-Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна производитель: Индия
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, 20 мг
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 20.0 мг лефлуномид,
қосымша заттар:
Элафра является базовым противоревматическим препаратом, модифицирующим течение болезни, с антипролиферативным действием. Активный метаболит лефлуномида - А771726 - ингибирует фермент дигидрооротатдегидрогеназу и обладает антипролиферативной активностью. А771726 in vitro тормозит, вызванную митогенами, пролиферацию и синтез ДНК и РНК в лимфоцитах. Антипролиферативная активность А771726 проявляется, по-видимому, на уровне биосинтеза пиримидина, поскольку добавление в клеточную культуру уридина устраняет тормозящее действие метаболита А771726. С использованием радиоизотопных лигандов показано, что А771726 избирательно связывается с ферментом дегидрооротат дегидрогеназой, чем объясняется его свойство тормозить этот фермент и пролиферацию лимфоцитов на стадии G1. Одновременно А771726 тормозит экспрессию рецепторов к интерлейкину-2 и антигенов ядра Ki-67 и PCNA, связанных с клеточным циклом.
Терапевтический эффект Элафры очевиден через 1 месяц, стабилизируется к 3-6 месяцу и сохраняется в течение всего курса лечения.
Результаты эффективности 20 мг поддерживающей дозы Элафры более благоприятны, но результаты безопасности свидетельствуют в пользу поддерживающей дозы 10 мг/день.
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- лейкопения (қандағы лейкоциттер саны 2 г/л)
- әлсіз айқын аллергиялық реакциялар
- креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы
- парестезия, бас ауыруы, бас айналуы, шеткері нейропатия
- артериялық қысымның әлсіз айқын жоғарылауы
- микроскопиялық колитті қоса, колит, мысалы, лимфоцитарлы колит, коллагенозды колит, диарея, жүрек айну, құсу, ауыз қуысы шырышты қабығының тарапынан бұзылулар (мысалы, афтозды стоматит, ауыз қуысында ойық жараның түзілуі), іштің ауыруы
- бауырдың функционалды көрсеткіштері мәнінің жоғарылауы (трансаминазалардың, (әсіресе, АЛТ), сирек - гамма-ГТ, сілтілік фосфатаза, билирубин)
- шаш түсуінің күшеюі, экзема, бөртпе (оның ішінде макулопапулезді бөртпе), қышыну, терінің құрғауы
- тендосиновит
- анорексия, дене салмағының төмендеуі (әдетте елеусіз), астения.
Жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ге дейін)
- анемия, әлсіз айқын тромбоцитопения (тромбоциттер саны <100 г/л)
- гипокалиемия, гиперлипидемия, гипофосфатемия
- үрей
- дәмнің бұзылуы
- есекжем
- сіңірлердің үзілуі.
Сирек (<1/10000-ден < 1/1000-ға дейін)
- өліммен аяқталуы мүмкін сепсисті қоса, ауыр инфекциялар
- панцитопения, лейкопения (қандағы лейкоциттер саны <2 г/л), эозинофилия
- қандағы лактатдегидрогеназа (ЛДГ) деңгейінің жоғарылауы
- артериялық қысымның қатты айқын жоғарылауы
- өліммен аяқталуы мүмкін өкпенің интерстициальді ауруы (интерстициальді пневмонитті қоса)
- гепатит, сарғаю/холестаз.
Өте сирек (<1/10000)
- агранулоцитоз
- ауыр анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар, терінің некроздаушы васкулитін қоса, васкулит
- панкреатит
- бауырдың ауыр зақымдануы, мысалы, бауыр жеткіліксіздігі және өлімге әкелуі мүмкін жедел бауыр некрозы
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- гипоурикемия
- өкпе гипертензиясы
- тері қызыл жегі, пустулезді псориаз немесе псориаз симптомдарының нашарлауы, эозинофилия және жүйелік симптомдары (DRESS) бар дәрілік реакция, терінің ойық жарасы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- шауһат сұйықтығы концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы санының және олардың қозғалғыштығының елеусіз (қайтымды) төмендеуі.
