-Schering-Plough
Страна производитель: Бельгия
Крем
Крем
1 г кремнің құрамында
белсенді заттар:
Әсер ету механизмі
Тридерм препараты бетаметазон дипропионатының қабынуға қарсы, қышуға қарсы және вазоконстрикторлық әсерін клотримазолдың зеңге қарсы белсенділігімен және гентамицин сульфатының кең бактерияға қарсы әсерімен үйлестіріледі.
Фармакодинамикасы.
Бетаметазон дипропионаты қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышуға қарсы әсері бар күшті глюкокортикостероид (белсенділік класы III) болып табылады.
Гентамицин бактерицидті әсері бар аминогликозидті антибиотик болып табылады. Оның әсері оған сезімтал микроорганизмдер ақуыздарының синтезін басуға негізделген. Гентамицин көптеген аэробты грамтеріс және кейбір грамоң бактерияларға әсер етеді. In vitro гентамицин, 1-8 мкг/мл концентрациясында көптеген сезімтал штамдардың Escherichia coli (ішек таяқшалары), Haemophilus influenzae (гемофильді таяқшалар), Moraxella lacunata (Моракс-Аксенфельд таяқшалары), Neisseria (нейссерий), Proteus (индол-оң және индол-теріс штаммдар), Pseudomonas (соның ішінде Pseudomonas aeruginosa), Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis және Serratia өсуін тежейді. Бактериялардың бір түрінің әртүрлі штамдары in vitro жағдайында әртүрлі сезімталдықты көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, in vitro сезімталдығы әрқашан in vivo сезімталдығымен байланысты емес. Гентамицин көптеген анаэробты бактерияларға, зеңдер мен вирустарға қатысты белсенді емес. Стрептококктар гентамицинге әлсіз сезімталдыққа ие.
Гентамицинге төзімділік грамтеріс сияқты грамоң бактерияларда да дамуы мүмкін.
Клотримазол синтетикалық зеңге қарсы зат - имидазол туындысы болып табылады. Оның әсер ету ауқымы адамдар мен жануарлар үшін патогендік бірқатар зеңдерді қамтиды. Клотримазол дерматофиттерге, ашытқы мен зеңдерге қатысты белсенді:
Препаратты жергілікті қолданғаннан кейін сіңірілуіне зерттеу жүргізілген жоқ.
Бетаметазон
Әдетте, жергілікті қолданған кезде бетаметазонның жағылған мөлшерінің бір бөлігі ғана жүйелік қан ағымына енеді. Сіңу деңгейі мен жылдамдығы дененің аймағына, терінің күйіне, дәрілік түріне, пациенттің жасына және жағу әдісіне байланысты болады.
Гентамицин
Зақымдалмаған теріге жаққан кезде гентамициннің сіңуі екіталай. Алайда, кератин қабаты зақымдалған, қабыну, дененің ауқымды аймақтарына немесе окклюзиялық таңғыштың астына жағылған кезде, тері астындағы сіңудің жоғарылауы күтіледі.
Клотримазол
Клотримазолдың көп бөлігі жаққаннан кейін мүйізді қабатта қалады,ал оның жүйелі қан ағымына енуі елеусіз. Келесі концентрациялар сау теріге және жедел қабынуы бар теріге 1% радиоактивті клотримазолды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң анықталды:
Тері тарапынан бұзылулар
сирек:
рецептурные
Тридерм® кремін қолдану аясында тітіркену немесе сенсибилизация дамыған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Егер Тридерм® кремі терінің үлкен аймақтарына қолданылса, әсіресе ұзақ емдеуде немесе тері жабындарының бүтіндігі бұзылғанда, жергілікті қолданған кезде белсенді заттардың жүйелі сіңуі жоғары болады.
Мұндай жағдайларда белсенді заттардың жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлерінің туындауы мүмкін. Балаларға осындай жағдайларда қолданған кезде ерекше сақ болу ұсынылады.
Тридерм® препаратын жүйелі әсер ететін аминогликозидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда теріге жоғары сіңуі себебінен кумуляциялық уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) пайда болу мүмкіндігі туралы есте сақтау керек.
Атап айтқанда, басқа аминогликозидтік антибиотиктерге айқаспалы реакциялар ықтималдығын ескерген жөн.
Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану төзімді микрофлораның өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, сондай-ақ суперинфекция дамыған кезде тиісті емді бастау керек.
