-ФАРМА СТАРТ ООО
Страна производитель: Украина
-ФАРМА СТАРТ ООО
Страна производитель: Украина
Қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
Таблетки, покрытые оболочкой, 100 мг
Бір таблетканың құрамында:
Исследования по связыванию с рецепторами показали, что флувоксамин – мощный ингибитор обратного захвата серотонина как in vitro, так и in vivo с минимальной аффинностью к подтипам серотониновых рецепторов.
Флувоксамин обладает слабой способностью связывания с ?-адренергическими, ?-адренергическими, гистаминергическими, мускариновыми, холинергическими и допаминергическими рецепторами.
Флувоксамин обладает высокой аффинностью к сигма-1 рецепторам, где он действует как агонист в терапевтических дозах.
Абсорбциясы
Флувоксамин ішу арқылы қабылдағанда толық сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациялары қабылдағаннан кейін 3-8 сағаттан соң білінеді. Бауырдағы алғашқы метаболизмі салдарынан абсолютті биожетімділігі орташа 53% құрайды. Тамақпен бір мезгілде қабылдағанда флувоксамин фармакокинетикасы өзгермейді.
Таралуы
Флувоксаминнің плазма ақуыздарымен байланысуы 80% құрайды (іn vitro). Таралу көлемі - 25 л/кг.
Биотрансформациясы
Флувоксамин бауырда экстенсивті метаболизмге ұшырайды. CYP2D6 - флувоксамин метаболизміне in vitro тартылған негізгі изофермент. Алайда, CYP2D6 метаболизмі төмендеген тұлғаларда қан плазмасындағы препарат концентрациялары метаболизм функциясы жоғары тұлғалардағыдан сәл ғана жоғары. Бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 13-15 сағат құрайды және көп реттік қабылдау кезінде біршама ұзақтау (17-22 сағат), ал қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясына, әдетте, 10-14 күн ішінде жетеді.
Флувоксамин, ең алдымен, тотығу деметилдену жолымен, кем дегенде, бүйрек арқылы шығарылатын тоғыз метаболитке дейін бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Негізгі екі метаболиттің болымсыз фармакологиялық белсенділігі бар. Басқа метаболиттер іс жүзінде фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес. Флувоксамин CYP1А2 және CYP2С19 қуатты тежегіші, әрі CYP2С9, СYР2D6 және CYP3А4-ті орташа тежейді.
Дозаға тәуелділігі (дозаға тәуелсіздігі)
Флувоксамин бір реттік дозасының дозаға байланысты фармакокинетикасымен сипатталады. Плазмадағы тұрақты концентрациялары бір реттік доза деректерінен алынған есепті мөлшерінен жоғары және едәуір жоғары тәуліктік дозаларда пропорционалды емес жоғары.
Пациенттердің ерекше топтары
Дені сау ересек адамдарда, егде жастағы және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде флувоксамин фармакокинетикасы бірдей болады. Бауыр аурулары бар пациенттерде флувоксамин метаболизмі төмендеген.
Флувоксаминнің плазмадағы тұрақты концентрациялары балаларда (6-11 жастағы) жасөспірімдердегіден (12-17 жастағы) екі есе жоғары. Жасөспірімдердің қан плазмасындағы препарат концентрациялары ересектердегі осындаймен ұқсас.
Всасывание. После приёма внутрь флувоксамин полностью всасывается из желудочно-кишечного тракта. Максимальные концентрации в плазме крови отмечаются через 3-8 часов после приема. Абсолютная биодоступность составляет в среднем 53 % после первичного метаболизма в печени. Фармакокинетика флувоксамина не изменяется при одновременном приеме Феварина с пищей.
Распределение. Связывание флувоксамина с белками плазмы составляет около 80% (in vitro). Объем распределения - 25 л/кг.
Метаболизм. Флувоксамин подвергается экстенсивному метаболизму в печени. CYP2D6 – главный изофермент, вовлеченный в метаболизм флувоксамина in vitro. Однако концентрации препарата в плазме крови у лиц со сниженным метаболизмом CYP2D6 не намного выше, чем у лиц с высокой метаболической функцией. Средний период полувыведения из плазмы крови, после приема однократной дозы, составляет 13-15 часов и несколько дольше при многократном приёме (17-22 часа), а равновесная концентрация в плазме крови, как правило, достигается через 10-14 дней.
Флувоксамин подвергается биотрансформации в печени, главным образом, путем окислительного деметилирования, как минимум до девяти метаболитов, которые выводятся через почки. Два основных метаболита обладают незначительной фармакологической активностью. Прочие метаболиты практически фармакологически неактивны. Флувоксамин - мощный ингибитор CYP1А2 и CYP2С19, и умеренно ингибирует СYP2С9, CYP2D6 и CYР3А4.
Флувоксамин характеризуется линейной фармакокинетикой однократной дозы. Устойчивые концентрации в плазме выше, чем расчетные от данных однократной дозы, и непропорционально выше при более высоких суточных дозах.
Особые группы пациентов
Фармакокинетика флувоксамина одинакова у здоровых людей, пожилых и пациентов с почечной недостаточностью. Метаболизм флувоксамина снижен у пациентов с заболеваниями печени.
Стабильные концентрации флувоксамина в плазме вдвое выше у детей (в возрасте 6-11 лет), чем у подростков (в возрасте 12-17 лет). Концентрации препарата в плазме крови подростков сходны с таковыми у взрослых.
Жиі
- күйгелектік, үрей, қозу, ұйқысыздық немесе ұйқышылдық, тремор, бас айналуы, бас ауыруы
- жиі жүрек қағуы, тахикардия
- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, диспепсия
- анорексия, астения, дімкәстік
- гипергидроз
Жиі емес
- елестеу, сананың шатасуы, агрессия
- атаксия, экстрапирамидалық бұзылу
- (ортостаздық) гипотензия
- артралгия, миалгия
- баяу эякуляция
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде қышыну, бөртпе, ангионевроздық ісіну
Сирек
- мания
- құрысу
- бауыр функциясының бұзылуы
- галакторея
- фотосенсибилизация реакциялары
Жиілігі белігісіз
- дене салмағының жоғарылауы және төмендеуі, гипонатриемия
- қан кету, оның ішінде асқазан-ішектен, гинекологиялық, экхимоз, пурпура
- антидиурездік гормон секрециясының бұзылуы, гиперпролактинемия
- серотониндік синдром, қатерлі нейролепсиялық синдромға ұқсас жағдайлар, акатизия/психомоторлық мазасыздық, парестезия, дәм сезудің бұзылуы
- суицидтік идеация, суицидтік мінез-құлық
- глаукома, мидриаз
- сүйек сынуы*
- несеп шығару бұзылысы, оның ішінде, несептің кідіруі, поллакиурия, ноктурия, несепті ұстай алмау, энурез
- аноргазмия, менструалдық функцияның бұзылысы (аменорея, гипоменорея, метроррагия, меноррагия)
- препаратты тоқтату синдромы, препаратты неонатальді тоқтату синдромын қоса
- босанудан кейінгі қан кету
-Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема
Часто (частота 1-10 %)
- нервозность, тревога, возбуждение, бессонница или сонливость, тремор, головокружение, головная боль
-сердцебиение, тахикардия
- сухость во рту, тошнота, рвота, боль в животе, запор, диарея, диспепсия
- анорексия, астения, недомогание
- потливость
Не часто (частота <1 %)
- галлюцинации, спутанность сознания, агрессия
- атаксия, экстрапирамидные нарушения
- постуральная (ортостатическая) гипотензия
- артралгия, миалгия
- замедленная эякуляция
- кожные реакции гиперчувствительности, в том числе сыпь, зуд, ангионев-ротический отек
Редко (частота <0.1 %)
- мания
- судороги
- нарушение функции печени (повышение уровня печеночных трансаминаз)
- галакторея
- реакции фотосенсибилизации
Побочные эффекты, зарегистрированные в постмаркетинговой практике (частота не известна)
- повышение и уменьшение массы тела, гипонатриемия
- кровотечения, в том числе желудочно-кишечное, вагинальное, экхимоз, пурпура
- синдром недостаточной секреции антидиуретического гормона, гиперпролактинемия
- серотонинергический синдром, состояния, подобные злокачественному нейролептическому синдрому, акатизия/психомоторное беспокойство, парестезия, нарушения вкусовых ощущений
- суицидальная идеация, суицидальное поведение
- глаукома, мидриаз
- переломы костей
- расстройства мочеиспускания, в том числе, задержка мочи, поллакиурия,
никтурия, недержание мочи
- аноргазмия, расстройства менструальной функции (аменорея, гипоменорея, метроррагия, меноррагия)
- синдром отмены препарата, включая неонатальный абстинентный наркотический синдром
Побочные эффекты, характерные для препаратов данного класса
Эпидемиологические исследования, включавшие лиц в возрасте старше 50 лет, показали повышение риска переломов костей у пациентов, принимавших препараты из группы ингибиторов обратного захвата серотонина и трициклические антидепрессанты. Механизм повышения данного риска не известен.
