-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, 100 мг
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - силденафил цитраты (силденафилге баламалы) 70.24 мг (50.00 мг), 140.48 мг (100.000 мг)
қосымша заттар:
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі:
рецептурные
Эректильді дисфункцияны диагностикалау, олардың ықтимал себептерін анықтау үшін ауру тарихын зерттеу және фармакологиялық емдеудің мүмкіншіліктерін қарастырғанға дейін медициналық тексеру жүргізу қажет.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары
Эректильді дисфункцияны емдеуді бастамас бұрын, емдеуші дәрігер пациенттерінің жүрек-қан тамырлары жағдайын бағалауы керек, өйткені сексуалды белсенділікпен байланысты жүрек асқынуларының белгілі бір қауіптілік дәрежесі бар. Силденафил қан қысымын шамалы немесе уақытша төмендетуге әкелетін тамыр кеңітететін әсерге ие. Силденафилді тағайындамас бұрын дәрігерлер силденафилдің тамыр кеңітетін әсерінің белгілі бір негізгі аурулары бар пациенттердің жағдайына, әсіресе олардың жыныстық белсенділігімен байланысты жағымсыз салдарының ықтималдығын мұқият тексеруі керек. Тамыр кеңітетін дәрілерге жоғары сезімталдық тобына сол жақ қарыншаның шығыс бөлігінің тарылуы бар пациенттер (мысалы, аорта қақпақшасының стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия), сондай-ақ қан қысымын автономды бақылаудың бұзылуының ауыр дәрежесі түрінде көрінетін көпжүйелік атрофияның сирек синдромы бар пациенттер жатады.
Силденафил нитраттардың гипотензивті әсерін күшейтеді.
Тіркеуден кейінгі кезең барысында миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардияны, кенеттен жүрек өлімін, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлық қан кетуді, транзиторлық ишемиялық шабуылды, артериялық гипертензияны және силденафилді қолдану кезіндегі артериялық гипотензияны қоса алғанда, елеулі жүрек-қан тамырлары асқынулары жағдайлары тіркелді. Бұл пациенттердің көпшілігінде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-ала қауіп факторлары болған жоқ. Бұл құбылыстардың көпшілігі жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін көп ұзамай тіркелді, сонымен қатар силденафилді сексуалды белсенділіксіз қабылдағаннан кейін көп ұзамай бірнеше құбылыс тіркелді. Бұл құбылыстардың силденафилді қабылдаумен, сексуалды белсенділікпен, жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың бірігуімен немесе басқа факторлармен тікелей байланысты екенін анықтау мүмкін емес.
Приапизм
Эректильді дисфункциясы бар пациенттерді емдеуге арналған дәрілерді, оның ішінде силденафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар адамдарға (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) немесе приапизмнің дамуына ықпал ететін жағдайлары бар пациенттерге (орақ тәрізді-жасушалық анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) сақтықпен тағайындау керек.
Силденафилді тіркеуден кейін қабылдау кезеңінде ұзартылған эрекция және приапизм жағдайлары туралы хабарланған. Егер эрекция 4 сағаттан артық созылса, пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Шұғыл емдеу болмаған кезде приапизм пенис тіндерінің зақымдануына және потенцияның қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін.
ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункция кезінде емдеуге арналған басқа да дәрілермен бір мезгілде қолдану
Силденафилді ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункция кезінде емдеуге арналған басқа да препараттармен бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан мұндай біріктірілімді қолдану ұсынылмайды.