- гипоурикемия
- почечная недостаточность
- обратимое снижение концентрации спермы, общего числа и быстрой поступательной подвижности сперматозоидов
- риск развития злокачественных новообразований
Очень часто (1-10%)
- лейкопения (число лейкоцитов 2?109/л)
- аллергические реакции
- потеря аппетита, диарея, тошнота, рвота, боль в животе
- незначительная потеря веса
- усталость (слабость)
- головная боль, головоружение
- парестезии
- умеренное повышение артериального давления
- эрозивно-язвенные поражения слизистой оболочки полости рта
- повышение показателей печёночной функции (трансаминаз, особенно, АЛТ, реже – гамма-глутамилтрансфераза (гамма - ГТ), щелочной фосфатазы, билирубина
- повышение уровня креатинфосфокиназы (КФК)
- усиленное выпадение волос, экзема, сухость кожи, сыпь, зуд
- тендовагинит, разрыв сухожилий
Часто (0,1-1%)
- уменьшение числа эритроцитов и тромбоцитов (число тромбоцитов 100 ?109/л)
- снижение уровня калия, фосфатов в крови
- беспокойство, повышенная тревожность
- нарушение вкусовых ощущений
- крапивница
- повышение уровня холестерина, триглицеридов в крови
Редко (0,01-0,1%)
- эозинофилия, лейкопения, панцитопения
- тяжёлая форма повышения артериального давления
- печёночная недостаточность (гепатит, холестаз, желтуха), острый некроз печени, которые могут приводить к летальному исходу
- повышение восприимчивости к инфекциям, в т.ч. оппортунистическим (в частности, ринит, бронхит и пневмония), а также тяжёлые инфекции, в том числе сепсис с возможным летальным исходом
- интерстициальная болезнь лёгких, в том числе интерстициальный пневмонит, с возможным летальным исходом. Кашель и одышка могут служить основанием для отмены терапии и проведения дальнейшего обследования
Очень редко (0,001% и менее)
- агранулоцитоз
- тяжелые аллергические реакции, синдром Стивенса-Джонсона, токсиче-ский эпидермальный некролиз, мультиформная эритема
- васкулит
- периферическая нейропатия
- панкреатит
рецептурные
Гепатоуытты немесе гематоуытты АТАРП (мысалы, метотрексат) бар Элафра препаратын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Лефлуномидтің белсенді метаболиті (A771726) ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне иеленген, ол әдетте бірден төрт аптаға дейінді құрайды. Ауыр жағымсыз реакциялар (мысалы, гепатоуыттылық, гематоуыттылық немесе аллергиялық реакциялар, төменнен қараңыз) лефлуномидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағымсыз реакциялар дамыған кезде немесе А771726 организмнен шығару қажет болған жағдайда «шайып кетіру» емшарасын жүргізу керек. Емшараны клиникалық көрсеткіштер бойынша қайта жүргізуге болады.
«Шайып кетіру» емшаралары және қалаған немесе байқаусызда жүктілік кезінде ұсынылатын басқа әрекеттер үшін «Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз.
Бауыр тарапынан реакциялар
Лефлуномидпен емдеу кезінде бауырдың ауыр зақымдануының сирек жағдайлары, соның ішінде өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Бұл жағдайлардың көпшілігі емдеудің алғашқы алты айында тіркелген. Пациенттер бір мезгілде басқа гепатоуытты препараттарды жиі қабылдаған. Элафра препаратын қолданған кезде пациенттерді мониторингілеу бойынша ұсыныстарды қатаң сақтау қажет.
Қандағы АЛТ (СГПТ) деңгейін лефлуномидпен емдеуді бастамас бұрын және емдеудің алғашқы алты айында, содан кейін әр 8 апта сайын толық қан талдауымен (екі апта сайын) бірдей жиілікте бақылау қажет.
Егер қандағы АЛТ (СГПТ) концентрациясы қалыпты мәндердің жоғарғы шегенін 2-ден 3 есеге дейін асып кетсе, лефлуномид дозасын 20 мг-ден 10 мг-ге дейін төмендету мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру керек, бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсетілімдерге апта сайын мониторинг жүргізу қажет. Егер қандағы АЛТ (СГПТ) концентрациясының мәндері қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен 2 еседен астам тұрақты асып кетсе немесе қандағы АЛТ деңгейі қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен 3 еседен астам асып кетсе, лефлуномидпен емдеуді тоқтатып, «шайып кетіру» емшарасын бастау керек. Лефлуномидті тоқтатқаннан кейін қандағы бауыр ферменттерінің деңгейін олар қалыпқа келгенге дейін бақылау ұсынылады
Ықтимал аддитивті гепатоуытты әсерге байланысты пациенттерге лефлуномидпен емдеу кезінде алкогольді тұтынудан ұстану ұсынылады.
