-АДЖИО ФАРМАЦЕВТИКАЛЗ ЛТД.
Страна производитель: Индия
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 30 мг/мл
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения, 30 мг/мл
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - преднизолон фосфатына баламалы, преднизолон натрий фосфаты, 30 мг
қосымша заттар:
Преднизолон - синтетикалық глюкокортикоидтық препарат, гидрокортизонның дегидратацияланған аналогы. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивтік әсер береді, бета-адренорецепторлардың эндогендік катехоламиндерге сезімталдығын арттырады.
Спецификалық цитоплазмалық рецепторлармен (глюкокортикостероитардың (ГКС) рецепторлары барлық тіндерде бар, әсіресе олар бауырда көп) ақуыздардың (соның ішінде өмірлік маңызы бар үдерістерді реттейтін ферменттердің) түзілуін индукциялайтын кешен түзе отырып, өзара әрекеттеседі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Қабынуға қарсы әсері эозинофилдермен және қабыну медиаторларының қалың жасушаларымен босап шығуының бәсеңдеуімен; липокортиндер түзілуінің және гиалурон қышқылын өндіріп шығаратын қалың жасушалар саны азаюының индукциялануымен; капиллярлар өткізгіштігінің азаюымен; жасуша жарғақшаларының (әсіресе лизосамалық) және органеллалар жарғақшаларының тұрақтануымен байланысты. Қабыну үдерістерінің барлық кезеңдеріне әсер етеді:
Сіңуі
Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 90 минуттан кейін білінеді. Вена ішіне енгізгенде қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 30 минуттан кейін білінеді.
Таралуы
Препараттың 90%-ға дейінгісі қан плазмасының ақуыздарымен:
Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері жүйесінің супрессиясын қоса, болжамды жағымсыз әсерлердің даму жиілігі дозаға, тағайындау уақытына және емдеу ұзақтығына тәуелді. Жағымсыз әсерлерін барынша аз мерзім ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдана отырып барынша азайтуға болады.
Өте жиі
- инфекцияларға жоғары сезімталдық, бұрыннан бар инфекциялардың өршуі, жасырын инфекциялардың белсенділенуі және преднизолонның иммуносупрессорлық және қабынуға қарсы әсері салдарынан инфекция симптомдарының бүркемеленуі
- эозинофилдер және лимфоциттер санының төмендеуі
- бұрыннан бар аурудың бүркемеленуіне немесе өршуіне алып келетін иммуносупрессорлық және қабынуға қарсы әсер
- преднизолонды ұзақ уақыт пероральді қолданғанда бүйрекүсті бездері функциясының жеткіліксіздігі (гипоталамустың тежелуімен басталатын және бүйрекүсті бездері қыртысының шынайы атрофиясымен аяқталатын), бүйрекүсті бездері функциясының жеткіліксіздігі салдарынан тоқтату синдромы (бас ауыруы, жүрек айнуы, бас айналуы, анорексия, әлсіздік, эмоционалдық жағдайдың өзгерулері, апатия және стресс жағдайларына әдеттен тыс реакция, инсулинге сезімталдығы төмен «стероидты қант диабеті», бұрыннан қант диабетінен зардап шегіп жүрген пациенттерде қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (100%). Өсу гормоны секрециясының бұзылулары және өсу гормонына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде бой өсудің кідіруі
- көзішілік қысымның жоғарылауы (пероральді препаратпен ем қабылдап жүрген пациенттердің 40%-ына дейін), препаратпен пероральді түрде ұзақ уақыт емделіп жүрген пациенттердің 30%-ында катаракта
- өкпе обырынан зардап шегіп жүрген пациенттерде өкпе абсцесі (12%).
- арқаның ауыруы, қимыл-қозғалыстың төмендеуі, қатты ауыру, омыртқалардың компрессиялық сынулары және омыртқа биіктігінің төмендеуі, жілік сүйектерінің сынулары сияқты симптомдармен остеопороз.
