-Хербион Пакистан (Пвт.) Лтд.
Страна производитель: Пакистан
-Хербион Пакистан (Пвт.) Лтд.
Страна производитель: Пакистан
-РОМФАРМ КОМПАНИ С.Р.Л
Страна производитель: Румыния
-EVA-PHYTO ТОО
Страна производитель: Казахстан
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-МедоптИК ТОО
Страна производитель: Казахстан
-DOSFARM ТОО
Страна производитель: Казахстан
-Boehringer Ingelheim Austria GmbH
Страна производитель: Испания
-Хербион Пакистан (Пвт.) Лтд.
Страна производитель: Пакистан
-Биокодекс
Страна производитель: Франция
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-Реккит Бенкизер Хелскэр
Страна производитель: Великобритания
-МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ ООО НПФ
Страна производитель: Россия
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-Реккит Бенкизер Хелскэр
Страна производитель: Великобритания
-FAMAR HEALTH SERVICES MADRID S.A.
Страна производитель: Испания
-Квалифар Н.В./С.А.
Страна производитель: Бельгия
5 мг таблеткалар
Таблетки 5 мг
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат-эналаприл малеаты (эналаприлге баламалы) 5 мг,
Дәрілік препараттың құрамында болатыны ескерілуі тиіс қосымша заттар:
Фармакотерапиялық тобы:
Абсорбциясы
Пероральді эналаприл тез сіңеді, қан сарысуындағы эналаприлдің ең жоғары концентрациясына бір сағат ішінде қол жеткізіледі. Несептегі қалпына келтіру негізінде эналаприлдің пероральді таблеткасынан эналаприлдің абсорбциясы дәрежесі шамамен 60% құрайды. Пероральді Энам препаратының абсорбциясына асқазан-ішек жолында тағамның болуы әсер етпейді.
Сіңгеннен кейін пероральді эналаприл ангиотензин өзгертуші ферменттің күшті тежегіші эналаприлатқа дейін тез және қарқынды гидролизденеді. Қан сарысуындағы эналаприлаттың ең жоғары концентрациясына эналаприл таблеткасының пероральді дозасын қабылдағаннан кейін шамамен 4 сағаттан соң қол жеткізіледі. Эналаприлдің пероральді дозаларын көп рет қабылдағаннан кейін эналаприлаттың жинақталуы үшін жартылай өмірдің тиімді кезеңі 11 сағат. Бүйрек функциясы қалыпты адамдарда қан сарысуындағы эналаприлаттың тұрақты концентрациясы емдеудің 4 күнінен кейін жетті.
Таралуы
Емдік маңыздағы концентрациялар диапазонында эналаприлаттың адам плазмасы ақуыздарымен байланысуы 60%-дан аспайды.
Биотрансформациясы
Эналаприлатқа айналуды қоспағанда, эналаприлдің маңызды метаболизмі туралы ешқандай дәлел жоқ.
Элиминациясы
Эналаприлаттың шығарылуы негізінен бүйрек арқылы жүреді. Несептегі негізгі компоненттер дозаның шамамен 40% құрайтын эналаприлат және интактілі эналаприл (шамамен 20%) болып табылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эналаприл мен эналаприлаттың әсері ұлғаяды. Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 40-60 мл/мин) эналаприлаттың тұрақты фазасындағы AUC күніне бір рет 5 мг қабылдағаннан кейін бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда шамамен екі есе жоғары болды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі ≤30 мл/мин) AUC шамамен 8 есе ұлғайды. Эналаприлаттың жартылай өмірдің тиімді кезеңі эналаприл малеаттың бірнеше дозасын қабылдағаннан кейін бүйрек жеткіліксіздігінің осы деңгейінде ұзартылады және тұрақты күйге жету уақыты созылады. Эналаприлат гемодиализ арқылы жалпы қан айналымынан шығарылуы мүмкін. Диализдік клиренсі 62 мл/мин құрайды.
Балалар мен жасөспірімдер
2 айдан ≤ 16 жасқа дейінгі гипертензиясы бар еркек және әйел жынысты 40 педиатриялық пациентте 0,07-ден 0,14 мг/кг дейін эналаприл малеатты күнделікті пероральді қабылдаудан кейін көп реттік дозаға фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Ересектердегі тарихи деректермен салыстырғанда балалардағы эналаприлат фармакокинетикасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жоқ. Алынған деректер жасының ұлғаюымен AUC (дене салмағына арналған доза бойынша қалыпқа келтірілген) ұлғаюын көрсетеді; алайда, дене беткейінің ауданы бойынша деректер қалыпқа келген кезде AUC жоғарылауы байқалмайды. Тұрақты күйде эналаприлатты аккумуляциялау бойынша жартылай өмірдің орташа тиімді кезеңі 14 сағатты құрады.