Жоғары дозаларда, терінің ауқымды бөліктерінде немесе окклюзиялық таңғыш астында күшті және өте күшті белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды жергілікті қолдану, әсіресе бүйрек үсті безі қыртысы функциясының бәсеңдеуі және метаболизмдік бұзылулардың дамуы мүмкіндігін ескере отырып, дәрігердің тұрақты бақылауымен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Өте күшті, күшті және орташа белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды бетке және гениталий аймағына ерекше сақтықпен және 1 аптадан асырмай қолдану керек.
Көздің айналасында тек белсенділігі төмен глюкокортикостероидтарды ғана қолдануға болады (глаукома дамуы мүмкін).
Кортикостероидтар препараттың қандай болсын компонентіне аллергиялық реакциялар симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Жүйелік және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданғанда (мұрын ішіне, ингаляциялық және көз ішіне енгізуді қоса) көрудің бұзылуы туындауы мүмкін. Анық көрмеу немесе басқа да көру бұзылыстары сияқты симптомдардың дамуы кезінде пациент глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде бірқатар жағдайларда байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтитын көру бұзылысының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологтан тексеруден өтуі тиіс.
Қосымша заттар
Тридерм® препаратта құрамындағы цетостеарил спиртінің болуына байланысты терінің локализацияланған реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, байланыс дерматиті).
Тридерм® препаратте кілегейдің әр граммында 100 мг пропиленгликол бар. Препарат пропиленгликолдың болуына байланысты препарат терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Кремді терінің ашық жаралары бар немесе терінің кең зақымданған жерлеріне (мысалы, күйікке) жағуға болмайды.
Препарат құрамында кремнің әр граммында 10 мг бензил спирті бар. Бензил спирті аллергиялық реакцияларды немесе жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Бұл препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Балаларда ересектерге қарағанда беткей ауданы мен дене салмағы арақатынасының үлкендігіне байланысты, жергілікті әсер ететін кез келген ГКС қолданғанда гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті жүйесі (ГГБЖ) функциясын басуда балаларға үлкен қауіп төнеді.
ГГБЖ жүйесінің супрессиясы, Иценко-Кушинг синдромы, ұзынынан өсудің баяулауы, дене салмағын қосудың баяулауы және бассүйекішілік гипертензия топикалық глюкокортикостероидтарды алған балаларда байқалды. Балалардағы ГГБЖ функциясын басудың симптомдары:
- кортикостероидты емге сезімтал дерматоздарды емдеуде, бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе бар екеніне күдіктенгенде.
Крем әсіресе экссудативті процестерді емдеуге қолайлы.
- лечение дерматозов, чувствительных к кортикостероидной терапии, при наличии или подозрении на наличие бактериальной и/или грибковой инфекции.
Крем особенно подходит для лечения экссудативных процессов.
- тері туберкулезі
- мерездің теріде білінуі
- желшешек
- вирустық этиологиядағы тері инфекциясы (Herpes simplex)
- вакцинадан кейінгі тері реакциялары
- ашық жаралар
- розацеа, периоральді дерматит
- препарат компоненттерінің қандай да біреуіне жоғары сезімталдық (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия)
- окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды
- шырышты қабыққа, көзге және көз айналасындағы теріге жағуға болмайды
-повышенная чувствительность к какому-либо из компонентов препарата
-туберкулез кожи, кожные проявления сифилиса
-ветряная оспа, простой герпес, кожные поствакцинальные реакции
-открытые раны
С осторожностью:
Тридерм® препаратын генитальді немесе анальді аймаққа қолданғанда сұйық парафин мен жұмсақ ақ парафин (негіз құрамына кіретін қосымша заттар) бір мезгілде қолданылатын латекс мүшеқаптарының беріктігі мен сенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Клотримазол жергілікті қолданғанда амфотерицинге және басқа полиен антибиотиктерге қатысты антагонистік әсер етуі мүмкін.
Не установлены.
Ближайшие к вам пункты доставки в Восточно-Казахстанской области вы можете посмотреть здесь.
Цены на Тридерм в других городах
Тридерм в Алматы, Тридерм в Астане, Тридерм в Уральске, Тридерм в Актау, Тридерм в Усть-Каменогорске, Тридерм в Шымкенте, Тридерм в Караганде
-Schering-Plough
Страна производитель: Бельгия
-Oxford Laboratories Pvt. Limited
Страна производитель: Индия
-Балканфарма-Разград АД
Страна производитель: Болгария