Симптомы отмены при прекращении лечения
Прекращение приема флувоксамина (особенно резкое) часто вызывает симптомы отмены. Рекомендуется постепенное снижение дозы Феварина, когда требуется отмена препарата.
рецептурные
Суицид/суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау
Депрессия суицидтік ойлар, өзіне-өзі зиян келтіру және суицидтің өзінің (суицидпен байланысты оқиғалар) қауіпті жоғарылауымен байланысты. Бұл қауіп орнықты оңалу басталғанша сақталады. Пациенттер емнің алғашқы бірнеше немесе одан астам аптасы ішінде жақсару туындамауы мүмкін болғандықтан жай-күйлері жақсарғанша мұқият бақылауда болуы тиіс. Клиникалық тәжірибе суицид қаупінен айығудың ерте сатыларында ұлғаюы мүмкін.
Емдеу үшін флувоксамин тағайындалатын басқа психиатриялық бұзылыстар да суицид оқиғаларына байланысты қауіптің жоғарылауымен сипатталады. Ол өз алдына, мұндай ахуалдар ауқымды депрессиялық бұзылыстармен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан басқа психиатриялық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде олар мұқият бақылауда болуы тиіс. Анамнезінде суицидпен байланысты оқиғалары бар және емдеу басталғанға дейін суицидтік идеациясының дәрежесі жоғары пациенттерді емдеудің бүкіл кезеңі бойына, мұқият бақылау керек. Пациенттерге және әсіресе жоғары қауіп тобына жататындарға дәрімен емдеу аясында, әсіресе ем басында және дозаны өзгерткенде мұқият бақылау керек.
Пациенттерге және оларды күтіп-бағатын адамдарға аурудың кез келген клиникалық нашарлауы, суицидтік ойлар немесе суицидтік мінез-құлық пайда болған және мінез-құлықта әдеттен тыс өзгерістер байқалған жағдайда дереу емдеуші дәрігерден кеңес алу керек екені жөнінде нұсқау берілуі тиіс.
Педиатриялық популяция
Флувоксаминді ОКБ-мен науқастарды есептемегенде, 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды. Клиникалық тәжірибенің болмауына орай, Феварин® препаратын балалардағы депрессияны емдеу үшін ұсынуға болмайды. Емдеу туралы шешім қабылданатын клиникалық қажеттілік жағдайларында науқасты суицидтік симптомдар пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалау керек.
Оның үстіне, балалар мен жасөспірімдерде өсуі, жетілуі, когнитивті және мінез-құлықтық дамуына қатысты препараттың қауіпсіздігі туралы ұзақ мерзімдік деректер жоқ.
18-24 жастағы пациенттер
Антидепрессанттарды психикалық бұзылыстары бар ересектерде қолдану плацебо алғандармен салыстырғанда антидепрессанттар қабылдаған 25 жасқа дейінгі пациенттерде суицидтік мінез-құлықтың жоғары қаупін көрсетті. Дәрі-дәрмекпен емдеу, әсіресе жоғары қауіп тобында, әсіресе емнің басында және дозаны өзгерту уақытында пациенттерді мұқият қадағалаумен қатар жүруі тиіс.
