-КУСУМ ФАРМ ООО
Страна производитель: Украина
Ішуге арналған тамшылар, 20 мл
Капли для приема внутрь, 20мл
20 мл ерітінді құрамында
белсенді зат - 0,100 г левоцетиризин дигидрохлориді (0,084 г левоцетиризинге баламалы),
қосымша заттар:
Поллезин препаратының белсенді заты - левоцетиризин, цетиризиннің (r) энантиомері, шеткері h1-рецепторлардың күшті іріктелген антагонисі болып табылады. Левоцетиризиннің (ki = 3,2 нмоль/л) гистаминді h1-рецептормен ұқсастығы цетиризиндікінен (ki = 6,3 нмоль/л) 2 есе жоғары. Левоцетиризин 115 ± 38 минут жартылай шығарылу кезеңімен н1-рецепторлармен диссоциаланады. Бір рет қолданғаннан кейін, 4 сағаттан кейін левоцетиризин рецепторлардың 90%, ал 24 сағаттан кейін - 57% орнын алады.
Дені сау еріктілерде фармакокинетикасын зерттеу дозаның жартысын мұрынның шырышты қабығына және теріге тамызған кезде левоцетиризиннің белсенділігі цетиризиндегіге ұқсас болатынын көрсетті.
Фармакодинамикалық әсерлері
Левоцетиризиннің фармакодинамикалық белсенділігі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде зерттелді.
5 мг дозадағы левоцетиризиннің гистаминге қабыну-эксудативті реакциясын (ісіну мен терінің қызаруы дамуын) басуға әсерін 5 мг дезлоратадин және плацебо әсерімен салыстырған зерттеуде левоцетиризин алғашқы 12 сағат ішінде барынша айқын болған және 24 сағат бойы сақталған (p<0.001) қабыну-эксудативті реакцияның плацебо және дезлоратадинмен салыстырғанда, статистикалық сенімді толық басылуына әкелетіні көрсетілді.
Құрамында аллергендер бар камерада жүргізілген плацебо бақыланатын зерттеулерде, 5 мг левоцетиризиннің өсімдіктер тозаңын деммен жұтудан туындаған аллергиялық симптомдарды бақылауға әсері препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң байқалды.
Левоцетиризин тері және өкпе жасушаларында эозинофилдердің эотаксин-индукцияланған трансэндотелиальді миграциясының белсенділігін басады. Фармакодинамикалық зерттеулер тозаңмен жанасқаннан кейін алғашқы 6 сағатта 5 мг дозадағы левоцетиризиннің үш негізгі басу әсерін көрсетті:
Левоцетиризиннің фармакокинетикасы сызықты, дозаға және уақытқа байланысты емес және әртүрлі зерттелушілерде аздаған айырмашылығы бар. Жалғыз энантиомердің және цетиризиннің фармакокинетикалық бейіндері ұқсас. Сіңген немесе шығарылған кезде хиральді инверсия болмайды.
Сіңірілуі
Ішке қабылдағаннан кейін левоцетиризин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға ішке бір рет қабылдағаннан кейін 0,9 сағаттан соң жетеді. Тепе-тең жағдайға 2 күннен кейін жетеді. Бір рет және қайталап (күн сайын 5 мг) енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясы, тиісінше, 270 нг/мл және 308 нг/мл құрайды. Сіңірілу дәрежесі дозаға байланысты және тамақ ішуге байланысты емес, бірақ тамақ ішкенде, ең жоғары концентрациясы төмендейді және кейінірек пайда болады.
Таралуы
Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 90%. Препараттың тіндерге таралуы және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуі жөнінде деректер жоқ. Таралу көлемі 0,4 л/кг құрайды.
Биотрансформациясы
Енгізілген дозаның 14%-дан азы бауырда ароматты сақинаның тотығуы, N- және O-деалкилдену және тауринмен коньюгация арқылы метаболизденеді. Деалкилдену көбінесе CYP 3A4 арқылы катализденеді, ал ароматты сақинаның тотығуына CYP изоформасы қатысады. Левоцетиризин 5 мг ішіп қабылдаған кезде ең жоғары концентрациядан көп артып кететін концентрацияларда CYP IA2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоферменттерінің белсенділігіне ықпалын тигізбейді. Аздаған метаболизм салдарынан және метаболизмдік бәсеңдету жоқтығынан левоцетиризиннің басқа заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі аз.
Элиминациясы
Жартылай шығарылу кезеңі 7,9 ± 1,9 сағатты құрайды. Жалпы клиренсі 0,63 мл/мин/кг құрайды. Левоцетиризин және оның метаболиті көбінесе бүйрек арқылы (қабылданған дозаның 85,4%-ы), шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен шығарылады. Ішек арқылы шығарылуы 12,9% құрайды. Левоцетиризин шумақтық сүзілудің де, белсенді өзекшелік сөліністің де көмегімен шығарылады. Емшек сүтіне өтеді.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының бұзылуы
Левоцетиризиннің бүкіл организмнен көрінетін клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады. Сондықтан бүйрек функциясының орташа немесе айқын бұзылуы бар пациенттерде креатинин клиренсінің негізінде левоцетиризинді қабылдау арасындағы аралықты нақтылап алу ұсынылады. Бүйрек ауруларының ануриялық сатысында бүкіл организмнен жалпы клиренсі, дені сау адамдардікімен салыстырғанда, шамамен 80%-ға төмендейді. 4 сағаттық гемодиализдің стандартты емшарасында левоцетиризиннің 10%-дан азы шығарылады.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде левоцетиризиннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Бауыр функциясының созылмалы бұзылуы (гепатоцеллюлярлы, холестаздық немесе билиарлық цирроз) бар, 10 немесе 20 мг цетиризиннің рацемиялық қосылысының бір реттік дозасын қабылдаған пациенттерде, дені сау адамдармен салыстырғанда жартылай шығарылу кезеңі 50% ұлғайды, ал клиренсі 40% азайды.
Балалар мен жасөспірімдер
6-дан 11 жасқа дейінгі, дене салмағы 20-дан 40 кг дейін болатын 14 баладағы бір рет 5 мг ішу арқылы қабылдаған кездегі левоцетиризиннің фармакокинетикиасын зерттеу деректері Сmax және AUC мәндері ересек дені сау адамдардағы осындайдан шамамен 2 есе асып түсетінін көрсетті. Сmax орташа мәндері 450 нг/мл, Тmax орташа - 1,2 сағатты құрады, жалпы клиренсі дене салмағын ескергенде 30% жоғары, ал T1/2 ересектердегі сәйкес көрсеткіштермен салыстырғанда балаларда 24% пайызға қысқа болды. Ретроспективті фармакокинетикалық талдау левоцетиризиннің 1,25 мг-ден 30 мг дейінгі бір немесе бірнеше дозасын қабылдаған 323 пациентте (1-ден 5 жасқа дейінгі 181 бала, 6-дан 11 жасқа дейінгі 18 бала және 18-ден 55 жасқа дейінгі 124 ересек адам) жүргізілді. Талдау барысында алынған деректер дәріні 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың 1,25 мг дозада қабылдауы 5 мг препаратты тәулігіне 1 рет қабылдаған кездегі ересектердегі осындайға сәйкес плазмадағы концентрациясына әкелетінін көрсетті.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы жөніндегі деректер шектеулі. 30 мг левоцетиризинді тәулігіне 1 рет 6 күн бойы қайталап қабылдаған кезде егде жастағы 9 пациентте (жастары 65-тен 74 жасқа дейін) жалпы клиренсі жасырақ ересектердегі осындайға қарағанда шамамен 33% төмен болды. Цетиризин рацематының таралуы жастан гөрі бүйрек функциясына көбірек тәуелді екені көрсетілді. Бұл тұжырым левоцетиризинге де қолданылуы мүмкін, өйткені екі дәрі - левоцетиризин және цетиризин - негізінен несеппен шығарылады. Сондықтан егде жастағы пациенттерде левоцетиризиннің дозасы бүйрек функциясына байланысты түзетілуі тиіс.
