-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
10 мг, таблеткалар
Таблетки, 10 мг
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 10 мг лизиноприл (5,44 мг, 10,89 мг, 21,77 мг лизиноприл дигидраты түрінде),
қосымша заттар:
Диротон® относится к группе ингибиторов ангиотензин - превращающего фермента (АПФ), снижает уровень ангиотензина-II и альдостерона в плазме, одновременно повышая концентрацию вазодилататора брадикинина. Вызывает снижение периферической сопротивляемости сосудов и артериального давления, минутный объём сердца может увеличиться при неизменной частоте сердечных сокращений. Лизиноприл способен улучшать кровообращение в почках.
У пациентов с гипергликемией способствует нормализации функции поврежденного гломерулярного эндотелия.
Гипотензивное воздействие лизиноприла проявляется, как правило, в течение 1 часа после приема и достигает пика через 6 часов. Длительность действия зависит от дозы и составляет 24 часа. Гипотензивный эффект при длительном применении препарата уменьшается. При резкой отмене препарата не наблюдается больших перепадов артериального давления (синдром отмены).
Несмотря на то, что его основной эффект опосредован ренин-ангиотензин-альдостероновой системой, эффективность была подтверждена у пациентов, страдающих гипертензией с низким содержанием ренина в плазме.
Помимо непосредственного снижения кровяного давления Диротон® уменьшает альбуминурию за счёт изменений гистологии и гемодинамики гломерулярного аппарата почек. У больных с сахарным диабетом не наблюдалось колебаний уровня сахара крови, ни учащения гипогликемии
Сіңірілуі
Ішке қабылдағаннан кейін лизиноприлдің қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациялары шамамен 7 сағаттан соң байқалады, сонымен қатар, жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрацияларына жету уақытының болар-болмас ұзару үрдісі білінген. Несеппен шығарылуы туралы деректердің негізінде, лизиноприлдің сіңірілуінің орташа дәрежесі шамамен 25 % құрайды, ауытқымалылығы әр түрлі пациенттерде дозаларының зерттелген (5-тен 80 мг дейінгі) ауқымында 6-дан 60 %-ға дейін құрайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде лизиноприлдің абсолюттік биожетімділігі шамамен 16%-ға дейін төмендейді. Лизиноприлдің сіңірілуі ас ішуге тәуелсіз.
Таралуы
Лизиноприл, айналымдағы ангиотензинөзгертуші ферменттен (АӨФ) басқа, қан сарысуы ақуыздарымен байланыспайды. Егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулер, лизиноприлдің іс жүзінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейтіндігін көрсеткен.
Биоөзгерісі
Лизиноприл метаболизмге ұшырамайды.
Элиминациясы
Лизиноприл несеппен өзгеріссіз күйінде шығарылады. Лизиноприлді бірнеше рет қолданғанда жартылай шығарылуының тиімді кезеңі 12,6 сағатты құрайды. Лизиноприлдің клиренсі дені сау еріктілерде 50 мл/минутқа жуықты құрайды. Қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуінің терминалды фазасы ұзаққа созылады, ол препараттың организмде жинақталуына ықпал етпейді. Аталған терминалды фазасы, АӨФ-мен қаныққан және дозасына пропорционал емес байланысы болып табылуы ықтимал.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының бұзылуы бауыр циррозы бар пациенттерде лизиноприлдің сіңірілуінің төмендеуіне (несеппен шығарылуы жөніндегі деректерге сәйкес шамамен 30 %-ға) алып келеді, алайда, клиренсінің төмендеуіне байланысты, дені сау еріктілермен салыстырғанда, препараттың әсері жоғарылаған (шамамен 50 %-ға).