Пациенттер (және айналасындағылар) жағдайдың клиникалық нашарлауын, суицидтік көзқарастардың/мінез-құлықтың және мінездегі кез келген қалыптан тыс өзгерістердің дамуын бақылау қажеттілігі туралы хабардар болуы, сондай-ақ бұл симптомдар туындаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінулері тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны азайту қажет емес, дегенмен дозаны титрлеу баяу және үнемі абайлап жүргізіледі.
Акатизия/психомоторлық мазасыздық
Флувоксамин қабылдағанда акатизия дамуы мүмкін, ол науқастың қозғалуды қажетсінетін субьективті жағымсыз мазасыздығымен сипатталады, бұл көбіне науқастың тыныш отыруға немесе тұруға қабілетсіздігімен қатарлас жүреді. Бұл симптомның туындау ықтималдығы емдеудің алғашқы бірнеше апталарында пайда болады. Мұндай симптомдар дамыған пациенттерде дозаны арттыру зиянды болуы мүмкін.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарды емдеу ең аз дозадан және қатаң дәрігерлік бақылаумен басталу керек. Флувоксаминмен емдегенде сирек жағдайларда клиникалық белгілермен қатар жүретін бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы байқалады.
Бұл жағдайларда емді тоқтату керек.
Неврологиялық бұзылыстар
Флувоксамин анамнезінде құрысулар көрсетілген науқастарға абайлап тағайындалады. Тұрақсыз эпилепсиясы бар науқастарға флувоксамин тағайындаудан аулақ болу керек. Тұрақты эпилепсиясы бар науқастарға флувоксамин сақтықпен және қатаң бақылаумен тағайындалады. Құрысулар пайда болғанда және жиілегенде емдеу тоқтатылады.
Басқа серотонинергиялық және/немесе нейролептикалық препараттармен, немесе бупренорфинмен немесе бупренорфин/налоксон біріктірілімінде әсіресе біріктірілген флувоксаминмен емдеу кезінде серотониндік синдром және нейролептикалық қатерлі синдромға ұқсас жай-күйлер дамитын сирек жағдайлар сипатталған. Бұл синдромдар өмірге зор қауіп төндіретін ахуалдарға алып келетіндіктен бұндай (гипертермия, сіресулер, миоклонус, өмірлік маңызды параметрлердің болжамды ауытқулары, ашушаңдықты, сананың шатасуын, делирийлік бұзылыстарға ұласа үдейтін ажитацияның артуын және команы қоса, ментальді статус өзгерістері болатын вегетативтік жүйке жүйесінің тұрақсыздығы сияқты симптомдар тобы пайда болуымен сипатталатын) жағдайлар пайда болғанда флувоксаминмен емдеуді тоқтату және симптомдарына қарай тиісінше емдеуді бастау керек.
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары
Серотонинді кері қармайтын басқа селективті тежегіштермен емделген кездегідей, сирек жағдайларда флувоксамин қабылдау аясында гипонатриемияның дамуы мүмкін, ол препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады. Кейбір жағдайлары антидиурездік гормон сөлінісінің бұзылуы синдромымен байланысты болуы мүмкін. Негізінен бұл құбылыстар егде жастағы пациенттерде байқалған.
Қандағы глюкоза деңгейін бақылау, әсіресе, емдеудің ерте сатыларында бұзылуы мүмкін (гипогликемия, гипергликемия, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі). Флувоксамин қант диабетімен науқастарға тағайындалғанда диабетке қарсы препараттардың дозаларын реттеу қажет болады.
Флувоксаминмен емдеудің аясында кейде құсумен қатар жүретін жүрек айну көбірек жиі байқалады. Әдетте бұл симптомдар емдеудің алғашқы екі аптасында азаяды.
Көру бұзылыстары
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерімен, соның ішінде флувоксаминмен емдегенде мидриаз жағдайлары сипатталған. Сондықтан көзішілік қысымы жоғары пациенттерге немесе жедел жабық бұрышты глаукома болғанда флувоксаминді тағайындаған кезде ерекше сақ болу керек.