Көру қабілетіне әсері
Силденафил мен ФДЭ-5 басқа да тежегіштерін қабылдаумен байланысты көру қабілеті бұзылған, атап айтқанда, сирек ауру - көру жүйкесінің артерииттік емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы туындаған жағдайлар болды. Көру өткірлігінде кез келген ақаулар туындаған жағдайда силденафилді қабылдауды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Ритонавирмен бір мезгілде қолдану
Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен бір мезгілде қабылдау
Альфа-адренорецепторлар блокаторлары тобының препаратын қабылдап жүрген пациенттерге силденафилді сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір мезгілде пайдалану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына алып келуі мүмкін. Бұл силденафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы ықтимал. Ортостатикалық артериялық гипотензияның даму қаупін азайту үшін, альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилмен емдеуді бастамас бұрын, гемодинамикалық тұрақтылық жағдайына қол жеткізу керек. Силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Бұдан өзге, дәрігерлер пациенттерге ортостатикалық артериялық гипотензия симптомдары туындаған жағдайға қатысты нұсқау бергені жөн.
Қанның ұюына әсері
Адам тромбоциттері пайдаланылған in vitro зерттеулер, силденафил натрий нитропруссидінің антиагрегациялық әсерлерін күшейтетінін көрсетіп отыр. Қан ұюы бұзылған немесе белсенді ойық жарасы бар пациенттерде силденафилді қолданудың қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ, сондықтан, силденафилді пайдасы/қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін қолдану керек.
Әйелдер
Силденафил әйелдерде қолданылмайды.
Для диагностики эректильной дисфункции и определения ее возможных первопричин следует изучить историю болезни и провести медицинский осмотр до рассмотрения возможностей фармакологического лечения.
Факторы риска сердечно-сосудистых заболеваний
Перед началом лечения эректильной дисфункции лечащему врачу следует оценить сердечно-сосудистый статус своих пациентов, поскольку существует определенная степень риска сердечных осложнений, связанных с сексуальной активностью.
Силденафил обладает сосудорасширяющим действием, которое приводит к незначительному или временному понижению артериального давления. Перед назначением силденафила врачам следует тщательно проверить вероятность нежелательных последствий сосудорасширяющего действия силденафила на состояние пациентов с определенными основными заболеваниями, особенно в их сочетании с сексуальной активностью. К группе повышенной чувствительности к сосудорасширяющим средствам относятся пациенты с сужением выходного отдела левого желудочка (например, стенозом аортального клапана, гипертрофической обструктивной кардиомиопатией), а также пациенты с редким синдромом множественной системной атрофии, проявляющейся в виде тяжелой степени нарушения автономного контроля артериального давления.
Силденафил усиливает гипотензивный эффект нитратов
В ходе пострегистрационного периода были зарегистрированы случаи серьезных сердечно-сосудистых осложнений, включая инфаркт миокарда, нестабильную стенокардию, внезапную сердечную смерть, желудочковую аритмию, цереброваскулярное кровотечение, транзиторную ишемическую атаку, артериальную гипертензию и артериальную гипотензию во время применения силденафила. Большинство, но не все, из этих пациентов имели предшествующие факторы риска сердечно-сосудистых заболеваний. Многие из этих явлений были зарегистрированы во время или вскоре после завершения полового акта, а также несколько явлений было зарегистрировано вскоре после приема силденафила без сексуальной активности. Нет возможности определить, были ли эти явления связаны непосредственно с приемом силденафила, с сексуальной активностью, с имеющимся сердечно-сосудистым заболеванием, с комбинацией этих факторов или с другими факторами.
Приапизм
Лекарственные препараты для лечения эректильной дисфункции, в том числе силденафил, следует с осторожностью применять у пациентов с анатомической деформацией полового члена (такой как ангуляция, кавернозный фиброз или болезнь Пейрони), а также у пациентов с заболеваниями, предрасполагающими к развитию приапизма (такими как серповидно-клеточная анемия, множественная миелома или лейкемия).
В период пострегистрационного применения силденафила были зарегистрированы случаи пролонгированной эрекции и приапизма. В случае эрекции, продолжающейся более 4 часов, пациенту следует обратиться за срочной медицинской помощью. При отсутствии неотложного лечения приапизм может привести к повреждению тканей пениса и необратимой потере потенции.
Одновременное применение с другими ингибиторами ФДЭ - 5 или другими средствами лечения эректильной дисфункции
Безопасность и эффективность комбинаций силденафила с другими ингибиторами ФДЭ5 или других методов лечения эректильной дисфункции не изучались. Поэтому использование таких комбинаций не рекомендуется.