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуы бүйрек арқылы шығарылатын лизиноприлдің сіңірілуін төмендетеді, бірақ ол төмендеуі, шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 мл/минуттан азды құраған кезде ғана клиникалық тұрғыдан маңызды болады. Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі кезінде (креатинин клиренсі 30-дан 80 мл/минутқа дейін), AUC орташа мәні тек 13%-ға жоғарылайды, ал бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде (креатинин клиренсі 5-тен 30 мл/минутқа дейін) AUC орташа мәнінің 4,5 есе жоғарылағаны байқалады. Лизиноприл организмнен гемодиализ арқылы шығарылуы мүмкін. 4 сағат гемодиализден кейін лизиноприлдің қан плазмасындағы концентрациялары орташа алғанда 60 %-ға төмендеген, ал диализдік клиренсі 40-тан 55 мл/минутқа дейін құраған.
Жүрек жеткіліксіздігі
Дені сау еріктілермен салыстырғанда, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде лизиноприлдің қан плазмасындағы концентрациясы жоғары (AUC орташа алғанда 125%-ға жоғарылаған), бірақ, несеппен шығарылуы жөніндегі деректердің негізінде, оларда лизиноприлдің сіңірілуі дені сау еріктілермен салыстырғанда, шамамен 16%-ға төмендейді.
Егде жастағы пациенттер
Жастау пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы пациенттерде лизиноприлдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарырақ екендігі және «қан плазмасындағы концентрация - уақыт» қисығы астындағы ауданы мәндерінің жоғарырақ (шамамен 60 пайызға көп) екендігі байқалады.
Балалар
Лизиноприлдің фармакокинетикалық бейіні 6 жас пен 16 жас аралығындағы, артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген, шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 мл/минут/1,73 м2 болған 29 пациентте зерттелген. 0,1-ден 0,2 мг/кг дейінгі дозасын қабылдағаннан кейін лизиноприл қан плазмасындағы ең жоғарғы тепе - тең концентрациясына 6 сағат ішінде жеткен, ал сіңірілу дәрежесі, несеппен шығарылуы жөніндегі деректердің негізінде, 28%-ға жуықты құрады. Ол мәндер бұрын ересектерде алынған мәндерге ұқсас.
Бұл зерттеуде балалардағы AUC және Cmax мәндері ересектер үшін алынғандармен салыстырымды.
Фармакокинетика
Всасывание
Прием пищи не влияет на всасывание лизиноприла. При пероральном приеме лизиноприла пик концентрации в сыворотке достигается приблизительно через 7 часов. Средняя скорость всасывания лизиноприла составляет приблизительно 25 % при приеме дозы 5-80 мг. Вариабельность показателей между пациентами может составлять от 6 до 60 %. Абсолютная биодоступность лизиноприла уменьшается приблизительно до 16 % у пациентов с NYHA класса II-IV сердечной недостаточности.
Распределение
Кроме связывания с АПФ, лизиноприл не связывается с другими белками сыворотки крови. Лизиноприл в небольшой степени проникает через гематоэнцефалический барьер.
Выведение
Лизиноприл не подвергается метаболизму и выводится исключительно через почки в неизменном виде. После увеличения дозы эффективный период полураспада составляет 12,6 часов. Клиренс лизиноприла составляет приблизительно 50 мл/мин. После выведения значительного количества свободного активного вещества следует более медленное выведение фракции, связанной с АПФ.
Нарушение функции печени
У пациентов, страдающих циррозом печени, всасывание лизиноприла замедляется в зависимости от нарушения функции печени приблизительно на 30 % (как определено при выделении с мочой). С другой стороны, его выведение уменьшается и ведет к увеличению эффективности лизиноприла на 50 %.
Нарушение функции почек
Нарушение функции почек уменьшает выведение лизиноприла, который выводится через почки. Данное уменьшение имеет клиническое значение только в том случае, если уровень гломерулярной фильтрации составляет менее 30 мл/мин. Если клиренс креатинина составляет 30-80 мл/мин, средняя площадь под кривой увеличивается только на 13 %. Если клиренс креатинина составляет от 5 до 30 мл/мин, несмотря на это, средняя площадь под кривой увеличивается в 4,5 раз по сравнению с нормой. Лизиноприл может быть удален с помощью диализа.