Жиі
- лейкоциттер және тромбоциттер санының жоғарылауы
- физиологиялық дозасынан жоғары пероральді дозаларды (әдетте тәулігіне 50 мг-ден көбірек) ұзақ уақытқа тағайындағанда май жиналудың өзгеруін (ай тәріздес бет, орталықтық семіру, «бұқа өркеш») қоса Кушинг синдромы, калийдің орнына натрийді ұстап қалу салдарынан гипокалиемия, бала туа алатын жастағы әйелдерде аменорея, ішке қабылданатын жоғары дозалармен емдегенде холестерин, триглицеридтер және липопротеин деңгейлерінің жоғарылауы
- эйфория, депрессия, кортикостероидтар индукциялаған психоз
- гипертензия (натрийдің іркілуі салдарынан, бұл сұйықтықтың іркілуіне алып келеді), жүрек функциясының іркілісті жеткіліксіздігінің ушығуы (натрийдің іркілуі нәтижесінде)
- туберкулездің даму қаупінің жоғарылауы
- ауыз қуысының кандидозы, колитте, илеитте, дивертикулитте симптомдардың күшеюі
- шырышты қабықтардың зеңдік инфекциясы, созылулар, безеу бөртпесі, көгерулердің пайда болуы, дерматит, экхимоз, бет эритемасы, атрофия, гирсутизм, жараның баяу жазылуы, қатты терлеу, телеангиэктазиялар және терінің жұқаруы, терінің бұрыннан бар ауруларының бүркемеленуі немесе нашарлауы
- түнгі полиурия
Жиі емес
- аллергиялық реакциялар
- пероральді аз дозалармен емдегенде қант диабеті (<1%), пероральді төмен дозалармен емдегенде холестерин, триглицеридтер және липопротеиндер деңгейлерінің жоғарылауы
- ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылуы, тұлғалық өзгерістер, маниакальді синдром және елестеулер
- тыныс алу бұлшықеттерінің миопатиясы
- асқазанның ойық жарасы немесе тоқ ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектік қан құйылулар (0,5%), асқазанның, ішектің тесілулері
- сүйек тінінің асептикалық некрозы
- кальций мен фосфат экскрециясының жоғарылауы салдарынан несеп тастары, жыныс гормондары секрециясының бұзылулары (етеккірдің бұзылуы, гирсутизм, импотенция), васкулит
Сирек
- қанның ұюы салдарынан тромбоз қаупі
- қалқанша без функциясының өзгерулері
- церебральді безгек кезінде кома жағдайы созылуы мүмкін, ақыл-ой кемістігі
- көздің герпестік инфекциясымен бір мезгілде көздің мөлдір қабығы бұзылуының жоғары қаупі (осы инфекцияны бүркемелейтін болғандықтан), глаукома (препаратпен ұзақ уақыт пероральді емдеу).
Өте сирек
- кетоацидоз және гиперосмолярлық кома, жасырын гиперпаратиреоздың көрініс беруі, порфирияның жылдам дамуы
- ісік лизисі синдромы
- жасырын эпилепсияның көрініс беруі, мидың жалған ісігі (бас ауыру, көздің айқын көрмеуі және көрудің бұзылулары сияқты симптомдарымен бассүйекішілік катерсіз гипертензия)
- экзофтальм (препаратпен ұзақ уақыт пероральді емдеуден кейін)
- жүректің минуттық көлемінің төмендеу қаупі жоғарылайтын кардиомиопатия, гипокалиемия салдарынан аритмия
- жоғары дозалармен ұзақ емдеуден кейін панкреатит
- эпидермалық некролиз, Стивен-Джонсон синдромы
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- брадикардия (жүрек соғуының баяулауы)
- склеродермиялық бүйректік криз
Әртүрлі популяциялар ішінде склеродермиялық бүйректік криздің туындауы ауытқып отырады. Өте жоғары қауіп диффуздық склеродермиясы бар пациенттерде білінеді. Ең төмен қауіп шектеулі склеродермиясы бар (2%) және ювенильді склеродермиясы бар (1%) пациенттерде білінді.
Очень часто (>1/10); часто (>1/100, <1/10); нечасто (>1/1000, <1/100); редко (>1/10000, <1/1000); очень редко (<1/10000.
В общем, частота развития прогнозируемых нежелательных эффектов, включая супрессию системы гипоталамус-гипофиз-надпочечники, зависит от дозы, времени назначения и длительности лечения. Нежелательные эффекты могут быть сведены к минимуму применением самой низкой эффективной дозы в течение, насколько возможно, минимального периода.