Влияние на зрение
Были случаи нарушения зрения в связи с приемом силденафила и других ингибиторов ФДЭ-5, а именно, возникновения редкого заболевания - передней неартериитной ишемической нейропатии зрительного нерва. В случае возникновения любых дефектов остроты зрения необходимо прекратить прием силденафила и обратиться к врачу.
Одновременное применение с ритонавиром
Одновременное применение силденафила с ритонавиром не рекомендуется.
Одновременный прием с блокаторами альфа-адренорецепторов
Рекомендуется с осторожностью применять силденафил у пациентов, принимающих препарат группы блокаторов альфа-адренорецепторов, поскольку их одновременное употребление может привести к возникновению симптоматической артериальной гипотензии у некоторых чувствительных пациентов. Вероятнее всего это может наблюдаться в течение 4 часов после приема дозы силденафила. Для снижения риска развития ортостатической артериальной гипотензии следует достигнуть состояния гемодинамической стабильности пациентов, получающих лечение блокаторами альфа-адренорецепторов, прежде чем начинать лечение силденафилом. Следует рассмотреть возможность применения силденафила, начиная с дозы 25 мг. Кроме того, врачам следует дать рекомендации пациентам в случае возникновения симптомов ортостатической артериальной гипотензии.
Влияние на свертываемость крови
Исследования in vitro с использованием тромбоцитов человека свидетельствуют, что силденафил усиливает антиагрегационный эффект нитропруссида натрия. Сведения о безопасности применения силденафила у пациентов с нарушениями свертываемости крови или активной пептической язвой отсутствуют, поэтому силденафил следует применять после тщательной оценки соотношения польза/риск.
Женщины
Силденафил не применяется у женщин.
Применение в педиатрии
Противопоказано применение у детей и подростков до 18 лет.
Во время беременности или лактации
Силденафил не показан для применения женщинами.
Надлежащих и строго контролируемых исследований применения силденафил у беременных и кормящих грудью женщин не проводилось.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат может оказывать незначительное влияние на способность управлять автотранспортными средствами или работать с потенциально опасными механизмами.
Перед тем, как управлять автотранспортными средствами или работать с механизмами пациентам следует выяснить, как их организм реагирует на прием силденафила, в связи с возможными побочными действиями препарата, такими как головокружение и нарушение зрительного восприятия.
- еркектерде жыныс мүшесінің қанағаттандырарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жету және оны сақтау қабілетсіздігімен байқалатын эректильді функцияның бұзылуын емдеу үшін.
Силгра препаратының әсері тиімді болу үшін сексуалды стимуляция қажет.
- назначается взрослым мужчинам c эректильной дисфункцией, характеризующейся неспособностью к достижению или сохранению эрекции полового члена, достаточной для удовлетворительного полового акта.
Препарат Силгра эффективен только при наличии сексуальной стимуляции.
- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- азот тотығының (амилнитрит) донаторлары болып табылатын препараттарды немесе нитраттарды кез келген түрінде бір мезгілде қабылдау
- гуанилатциклаза (риоцигуат) стимуляторларымен бір мезгілде қабылдау себебі ықтималды түрде симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін
- сексуалды белсенділік ұсынылмайтын ер адамдарға (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр жүрек-қан тамырлары бұзылыстары бар пациенттер)
-көру жүйкесінің алдыңғы артериялық емес ишемиялық нейропатиясы (КЖААИН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көріністің ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдаумен байланысты болуы немесе болмауына байланыссыз
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с.б.)