Жынысы
77 пациент (40 еркек және 37 әйел) қатысқан зерттеудің фармакокинетикалық нәтижелері препараттың тиімділігіне жыныстың ықтимал әсері тұрғысынан талданды. Жартылай тіршілік ету уақыты еркектерге қарағанда әйелдерде сәл қысқарақ болды (сәйкесінше 7.08±1.72 сағ және 8.62±1.84 сағ); алайда салмағы бойынша түзетілген пероральді клиренсі әйелдер мен еркектерде салыстырымды (0.67±0.16 мл/мин/кг және 0.59±0.12 мл/мин/кг). Еркектер мен әйелдерде тәуліктік дозалар және дозалау аралықтары бірдей.
Этностық тегі
Этностық шығу тегінің левоцетиризинге ықпалы зерттелмеген. Левоцетиризин ең алдымен бүйрекпен шығарылатындықтан, және креатинин клиренсі тұрғысынан этностық айырмашылықтар жоқ екені белгілі болғандықтан, әртүрлі этностық топтардағы тұлғаларда левоцетиризиннің фармакокинетикалық параметрлері арасында айырмашылықтар күтілмейді. Цетиризин рацематы үшін мұндай айырмашылықтар анықталған жоқ.
Фармакокинетикалық фармакодинамикалық байланыс
Левоцетиризиннің гистаминнен туындаған тері реакцияларына әсері фаза бойынша плазмадағы концентрациясына сәйкес келмейді.
После приема внутрь левоцетиризин быстро всасывается из желудочно-кишечного тракта. Максимальная концентрация в плазме крови достигается через 0,9 часов после однократного приема внутрь. Равновесное состояние достигается через 2 дня. Максимальная концентрация после однократного и повторного (по 5 мг ежедневно) приема составляют 270 нг/мл и 308 нг/мл соответственно. Степень всасывания зависит от дозы и не зависит от приема пищи, однако в случае приема пищи пиковая концентрация снижается и наступает позже.
Связывание с белками плазмы крови - 90%. Данные о распределении препарата в тканях и проникновении через гематоэнцефалический барьер отсутствуют. Объем распределения составляет 0,4 л/кг. Менее 14% введенной дозы метаболизируется в печени путем окисления ароматического кольца, N- и O-деалкилирования и коньюгация с таурином. Деалкилирование преимущественно катализируется CYP 3A4, а в окислении ароматического кольца принимают участие изоформы CYP. Левоцетиризин не влияет на активность изоферментов CYP IA2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 и 3A4 в концентрациях, намного превышающих пиковые концентрации при пероральном приеме 5 мг. Вследствие незначительного метаболизма и отсутствия метаболического подавления взаимодействие левоцетиризина с другими веществами маловероятно. Период полувыведения составляет 7,9 ± 1,9 часов. Общий клиренс составляет 0,63 мл/мин/кг. Левоцетиризин и его метаболит выводятся преимущественно почками (85,4% принятой дозы), путем клубочковой фильтрации и активной канальцевой секреции. Выведение через кишечник составляет 12,9%. Проникает в грудное молоко. Фармакокинетика левоцетиризина линейна, не зависима от дозы и времени и имеет малые различия у разных испытуемых. Фармакокинетические профили одиночного энантиомера и цетиризина сходны. При всасывании или выведении не происходит хиральной инверсии.
