-Цитомед МБНПК
Страна производитель: Россия
Капсулалар
Капсулы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар:
Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар.
АТХ коды L03AХ
Әсер ету механизмі
Бендазол организмде эндогенді интерферонның өндірілуін индукциялайды, иммуномодуляциялық әсерге ие (организмнің иммундық жауабын қалпына келтіреді). Өндірілуі әртүрлі ағзалардың жасушаларында интерферонмен индукцияланатын ферменттер вирустардың репликациясын тежейді.
Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) иммунитеттің Т-жасушалық тобының құрылымдық-функционалдық жағдайын қалпына келтіре отырып, бендазолдың иммуномодуляциялық әсерінің синергисі болып табылады.
Аскорбин қышқылы иммунитеттің гуморальді буынын белсендіреді, капиллярлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді, осылайша қабынуды азайтады, және антиоксидантты қасиеттері көрініс береді, қабыну үдерісі қатар жүретін оттегі радикалдарын бейтараптандырады, организмнің инфекцияға төзімділігін арттырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат этиотропты және иммуностимуляциялайтын емдеу дәрісі болып табылады, А және В тұмауы қоздырғыштарына, сондай-ақ жедел респираторлық ауруларды тудыратын басқа да вирустарға қатысты жанама вирусқа қарсы әсері бар.
In vitro зерттеулерде препарат жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 вирусының көбеюін (репликациясын) бәсеңдетеді (тежейді). Қоздырғыштың тежелу дәрежесі препарат концентрациясының ұлғаюымен артады (доза-әсерге тәуелділік көрсетілген).
Тұмау мен ЖРВИ негізгі клиникалық симптомдарының айқындылығын төмендетеді, сондай-ақ аурудың ұзақтығын қысқартады және оның асқынбаған ағымына ықпал етеді.
Вирусты және бактериялық табиғаттың респираторлық инфекцияларына организмнің жергілікті иммундық төзімділігін арттыра отырып, мұрын жұтқыншақ шырышында - инфекцияның кіру қақпаларында А (sIgA) секреторлы иммуноглобулин құрамын арттырады.
Профилактикалық әрекет кезінде препарат туа біткен иммунитет жасушаларының (нейтрофильді гранулоциттер мен моноциттердің) әлеуетті метаболизмнің белсенділігін арттырады, бұл инфекция дамыған жағдайда ферментативті (тотығу) белсенділіктің күшеюі, катионды ақуыздардың синтезі және фагоцитоздаушы жасушалар санының артуы есебінен бактериялық және вирустық агенттердің жұтылуы мен бұзылуына олардың қабілетін арттырады. Бұл ретте туа біткен иммунитет жасушаларының метаболизмдік белсенділігінің бастапқы жағдайы инфекциялық агенттер болмаған кезде қалыпты мән шегінде бола отырып өзгермейді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
1 фазадағы клиникалық зерттеуде дені сау еріктілерде «Цитовир-3» капсуласының клиникалық-зертханалық қауіпсіздігі мен төзімділігіне бағалау жүргізілді.
Жүргізілген зерттеу дені сау еріктілерде «Цитовир-3» капсула, дәрілік затын қабылдаудың зерттелетін сызбасының, қауіпсіздігі мен жақсы жағымдылығын көрсетті (объективті тексеру деректері, қан мен несептің жалпы клиникалық талдауы, қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, электрокардиография, қосымша иммунологиялық көрсеткіштер және жағымсыз құбылыстардың үздіксіз мониторингі бойынша).
Сондай-ақ зерттелетін препаратты 14 күн ішінде қабылдау организмнің инфекциялық агенттерге иммунорезистенттілігін күшейту түріндегі бірқатар иммунологиялық көрсеткіштерге оң әсері тіркелді. Алынған нәтижелер зерттелетін дәрілік затты курстық қабылдау аясында вирусиндукцияланған интерферон көрсеткіштері төмен субъектілердің үлесі төмендегенін көрсетті. Осымен бір мезгілде вирусиндуцияланған интерферонның орташа титрлері бар зерттеу субъектілері тұлғаларының үлесі 14,3% өсті. «Цитовир-3» дәрілік препаратын қабылдау, сондай-ақ бастапқы деректермен салыстырғанда, препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін сарысудың жалпы интерферонының титрлері төмен еріктілер үлесінің төмендегенін көрсетті. Сондай-ақ, фагоциттеуші моноциттердің (моноциттердің фагоциттік индексі) салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюының клиникалық маңызды оң динамикасы көрсетілді.
«Цитовир-3» дәрілік затын қолдану бүкіл зерттеу барысында гранулоциттердің стимуляцияланған NST-белсенділігі медианасының үдемелі ұлғаюын көрсетті. Нейтрофилдердің катиондық ақуыздарын сандық анықтау кезінде осы микробицидтік көрсеткіштің біртіндеп ұлғаюы анықталды (осы көрсеткіштің медианасының екі есе ұлағаюы).