Лефлуномидтің А771726 белсенді метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары болғандықтан және бауыр метаболизмі және өт секрециясы арқылы шығарылатындықтан, гипопротеинемиясы бар пациенттерде қан плазмасындағы А771726 концентрациясы жоғарылауы мүмкін деп болжануда. Элафра препаратын қолдану ауыр гипопротеинемиясы немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
Гематологиялық реакциялар
Қандағы АЛТ деңгейімен бірге лефлуномидпен емдеуді бастамас бұрын, сондай-ақ емдеудің алғашқы алты айында әр 2 апта сайын, содан кейін әр 8 апта сайын лейкоциттік формуласы мен тромбоциттер санын анықтауды қоса, толық жалпы қан талдауын бақылау қажет.
Бұрыннан анемиясы, лейкопениясы және/немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерде, сүйек кемігі функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе сүйек кемігі функциясының бәсеңдеу қаупі бар пациенттерде гематологиялық бұзылулардың пайда болу ықтималдығы артады. Мұндай бұзылулар пайда болған кезде қан плазмасындағы А771726 деңгейін төмендету үшін «шайып кетіру» емшарасын жүргізу керек.
Панцитопенияны қоса, ауыр гематологиялық жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда Элафра препаратын және кез келген қатарлас миелосупрессиялық емдеуді пайдалануды тоқтатып, «шайып кетіру» емшарасын жүргізуді бастау қажет.
Басқа препараттармен бірге қолдану
Лефлуномидті ревматизмдік ауруларды емдеу кезінде пайдаланылатын безгекке қарсы препараттармен (мысалы, хлорохин және гидроксихлорохин), алтын препараттарымен (пероральді түрлері және бұлшықет ішіне енгізуге арналған түрлері), D-пеницилламинмен, азатиопринмен және альфа ісік некрозы факторының тежегіштерін қоса, басқа иммуносупрессиялық препараттармен қолдану осы уақытқа дейін рандомизацияланған зерттеулерде (метотрексатты қоспағанда) жеткілікті зерттелмеген. Біріктірілген, әсіресе ұзақ мерзімді еммен байланысты қауіп белгісіз. Элафра препаратын басқа АТАРП (мысалы, метотрексат) бірге пайдалану ұсынылмайды, себебі бұл аддитивті немесе синергиялық уытты әсерге (мысалы, гепатоуыттылық немесе гематоуыттылық) әкелуі мүмкін.
Терифлуномидті лефлуномидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені лефлуномид терифлуномидтің ізашары болып табылады.
Басқа препараттармен емге ауысу
Лефлуномид организмде ұзақ уақыт бойы болғандықтан, «шайып кетіру» емшарасынсыз басқа АТАРП (мысалы, метотрексат) еміне ауысқанда, ауысқаннан кейін ұзақ уақыт өткеннен кейін де (мысалы, фармакокинетикалық өзара әрекеттесу, органоуыттылық) аддитивті қауіптердің ықтималдығы артуы мүмкін.
Сол сияқты, гепатоуытты немесе гематоуытты препараттармен (мысалы, метотрексат) алдыңғы емдеу кезінде лефлуномидті қабылдау аясында жағымсыз реакциялар саны артуы мүмкін, сондықтан лефлуномидпен емдеуді бастамас бұрын дәрілік затты пайдаланумен байланысты пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет, сондай-ақ ауысудан кейінгі бастапқы кезеңде пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Тері реакциялары
Ойық жаралы стоматит дамыған жағдайда лефлуномидті қабылдауды тоқтату керек. Лефлуномидпен ем қабылдаған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Жоғарыда көрсетілген ауыр реакциялардың даму қаупімен байланысты тері реакциялары және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда, Багеда препаратын пайдалануды тоқтату және осындай реакцияларды тудыруы мүмкін кез келген басқа ем қажет, сондай-ақ «шайып кетіру» емшарасын жүргізуді дереу бастау керек. Мұндай жағдайларда дәрілік затты организмнен толығымен шығару керек. Мұндай жағдайларда лефлуномидті қайта пайдалануға болмайды.