Сердечная недостаточность
При наличии сердечной недостаточности воздействие лизиноприла увеличивается по сравнению со здоровыми пациентами (AUC увеличивается приблизительно на 25 %). С другой стороны, абсолютная биодоступность лизиноприла снижается приблизительно до 16 % у пациентов с сердечной недостаточностью.
Пожилые пациенты
У пожилых пациентов уровень лизиноприла как правило выше по причине нарушения функции почек; AUC приблизительно на 60 % выше, чем у более молодых пациентов.
Побочные эффекты носят, обычно, лёгкий и преходящий характер и лишь в редких случаях требуют прекращения лечения.
Часто (?1/100 до< 1/10)
- головокружение, головная боль, ортостатическая гипотония, слабость
- сухой кашель
- тошнота, рвота, диарея
- кожная сыпь
- боль в груди
- нарушение функции почек
Нечасто(?1/1000 до< 1/100)
- парестезия, вертиго, расстройство вкуса, изменение настроения, нарушение сна, нарушение мозгового кровообращения
- утомляемость, астения
- тахикардия, инфаркт миокарда
- диспепсия, боли в области живота
- реакции повышенной чувствительности с отёком лица, конечностей, губ,
языка, нёба и гортани, эритема, зуд
- воспаление слизистой оболочки носа
- болезнь Рейно
- импотенция
- гиперкалиемия, азотемия, повышение уровня креатинина, увеличение уровня мочевины в крови и активности трансаминаз печени
Редко(?1/10000 до< 1/1000)
- спутанное сознание
- сухость во рту
- крапивница, алопеция, псориаз
- гинекомастия
- повышение гематокрита, снижение уровня гемоглобина, увеличение уровня сывороточного билирубина, гипонатриемия
- уремия, почечная недостаточность
Очень редко(< 1/10000)
- аутоиммунное заболевание
- гипогликемия
- бронхоспазм, синусит, аллергический альвеолит, эозинофильная пневмония
- панкреатит, гепатоцеллюлярная или холестатическая желтуха, гепатит, печеночная недостаточность
- интестинальный ангионевротический отек
- повышенное потоотделение, пузырчатка, токсический эпидермальный некролиз, синдром Стивенса-Джонсона, полиморфная эритема, псевдолимфома кожи
- олигурия /анурия
- подавление деятельности костного мозга, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолитическая анемия, лимфаденопатия
Частота неизвестна
- обморок
- депрессия
Кожные реакции могут сопровождаться жаром, болями в мышцах, артралгией, васкулитом, эозинофилией, лейкоцитозом и/или положительной реакцией на антинуклеарные антитела. При развитии тяжелой кожной реакции следует прервать лечение лизиноприлом и незамедлительно обратиться к лечащему врачу.
рецептурные
Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сирек туындайды. Лизиноприлді қолдану аясындағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерде гиповолемия аясында, мысалы, диуретиктерді қолданғанда, диетада ас тұзы шектелгенде, диализ жүргізгенде, диарея немесе құсу кезінде, немесе ренинге тәуелді айқын гипертензия болған жағдайда, артериялық гипотензияның туындау ықтималдығы зор. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйректің қатарлас жеткіліксіздігі бар-жоқтығына қарамастан, симптоматикалық гипотензияның дамығаны байқалған. Симптоматикалық гипотензия дамуы жүректің ауырырақ жеткіліксіздігі бар, ілмектік диуретиктердің жоғарырақ дозалары пайдаланылатын, гипонатриемиясы немесе бүйрек функциясының жетіліксіздігі бар пациенттерде ықтималырақ. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі жоғары пациенттерде емдеудің басында немесе дозасын түзеткен кезде жағдайын мұқият бақылау қажет. Бұл жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлық аурулары бар, артериялық қысымның тым айқын төмендеуі миокард инфарктісіне немесе ми қанайналымының бұзылуына алып келуі мүмкін пациенттерге де қатысты.