Очень часто
- повышенная восприимчивость к инфекции, усугубление имеющейся инфекции, активация латентной инфекции и маскирование симптомов инфекции вследствие иммуносупрессорного и противовоспалительного эффекта преднизолона
- снижение количества эозинофилов и лимфоцитов
- иммуносупрессорный и противовоспалительный эффект, приводящий к маскированию или усугублению существующего заболевания
- недостаточность надпочечников (начинающаяся с ингибирования гипоталамуса и завершающаяся истинной атрофией коры надпочечников) при длительном пероральном применении преднизолона, синдром отмены вследствие недостаточности надпочечников (головная боль, тошнота, головокружение, анорексия, слабость, изменения эмоционального состояния, апатия и неадекватная реакция на стрессовые ситуации, «стероидный сахарный диабет» с низкой чувствительностью к инсулину, повышение уровня сахара крови у пациентов, уже страдающих сахарным диабетом (100%). Задержка роста у детей в результате нарушения секреции гормона роста и снижения чувствительности к гормону роста
- повышение внутриглазного давления (до 40% пациентов, получавших лечение пероральным препаратом), катаракты у 30% пациентов при длительном лечении препаратом перорально.
- абсцесс легкого у пациентов, страдающих раком легкого (12%).
- остеопороз с такими симптомами, как боль в спине, снижение подвижности, острая боль, компрессионные переломы позвонков и снижение высоты позвонков, переломы длинных костей (25% при длительном лечении препаратом для приема внутрь, см. раздел 4.4). Миопатия (10%) при лечении высокими дозами.
Часто
- повышение количества лейкоцитов и тромбоцитов
- Синдром Кушинга, включая изменение отложения жира (лунообразное лицо, центральное ожирение, «бычий горб») при длительном назначении пероральных доз выше физиологических (обычно более 50 мг в сутки), гипокалиемия вследствие удержания натрия вместо калия, аменорея у женщин детородного возраста, повышение уровня холестерина, триглицеридов и липопротеинов при лечении высокими дозами, принимаемыми внутрь
- эйфория, депрессия, индуцированный кортикостероидами психоз
- гипертензия (вследствие удержания натрия, что приводит к удержанию жидкости), усугубление застойной сердечной недостаточности (в результате удержания натрия)
- повышенный риск развития туберкулеза
- кандидоз ротовой полости, усиление симптомов при колите, илеите, дивертикулите
- грибковая инфекция слизистых оболочек, растяжки, угревидная сыпь, образование синяков, дерматит, экхимоз, эритема лица, атрофия, гирсутизм, медленное заживление ран, повышенное потоотделение, телеангиэктазии и истончение кожи, маскировка или ухудшение имеющихся заболеваний кожи.
- ночная полиурия
Нечасто
- аллергические реакции
- сахарный диабет (<1%) при лечении малыми дозами перорально, повышение уровня холестерина, триглицеридов и липопротеинов при лечении низкими дозами перорально
- бессонница, колебания настроения, изменения личности, маниакальный синдром и галлюцинации
- миопатия дыхательной мускулатуры
- язвы желудка или язвы ободочной кишки, желудочно-кишечные кровоизлияния (0,5%), перфорации желудка, кишечника
- асептический некроз костной ткани
- мочевые камни вследствие повышенной экскреции кальция и фосфата, нарушения секреции половых гормонов (нарушение менструации, гирсутизм, импотенция), васкулит
Редко
- риск тромбоза вследствие свертывания крови
- изменения функции щитовидной железы
- при церебральной малярии состояние комы может продлиться, слабоумие.
- высокий риск разрушения роговой оболочки глаза при одновременной герпесной инфекции глаз (ввиду маскировки этой инфекции), глаукома (длительное лечение препаратом перорально).