Нарушение функции почек
Видимый клиренс левоцетиризина из всего организма коррелирует с клиренсом креатинина. Поэтому рекомендуется уточнять интервалы между приемами левоцетиризина на основании клиренса креатинина у пациентов с умеренным или выраженным нарушением функции почек. В анурической стадии почечных заболеваний общий клиренс из всего организма снижается примерно на 80% по сравнению со здоровыми испытуемыми. При стандартной процедуре 4-часового гемодиализа выводится менее чем 10% левоцетиризина.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
рецептурные
Бір мезгілде алкогольді қабылдау сақтықты қажет етеді.
Несеп іркілісі факторларына бейім пациенттерге (мысалы, жұлын жарақаттары, қуықасты безі гиперплазиясы) ерекше сақтықпен қолдану керек, себебі левоцетиризин несеп іркілісінің даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.
Эпилепсиясы бар науқастарға және құрысулардың даму қаупі бар адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Басқа да антигистаминдік препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, препаратты қабылдауды аллергологиялық тері тестін жүргізуден кем дегенде 3 күн бұрын тоқтату керек.
Цетиризинді тоқтатқаннан кейін тіпті мұндай симптомдар емдеудің басында болмаған кезде де тері қышынуы пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұл симптомдар өздігінен басылады, бірақ кейбір жағдайларда олар емдеуді қайта жаңғыртуды қажет ететіндей барынша ауыр болуы мүмкін. Әдетте, бұл симптомдар емдеуді қайта жаңғыртудан кейін жойылады.
Поллезин, ішуге арналған тамшылар препараты құрамында болатын метилпарагидроксибензоат (1,35 мг/мл) және пропилпарагидроксибензоат (0,15 мг/мл) аллергиялық реакцияны (кешеуілдеуі мүмкін) туындатуы ықтимал.
Бұл препарат құрамында пропиленгликоль (350 мг/мл) бар.
Жүктілік және лактация
Левоцетиризинді жүктілік кезінде клиникалық зерттеу деректері шектеулі немесе жоқ (левоцетиризинді жүктілік кезінде қолданудың 300-ден аз нәтижесі). Сонымен қатар цетиризин және левоцетиризин рацематы туралы жеткілікті мөлшерде деректер жинақталған (1000-нан астам жүктілік нәтижелері), олардың негізінде шарана дамуындағы ауытқушылықтар, сондай-ақ шарана мен жаңа туған нәресте үшін уыттылығы анықталған жоқ). Жануарларда жүргізілген зерттеулер жүктілікке, эмбрионның немесе шарананың дамуына, босануға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама тигізетін қолайсыз әсерін анықтаған жоқ.
Қажет болса бұл препаратты жүкті әйелдерге тағайындауға болады.
Емшек емізу
Цетиризин және левоцетиризин рацематы адамның емшек сүтіне бөлінетіні анықталған. Осылайша, левоцетиризиннің адамның емшек сүтіне бөліну ықтималдығы зор. Емізетін аналары левоцетиризинді қабылдаған нәрестелерде левоцетиризинмен байланысты жағымсыз реакциялар байқалды. Сондықтан бұл препаратты емшек емізу кезеңінде тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Фертильділік
Левоцетиризиннің фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Салыстырмалы клиникалық зерттеулерде левоцетиризиннің ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін сергектік деңгейінің, көлікті басқару қабілетінің және реакция уақытының бұзылу белгілері анықталған жоқ. Алайда кейбір пациенттерде препаратты қабылдау кезінде ұйқышылдық, қажығыштық немесе астения болуы мүмкін. Автокөлікті басқаратын және психомоторлы және қимылдау реакцияларының шапшаңдығын қажет ететін адамдарға тағайындағанда сақ болған жөн.
Следует воздержаться употребления алкоголя во время применения препарата Поллезин.
Пациентам с предрасполагающими факторами задержки мочи принимать с особой осторожностью (например, поражение хорды спинного мозга, гиперплазия предстательной железы), так как левоцетиризин может увеличить риск развития задержки мочи.
Метилпарагидроксибензоат и пропилпарагидроксибензоат, содержащиеся в составе препарата Поллезин капли для приема внутрь, могут вызывать аллергические реакции (возможно, с отсрочкой).
Беременность и лактация
Данные клинических исследований левоцетиризина при беременности отсутствуют. Поэтому препарат не рекомендуется назначать женщинам в период беременности и кормления грудью.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Сравнительные клинические исследования не выявили признаков нарушения уровня бодрствования, времени реакции или способности к управлению транспортными средствами после приема рекомендованных доз левоцетиризина. Однако некоторые пациенты могут испытывать сонливость, утомляемость или астению во время приема препарата. Следует с осторожностью назначать лицам, управляющим автотранспортом и занимающимся видами деятельности, требующими быстроты психомоторных и двигательных реакций.
- ересектерде және 2 жастан асқан балаларда аллергиялық ринитті (оның ішінде персистирленген аллергиялық ринитті) және созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеуге.
- симптоматическое лечение аллергического ринита (в том числе персистирующего аллергического ринита) и хронической идиопатической крапивницы у взрослых и детей в возрасте от 2 лет и старше.
- левоцетиризин гидрохлоридіне, пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен)
- 2 жасқа дейінгі балалар
- повышенная чувствительность к левоцетиризину, другим производным пиперазина или любому из вспомогательных компонентов препарата
- тяжелая почечная недостаточность (клиренс креатинина ниже 10 мл/мин)
- детский возраст до 2-х лет
Поллезиннің басқа препараттармен (оның ішінде CYP3A4 индукторларымен) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Цетиризиннің рацемиялық затының өзара әрекеттесулерін зерттеулер клиникалық мәні бар жағымсыз өзара әрекеттесулердің (антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен) жоқ екенін көрсетті.
Ритонавирдің (тәулігіне екі рет 600 мг) және цетиризиннің (тәулігіне 10 мг) қайталанған дозаларымен зерттеуде цетиризиннің жүйелі әсері шамамен 40% жоғарылайтыны, ал ритонавирдің диспозициясы цетиризинмен бірге қолданған кезде елеусіз (-11%) өзгеретіні көрсетілді.
Тамақпен бірге левоцетиризиннің сіңу дәрежесі төмендемейді, бірақ сіңу жылдамдығы азаяды.
Псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен клиникалық мәні бар жағымсыз өзара әрекеттесулер жоқ.
Цетиризин клиренсінің аздаған (16%) азаюы теофиллинді (тәулігіне бір рет 400 мг) бірнеше рет енгізген кезде байқалды; мұндайда цетиризинді бір мезгілде енгізген кезде теофиллиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.
Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ бәсеңдететін басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Исследований взаимодействия Поллезина с другими препаратами (в том числе с индукторами CYP3A4) проведено не было.
Отсутствуют клинически значимые неблагоприятные взаимодействия с псевдоэфедрином, циметидином, кетоконазолом, эритромицином, азитромицином, глипизидом и диазепамом.
Уменьшение клиренса цетиризина (16%) наблюдалось при многократных введениях теофиллина (400 мг один раз в сутки); при этом фармакокинетика теофиллина при одновременном введении цетиризина не изменялась.
У восприимчивых пациентов одновременное применение цетиризина или левоцетиризина и алкоголя или других средств, угнетающих ЦНС может оказывать влияние на центральную нервную систему.
Ближайшие к вам пункты доставки в Восточно-Казахстанской области вы можете посмотреть здесь.
-КУСУМ ФАРМ ООО
Страна производитель: Украина
-Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Страна производитель: Индия
-SYNTHON HISPANIA S.L.
Страна производитель: Испания
-Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Страна производитель: Турция
-Фармацевтический завод ОАО ЭГИС
Страна производитель: Венгрия
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Страна производитель: Турция
-СИМПЕКС ФАРМА ПВТ. ЛТД.
Страна производитель: Индия
-Glenmark Pharmaceuticals Ltd
Страна производитель: Индия