Артериялық гипотензия туындаған жағдайда, пациентті көлденеңінен жатқызу керек, қажет болған жағдайда, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін вена ішіне құю ұсынылады. Өтпелі артериялық гипотензия, әдетте, препаратпен ары қарай емдеу үшін қарсы көрсетілім емес; ары қарай емдеу, әдетте, гиповолемияны түзетудің нәтижесінде артериялық қысымның толық қалпына келуінен кейін асқынуларсыз жүреді.
Жүрек жеткіліксіздігі бар және артериялық қысымы қалыпты немесе төмен кейбір пациенттерде лизиноприлді қолданғанда жүйелі артериялық қысым қосымша төмендеуі мүмкін. Бұл әсері күтілетін жағдай және емдеуді тоқтатуға себеп емес. Егер гипотензия клиникалық көріністерге әкеп соқтырса, онда Диротон препаратының дозасын төмендету немесе оны тоқтату көрсетілуі мүмкін.
Жедел миокард инфарктісі кезіндегі артериялық гипотензия
Жедел миокард инфарктісі дамыған жағдайда вазодилататорларды қолдану гемодинамика жағдайын едәуір нашарлатуы мүмкін (мысалы, егер систолалық артериялық қысым 100 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, немесе кардиогендік шок жағдайында) пациенттерге лизиноприлді тағайындауға болмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн ішінде, егер систолалық артериялық қысым 120 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, дозасын төмендету қажет. Егер систолалық артериялық қысым 100 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, демеуші дозаларын 5 мг дейін немесе уақытша 2.5 мг дейін төмендету керек. Тұрақты артериялық гипотензия (систолалық АҚ 1 сағаттан артық уақыт бойы 90 мм сн. бағ. төмен), жағдайында лизиноприлді тоқтатқан дұрыс.
Қолқа және митральді клапан стенозы / гипертрофиялық кардиомиопатия
АӨФ басқа тежегіштерін қолданғандағы сияқты, митральді клапан стенозы мен сол жақ қарыншаның шығар жолының обструкциясы бар пациенттерде, мысалы, қолқа клапанының стенозы немесе гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде лизиноприлді сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуы (КК <80 мл/мин) кезінде, лизиноприлдің бастапқы дозасы КК байланысты, ал содан соң пациенттің емге клиникалық жауабына байланысты таңдалуы тиіс. Қан сарысуындағы калий мөлшері мен креатинин концентрациясын дағдылы бақылау, ондай пациенттерді емдеудің стандартты медициналық тәжірибесінің бір бөлігі болып табылады.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін тағайындағаннан кейінгі артериялық гипотензия бүйрек функциясының ары қарай нашарлауына алып келуі мүмкін. Ондай жағдайда, бүйректің жедел, әдетте, қайтымды жеткіліксіздігі дамығаны туралы хабарланды.
Бүйрек артериясының екіжақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кейбір пациенттерде, қандағы мочевина мен қан сарысуындағы креатининнің әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды жоғарылауы білінді. Мұндай әсерінің туындау ықтималдығы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зор. Қатарлас реноваскулярлық гипертензия болған жағдайда, ауыр артериялық гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғарылай түседі. Ондай пациенттерде емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен, төмен дозаларын пайдалана отырып, және дозасын абайлап титрлей отырып бастау керек. Диуретиктер бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін болғандықтан, лизиноприлмен емдеудің алғашқы апталары ішінде оларды тоқтату және бүйрек функциясын бақылау керек.
Артериялық гипертензиясы бар, бүйрек қантамырларының қандай-да бір қатарлас аурулары жоқ кейбір пациенттерде, әсіресе, лизиноприл мен диуретикті бір мезгілде қолданғанда, қан сарысуындағы мочевина мен креатинин концентрациясының, әдетте, елеусіз және қысқамерзімді жоғарылағаны білінген. Мұндай әсерінің байқалу ықтималдығы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зор. Диуретиктің және/немесе лизиноприлдің дозасын төмендету және/немесе тоқтату қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының сарысудағы 177 мкмоль/л артық креатинин концентрациясы ретінде анықталатын бұзылуы бар және/немесе протеинурия 24 сағатта 500 мг асатын пациенттерде жедел миокард инфарктісі кезінде лизиноприлмен емдеуді бастамаған дұрыс. Емдеу кезінде бүйрек функциясының бұзылуы (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л жоғары немесе бастапқы деңгейімен салыстырғанда екі есе жоғары) туындаған жағдайда, дәрігер лизиноприлді тоқтату мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну
Сирек жағдайларда, лизиноприлді қоса, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін қолданғанда, беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі дамығаны туралы хабарланған. Ісіну емдеудің кез келген сәтінде дамуы мүмкін. Ондай жағдайда лизиноприлді дереу тоқтату қажет, пациент сәйкесінше ем қабылдауы және симптоматикасы толықтай басылғанға дейін стационарда медициналық қадағалауда болуы тиіс. Тіпті ісіну, тыныс алу функцияларының қатарлас бұзылуынсыз, тек тіл аймағында ғана пайда болған жағдайда да, пациентті ұзақ уақыт қадағалау қажет болуы мүмкін, өйткені антигистаминдік препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Аса сирек жағдайларда, көмейдің немесе тілдің ангионевроздық ісінуі дамуымен байланысты өлім жағдайлары туралы мәлімденген. Тіл, дауыс саңылауы немесе көмей қамтылған пациенттерде, әсіресе, анамнезінде тыныс жолдары аймағына жүргізілген хирургиялық араласым болған жағдайда, тыныс жолдарының обструкциясы қаупі жоғары. Ондай жағдайларда, адреналинді енгізуді және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін демеп тұруды қамтуы мүмкін шұғыл емдеу көрсетілген. Пациент симптомдары толықтай және тұрақты түрде басылғанға дейін қатаң медициналық қадағалауда болуы тиіс.
Ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері, басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиі туғызады.
Бұрын АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланыссыз ангионевроздық ісіну білінген пациенттерде АӨФ тежегішін қабылдағанда, ангионевроздық ісінудің даму қаупі зор болуы мүмкін.
Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылайтындығына байланысты, АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Құрамында сакубитрил бар препараттың алғашқы дозасы лизиноприлдің соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте қабылданбауы тиіс. Лизиноприлмен емдеуді сакубитрилдің/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастамау керек.
АӨФ тежегіштерін рацекадотрилом, ингибиторами mTOR (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус), сондай-ақ, вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісінудің (мысалы, тыныс алу жеткіліксіздігімен немесе онсыз, тыныс жолдарының немесе тілдің ісінуінің) даму қаупін арттыруы мүмкін. АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен, сондай-ақ, вилдаглиптинмен емдеуді сақтықпен бастау керек.
Гемодиализ жүргізілетін пациенттердегі анафилактоидтық реакциялар
Жоғары ағынды, өткізгіштігі жоғары (мысалы, AN69) диализ жарғақшаларын пайдаланып гемодиализ жүргізілетін және АӨФ тежегішін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердегі анафилактоидтық реакциялар туралы хабарланған. Ондай пациенттерде диализ жарғақшасының басқа түрінің немесе басқа класты гипотензиялық препараттың пайдаланылуына көңіл бөлу керек.
Тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі (ТТЛП) кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
Сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде, декстран сульфатын қолданып ТТЛП аферезін жүргізу кезінде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін. Егер әрбір аферез жүргізудің алдында АӨФ тежегішін қабылдау уақытша тоқтатылса, ондай реакциялардың алдын алуға мүмкіндік болған.
Десенсибилизация
Десенсибилизациялау (мысалы, жәндіктердің уы) кезінде, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде тұрақты анафилактоидтық реакциялар байқалады. Және осы пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеуді уақытша тоқтата тұрған жағдайда, аталған реакциялардың пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік болған, алайда олар осы препараттарды байқаусызда қабылдаған жағдайда, қайтадан пайда болған.