Зерттелетін препараттың полиморфонуклеарлы нейтрофильді гранулоциттер мен моноциттердің базальді белсенділігіне дені сау еріктілердегі осы жасуша популяцияларының микробицидтілігінің стимуляцияланған параметрлерінің жоғарылауы аясында айқын стимуляциялаушы әсерінің болмауы «Цитовир-3» препаратында туа біткен иммунитет жасушаларының метаболизмдік параметрлерін көтермелеуден тұратын иммуномодуляциялық фармакологиялық белсенділіктің бар екенін көрсетеді, олар тек патогендердің (вирустар, бактериялар, зеңдер, қарапайымдар) әсерінен жүзеге асырылуы мүмкін және дені сау адамдардың иммундық гомеостазын өзгертпейді.
Зерттеу барысында туындаған зерттелетін қауіпсіздік параметрлеріндегі барлық анықталған өзгерістер жағымды болып табылады және зерттелетін препаратты қабылдаудың зерттелетін сызбасына байланысты болады.
«Цитовир-3» препаратының клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі балаларда тұмау мен ЖРВИ профилактикасында «Цитовир-3», капсула, және «Арбидол», 100 мг капсула препараттары топтарындағы 3 фазадағы ашық, салыстырмалы, рандомизацияланған зерттеуде бағаланды.
Интегралды және жеке бағалау, сондай-ақ клиникалық зерттеуді орындау барысында алынған деректерді статистикалық өңдеу нәтижелері бойынша зерттелетін препараттарды қабылдаған балалар топтарында респираторлық инфекциялармен ауру жағдайының тұмау және басқа ЖРВИ бойынша интегралдық эпидемиялық жағдайды көрсететін жалпы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеуі анықталды. «Цитовир-3» капсуласы курстық қабылдау кезеңінде тұрақсыз эпидемиялық жағдай және тұмау мен ЖРВИ ауруының маусымдық көтерілуі кезеңінде (2016 ж. қараша - 2017 ж. мамыр) 6 жастан бастап балаларды респираторлық инфекциялардан қорғай отырып, жоғары және клиникалық маңызды профилактикалық тиімділік (препаратты қабылдау кезеңінде респираторлық аурудың бірде-бір жағдайы болған жоқ) көрсеткені анықталды.
Сондай-ақ, зерттеу 6 жастан бастап балаларда бір реттік оңтайландырылған профилактикалық курсты (тәулігіне 1 рет 12 күн ішінде 1 капсуладан) қолдану кезінде «Цитовир-3» препаратының келесі үш апта бойы профилактикалық тиімділігін сақтайтындығы көрсетілген.
Қорғалушылық индексінің шамасы зерттелетін «Цитовир-3» капсулалары осы көрсеткіш бойынша «Арбидол» 100 мг капсуласы салыстыру препаратынан 70%-дан астам басым болып, рандомизацияланған қатысушыларды респираторлық инфекциялардан анағұрлым маңызды қорғауды қамтамасыз етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
«Цитовир-3» капсуласы зерттелетін препараты бір реттік оңтайландырылған профилактикалық курсты қолдану кезінде сілекейдегі секреторлық IgА мөлшерінің статистикалық сенімді және клиникалық маңызды жоғарылауына ықпал ететін стимуляциялаушы белсенділікке ие.
«Цитовир-3» капсуласы дәрілік препараты зерттеу жүргізу барысында осы жас тобындағы балаларда жақсы жағымдылықпен және қауіпсіздікпен сипатталды.
Алынған мәліметтер тұрақсыз эпидемиялық жағдай және тұмаумен және ЖРВИ сырқаттанушылықтың маусымдық жоғарылауы кезеңінде мектепке дейінгі және орта мектеп білім беру мекемелерінің ұйымдастырылған балалар ұжымдарында респираторлық аурулардың профилактикасы үшін «Цитовир-3» капсуласын қолдану мүмкіндігі мен орындылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасының Әскери-медициналық академиясы «Кавказ-1:
«Цитовир-3» фармацевтикалық композициясын құрайтын компоненттер химиялық өзара әрекеттесуге түспейді және ВЭЖХ әдісімен хроматограммада зерттеу кезінде альфа глутамил-триптофанға, бендазолға және аскорбин қышқылына сәйкес келетін үш жеке шыңы байқалады, әрбір компоненттің өзінің фармакокинетикасына ие деп пайымдауға болады.
Абсорбциясы. Ішке қабылдаған кезде препарат асқазан-ішек жолынан толық сіңеді. Бендазолдың биожетімділігі - шамамен 80%, альфа-глутамил-триптофан 15% аспайды, аскорбин қышқылы - 70% дейін. Аскорбин қышқылы АІЖ (негізінен жіңішке ішекте) сіңіріледі. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 25%. Ішке қабылдағаннан кейін ТСmах - 4 сағат. АІЖ аурулары (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, ішек моторикасының бұзылуы, ішек құрты инвазиясы, лямблиоз), көкөніс және жеміс шырындарын, сілтілі сусындарды қолдану ішекте аскорбин қышқылының байланысуын азайтады.