Очень редко
- кетоацидоз и гиперосмолярная кома, проявление латентного гиперпаратиреоза, ускорение развития порфирии
- синдром лизиса опухоли
- проявление латентной эпилепсии, псевдоопухоль головного мозга (доброкачественная внутричерепная гипертензия с такими симптомами, как головная боль, неясное зрение и нарушения зрения)
- экзофтальм (после длительного перорального лечения препаратом)
- кардиомиопатия с повышением риска снижения минутного объема сердца, аритмия вследствие гипокалиемии
- панкреатит после длительного лечения высокими дозами
-эпидермальный некролиз, синдром Стивен-Джонсона
рецептурные
Емдеуді бастар алдында (емдеу үдерісінде жағдайдың ургенттілігіне байланысты мүмкін болмағанда) пациент ықтимал қарсы көрсетілімдерді анықтау тұрғысында тексерілуі тиіс. Клиникалық тексеру жүрек-қантамыр жүйесін зерттеуді, өкпені рентгенологиялық зерттеуді, асқазан мен он екі елі ішекті, несеп шығару жүйесін, көру мүшелерін; қан формуласын, қан плазмасындағы глюкоза және электролиттер мөлшерін қамтуы тиіс.
Преднизолонмен (әсіресе ұзаққа созылатын) емдеу кезінде окулистің бақылауы, артериялық қысымды, су-электролиттік теңгерім жағдайын, сондай-ақ, шеткері қан көрінісін және қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет.
Жағымсыз құбылыстарды азайту мақсатында организмге К+ түсуін (диета, калий препараттары) арттыру керек. Тағам ақуыздарға, дәрумендерге бай болуы, май, көмірсулар және ас тұзының мөлшерлері шектелуі тиіс.
Препараттың әсері гипотиреозы және бауыр циррозы бар пациенттерде күшейеді.
Препарат бұрыннан бар эмоционалдық орнықсыздықты немесе психоздық бұзылуларды күшейтуі мүмкін. Анамнезінде психоз көрсетілсе, преднизолонның жоғары дозаларын дәрігердің қатаң бақылауымен тағайындайды.
Демеуші ем кезіндегі стресс жағдайларында (мысалы, хирургиялық операциялар, жарақат немесе инфекциялық аурулар) глюкокортикостероидтарға қажеттіліктің жоғарылауымен байланысты препараттың дозасына түзету жүргізу керек. Күрт тоқтатқанда, әсіресе мұның алдында жоғары дозаларды қолданған жағдайда, «тоқтату» синдромы (анорексия, жүректің айнуы, мәңгіру, бұлшықет-қаңқаның жайылған ауыруы, жалпы әлсіздік) дамуы, сондай-ақ, преднизолонның тағайындалу себебінен ауру өршуі мүмкін.
Преднизолонмен емдеу кезінде тиімділігі (иммундық жауап) төмендейтін болғандықтан вакцинацияны жасамау керек.
Интеркурренттік инфекцияларды, сепсистік жағдайларда және туберкулезде преднизолонды тағайындай отырып, бактерицидтік әсері бар антибиотиктермен бір мезгілде ем жүргізу қажет.
Сүйек-буын жүйесіне рентгенологиялық бақылау (омыртқаның, қол басы сүйектерінің суреттері) керек.
Преднизолон 11- және 17-оксикетокортикостероид метаболиттерінің мөлшерін арттырады.
Склеродермиялық бүйректік криз (жедел склеродермиялық нефропатия)
Жүйелік склеродермиясы бар пациенттер преднизолонды тәуліктік 15 мг және одан көбірек дозада күн сайын қабылдағанда, артериялық гипертензиямен және диурездің төмендеуімен бірге склеродермиялық бүйректік криздің (өліммен аяқталуы мүмкін) даму жағдайлары жиілігінің артуы байқалатындықтан, сақтық таныту қажет. Артериялық қысымды және бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы) белгіленген тәртіппен бақылау керек. Бүйректік кризге күдіктенгенде артериялық қысымды өте мұқият бақылау қажет.
Егде жаста пайдалану
Жүйелі кортикостероидтардың таралған жағымсыз әсерлері егде жаста өте күрделі салдарларымен, әсіресе остеопорозбен, гипертониямен, гипокалиемиямен, диабетпен, инфекцияға ұшыраумен және терінің жұқаруымен байланысты болуы мүмкін. Өмірге қауіп төндіретін реакцияларға жол бермеу үшін мұқият клиникалық бақылау қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек және несеп шығару жолдарының жасырын инфекциялық аурулары бар пациенттерде Преднизолон лейкоцитурияны туындатуға қабілетті, мұның диагностикалық маңызы болуы мүмкін.