Бауыр жеткіліксіздігі
Аса сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерімен емдеу аясында холестаздық сарғаюдан басталған және фульминанттық некрозға дейін үдеген және (кейде) өлімге соқтырған синдром дамыған. Бұл синдромның даму механизмі зерттелмеген. Сарғаю белгілері пайда болған немесе «бауыр» ферменттерінің белсенділігі едәуір жоғарылаған жағдайда, лизиноприлмен емдеуді тоқтату керек, пациенттер тиісінше медициналық қадағалауда болуы тиіс.
Нейтропения/агранулоцитоз
АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия дамығаны туралы хабарланған. Бүйрек функциясы қалыпты, басқа ауырлататын факторларсыз пациенттерде нейтропения сирек дамиды. Нейтропения мен агранулоцитоз АӨФ тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылған. Лизиноприлді дәнекер тіндердің жүйелі аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ, иммуносупрессивтік ем, аллопуринол немесе прокаинамидті қабылдап жүрген немесе осы асқындыратын факторлар біріккен пациенттерде әсіресе, егер бүйрек функциясының бұзылуы да бар болса, аса сақтықпен қолдану керек. Ондай пациенттердің кейбіреулерінде ауыр инфекциялар дамыған, олар кей жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге жауап бермеген. Егер лизиноприл ондай пациенттерде қолданылса, онда лейкоциттер мөлшерін жүйелі түрде бақылау ұсынылады; бұдан өзге, пациенттерге кез келген инфекция белгілері туралы хабарлау қажеттілігін түсіндіру керек.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді қатарлас қолдану артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) қаупін арттыратыны туралы деректер алынды. АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолданудың есебінен РААЖ қосарлы блокадасы осы себепті ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада аса қажет болса, онда ондай емді дәрігердің қадағалауымен, бүйрек функциясын, электролиттер мөлшері мен артериялық қысымды жиі бақылай отырып жүргізу керек. Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен және ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен біріктірілген емді қолданбау керек.
Нәсіл
Ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштері басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиірек туғызады.
АӨФ басқа тежегіштерімен жағдайдағы сияқты, басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде лизиноприлдің артериялық қысымды төмендетуге қатысты тиімділігі аздау болуы мүмкін, бұған қара нәсілді, артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде ренин деңгейі төмен жағдайлар жиілігінің жоғарылығы түрткі болуы ықтимал.
Жөтел
АӨФ тежегіштерімен емдеу кезеңінде жөтел туындағаны туралы хабарланды. Жөтел, әдетте, құрғақ, тұрақты болған, және препаратты тоқтатқаннан кейін тыйылған. Жөтелдің дифференциалдық диагностикасы кезінде АӨФ тежегіштері индукциялайтын жөтелдің болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Хирургиялық араласым/анестезия
Ауқымды операциялық араласым жүргізілетін пациенттерде немесе артериялық гипотензияға алып келетін препараттармен жалпы анестезия кезінде, лизиноприл рениннің компенсаторлық лықсуынан кейін ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер жоғарыда келтірілген механизмнің нәтижесінде артериялық гипотензия дамыса, айналымдағы қан көлемін арттыра отырып түзету жүргізуге болады.
Гиперкалиемия
АӨФ тежегіштері қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауын туғызуы мүмкін, өйткені олар альдостеронның босап шығуын бөгейді. Әдетте, ондай әсері бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде клиникалық тұрғыдан елеусіз. Дегенмен, бүйрек функциясының бұзылулары, 2 типті қант диабеті бар пациенттерде немесе немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларды (соның ішінде, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар), калий жигнақтаушы диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид) қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ, қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауын туғызуға қабілетті басқа препараттарды (мысалы, гепарин, триметоприм немесе біріктірілген ко-тримаксазол препараты, сонымен қатар, триметоприм/сульфаметоксазол деген атаумен де белгілі, және, әсіресе, альдостерон, антагонистері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары) қабылдап жүрген пациенттерде, гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктер мен ангиотензин рецепторының блокаторлары АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, қан сарысуындағы калий мөлшері мен бүйрек функциясына жүйелі түрде бақылау жүргізу керек.
Қант диабеті бар пациенттер
Қант диабеті бар, гипогликемиялық препараттарды ішке қабылдап жүрген немесе инсулинді қабылдап жүрген пациенттерде, АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айы ішінде гликемияны мұқият бақылауды жүзеге асыру керек.
Литий препараттары
Әдетте, литий препараттары мен лизиноприлді бір мезгілде қабылау ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулерде препараттың тиімділігінің немесе қауіпсіздігінің жас шамасымен байланысты өзгерістері білінген жоқ. Егер егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендеген болса, онда бастапқы дозасын КК ескере отырып таңдау керек. Келесіде дозасын артериялық қысымның өзгеруіне байланысты түзету қажет.
Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер
Жуырда бүйрек трансплантациясын бастан өткреген пациенттерде Диротон препаратын қолдану тәжірибесі жоқ. Осы себепті, ондай пациенттерде Диротон препаратын қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 6 жастан асқан, артериялық гипертензиясы бар балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі, алайда, басқа көрсетілімдер кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Лизиноприлді балаларда басқа көрсетілімдер бойынша емес, тек артериялық гипертензияны емдеу үшін ғана қолдану ұсынылады.
Лизиноприлді 6 жасқа толмаған балаларда немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) дене беткейінің ауданына <30 мл/мин/1,73 м2) балаларда қолданбаған дұрыс.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің бірінші триместрі кезінде қолдану ұсынылмайды.
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің бірінші триместрі кезінде қабылдаумен байланысты тератогенділік қаупі туралы эпидемиологиялық деректер нақты сенімді емес, алайда, қауіптің аздап жоғарылайтындығын жоққа шығаруға болмайды. Егер АӨФ тежегішімен емдеуді жалғастыру қажет деп саналмаса, жүктілікті жоспарлап жүрген пациент әйелдерді жүктілік кезінде қолданылуының қауіпсіздік бейіні белгілі баламалы гипотензиялық дәрілерге көшіру керек. Жүктілік расталған жағдайда, АӨФ тежегішімен емдеуді дереу тоқтату, және қажет болған жағдайда, баламалы емді бастау керек.
Әйелдерде АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері кезінде қолдану фетоуыттылығы (бүйрек функциясының төмендеуі, су аздығы, бассүйектің сүйектенуінің баяулауы) мен неонатальді уыттылығын (бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалиемия) индукциялайтындығы белгілі. Егер АӨФ тежегіші жүктіліктің екінші триместрінен бастап қолданылса, бүйрек функциясы мен бассүйекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізу ұсынылады. Артериялық гипотензия дер кезінде анықталуы үшін, аналары АӨФ тежегіштерін қабылдаған нәрестелерді мұқият қадағалау ұсынылады.
Бала емізу
Қолжетімді апараттың жоқтығына байланысты, лизиноприлді емшек емізу кезінде қолдану ұсынылмайды. Әсіресе, жаңа туған нәрестелерді немесе шала туған балаларды емізгенде, қауіпсіздік бейіні анықталған баламалы препараттарды қолданған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде бас айналуының немесе шаршаудың дамуы мүмкіндігін ескеру керек.
Снижение артериального давления сопровождаемое симптоматической гипотензией может возникать у пациентов с гиповолемией и/или уменьшением объема межклеточной жидкости, возникающих в результате лечения мочегонными средствами, ограничения потребления пищевой соли и других форм потери жидкости (повышенное потоотделение, длительная рвота, диарея, диализ), а также в случае сердечной недостаточности. При возникновении гипотензии следует придать пациенту горизонтальное положение, в качестве обязательных мер рекомендовано внутривенное вливание жидкости (вливание физиологического раствора). Преходящая гипотензия, как правило, не является противопоказанием для дальнейшего лечения; тем не менее, может возникнуть необходимость во временном прекращении или снижение дозы.
По возможности, следует устранить гиповолемию и/или уменьшение объема межклеточной жидкости до начала лечения лизиноприлом и тщательно проконтролировать воздействие начальной дозы на артериальное давление. В случае нарушения мозгового кровообращения или ишемической болезни сердца резкое начальное падение артериального давления может быть причиной инсульта или инфаркта миокарда.
В случае развития острого инфаркта миокарда, запрещено применять лизиноприл, если лечение сосудорасширяющими препаратами может ухудшить гемодинамический статус пациента (например, если систолическое артериальное давление составляет 100 мм рт. ст. или ниже) или в случае кардиогенного шока. Если систолическое артериальное давление 120 мм рт. ст. или ниже, низкие дозы (2,5 мг/сутки) следует применять в течение первых 3 суток после инфаркта. При гипотензии поддерживающие дозы следует снизить до 5 мг или временно до 2,5 мг. При устойчивой гипотензии (систолическое артериальное давление ниже 90 мм рт. ст. в течение более 1 часа), следует приостановить лечение данным препаратом.
Аортальный стеноз / гипертрофическая кардиомиопатия:
Қолданылуы
- Артериялық гипертензияны емдеу үшін.
- Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігін емдеу үшін.
- Гемодинамикасы тұрақты пациенттерді жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағатта қысқамерзімді (6 апта) емдеу үшін.
- 2 типті қант диабетімен жүретін артериялық гипертензиясы және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін емдеу үшін.
- Лечение артериальной гипертензии.
- Лечение симптоматической сердечной недостаточности.
- Краткосрочное (6 недель) лечение пациентов со стабильной гемодинамикой в первые 24 часа после острого инфаркта миокарда.
- Лечение почечной недостаточности у пациентов с артериальной гипертензией с сахарным диабетом 2 типа и начальной стадией нефропатии.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Әсер етуші затына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық.
- Анамнездегі, осының алдында АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі).
- Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну.
- Жүктіліктің II және III триместрлері.
- Бала емізу кезеңі.
- Диротон препаратын қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ дене беткейінің ауданына <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
- Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылығына байанысты, бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.
- 6 жасқа дейінгі балаларға.
повышенная чувствительность к какому-либо компоненту препарата
- аллергический отек в анамнезе, вызванный каким-либо ингибитором АПФ
- наследственная или идиопатическая ангиодема
- первичный гиперальдостеронизм
- значительный с точки зрения гемодинамики стеноз устья аорты или
митрального клапана
- гипертрофическая кардиомиопатия
- беременность, период лактации
- кардиогенный шок
- гемодинамически нестабильное состояние после острого инфаркта
миокарда
- больные с острым инфарктом миокарда и снижением почечной функции
(клиренс креатинина > 177 мкмоль/л и/или протеинурия > 500 мг/24 час)
- двухсторонний стеноз почечной артерии или стеноз почечной артерии
единственной почки
- состояние после трансплантации почек
- прогрессирующая азотемия, гиперкалиемия
-детский возраст до 18 лет
Повышенного внимания требует одновременное применение Диротона® со следующими препаратами:
Ближайшие к вам пункты доставки в Уральске вы можете посмотреть здесь.
Цены на Диротон в других городах
Диротон в Алматы, Диротон в Астане, Диротон в Актау, Диротон в Усть-Каменогорске, Диротон в Шымкенте, Диротон в Караганде
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-МЕРКЛЕ ГмбХ
Страна производитель: Германия
-Гедеон Рихтер ОАО
Страна производитель: Венгрия
-Гедеон Рихтер ОАО
Страна производитель: Венгрия
-Гедеон Рихтер ОАО
Страна производитель: Венгрия
-Лаборатория Бэйли-Креат
Страна производитель: Франция