Пустулезді псориаздың пайда болу жағдайлары және лефлуномидті қолданғаннан кейін псориаз симптомдарының нашарлауы туралы хабарланды. Мұндай жағдайларда пациенттің жағдайын және оның анамнезін ескере отырып, емдеуді тоқтату мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру керек.
Лефлуномидпен емдеу кезінде пациенттерде терінің ойық жаралары пайда болуы мүмкін. Лефлуномидпен байланысты терінің ойық жарасына күдік болса немесе егер тиісті емге қарамастан тері нің ойық жаралары сақталса, лефлуномидті қабылдауды тоқтатуды және толық «шайып кетіру» емшарасын қарастырған жөн. Терінің ойық жараларынан кейін лефлуномидпен емдеуді қалпына келтіру туралы шешім жараның адекватты жазылуын клиникалық бағалауға негізделуі тиіс.
Инфекциялар
Лефлуномид сияқты иммуносупрессиялық қасиеттері бар препараттарды қолданғанда пациенттер оппортунистік инфекцияларды қоса, инфекцияларға едәуір сезімтал болуы мүмкін екені белгілі. Инфекциялық аурулардың ағымы едәуір ауыр болуы мүмкін, сондықтан ерте және қарқынды емдеуді қажет етеді. Ауыр бақыланбайтын инфекциялық аурудың дамуы кезінде лефлуномидпен емдеуді тоқтату және «шайып кетіру» емшарасын жүргізу қажет болуы мүмкін.
Лефлуномидті және басқа иммуносупрессанттарды қабылдаған пациенттерде Үдемелі Көп ошақты Лейкоэнцефалопатияның (ҮКЛ) пайда болуының сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Элафра препаратымен емдеуді бастамас бұрын барлық пациенттер жергілікті ұсыныстарға сәйкес туберкулездің белсенді және белсенді емес («жасырын») түріне тексеруден өтуі тиіс. Ол анамнез жинауды, туберкулезбен ауыратын науқастармен мүмкін болатын бұрынғы байланыстар туралы есептерді және/немесе тиісті скринингті, мысалы, өкпені рентгенологиялық тексеру, туберкулин сынамасы және/немесе нақты жағдайға байланысты гамма-интерферонның босап шығу тестін қамтуы мүмкін. Дәрігер, әсіресе ауруы ауыр пациенттерде немесе иммунитеті бұзылған пациенттерде терінің туберкулинді сынамаларының жалған теріс нәтижелерін алу қаупін ескеруі тиіс. Инфекцияның ықтимал реактивациясына байланысты анамнезінде туберкулезі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Тыныс алу ағзалары тарапынан реакциялар
Лефлуномидпен емдеу кезінде өкпенің интерстициальді ауруының пайда болуы және өкпе гипертензиясының дамуының сирек жағдайлары туралы хабарланды. Бұл аурулардың пайда болу қаупі анамнезінде өкпенің интерстициальді ауруы бар пациенттерде артуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруы емдеу кезінде жедел түрде пайда болуы мүмкін потенциалды өлімге әкелетін ауру болып табылады. Жөтел және ентігу сияқты өкпе симптомдары емді тоқтатуға және қажет болған жағдайда әрі қарай тексеруге себеп болуы мүмкін.
Шеткері нейропатия
Лефлуномид қабылдаған пациенттерде шеткері нейропатияның даму жағдайлары туралы хабарланды. Дәрілік затты пайдалануды тоқтатқаннан кейін пациенттердің көпшілігінде жағдай жақсарды. Дегенмен, аурудың соңғы нәтижесі елеулі дәрежеде ауытқыды, яғни кейбір пациенттерде нейропатия жоғалды, ал кейбіреулерінде тұрақты симптомдар сақталды. 60 жастан асқан егде жастағы пациенттерде, бір мезгілде нейроуытты препараттарды қабылдайтын пациенттерде және қант диабеті бар пациенттерде шеткері нейропатияның пайда болу қаупі жоғарылауы мүмкін. Лефлуномидпен ем қабылдап жүрген пациентте шеткері нейропатия дамыған жағдайда дәрілік затты қабылдауды тоқтату және «шайып кетіру» емшарасын жүргізу туралы мәселені қарастырған жөн.
Колит
Лефлуномид қабылдаған пациенттерде микроскопиялық колитті қоса, колиттің даму жағдайлары туралы хабарланды. Лефлуномидті пайдалану аясында түсініксіз созылмалы диарея байқалатын пациенттерде тиісті диагностикалық тексеру жүргізу қажет.