Таралуы. Препарат лейкоциттерге, тромбоциттерге оңай еніп, содан кейін барлық тіндерге, плацента арқылы өтеді. Бендазолдың әсері оны қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң басталады. Таралу шегіндегі концентрацияның толық төмендеу уақыты 60-90 минутты және әсер ету ұзақтығы 2-3 сағатты құрайды. Аскорбин қышқылы гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрек үсті бездерінде, сондай-ақ (кему тізбегімен) көз эпителийінде, бауырда, мида, көкбауырда, ұйқы безінде, бүйректе, жүрек бұлшықетінде, өкпеде, қаңқа бұлшықеттерінде, тестикулаларда, қалқанша безде іріктеп жиналады.
Биотрансформациясы. Аскорбин қышқылы негізінен бауырда дезоксиаскорбин қышқылына, одан әрі қымыздық-сірке және дикетогулон қышқылына метаболизденеді. Аскорбин қышқылы тәулігіне 100-150 мг дозаларда, іс жүзінде толық метаболизденеді, бұл жағдайда аскорбин қышқылының бос уринарлық шығарылуы кезінде байқалмайды.
Қандағы бендазол биотрансформациясының өнімдері, бендазолдың имидазолды сақинасының имин тобының метилденуі және карбоэтоксилденуі салдарынан пайда болатын екі конъюгат болып табылады:
Препаратты қабылдайтын пациенттерде жағымсыз реакция артериялық гипотензия болуы мүмкін.
Жергілікті аллергиялық реакция түрінде өте сирек байқалған жағымсыз реакция күтілген реакция ретінде жіктеледі. Бұл жағымсыз реакция пайда болған кезде нәтиже препаратты тоқтатқаннан кейін ешқандай салдарсыз толық қалпына келеді.
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар
Қантамыр тарапынан бұзылулар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- артериялық қысымның қысқа мерзімді төмендеуі
- возможны аллергические реакции у лиц, страдающих аллергией на аскорбиновую кислоту
- кратковременное снижение артериального давления
Отпускается без рецепта
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егер анасына келетін пайда балаға төнетін қауіптен басым болса, емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және аса көңіл қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді
Возможны аллергические реакции:
Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы ретінде және кешенді ем құрамында.
- в качестве профилактики и в составе комплексной терапии гриппа и острых респираторных вирусных инфекций.
- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
- детский возраст до 6 лет
- беременность и период лактации
Вирусқа қарсы препараттармен және тұмауды және ЖРВИ симптоматикалық емдеу дәрілерімен бір мезгілде қолдануға болады.
Осы дәрілік препаратты басқа дәрілік препараттармен, өсімдік дәрілік препараттармен, тамақпен, алкогольмен, темекі шегумен және медициналық мақсаттарда пайдаланылмайтын фармакологиялық белсенді заттармен қолдануға әсер ететін өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Емдеуші дәрігер пациенттің қандай препараттарды қабылдайтынын, жақында қабылдағанын немесе қабылдай бастайтынын білуі тиіс. Егер пациент кез келген басқа дәрілік заттарды қабылдаса, препаратты қолдану мүмкіндігіне қатысты дәрігердің кеңесі міндетті.
Взаимодействия альфа-глутамил-триптофана с лекарственными средствами не выявлено.
Бендазол – предупреждает увеличение общего периферического сопротивления сосудов (ОПСС), обусловленное неселективными бета-адреноблокаторами. Усиливает гипотензивное действие гипотензивных и диуретических лекарственных средств. Фентоламин усиливает гипотензивное действие бендазола.
Аскорбиновая кислота – повышает концентрацию в крови бензилпенициллина и тетрациклинов. Улучшает всасывание в кишечнике препаратов железа. Снижает эффективность гепарина и непрямых антикоагулянтов. Ацетилсалициловая кислота (АСК), пероральные контрацептивы, свежие соки и щелочное питье снижают ее всасывание и усвоение. При одновременном применении с АСК повышается выделение с мочой аскорбиновой кислоты и снижается выделение АСК. АСК снижает абсорбцию аскорбиновой кислоты примерно на 30%. Аскорбиновая кислота увеличивает риск развития кристаллурии при лечении салицилатами и сульфаниламидами короткого действия, замедляет выведение почками кислот, увеличивает выведение лекарственных средств, имеющих щелочную реакцию (в т.ч. алкалоидов), снижает концентрацию в крови пероральных контрацептивов. При одновременном применении уменьшает хронотропное действие изопреналина. Уменьшает терапевтическое действие антипсихотических лекарственных средств (нейролептиков) – производных фенотиазина, канальцевую реабсорбцию амфетамина и трициклических антидепрессантов. Барбитураты и примидон повышают выведение аскорбиновой кислоты с мочой.
Ближайшие к вам пункты доставки в Восточно-Казахстанской области вы можете посмотреть здесь.
Цены на Цитовир-3 в других городах
Цитовир-3 в Алматы, Цитовир-3 в Астане, Цитовир-3 в Уральске, Цитовир-3 в Актау, Цитовир-3 в Усть-Каменогорске, Цитовир-3 в Шымкенте, Цитовир-3 в Караганде
-Цитомед МБНПК
Страна производитель: Россия