Қант диабеті
Қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза мөлшерін бақылау және қажет болған жағдайда емге түзету енгізу керек.
Қосымша заттар
Қосымша заттардың құрамында 1 мл препаратта 259.376 мг мөлшерде пропиленгликоль бар, алкогольдің әсеріне ұқсас әсерлер туындауы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Преднизолонмен ұзақ емдеген кезде балаларда бойдың өсуі мен даму динамикасын мұқият бақылау қажет. Емделу кезеңінде қызылшаға, желшешекке шалдыққан пациенттермен қарым-қатынаста болған балаларға профилактикалық мақсатта спецификалық иммуноглобулиндерді тағайындайды.
Бүйрекүсті бездері функциясының жеткіліксіздігі кезінде, минералокортикоидтық әсерінің әлсіздігі салдарынан, алмастыру емі үшін преднизолонның минералокортикоидтармен біріктірілімін пайдаланады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде (әсіресе І триместрде) өмірлік көрсетілімдері бойынша ғана қолданады.
Жүктілік кезеңінде ұзақ емдегенде шаранада өсудің бұзылуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Жүктіліктің ІІІ триместрінде қолданған жағдайда шаранада бүйрекүсті безі қыртысы атрофиясының туындау қаупі бар, ол жаңа туған нәрестеде алмастыру емін жүргізуді қажет етуі мүмкін.
Бала емізу
Преднизолон аздаған мөлшерде емшек сүтімен бөлініп шығады. Дегенмен, преднизолонның күніне 40 мг дейінгі дозаларының балада жүйелі әсерлерді туындатуы екіталай. Лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда, анасы үшін емдеудің күтілетін пайдасын және бала үшін қаупін мұқият салыстыру керек. Емшектегі нәрестені қадағалау ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобильді жүргізу және техникамен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Перед началом лечения (при невозможности из-за ургентности состояния - в процессе лечения) больной должен быть обследован на предмет выявления возможных противопоказаний. Клиническое обследование должно включать исследование сердечно-сосудистой системы, рентгенологическое исследование легких, исследование желудка и двенадцатиперстной кишки, системы мочевыделения, органов зрения; контроль формулы крови, содержания глюкозы и электролитов в плазме крови.
Во время лечения Преднизолоном (особенно длительного) необходимо наблюдение окулиста, контроль артериального давления, состояния водно-электролитного баланса, а также картины периферической крови и уровня глюкозы крови.
С целью уменьшения побочных явлений следует увеличить поступление К+ в организм (диета, препараты калия). Пища должна быть богатой белками, витаминами, с ограничением содержания жиров, углеводов и поваренной соли.
Действие препарата усиливается у больных с гипотиреозом и циррозом печени.
Препарат может усиливать существующие эмоциональную нестабильность или психотические нарушения. При указании на психозы в анамнезе Преднизолон в высоких дозах назначают под строгим контролем врача.
В стрессовых ситуациях во время поддерживающего лечения (например, хирургические операции, травма или инфекционные заболевания) следует провести коррекцию дозы препарата в связи с повышением потребности в глюкокортикостероидах. При внезапной отмене, особенно в случае предшествующего применения высоких доз, возможно развитие синдрома «отмены» (анорексия, тошнота, заторможенность, генерализованные мышечно-скелетные боли, общая слабость), а также обострение заболевания, по поводу которого был назначен Преднизолон.
Во время лечения Преднизолоном не следует проводить вакцинацию в связи со снижением ее эффективности (иммунного ответа).
Назначая Преднизолон при интеркуррентных инфекциях, септических состояниях и туберкулезе, необходимо одновременно проводить лечение антибиотиками бактерицидного действия.
У больных сахарным диабетом следует контролировать содержание глюкозы крови и при необходимости корригировать терапию.
Показан рентгенологический контроль за костно-суставной системой (снимки позвоночника, кисти).
У больных с латентными инфекционными заболеваниями почек и мочевыводящих путей Преднизолон способен вызвать лейкоцитурию, что может иметь диагностическое значение.