Артериялық қысым
Лефлуномидпен емдеуді бастамас бұрын және емдеу барысында пациенттерде мезгіл-мезгіл артериялық қысымды бақылау қажет.
Ұрпақты көбейту (ерлерге арналған ұсыныстар)
Еркек пациенттер дәрілік заттың шаранаға уытты әсері туралы білуі тиіс, бұл ерлер организміне байланысты; олар лефлуномидпен емдеу кезінде контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы керек.
Ерлердің организміне байланысты дәрілік заттың шаранаға уытты әсерінің қаупіне қатысты спецификалық деректер жоқ. Осы спецификалық қауіпті бағалауға мүмкіндік беретін жануарларға зерттеулер жүргізілген жоқ. Баланың әкесі болғысы келетін ер адамдар потенциалды қауіпті азайту үшін лефлуномидпен емдеуді тоқтатып, 11 күн бойы тәулігіне 3 рет 8 г дозада колестирамин немесе 11 күн бойы тәулігіне 4 рет 50 г дозада белсендірілген көмір ұнтағын қабылдауы керек.
Жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгенінде кейіннен қан плазмасындағы А771726 концентрациясын бірінен соң бірі екі өлшеу жүргізу керек (екінші өлшеу кем дегенде 14 күннен кейін жүргізілуі керек). Егер екі өлшеудегі қан плазмасындағы А771726 концентрациясының мәндері 0.02 мг/л кем болса, онда кем дегенде үш айлық күту кезеңінен кейін шарана уытты әсер ету қаупі өте төмен болып табылады.
«Шайып кетіру» емшарасы
Колестираминді 8 г дозада тәулігіне 3 рет пайдаланады. Баламалы нұсқа тәулігіне 4 рет 50 г дозада белсендірілген көмір ұнтағын қолдану болып табылады. Толық «шайып кетіру» емшарасының ұзақтығы, әдетте, 11 күнді құрайды, ол клиникалық немесе зертханалық көрсеткіштерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Қандағы иондалған кальций деңгейін анықтаудағы зерттеу нәтижелеріне әсері
Қандағы иондалған кальций деңгейін өлшеу кезінде пайдаланылатын иондалған кальций анализаторының түріне байланысты лефлуномидпен және/немесе терифлуномидпен (лефлуномидтің белсенді метаболиті) емдеу кезінде жалған төмен көрсеткіштер байқалуы мүмкін (мысалы, қан газының анализаторы). Осы себепті лефлуномидпен немесе терифлуномидпен емдеу кезінде пациенттердегі қандағы иондалған кальций концентрациясының алынған төмен мәндерінің сенімділігі күмән тудыруы мүмкін. Өлшеу нәтижелері күмән тудыратын жағдайларда, жалпы альбумин бойынша түзетілген қан сарысуындағы кальций концентрациясын анықтау ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Элафра препаратын қолдану 18 жасқа дейінгі балаларда ұсынылмайды, өйткені оның ювенильді ревматоидты артрит (ЮРА) кезінде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Элафра құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (Лапп)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлық дәрежесі жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Лефлуномид А771726 белсенді метаболиті жүктілік кезеңінде пайдаланған кезде ауыр туа біткен ақауларды тудырады деп болжануда. Жүкті әйелдерде Элафра препаратын қолдануға болмайды
Бала тууға қабілетті әйелдер контрацепцияның тиімді әдістерін препаратпен емдеу кезінде және ол аяқталғаннан кейін екі жылға дейін немесе ол аяқталғаннан кейін 11 күнге дейін пайдаланылуы тиіс.
Пациенттерге етеккірдің кешігуі басталғаннан кейін немесе жүктіліктің басталуын болжауға басқа себеп болса, олар дереу дәрігерге хабарлауы және жүктілікке тест өткізуі керек; егер жүктілікке тест нәтижесі оң болса, дәрігер пациентпен осы жүктіліктің потенциалды қауіптерін талқылауы тиіс. Төменде сипатталған етеккірдің кешігуінің алғашқы белгілерінде дәрілік затты организмнен шығару емшарасы көмегімен қандағы белсенді лефлуномид метаболитінің концентрациясының тез төмендеуі мүмкін, бұл оның шаранаға әсер ету қаупін төмендетуі мүмкін.