- жуырда өткерген миокард инфарктісі
- жуырда өткерген инсульт
- көз торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары, мысалы, пигментті ретинит (бұл пациенттердің аз бөлігінде торқабық фосфодиэстеразаларының генетикалық бұзылулары бар)
- гиперчувствительность к действующему веществу или к любому из вспомогательных веществ
- одновременный прием препаратов, являющихся донаторами оксида азота (амилнитрит) или нитратов в любой форме
- одновременный прием со стимуляторами гуанилатциклазы (риоцигуат), так как потенциально может привести к симптоматической гипотензии
- мужчинам, которым не рекомендуется сексуальная активность (например, пациенты с тяжелыми сердечно-сосудистыми нарушениями, такими как нестабильная стенокардия или тяжелая сердечная недостаточность)
- потеря зрения на один глаз вследствие передней неартериитной ишемической нейропатии зрительного нерва (ПНИНЗН), вне зависимости от того, был ли этот эпизод связан с предшествующим применением ингибитора ФДЭ-5 или нет
- тяжелая печеночная недостаточность
- артериальная гипотензия (АД < 90/50 мм рт. ст.)
- недавно перенесенный инфаркт миокарда
- недавно перенесенный инсульт
- наследственные дегенеративные заболевания сетчатки глаза, например, пигментный ретинит (у меньшей части этих пациентов имеются генетические нарушения активности фосфодиэстераз сетчатки)
Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері
In vitro зерттеулер
Силденафилдің метаболизміне негізінен, Р450 цитохромының (CYP) 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 изоформалары (қосалқы жолы) түрткі болады. Осы себепті, аталған изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуі мүмкін, ал ол изоферменттердің индукторлары силденафилдің клиренсін жоғарылатуы мүмкін.
In vivo зерттеулер
Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендегені байқалады. Пациенттердің аталған тобында жағымсыз әсерлердің жиілігі артқаны байқалмайды, дегенмен, силденафилмен емдеуді бастапқы 25 мг дозасында бастау қажет.
P450 цитохромының тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне екі рет 500 мг) ритонавирді, силденафилмен (бір реттік 100 мг дозасымен) бір мезгілде қабылдау силденафилдің ең жоғары концентрациясының (Cmax) 300 %-ға (4 есе) артуына, сондай-ақ, силденафилдің қан плазмасындағы AUC 1000 %-ға (11 есе) артуына алып келеді. 24 сағаттан соң қан плазмасындағы силденафил деңгейлері, тек силденафилді қабылдағаннан кейінгі шамамен 5 нг/мл-мен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер ритонавирдің P450 цитохромы субстраттарының ауқымды спектріне айқын әсерлерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге алсақ, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Силденафилдің ең жоғары дозасы ешбір жағдайда қандай жағдайда да 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.
CYP 3A4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасы тежегіші, саквинавирді тепе-теңдік күйінде (тәулігіне 3 рет 1200 мг) қамтамасыз ететін дозада және силденафилмен (бір реттік 100 мг дозада) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax 140%-ға артуына, сондай-ақ, силденафилдің AUC 210%-ға артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP 3A4 күштірек тежегіштерінің әсері анағұрлым айқын болады деп шамаланады.
Силденафилді 100 мг дозада бір рет, CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен тепе-теңдік жағдайында (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг), бірге қабылдаған кезде силденафилдің жүйелі әсерінің 182%-ға артқаны байқалады.
Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада), силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының тұрақтылығына немесе кейінгі жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпейді.
Р450 цитохромының тежегіші және CYP 3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) дені сау еріктілерде силденафилмен (50 мг дозадағы) бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының 56%-ға артуын тудырады.
Грейпфрут шырыны силденафилдің ішек жақтауындағы CYP 3A4 арқылы жүретін метаболизмінің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасындағы деңгейлерінің орташа жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Антацидтік дәріні (магний гидроксидін/алюминий гидроксидін) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне әсер етпейді.
Барлық дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілмесе де, популяциялық фармакокинетикалық талдау, CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, трициклдық антидепрессанттар), тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ), кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және CYP450 метаболизмдік белсенділік индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафил фармакокинетикасына әсер етпейтініні көрсетті. Дені сау ерікті ерлердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде эндотелин антагонисі, тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне екі рет 125 мг) бозентанды (CYP3A4, CYP2C9 және шамасы, CYP2C19 орташа индукторы) тепе-теңдік жағдайындағы (тәулігіне үш рет 80 мг) силденафилмен бір мезгілде қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің сәйкесінше 62,6% және 55,4%-ға төмендеуіне алып келеді. Осылайша, рифампицин сияқты CYP 3A4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы силденафил концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне түрткі болады деп шамаланады.