Преднизолон повышает содержание метаболитов 11- и 17-оксикетокортикостероидов.
Применение в педиатрии
У детей во время длительного лечения Преднизолоном необходимо тщательное наблюдение за динамикой роста и развития. Детям, которые в период лечения находились в контакте с больными корью или ветряной оспой, профилактически назначают специфические иммуноглобулины.
Вследствие слабого минералокортикоидного эффекта для заместительной терапии при надпочечниковой недостаточности Преднизолон используют в комбинации с минералокортикоидами.
Беременность и период лактации
При беременности (особенно в I триместре) применяют только по жизненным показаниям.
При длительной терапии в период беременности не исключена возможность нарушения роста плода. В случае применения в III триместре беременности существует опасность возникновения атрофии коры надпочечников у плода, что может потребовать проведения заместительной терапии у новорожденного.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат не оказывает влияния на способность водить автомобиль и работать с техникой.
Организмде глюкокортикостероидтар концентрациясының тез жоғарылауын қажет ететін ургенттік жағдайларда
- шок жағдайларында (күйіктік, жарақаттық, операциялық, уытты)
- тамырды тарылтатын дәрілер, плазма алмастырғыш препараттар және басқа да симптоматикалық ем тиімсіз болғанда
- аллергиялық реакцияларда (ауыр жедел түрлері), гемотрансфузиялық шокта, анафилаксиялық шокта, анафилактоидтық реакцияларда
- мидың ісінуінде (соның ішінде ми ісіктері аясында немесе хирургиялық араласыммен, сәулелік еммен немесе бас жарақатымен байланысты)
- бронх демікпесінде (ауыр түрі), демікпелік статуста
- дәнекер тінінің жүйелі ауруларында (жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық артрит)
- бүйрекүсті бездері функциясының жедел жеткіліксіздігінде
- тиреоуыттық кризде
- жедел гепатитте, бауырлық комада
- қабыну құбылыстарын азайту және тыртықтанып тарылулардың алдын алу үшін (қышқылдармен және сілтілермен уланғанда)
Ургентные состояния, требующие быстрого повышения концентрации глюкокортикостероидов в организме
- шоковые состояния (ожоговый, травматический, операционный, токсический)
- при неэффективности сосудосуживающих средств, плазмозамещающих препаратов и другой симптоматической терапии
- аллергические реакции (острые тяжелые формы), гемотрансфузионный шок, анафилактический шок, анафилактоидные реакции
- отек мозга (в т.ч. на фоне опухоли мозга или связанный с хирургическим вмешательством, лучевой терапией или травмой головы)
- бронхиальная астма (тяжелая форма), астматический статус
- системные заболевания соединительной ткани (системная красная волчанка, ревматоидный артрит)
- острая надпочечниковая недостаточность
- тиреотоксический криз
- острый гепатит, печеночная кома
- уменьшение воспалительных явлений и предупреждение рубцовых сужений (при отравлении кислотами и щелочами)
Өмір сүру көрсетілімдері бойынша қысқа мерзімде қолдану үшін жалғыз ғана қарсы көрсетілім төмендегі болып табылады.
- преднизолонға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Ұзақ уақыт емдегенде:
Преднизолонның вена ішіне енгізілетін басқа препараттармен фармацевтикалық үйлесімсіздігі болуы мүмкін - оны басқа препараттардан бөлек (вена ішіне болюсті түрде, немесе екінші ерітінді ретінде басқа тамызғыш арқылы) енгізу ұсынылады. Преднизолон ерітіндісін гепаринмен араластырғанда тұнба түзіледі.
Преднизолонды мыналармен бір мезгілде тағайындау:
Ближайшие к вам пункты доставки в Астане вы можете посмотреть здесь.
Цены на Преднизолон в других городах
Преднизолон в Алматы, Преднизолон в Уральске, Преднизолон в Актау, Преднизолон в Усть-Каменогорске, Преднизолон в Шымкенте, Преднизолон в Караганде
-АДЖИО ФАРМАЦЕВТИКАЛЗ ЛТД.
Страна производитель: Индия
-Гедеон Рихтер ОАО
Страна производитель: Венгрия
-ЛАБАРАТОРИЗ СОФАРТЕКС
Страна производитель: Франция