызывающих экстрапирамидные симптомы (повышается риск развития побочных эффектов со стороны ЦНС).
Пипольфен может снижать порог судорожной готовности, вследствие чего может возникнуть необходимость изменения дозы противосудорожных препаратов.
Лечение Пипольфеном следует отменить за 72 часа перед началом кожных аллергических проб, поскольку прометазин ингибирует высвобождение гистамина, и его применение может привести к ложно-отрицательному результату.
Ближайшие к вам пункты доставки в Восточно-Казахстанской области вы можете посмотреть здесь.
Цены на Пипольфен в других городах
Пипольфен в Алматы, Пипольфен в Астане, Пипольфен в Уральске, Пипольфен в Актау, Пипольфен в Усть-Каменогорске, Пипольфен в Шымкенте, Пипольфен в Караганде