Никорандил - бұл кальций өзекшелерінің активаторы мен нитраттың гибриді. Нитраттық компонентіне байланысты, силденафилмен елеулі өзара әрекеттестікке түсуі мүмкін.
ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункция кезінде емдеуге арналған басқа әдістермен бір мезгілде қолдану
Силденафилді ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар, өкпе артериясының гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған басқа препараттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Соған байланысты, мұндай препараттардың мұндай біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.
Никорандил калий өзекшелері активаторының және нитраттың гибриді. Нитраттық компонентінің есебінен ол силденафилмен елеулі өзара әрекеттесуге қабілетті болуы ықтимал.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері
In vitro зерттеулер
Силденафил Р450 цитохромының 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоформаларының (IC50> 150 мкМ) әлсіз тежегіші болып табылады. Препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін силденафилдің қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы шамамен 1 мкМ құрайтын болғандықтан, силденафилдің осы изоферменттер субстраттарының клиренсін өзгерту ықтималдығы аз.
Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
In vivo зерттеулер
Силденафилдің NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге қабілетті. Сондықтан оны азот тотығының донаторларымен (мысалы, амилнитритпен) немесе нитраттардың кез келген түрімен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Риоцигуат
Риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейткен. Зерттелген популяцияда мұндай біріктірілімді қолдану кезіндегі жағымды клиникалық әсері туралы деректер болмаған. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді бір мезгілде қолдану, кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына алып келуі мүмкін.
Негізінен бұл, силденафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесулеріне жүргізілген арнайы үш зерттеудің барысында альфа-блокатор доксазозин (4 мг және 8 мг) мен силденафил (25 мг, 50 мг немесе 100 мг) қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар, доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде бір мезгілде қолданылды. Пациенттердің зерттеудегі бұл топтарында шалқадан жатқан қалыптағы артериялық қысымның қосымша 7/7 мм с.б., 9/5 мм с.б.. және 8/4 мм с.б. орташа төмендеуі байқалды, ал тұрған қалыптағы артериялық қысымның қосымша орташа төмендеуі сәйкесінше 6/6 мм с.б., 11/4 мм с.б. және 4/5 мм с.б. құрады. Доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен альфа- блокатор доксазозинді бір мезгілде қолданғанда, ортостатикалық артериялық гипотензия, бас айналуы және естен тану емес, бірақ естен тану алдындағы жай-күй туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланды.
Силденафилді (50 мг дозада) CYP2C9 арқылы метаболизденетін толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, өзара әрекеттесулері анықталмады.
Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын (150 мг дозада) қабылдаудан туындаған қан кету уақытының ұзаруына ықпал етпейді.
Қандағы алкоголдің орташа ең жоғары деңгейлері 80 мг/дл болған кезде, силденафил (50 мг дозада) дені сау еріктілерде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етпейді.
Гипотензиялық дәрілік препараттардың келесі кластары:
Ближайшие к вам пункты доставки в Алматы вы можете посмотреть здесь.
-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
-Фармацевтический завод ПОЛЬФАРМА
Страна производитель: Польша
-ДЖЕНЕФАРМ С.А
Страна производитель: Греция
-PFIZER H.C.P. CORPARATION
Страна производитель: Франция
-PFIZER H.C.P. CORPARATION
Страна производитель: Франция
-Лекфарм СООО
Страна производитель: Беларусь
-MACLEODS PHARMACEUTICALS LIMITED
Страна производитель: Индия
-MACLEODS PHARMACEUTICALS LIMITED
Страна производитель: Индия
-Лекфарм СООО
Страна производитель: Беларусь
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Лекфарм СООО
Страна производитель: Беларусь
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан