Лекарственная форма
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой 500 мг
Состав
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 512.45 (500.0) мг левофлоксацинге баламалы левофлoксацин гемигидраты,
қосымша заттар:
- микрокристалды целлюлоза РН 102
- повидон К-30
- кросповидон
- магний стеараты
- сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабықтың құрамы: Opadry 03B84681 қызғылт [гипромелоза (E 464) - полиэтиленгликоль/макрогол
- темірдің (III) қызыл тотығы (E 172)
- темірдің (III) сары тотығы (E 172)
- титанның қостотығы (E 171)]
Одна таблетка содержит
активное вещество - левофлoксацина гемигидрат эквивалентно левофлоксацину 500 мг,
вспомогательные вещества:
- целлюлоза микрокристаллическая (авицел РН 102) повидон К-30
- кросповидон
- магния стеарат
- кремния диоксид коллоидный безводный
состав оболочки: Opadry 03B84681 розовый [гипромелоза (E 464) - полиэтиленгликоль/макрогол
- железа (III) оксид красный (Е 172)
- железа (III) оксид желтый (Е 172)
- титана диоксид (Е 171)]
Фармакодинамика
Әсер ету механизмі
Жылдам бактерицидтік әсер левофлоксациннің II типті топоизомеразаларға жататын ДНҚ-гираза бактериялық ферментін бәсеңдетуімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бактериялардың ДНҚ-ның көлемдік құрылымы бұзылып, олардың бөлінуі бөгеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Левофлоксацин (фтор-2, метил-10-(1-пиперазинил)-оксо-7Н-пиридол [1,2,3,-де-]-1,6-карбоксил қышқылы) - фторхинолондар тобының синтетикалық бактерияға қарсы дәрі. Бактерияға қарсы әсері кең ауқымды.
Левофлоксациннің белсенділік ауқымына грамоң және грамтеріс бактериялар, соның ішінде көбінесе нозокомиальдық инфекцияны туындататын ферментацияланбайтын бактериялар, сонымен қатар С. pneumoniae, С. trachomatis, M. pneumoniae, L. pneumophila, Ureaplasma сияқты атипиялы микроорганизмдер кіреді. Сонымен қатар, микобактериялар, Н. pylori және анаэробтар сияқты қоздырғыштар левофлоксацинге сезімтал.
Препаратқа сезімтал:
- грамоң аэробтар - Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus метициллин сезімтал, Staphylococcus haemolyticus метициллин сезімтал, Staphylococcus saprophyticus, Streptococci С, G, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, оның ішінде пенициллинге резистентті, Streptococcus pyogenes
- грамтеміс аэробтар - Acinetobacter baumannii, Citrobacter freundii, Eikenella corrodens, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, оның ішінде ампициллинге резистентті, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, оның ішінде α-лактамаза өндіретін, Morganella morganii, Pasteurella multocida, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens
- анаэробтар - Bacteroides fragilis, Clostridium perfringens, Peptostreptococcus
- басқалар- Chlamydia pneumoniae, Chlamydia psittaci, Legionella pneumophila, Mycoplasma pneumoniae
Препаратқа сезімталдығы тұрақсыз:
- грамоң аэробтар - Staphylococcus haemolyticus метициллин резистентті
- грамтеріс аэробтар - Burkholderia cepacia
- анаэробтар - Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotamicron, Bacteroides vulgaris, Clostridium difficile
Препаратқа резистентті:
- грамоң аэробтар -Staphylococcus aureus
- метициллин резистентті
Басқа фторхинолондар сияқты, левофлоксацин спирохеталарға қатысты белсенді емес
Левофлоксацин (фтор-2, метил-10-(1-пиперазинил)-оксо-7Н-пиридол [1,2,3,-де-]-1,6-карбоксиловая кислота) – синтетическое антибактериальное средство группы фторхинолонов.Имеет широкий спектр антибактериального действия.Быстрый бактерицидный эффект обеспечивается угнетением левофлоксацином бактериального фермента ДНК-гиразы, который относится к топоизомеразам II типа.В результате нарушается объемная структура ДНК бактерий и блокируется их деление.Спектр активности левофлоксацина включает грамположительные и грамотрицательные бактерии, в том числе неферментирующие бактерии, которые часто вызывают нозокомиальную инфекцию, а также атипичные микроорганизмы, такие как С.pneumoniae, С.trachomatis, M.pneumoniae, L.pneumophila, Ureaplasma.Кроме того, к левофлоксацину чувствительны такие возбудители, как микобактерии, Н.pylori и анаэробы.
К препарату чувствительны:
- грамположительные аэробы – Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus метициллинчувствительные, Staphylococcus haemolyticus метициллинчувствительные, Staphylococcus saprophyticus, Streptococci С, G, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, в том числе резистентные к пенициллину, Streptococcus pyogenes
- грамотрицательные аэробы – Acinetobacter baumannii, Citrobacter freundii, Eikenella corrodens, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, в том числе резистентные к ампициллину, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, в том числе продуцирующие ?-лактамазы, Morganella morganii, Pasteurella multocida, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens
- анаэробы – Bacteroides fragilis, Clostridium perfringens, Peptostreptococcus
- другие – Chlamydia pneumoniae, Chlamydia psittaci, Legionella pneumophila, Mycoplasma pneumoniae.К препарату непостоянно чувствительны: грамположительные аэробы – Staphylococcus haemolyticus метициллинрезистентные
- грамотрицательные аэробы – Burkholderia cepacia
- анаэробы – Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotamicron, Bacteroides vulgaris, Clostridium difficile.К препарату резистентны: грамположительные аэробы – Staphylococcus aureus, метициллинрезистентные
Как и другие фторхинолоны, левофлоксацин не активен относительно спирохет.
Фармакокинетика
Сіңуі
Пероральді қабылдаған кезде левофлоксацин тез және толық дерлік сіңеді, плазмадағы ең жоғары концентрацияға 1-2 сағат ішінде қол жеткізіледі. Абсолютті биожетімділігі 99-100%-ды құрайды.
Тағам левофлоксациннің сіңуіне айтарлықтай әсер етпейді.
Препараттың тұрақты концентрациясына тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг дозада сызба бойынша қабылдағаннан кейін 48 сағат ішінде қол жеткізіледі.
Таралуы
Левофлоксациннің шамамен 30-40% қан плазмасының ақуызымен байланысады.
Левофлоксацин таралуының орташа көлемі 500 мг бір реттік және қайталама дозаны енгізгеннен кейін шамамен 100 л құрайды, бұл организм тіндеріне ауқымды таралғанын көрсетеді.
Дене тіндері мен сұйықтықтарына енуі
Левофлоксациннің бронхтың шырышты қабығына, эпителиийлік төсеніш сұйықтығына, альвеолалық макрофагқа, өкпе тініне, теріге (интерстициальді сұйықтық), простата тініне және несепке өтетіні көріністелді. Алайда левофлоксацин ми-жұлын сұйықтығына нашар өтеді.
Биотрансформациясы
Левофлоксацин толығымен метаболизденеді, метаболиттер дезметил-левофлоксацин және левофлоксацин N-тотығы болып табылады. Бұл метаболиттердің құрамында препарат дозасының <5% - ы бар және несеппен бірге шығарылады. Левофлоксацин стереохимиялық тұрақты және хиральдық инверсияға ұшырамайды.
Шығарылуы
Левофлоксацинді ішке немесе в/і енгізгеннен кейін препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу шығарылады (t1/2:
Негізінен бүйрек арқылы шығарылады (енгізілген дозаның >85%).
500 мг бір реттік дозаны енгізгеннен кейін левофлоксациннің орташа айқын көрінген жалпы клиренсі 175 +/- 29,2 мл/мин құрады.
Левофлоксацин фармакокинетикасында вена ішіне және пероральді қолдану әдісінде елеулі айырмашылықтар жоқ, бұл олардың өзара алмасуын растайды.
Дозаға тәуелділігі
Левофлоксацин фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг-ге дейінгі дозалар ауқымында тәуелді болып табылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Левофлоксацин фармакокинетикасына бүйрек функциясының жеткіліксіздігі әсер етеді. Бүйрек функциясы төмендеген кезде препаратты бүйрек арқылы шығарылуы және бүйректік клиренсі төмендейді, төменде келтірілген кестеде көрсетілгендей, жартылай шығарылу кезеңі артады.
500 мг бір реттік дозасын пероральді қабылдағаннан кейін бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезіндегі фармакокинетикасы.
Clкр [мл/мин] <20 20 - 49 50 - 80
Clбүйр.[мл/мин] 13 26 57
t 1/2 [сағ] 35 27 9
Егде жастағы пациенттер
Жас және егде жастағы пациенттерде левофлоксацин фармакокинетикасында креатинин клиренсіндегі айырмашылықтармен байланысты өзгешеліктерден басқа елеулі айырмашылықтар жоқ.
Жыныстық өзгешеліктер
Ер және әйел жынысты пациенттердің жекелеген талдауы левофлоксацин фармакокинетикасында өте елеусіз жыныстық өзгешеліктер болатынын көрсетті. Осы жыныстық өзгешелік деректерінің клиникалық мәнді болатынына дәлелдер жоқ.
После приема внутрь левофлоксацин быстро и полностью всасывается из желудочно-кишечного тракта (ЖКТ), абсолютная биодоступность таблеток 500 мг и 750 мг левофлоксацина составляет 99%.Cmax достигается через 1–2 часа после приема.
При одновременном приеме с пищей незначительно увеличивается время достижения Cmax (на 1 ч) и незначительно снижается Cmax (на 14%), поэтому левофлоксацин можно назначать вне зависимости от приема пищи.
Фармакокинетика левофлоксацина после в/в и перорального введения не имеет существенного различия, имеет линейный характер и предсказуема при однократном и повторном введении внутрь и в/в.
Плазменный профиль концентраций левофлоксацина после в/в введения аналогичен таковому после приема внутрь в эквивалентной дозе.После в/в однократного введения в дозе 500 мг (инфузия в течение 60 мин) Сmax составляет 6,2±1,0 мкг/мл, при дозе 750 мг (инфузия в течение 90 мин) — 11,5±4,0 мкг/мл.Постоянная концентрация в плазме достигается через 48 часов при приеме 500–750 мг 1 раз в сутки.При многократном введении здоровым добровольцам значения Cmax составляли:
- при пероральном введении 500 мг/сут — 5
- 7±1
- 4 мкг/мл
- 750 мг/сут — 8
- 6±1
- 9 мкг/мл
Средний объем распределения составляет 74–112 л после однократного и повторных введений доз 500 мг и 750 мг.Широко распределяется в тканях организма - хорошо проникает в ткань легких (концентрация в легких в 2–5 раз выше концентрации в плазме).In vitro в диапазоне концентраций
- соответствующих клиническим значениям (1–10 мкг/мл)
- связывание с белками плазмы (преимущественно с альбуминами) составляет 24–38% и не зависит от концентрации левофлоксацина.Стереохимически стабилен в плазме и в моче
- не превращается в свой энантиомер
- D-офлоксацин
В организме практически не метаболизируется.Выводится преимущественно в неизмененном виде с мочой (около 87% дозы в течение 48 ч), незначительные количества — с фекалиями (менее 4% за 72 ч).Менее 5% определяется в моче в виде метаболитов (десметил, оксид азота), обладающих незначительной специфической фармакологической активностью.Т1/2 составляет 6–8 часов после однократного или повторных введений внутрь или в/в.
Общий клиренс составляет 144–226 мл/мин, почечный клиренс — 96–142 мл/мин, экскреция осуществляется путем клубочковой фильтрации и канальцевой секреции.Одновременное применение циметидина или пробенецида приводит к снижению почечного клиренса соответственно на 24 и 35%, что свидетельствует о секреции левофлоксацина проксимальными отделами канальцев.Кристаллы левофлоксацина в свежесобранной моче не обнаружены.
Больные с нарушением функции почек
Нарушение функции почек влияет на фармакокинетику левофлоксацина.При снижении почечной функции выведение почками и клиренс снижаются, период полувыведения увеличивается, как показано в таблице ниже.
клиренс креатинина (мл/мин) < 20 20-40 50-80
клиренс левофлоксацина (мл/мин) 13 26 57
период полувыведения (час) 35 27 9
Больные пожилого возраста
Существенных различий в кинетике левофлоксацина между пациентами молодого и пожилого возраста нет, за исключением различий, связанных с клиренсом креатинина.
Побочные действия
Жиі
- ұйқысыздық, мазасыздық
- бас ауыруы, бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- бауыр ферменттері (АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТП) деңгейінің жоғарылауы
- тек вена ішіне енгізу түрі үшін:
- инфузия орнындағы реакция (ауыру, қызару), флебит
Жиі емес
- зеңдік инфекция, Candida инфекциясын қоса, патогеннің резистенттілігі
- лейкопения, эозинофилия
- анорексия
- сананың шатасу, қатты қозу жай-күйі
- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия
- вертиго
- іш ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қатуы
- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе, қышыну, есекжем, қатты тершеңдік
- артралгия, миалгия
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- астения
Сирек
- тромбоцитопения, нейтропения
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- гипогликемия, әсіресе диабеті бар пациенттерде
- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулер-мен, параноямен), депрессия, ажитация әдеттен тыс түс көрулер, түнгі шым-шытырық түстер
- конвульсиялар, парестезия
- бұлыңғыр көру сияқты көру бұзылуы
- тиннитус
- тахикардия, жүрек қағуы
- гипотензия
- эозинофи-лиясы және жүйелі симптомдары бар дәрілік реакция (DRESS)
- антидиуретик гормонның адекватты емес секреция-лану синдромы
(SIADH)
- сіңірлердің ауруы, соның ішінде тендинит (мысалы, ахиллес сіңірі), бұлшықет әлсіздігі, әсіресе миастения грависпен науқастанған пациенттерде ерекше маңызды
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)
- пирексия
Белгісіз
- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық шока анафилактоидты шока
- гипергликемия, гипогликемиялық кома
- суицидтік ойлар немесе суицидке ұмтылуды қоса, пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлқы бар психоздық бұзылыстар
- аносмия, дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыстар, агевзия, естен тану, бассүйек-ішілік қатерсіз гипертензияны қоса, шеткері сенсорлық нейропатия, шеткері сенсомоторлы нейропатия, паросмия
- уақытша көрмей қалу, увеит
- естімей қалу, естудің бұзылуы
- жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін қарыншалық тахикардия, қарыншалық аритмия және қарыншалардың дірілдеуі-жыпылықтауы (негізінен QT аралығының ұзару қаупі факторлары бар пациенттерде байқалады), ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы
- бронх түйілуі, аллергиялық пневмонит, диспноэ
- диарея - геморрагиялық, өте сирек жағдайларда жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколиттің, панкреатиттің болуын көрсетуі мүмкін
- сарғаю және өліммен аяқталатын бауырдың жедел жеткіліксіздігі жағдайын қоса, негізінен, негізгі ауруы ауыр пациенттерде бауырдың ауыр зақымдануы, гепатит
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация реакциясы, лейкоцитокластық васкулит, стоматит
- рабдомиолиз, сіңірлердің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірі) байламдар, бұлшықеттер үзілуі, артрит
- ауырсыну (арқаның, кеуденің және қол-аяқтың ауыруын қоса)
Часто
- отсутствие аппетита, тошнота, рвота, боль в животе, метеоризм, расстройства пищеварения, диарея, запор
– повышение активности печеночных ферментов (АЛТ, АСТ) и уровня билирубина в сыворотке крови
Иногда
- кожная сыпь, зуд, покраснение кожи
- головная боль, головокружение, сонливость, бессонница, астения
- повышение уровня креатинина в сыворотке крови
- эозинофилия, лейкопения
Редко
- крапивница, спазм бронхов, одышка
- мелена
- парестезии в кистях, тремор, чувство беспокойства, состояние страха, судороги, спутанность сознания
– тахикардия, снижение артериального давления
– поражение сухожилий, в том числе тендинит, боль в суставах или мышцах
– нейтропения - тромбоцитопения, приводящая к повышенной склонности к кровоизлияниям или кровотечениям
Очень редко
- отек Квинке, анафилактический шок, анафилактоидные реакции
- гипотония, шок, коллапс
- удлинение QT-интервала
- нарушение функции почек, острая почечная недостаточность, интерстициальный нефрит
- псевдомембранозный колит, энтероколит
- фотосенсибилизация
- гипогликемия
- нарушение зрения и слуха, вкусовой чувствительности и обоняния, гипестезии
- психотические реакции, в виде галлюцинаций и депрессии, включая суицидальные мысли
- разрыв сухожилий например, разрыв ахиллова сухожилия (может проявиться на протяжении 48 часов от начала лечения и поразить обе конечности)
- гепатит
- агранулоцитоз
- лихорадка, аллергический пневмонит, васкулит
- мышечная слабость, имеющая особое значение для больных тяжелой миастенией
В единичных случаях
- приступы порфирии
- синдром Стивенса – Джонсона, токсический эпидермальный некролиз (синдром Лайелла) и экссудативная многоформная эритема
- рабдомиолиз
- экстрапирамидные симптомы и другие нарушения мышечной координации
- гемолитическая анемия, панцитопения
- кандидоз, развитие резистентности микроорганизмов
Особенности продажи
рецептурные
Особые условия
Анамнезінде хинолонды немесе құрамында фторхинолон бар дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялар дамитын пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек. Ондай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді емнің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастаған жөн.
Резистенттілік қаупі
Метициллин-резистентті алтын түстес стафилококктың да левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы бар. Сондықтан да, метициллин-резистентті стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеуде немесе сондай күдік болса, егер зертханалық талдаулардың нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (сондай-ақ, егер, әдетте метициллин-резистентті стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп саналса) левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Анағұрлым кең таралған, несеп шығару жолдарының инфекцияларын тудыратын патоген E. coli фторхинолондарға резистенттілігі әртүрлі елдерде ауытқып отырады. Препараттарды тағайындағанда E. coli фторхинолондарға жергілікті резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойықжарасының өкпелік түрі
Адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректерге және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойықжарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға жүгінуі тиіс.
Ұзақ, мүгедек қылдыратын және қайтымсыздығы ықтимал ауыр жағымсыз реакциялар
Пациенттердің жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, хинолондар мен фторхинолондарды қолданған пациенттерде организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезу ағзалары тарапынан) әсер ететін өте сирек ұзақ (бірнеше ай немесе жылдарға созылатын), мүгедек қылдыратын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз реакциялардың болғаны туралы хабарланған. Левофлоксацинді қолдануды кез келген елеулі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін препаратты тағайындаған дәрігермен байланысу ұсынылады.
Инфузия ұзақтығы
250 мг инфузиялық ТАЙГЕРОН® ерітіндісі үшін кемінде 30 минутты және 500 мг инфузиялық ерітінді үшін кемінде 60 минутты құрайтын инфузиялық құюдың ұсынылған ұзақтығын сақтаған жөн. Офлоксацин туралы оның инфузиясы кезінде тахикардия және артериялық қысымның уақытша төмендеуі дамуы мүмкін екені белгілі. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның қатты төмендеуі нәтижесінде жедел қантамырлық жеткіліксіздік дамуы (циркуляциялық коллапс) мүмкін. Левофлоксацин (офлоксацин l-изомері) инфузиясында артериялық қысымның төмендеу белгілері кезінде құюды дереу тоқтату керек.
Тендинит және сіңірдің үзілуі
Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе, бірақ Ахиллес сіңірі ғана емес), кейбір жағдайларда екі жақты, хинолондармен және фторхинолондармен емдеу (левофлоксацинмен) емдеу басталғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болуы мүмкін, сондай-ақ емдеу тоқтатылғаннан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланған. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ауқымды ағзалардың трансплантациясы бар пациенттерде, 1000 мг левофлоксациннің тәуліктік дозасын қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдаған кезде тендиниттің және сіңірлер үзілуінің даму қаупі артады. Сондықтан кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Тендиниттің алғашқы симптомдары пайда болған кезде (мысалы, ауыртатын ісіну, қабыну кезінде) левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Зақымданған аяқ-қол(дарды) тиісті түрде емдеу керек (мысалы, иммобилизацияны қамтамасыз ету). Тендинопатияның белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды.
Clostridium difficile туындатқан ауру
Левофлоксацинмен емдеу кезіндегі немесе одан кейінгі (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптаны қоса алғанда), әсіресе ауыр, қайтпайтын және/немесе қан аралас диарея Clostridium difficile астасқан аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile астасқан ауру ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретіндерге дейін өзгеруі мүмкін, ал ең ауыр түрі жалғанжарғақшалы колит болып табылады. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинді қолдану арқылы емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыған болса, осы диагнозды есте ұстаған маңызды. Clostridium difficile астасқан ауруға күдік туған немесе диагноз расталған жағдайда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып және тиісті емдеуді кідіріссіз бастау керек. Бұл клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың туындауына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацин анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді және, басқа да хинолондар сияқты, аталған препаратты эпилепсиялық құрысулар туындауына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары құрысу дайындығының шегін төмендететін дәрілік заттар (мысалы, теофиллин) қолданылатын қатарлас ем жүргізу кезінде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацин қолданылатын емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығының жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде хинолондармен ем жүргізу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерде левофлоксацин қолданғанда оларды гемолиздің туындауы тұрғысынан қадағалау керек.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, олардың функциясы бұзылған пациенттерде ТАЙГЕРОН®препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын аса жоғары сезімталдықтың ауыр және өмірге зор қауіп төндіретін реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттер дереу емдеуді тоқтатып және өз емдеуші дәрігерімен немесе шұғыл тиісті көмек көрсетілуі үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолданғанда уытты эпидермалық некролизді (УЭН:
- сондай-ақ Лайелл синдромы ретінде белгілі)
- Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өлімге әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін эозинофилия және жүйелік белгілерімен байқалатын (DRESS) дәрілік бөртпені қоса алғанда
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар бар
Препаратты тағайындаған кезде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болып, мұқият бақылауда болуы тиіс.Осы реакцияларға нұсқайтын белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып және баламалы емдеу туралы мәселесін қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацинді қолданған кезде СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакция дамыған болса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, егде жастағы адамдарда жиі кездесетін және әдетте пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинмен қатарлас ем қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде байқалған гипо-және гипергликемияны қоса алғанда, қандағы глюкоза мөлшері бұзылуының туындауы туралы хабарланды.Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды.Диабетпен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, ТАЙГЕРОН® препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолонды қолдануды талап етпейтін бактерияға қарсы баламалы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Фотосенсибилизация профилактикасы
Левофлоксацин қолдану кезінде фотосенсибилизация туындауы туралы хабарланды. Фотосенсибилизацияның дамуын болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін 48 сағат бойы өздерін қажеттілік болмаса күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулеленудің (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшыратпауға кеңес беріледі.
К дәруменінің антагонистерімен ем алатын пациенттер
Коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің ықтимал артуына және/немесе бір мезгілде левофлоксацин мен К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфарин) қабылдайтын пациенттерде қан кетудің туындауына байланысты коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды.Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксацинді дозасын бір рет қолданудан кейін осындай реакциялар суицидтік ойлардың және пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеді.Егер пациентте ондай реакциялар дамыса, онда осы реакциялардың алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату керек және пациентке кеңес алу үшін препаратты тағайындаған дәрігермен байланысуды ұсыну керек.Фторхинолонды қолдануды талап етпейтін бактерияға қарсы баламалы ем туралы мәселені қарастыру және тиісті шаралар қабылдау керек. Левофлоксацинді психозбен ауыратын науқастарда немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығы ұзаруының мынадай белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек:
- - QT аралығының туа біткен ұзару синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатар қолдану (мысалы - IA және III класының аритмияға қарсы препараттар
- трициклді антидепрессанттар
- макролидтер
- нейролептиктер)
- түзетілмеген электролиттік теңгерімінің бұзылуы (мысалы - гипокалиемия
- гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы - жүрек функциясының жеткіліксіздігі
- миокард инфарктісі
- брадикардия)
Егде жастағы науқастар мен әйелдер QTс аралығының ұзаруын туғызатын препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін.Демек, левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолданған жөн.
Шеткері нейропатия
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлық полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды.Левофлоксацин қабылдайтын пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында ықтимал қайтымсыз жағдайдың дамуын болдырмау мақсатында ауырсыну, күйдіру, шаншу, ұйып қалу немесе әлсіздік сияқты нейропатияның симптомдары пайда болған жағдайда өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолдану кезінде өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозының жағдайлары, негізінен, негізгі ауыр ауруы бар пациенттерде, мысалы, сепсис хабарланды.Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну немесе іштің ауырғыштығы сияқты бауыр ауруының симптомдары мен белгілері білінгенде емдеуді тоқтатуға және емдеуші дәрігермен байланысуға кеңес беру керек.
Миастения гравис өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік блокадаға түрткі болуы және миастения грависке шалдыққан пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін.Өлім жағдайларын және постмаркетингтік бақылау кезеңінде пайда болған өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігін қоса алғанда, ауыр жағымсыз реакциялар миастения грависпен ауыратын пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды.Пациентте анамнезінде миастения гравис болған кезде левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көрудің бұзылулары
Көрудің бұзылуы немесе басқа офтальмологиялық әсерлер пайда болған жағдайда дереу офтальмологке қаралу керек.
Суперинфекция
Левофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану сезімтал микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.Емдеу кезеңінде суперинфекция пайда болған кезде тиісті шаралар қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Левофлоксацин қабылдайтын пациенттерде несептегі апиындарды анықтау талдауы жалған оң нәтижелер беруі мүмкін.Нәтижелерді неғұрлым спецификалық әдісті қолдана отырып растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, сондықтан туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін.
Аорта аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде пациенттерде аорта аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды қақпақша регургитациясының жоғары қаупі туралы хабарланды.Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде жыртылуымен (оның ішінде өліммен аяқталатын) асқынған аорта аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының кез келгенінің регургитациясы/жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.
Демек, жүрек қақпақшаларының туа біткен ақауына немесе аневризмаға қатысты асқынған отбасылық анамнезі бар пациенттерде, анамнезінде аорта аневризмасы және/немесе қатпарлануы немесе жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ аорта аневризмасы және қатпарлануы кезінде екі жағдайда да басқа қауіп факторлары немесе соған болжамды жағдайлар болған кезде, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясы / жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы сияқты дәнекер тін тарапынан бұзылулары, гипертензия, ревматоидтық артрит), сондай-ақ аорта аневризмасы мен қатпарлануы кезінде (мысалы, Такаясу артериті немесе алыпжасушалы артерит сияқты тамырлық аурулар немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы), сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясы / жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит) фторхинолондарды тек пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырудан кейін ғана пайдалану керек.
Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аорта аневризмасы және қатпарлану, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін.Іш, кеуде немесе арқада кенеттен ауырсыну болған жағдайда, пациент дереу жедел жәрдем бөлімше дәрігеріне жолдануы керек.
Пациенттерге жедел ентігу, жүрек алғаш жиі соққан, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
В наиболее тяжелых случаях пневмококковой пневмонии Тайгерон? может оказаться не самой оптимальной терапией.
В редких случаях возможен тендинит, чаще Ахиллова сухожилия, что может привести к его разрыву.Риск развития тендинита и разрыва сухожилия повышен в пожилом возрасте и у больных, применяющих кортикостероидные препараты.Необходимо строгое наблюдение за такими больными при назначении им Тайгерона?.Всем больным при появлении признаков тендинита нужно обратиться к своему лечащему врачу.При подозрении на тендинит лечение Тайгероном? следует немедленно прекратить и начать соответствующее лечение поражённого сухожилия (например, иммобилизацию).
Больные с предрасположенностью к судорогам
Тайгерон? противопоказан больным с эпилепсией в анамнезе.Как и в случаях с другими хинолонами, следует соблюдать максимальную осторожность в случае больных, склонных к эпилептическим припадкам, например, больных с уже имеющимися поражениями центральной нервной системы, при одновременном лечении фенбуфеном и подобными, нестероидными противовоспалительными средствами или препаратами, понижающими церебральный судорожный порог, такими как теофиллин (см.«Лекарственные взаимодействия»).В случае конвульсивных судорог лечение Тайгероном? нужно прекратить.
Больные с дефицитом глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы
Больные с латентной или манифестирующей недостаточной активностью глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы могут быть склонны к гемолитическим реакциям при лечении антибактериальными хинолонами, поэтому следует соблюдать осторожность при применении Тайгерон?.
Совместное применение каких-либо антибактериальных средств может привести к нарушениям, связанным с их влиянием на нормальную микрофлору.Может развиться вторичная инфекция, которая будет требовать дополнительного лечения.
Больные с нарушением функции почек
В связи с выведением левофлоксацина преимущественно почками, следует провести коррекцию дозы Тайгерона? для больных с нарушением функции почек (см.раздел «Способ применения и дозы»).
Реакции повышенной чувствительности
Тайгерон? может вызывать серьёзные, потенциально летальные реакции повышенной чувствительности, например, ангионевротический отек, вплоть до анафилактического шока, иногда уже после первой дозы (см.«Побочные действия»).Больным следует незамедлительно прекратить лечение и обратиться к своему лечащему врачу или к врачу скорой помощи, которые примут соответствующие экстренные меры.
Гипогликемия
При применении Тайгерона?, как и в случае всех хинолонов, может возникать гипогликемия, обычно, у больных сахарным диабетом, одновременно находившимся на лечении пероральными гипогликемическими средствами, например, глибенкламидом или инсулином.Таким больным рекомендуется проводить строгий мониторинг уровня глюкозы в крови (см.«Побочные действия»).
Профилактика фотосенсибилизации
Несмотря на то, что при лечении Тайгероном? фотосенсибилизация встречается редко, больным рекомендуется не подвергать себя без надобности воздействию сильного солнечного света или искусственного ультрафиолетового излучения, например, лампы солнечного света, солярий, во избежание фотосенсибилизации.
Больные, находящиеся на лечении антагонистами витамина К
В связи с возможным увеличением показателей коагуляционных тестов (протромбиновое время/МНО) и/или усилением кровотечений у больных, находящихся на лечении Тайгероном? в комбинации с антагонистом витамина К (например, варфарин), следует контролировать показатели свёртывания крови при назначении одновременного применения этих препаратов (см.«Лекарственные взаимодействия»).
Психотические реакции
У больных, применяющих хинолоны, в том числе Тайгерон?, были зарегистрированы психотические реакции.В очень редких случаях они прогрессировали до возникновения мыслей о самоубийстве и поведения с нанесением себе увечий, иногда даже после одной единственной дозы Тайгерона? (см.«Побочные действия»).В случае развития у больного психотических реакций Тайгерон? нужно отменить и приступить к соответствующим мерам.Рекомендуется соблюдать осторожность, если Тайгерон? предстоит назначать больным с психозами или с психическим заболеванием в анамнезе.
Удлинение интервала QT
Нужно соблюдать осторожность при использовании фторхинолонов, включая Тайгерон?, в случае больных с известными факторами риска удлинения интервала QT, таких как, например:
- -врождённый синдром удлиненного QT
-одновременное применение лекарств - известных своей способностью продлевать интервал QT (например
- противоаритмические средства классов IA и III
- трициклические антидепрессанты
- макролиды)
- (см.«Лекарственные взаимодействия»)
-некорректированное нарушение электролитного баланса (например - гипокалиемия
- гипомагниемия)
-пожилой возраст
- болезнь сердца (например - сердечная недостаточность
- инфаркт миокарда
- брадикардия)
- (см.«Побочные действия»
- «Передозировка»)
Периферическая невропатия.Следует отменить Тайгерон?, если у больного появятся симптомы невропатии, во избежание развития необратимого состояния.Опиаты.
Определение опиатов в моче у больных, леченных Тайгероном?, может дать ложно положительный результат.Может потребоваться подтвердить положительный результат на опиаты другим, более специфическим методом.Нарушения печени и желчевыводящих путей.Следует посоветовать больным прекратить лечение и обратиться к своему врачу, если у них появятся признаки и симптомы заболевания печени, такие как анорексия, желтуха, тёмное окрашивание мочи, зуд, болезненность живота.
Беременность и период лактации.Беременным и кормящим женщинам нельзя принимать таблетки Тайгерона? в связи с отсутствием данных клинических исследований и возможным риском поражения фторхинолонами несущей нагрузку хрящевой ткани растущего организма.Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Некоторые побочные действия, например, головокружение, сонливость, нарушения зрения, могут снизить способность больного к концентрации внимания и скорость его реакций, что может представлять опасность в ситуациях, где такие способности особенно важны (например, при управлении автомобилем и рабочими механизмами).
Показания
ТАЙГЕРОН® левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі инфекцияларды емдеу үшін ересектерде қолдануға көрсетілген:
- - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойықжарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу
Төменде атап көрсетілген инфекциялар үшін ТАЙГЕРОН® әдетте осы инфекцияларға бастапқы ем ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет
- острый синусит, обострение хронического бронхита, внегоспитальная пневмония
- осложненные и неосложненные инфекции мочевыводящего тракта (в том числе пиелонефрит)
- хронический бактериальный простатит
- инфекции кожи и мягких тканей
- септицемия/бактериемия
- интраабдоминальная инфекция
Противопоказания
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық
- эпилепсия және құрысу шегі төмен орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымдануы
- анамнезінде хинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің зақымдануы
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- повышенная чувствительность к левофлоксацину или другим хинолонам - эпилепсия и другие поражения центральной нервной системы с пониженным судорожным порогом
- поражения сухожилий, связанные с применением хинолонов в анамнезе
- беременность и период лактации
- детский и подростковый возраст до 18 лет
Лекарственное взаимодействие
Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар, диданозин
Левофлоксациннің сіңуі таблеткадағы ТАЙГЕРОН®препаратымен бір мезгілде темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттарды немесе диданозинді (құрамында алюминий немесе магний болатын буферлік заттар бар диданозин түрлері ғана) қолданғанда айтарлықтай төмендейді.
Фторхинолондар мен құрамында мырыш бар поливитаминді препараттарды бір мезгілде қолдану пероральді қабылдау кезінде олардың сіңуін төмендетеді. Құрамында темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар немесе диданозин (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттар бар дәрілік түрлері ғана) сияқты екі немесе үш валентті катиондары бар препараттарды таблеткалардағы ТАЙГЕРОН® препаратын қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан кейін қабылдамаған жөн.
Сукральфат
Таблеткалардағы Левофлоксацин препаратының биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай төмендейді. Левофлоксацин препаратын таблеткада қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң сукральфатты қабылдау қажет.
Теофиллин, фенбуфен немесе сол сияқты қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Хинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсиялық дайындық шегінің едәуір төмендеуі байқалуы мүмкін.
Левофлоксациннің концентрациясы тек левофлоксацинді қабылдағанға қарағанда, фенбуфеннің қатысуымен шамамен 13% жоғары болды.
Пробенецид және Циметидин
Пробенецид пен Циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық маңызды әсер етті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеді. Бұл екі дәрі де левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті екенімен түсіндіріледі. Левофлоксацинді, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде пробенецид және циметидин сияқты өзекшелік секрецияға әсер ететін препараттармен бірге сақтықпен қолданған жөн.
Басқа да маңызды ақпарат
Осы препаратты келесі дәрілік заттармен бірге қолдану левофлоксацин фармакокинетикасына ешқандай клиникалық маңызды әсер етпеді:
- кальций карбонаты
- дигоксин
- глибенкламид
- ранитидин
Циклоспорин
Левофлоксацинмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33%-ға артты.
К дәруменінің антагонистері
Левофлоксацин мен К дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолдана отырып емделген пациенттерде коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылау және/немесе ауыр қан кетудің пайда болу жағдайлары туралы хабарланды.Осылайша, К дәрумені антагонистерін қолдана отырып емделіп жатқан пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.
QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар
Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Тағам
Тағаммен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмады. Осылайша, таблеткалар түріндегі Левофлоксацин препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Абсорбция левофлоксацина существенно снижается при одновременном применении с антацидами, содержащими магний и алюминий, а также с препаратами железа, сукралфата.Рекомендованный период времени между приемом Тайгерона® и указанными препаратами должен составлять не меньше 2-х часов.
Фармакокинетика левофлоксацина не изменилась в клинически значимой степени, когда Тайгерон? применялся вместе со следующими лекарственными средствами:
- кальция карбонат
- дигоксин
- глибенкламид
- ранитидин
Воздействие других лекарственных препаратов на Тайгерон? Теофиллин, фенбуфен и другие подобные нестероидные противовоспалительные средства (НПВС)
- одновременное применение хинолонов с теофиллином, НПВС и другими препаратами, снижающими судорожный порог может приводить к выраженному снижению церебрального судорожного порога, несмотря на отсутствие фармакокинетических взаимодействий Тайгерона? с теофиллином.В присутствии фенбуфена концентрация Тайгерона? возрастает почти на 13%.
Пробенецид и циметидин
- пробенецид и циметидин оказывают значительное воздействие на выведение Тайгерона?.Циметидин и пробеницид снижают почечный клиренс левофлоксацина (на 24% и 34% соответственно), так как оба препарата могут блокировать канальцевую секрецию левофлоксацина в почках.При одновременном применении лекарственных средств типа пробеницида и циметидина, влияющих на канальцевую секрецию почек, лечение Тайгероном? следует проводить с осторожностью, особенно при нарушении почечной функции.
Воздействие Тайгерон? на другие лекарственные препараты
Циклоспорин
- период полувыведения циклоспорина возрастает на 33% при одновременном применении его с Тайгероном?.
Антагонисты витамина К
- лечение Тайгероном? в комбинации с антагонистом витамина К (например, с варфарином) может приводить к увеличению показателей коагуляционных тестов (протромбинового времени (ПВ) с учетом международного нормализованного отношения (МНО)) и/или усилению кровотечения, которое может принимать серьезную форму.Следовательно, больным, получающим антагонисты витамина К необходим мониторинг коагуляционных тестов
Глюкокортикоиды повышают риск разрыва сухожилий.
Лекарственные средства, удлиняющие интервал QT
- лекарственные препараты, способные продлевать интервал QT (например, противоаритмические средства классов IA и III, трициклические антидепрессанты, макролиды) следует применять с осторожностью при одновременном применении с Тайгероном (см.«Особые указания»).
Не рекомендуется применение левофлоксацина одновременно с алкоголем.