Гематологиялық бұзылыстар
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді қолданғанда экхимоздар мен пурпура түріндегі тері ішіне қан құйылулар, сондай-ақ асқазан-ішектік және гинекологиялық қан кетулер сияқты өзге де қанағыштық көріністері байқалған. Сондықтан флувоксаминді серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді қабылдайтын пациенттерге, әсіресе егде жастағы пациенттерге және тромбоциттер функциясына әсер ететін препараттарды пациенттерге (мысалы, атипиялық антипсихоздық дәрілер мен фенотиазиндер, көптеген трициклді антидепрессанттар, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттар) немесе қан кетулердің даму қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде алатын пациенттерге, сондай-ақ анамнезінде қан кетулері бар пациенттерге және соған бейім жай-күйдегі тұлғаларға (мысалы, тромбоцитопенияда немесе коагуляция бұзылуында) сақтықпен тағайындалады.
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ)/ серотонинді-норэпинефринді кері қармайтын селективті тежегіштер (СНСКҚТ) босанудан кейінгі қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Жүрек-қантамыр бұзылыстары
Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы терфенадин, астемизол немесе цизаприд концентрациялары жоғарылауы мүмкін, бұл QТ/Torsade de Pointes аралығының ұзару қаупін арттырады. Сондықтан флувоксамин бұл препараттармен бірге тағайындалмайды. Флувоксамин қабылдау кезінде жүректің жиырылу жиілігі мардымсыз азаюы (минутына 2-6 рет соғатындай) мүмкін.
Электроқұрысу емі (ЭҚЕ)
ЭҚЕ мен флувоксаминді бірге қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан осындай біріктірілім қолданған кезде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі.
Тоқтату синдромы
Флувоксамин қабылдауды тоқтатқанда тоқтату реакциялары пайда болуы мүмкін, алайда қолда бар клиникаға дейінгі және клиникалық деректер бұл ем тәуелділік тудырады деп болжамайды. Препаратты тоқтатқан кезде мынадай симптомдар көбірек байқалады:
- ауқымды депрессиялық көріністе
- обсессиялық-компульсиялық бұзылыстарда (ОКБ)
- большой депрессивный эпизод
- обсессивно-компульсивные расстройства (ОКР)
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- тизанидинмен және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау. Флувоксаминмен емдеуді қайтымсыз МАО тежегішін қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта өткен соң барып немесе қайтымды МАО тежегіштерін (моклобемид, линезолид) қабылдауды тоқтатқаннан кейін келесі күні бастауға болады. Феварин® препаратын қабылдауды кез келген МАО тежегішімен емдеу басталуынан кемінде 1 апта бұрын тоқтату керек
- пимозидпен және рамелтеонмен бір мезгілде қабылдау
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (үлкен депрессиялық эпизод кезінде)
- 8 жасқа дейінгі балалар (обсессиялық-компульсиялық бұзылыс (ОКБ) кезінде
- одновременный прием с тизанидином и ингибиторами моноаминоксидазы (МАО). Лечение флувоксамином может быть начато не ранее, чем через 2 недели после прекращения приема необратимого ингибитора МАО или на следующий день после прекращения приема обратимого ингибитора МАО (моклобемид, линезолид). Прием Феварина следует прекратить не менее чем за 1 неделю до начала терапии любым ингибитором МАО.
- одновременный прием с рамелтеоном
- повышенная чувствительность к активному веществу или к любому из вспомогательных веществ
- нестабильная эпилепсия
- детский возраст до 8 лет при ОКР и детский и подростковый возраст до 18 лет при депрессии
- беременность и грудное вскармливание
Моноаминоксидаза тежегіштері
Феварин® препаратын серотониндік синдром қаупі себебіне орай, линезолидті қоса, моноаминооксидаза тежегіштерімен біріктіріп қолдануға болмайды.
Флувоксаминнің өзге дәрілік заттардың тотығу метаболизміне ықпал етуі
Флувоксамин Р450 цитохромының изоэнзимдерімен (CYP) метаболизденетін дәрілік заттар метаболизмін бәсеңдетеді. Флувоксамин CYP1А2 және CYP2С19, әрі аз дәрежеде CYP2С9, CYP2D6 мен CYP3А4 күшті тежегіші болып табылады. Осы изоферменттермен едәуір дәрежеде метаболизденетін препараттар флувоксаминмен бір мезгілде тағайындалған жағдайда белсенді зат/метаболит плазмада жоғары/төмен (мысалы, Клопидогрель сияқты ізашар дәрі жағдайында концентрацияларда болады. Осы препараттарды флувоксаминмен біріктіру қажет болғанда жоғарғы тиімді дозасына қарағанда ең азымен ем бастайды немесе түзетеді. Емдеу үдерісінде бір мезгілде тағайындалатын дәрілік преапраттардың плазмадағы концентрациясы, емдік жауабы және жағымсыз әсерлері қадағаланады, ал қажет болса, препараттардың дозаларын азайтады/ұлғайтады. Бұл, әсіресе, емдік диапазоны тар препараттар үшін маңызды.
Рамелтеон
Күніне 16 мг рамелтеонның бір реттік дозасын және дереу босап шығатын флувоксамин малеаты таблеткаларын параллель тағайындағанға дейін дереу босап шығатын таблеткалар түріндегі флувоксамин малеаты 3 күн бойы күніне 2 рет 100 мг дозада қабылдау тек рамелтеон тағайындалғандағымен салыстырғанда рамелтеонның AUC көрсеткіші шамамен 190 есе ұлғайған және С макс шамамен 70 есе артқан.
Емдік диапазоны тар препараттар
Флувоксамин және емдік диапазоны тар препараттарды (такрин, теофиллин, метадон, мексилетин, фенитоин, карбамазепин және циклоспорин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда пациенттер мұқият бақылануы тиіс, өйткені бұл препараттар флувоксаминмен тежелетін тек немесе цитохром изоферменттерінің біріктірілімімен метаболизмге ұшырайды. Қажет болғанда бұл препараттардың дозасын түзету ұсынылады. Пимозидтің тар емдік диапазонына және оның QT аралығын ұзартатын белгілі қабілетіне байланысты пимозид пен флувоксаминді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Трициклды антидепрессанттар және нейролептиктер
Флувоксаминді бір мезгілде қолданғанда Р450 1А2 цитохромы арқылы едәуір дәрежеде метаболизденетін трициклді антидепрессанттардың (кломипрамин, имипрамин, амитриптилин) және нейролептиктердің (клозапин, оланзапин, кветиапин) бұрынғы тұрақты деңгейлерінің жоғарылауы байқалды. Осыған орай, флувоксаминмен ем бастағанда бұл препараттардың дозаларын азайтуды ұсынуға болады.
Бензодиазепиндер
Флувоксаминмен триазолам, мидазолам, алпразолам және диазепам сияқты тотығу метаболизміне ұшырайтын бензодиазепиндерді бір мезгілде тағайындағанда олардың плазмадағы концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Флувоксамин қабылдау кезінде бұл бензодиазепиндердің дозаларын азайту керек.
Плазмадағы концентрация жоғарылайтын жағдайлар
Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы ропинирол концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл артық дозалану қаупін арттырады. Мұндай кезде бақылау жасап, немесе қажет болған жағдайда, флувоксаминмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін ропиринол дозаларын азайту ұсынылады.
Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы пропранолол концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл пропранолол дозасын азайтуды талап етеді.
Флувоксаминді варфаринмен біріктіріп қолданғанда қан плазмасындағы варфарин концентрациясының едәуір жоғарылауы және протромбин уақытының ұзаруы байқалған.
Жағымсыз әсерінің күшею жағдайлары
Флувоксамин мен тиоридазин бір мезгілде қабылданғанда кардиоуыттылықтың бірлі-жарым жағдайлары жөнінде хабарланған.
Флувоксамин қабылдау кезінде плазмадағы кофеин деңгейі көтерілуі мүмкін. Осылайша, құрамында кофеин бар сусындарды көп мөлшерде ішетін пациенттер тремор, жүрек қағу, жүрек айну, мазасыздық, ұйқысыздық сияқты кофеиннің жайсыз әсерлері байқалса флувоксамин қабылдау кезеңінде оларды тұтынуды азайту керек.
Терфенадин, астемизол, цисаприд, силденафил:
Ближайшие к вам пункты доставки в Актау вы можете посмотреть здесь.
Цены на Феварин в других городах
Феварин в Алматы, Феварин в Астане, Феварин в Уральске, Феварин в Усть-Каменогорске, Феварин в Шымкенте, Феварин в Караганде