Лефлуномидті қабылдайтын және жүкті болғысы келетін әйелдерде шарананың А771726 уытты концентрациясына (мақсатты концентрациясы 0.02 мг/л-ден төмен) ұшырамайтынын растау мақсатында төменде көрсетілген емшаралардың бірін жүргізу ұсынылады.
Күту кезеңі
Лефлуномидті ұзақ уақыт бойы қабылдаған кезде қан плазмасындағы А771726 концентрациясы 0.02 мг/л-ден жоғары болады деп күтуге болады. Концентрацияның 0.02 мг/л-ден төмен төмендеуі лефлуномидті қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2 жылдан кейін күтіледі.
Қан плазмасындағы А771726 концентрациясының алғашқы өлшеуі екі жылдық күту кезеңінен кейін жүргізіледі. Осыдан кейін қан плазмасындағы А771726 концентрациясын кем дегенде 14 күннен кейін қайта өлшеу қажет. Егер екі жағдайда да концентрация мәні 0.02 мг/л-ден төмен болса, тератогендік қауіп күтілмейді.
«Шайып кетіру» емшарасы
Лефлуномидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін төмендегілерді қабылдау керек:
Лефлуномид ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген:
- әсер етуші затқа (әсіресе, егер анамнезінде Стивенс-Джонсон синдромының, уытты эпидермальді некролиздің, мультиформалы эритеманың даму жағдайлары байқалса), негізгі белсенді метаболит терифлуномидке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ;
- бауыр функциясының бұзылуы;
- ауыр иммун тапшылығы жағдайлары (мысалы, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС));
- сүйек кемігі функциясының елеулі бұзылулары немесе айқын анемия, лейкопения, нейтропения немесе тромбоцитопения, олардың пайда болуы ревматоидты немесе псориаздық артритті қоспағанда, қандай да бір себептермен байланысты;
- ауыр инфекциялар;
- орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (клиникалық қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігі);
- ауыр гипопротеинемия (мысалы, нефроздық синдром кезінде);
- жүктілік, лефлуномидпен емдеу кезінде және одан кейін қан плазмасындағы белсенді метаболит концентрациясы 0.02 мг/л-ден асқанға дейін контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын бала тууға қабілетті әйелдер;
- бала емізу кезеңі.
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- печеночная недостаточность
- тяжелые иммунодефицитные состояния (в т.ч. СПИД)
- выраженные нарушения функции костного мозга или анемия, лей-копения, нейтропения, тромбоцитопения вследствие других причин (кроме ревматоидного или псориатического артрита)
- тяжелые инфекции
- умеренная или тяжелая почечная недостаточность
- тяжелая гипопротеинемия (в т.ч. при нефротическом синдроме)
- беременность, женщины детородного возраста, которые не применяют надёжных противозачаточных средств во время и после лечения Элафрой
- период грудного вскармливания
- детский и подростковый возраст до 18 лет
- наследственная непереносимость лактозы, галактозы, дефицит лактазы, синдром мальабсорбции глюкозы и галактозы
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.
Гепатоуытты немесе гематоуытты препараттарды бұрын немесе бір мезгілде пайдаланған кезде немесе бұл препараттарды қабылдауды «шайып кетіру» емшарасын жүргізусіз лефлуномидпен емдеуден кейін бастаған жағдайларда жағымсыз реакциялар саны артуы мүмкін.
Сондықтан бір препараттан екіншісіне ауысқаннан кейін емдеудің бастапқы кезеңінде қандағы бауыр ферменттерінің деңгейін және гематологиялық параметрлерді мұқият бақылау ұсынылады.
Метотрексат
Шағын зерттеуде (30 пациент) лефлуномидті (тәулігіне 10-20 мг) және метотрексатты (аптасына 10-25 мг) бір мезгілде қолданғанда 5 пациентте қандағы бауыр ферменттерінің деңгейі 2-3 есе жоғарылаған. Қандағы бауыр ферменттерінің концентрациясы барлық жағдайларда қалыпты мәндер деңгейіне дейін төмендеді:
Ближайшие к вам пункты доставки в Шымкенте вы можете посмотреть здесь.
Цены на Элафра в других городах
Элафра в Алматы, Элафра в Астане, Элафра в Уральске, Элафра в Актау, Элафра в Усть-Каменогорске, Элафра в Караганде
-Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна производитель: Индия