Лактация
Босанудан кейінгі кезеңдегі бес әйелде ішке 20 мг бір рет қабылдағаннан кейін 4-6 сағаттан соң сүттегі эналаприлдің орташа ең жоғары деңгейі 1,7 мкг/л (диапазоны 0,54-тен 5,9 мкг/л) құрады. Эналаприлаттың орташа ең жоғары деңгейі 1,7 мкг/л (диапазоны 1,2-ден 2,3 мкг/л) құрады; ең жоғарылары 24 сағат ішінде әртүрлі уақытта байқалды. Сүттегі ең жоғары деңгей туралы деректерді қолдана отырып, тек емшек сүтімен қоректенетін нәрестенің максималды тұтынуы ананың салмағы бойынша түзетілген дозаның шамамен 0,16% құрайды.
11 ай бойы күн сайын 10 мг эналаприл қабылдаған әйелде сүттегі эналаприлдің ең жоғары деңгейі препаратты қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң 2 мкг/л, ал эналаприлаттың ең жоғары деңгейі - қабылдағаннан кейін шамамен 9 сағаттан соң 0,75 мкг/л құрады. 24 сағат ішінде өлшенген эналаприл мен эналаприлаттың сүттегі жалпы мөлшері тиісінше 1,44 мкг/л және 0,63 мкг/л сүтті құрады.
Сүттегі эналаприлат деңгейі бір анада 5 мг дозада эналаприлді бір рет қабылдағаннан кейін 4 сағат өткен соң анықтау деңгейінен (< 0,2 мкг/л) және екі анада 10 мг төмен болды; эналаприл деңгейі анықталмаған.
Абсорбция
Пероральный эналаприл быстро всасывается, пиковая концентрация эналаприла в сыворотке крови достигается в течение одного часа. На основании восстановления в моче, степень абсорбции эналаприла из пероральной таблетки эналаприла составляет приблизительно 60 %. На абсорбцию перорального препарата Энам не влияет присутствие пищи в желудочно-кишечном тракте.
После всасывания пероральный эналаприл быстро и интенсивно гидролизуется до эналаприлата, мощного ингибитора ангиотензин конвертирующего фермента. Пиковая концентрация эналаприлата в сыворотке крови достигается примерно через 4 часа после приема пероральной дозы таблетки эналаприла. Эффективный период полужизни для накопления эналаприлата после многократного приема пероральных доз эналаприла составляет 11 часов. У людей с нормальной функцией почек устойчивая концентрация эналаприлата в сыворотке крови достигалась через 4 дня лечения.
Распределение
В диапазоне концентраций, которые являются терапевтически значимыми, связывание эналаприлата с белками плазмы человека не превышает 60 %.
Биотрансформация
За исключением превращения в эналаприлат, нет доказательств значительного метаболизма эналаприла.
Элиминация
Выведение эналаприлата происходит преимущественно почками. Основными компонентами в моче являются эналаприлат, составляющий около 40 % дозы, и интактный эналаприл (около 20 %).
Почечная недостаточность
Воздействие эналаприла и эналаприлата увеличивается у пациентов с почечной недостаточностью. У пациентов с легкой и умеренной почечной недостаточностью (клиренс креатинина 40-60 мл/мин) AUC устойчивой фазы эналаприлата была примерно в два раза выше, чем у пациентов с нормальной функцией почек после приема 5 мг один раз в день. При тяжелой почечной недостаточности (клиренс креатинина ≤30 мл/мин), AUC увеличивалась примерно в 8 раз. Эффективный период полужизни эналаприлата после приема нескольких доз эналаприла малеат при данном уровне почечной недостаточности пролонгируется, и время достижения устойчивого состояния затягивается. Эналаприлат может быть выведен из общего кровообращения путем гемодиализа. Диализный клиренс составляет 62 мл/мин.
Дети и подростки
У 40 педиатрических пациентов мужского и женского пола с гипертензией в возрасте от 2 месяцев до ≤ 16 лет было проведено фармакокинетическое исследование многократной дозы после ежедневного перорального приема от 0,07 до 0,14 мг/кг эналаприла малеат. Не было выявлено существенных различий в фармакокинетике эналаприлата у детей по сравнению с историческими данными у взрослых. Полученные данные свидетельствуют об увеличении AUC (нормализованной по дозе на массу тела) с увеличением возраста; однако увеличение AUC не наблюдается при нормализации данных по площади поверхности тела. При стабильном состоянии средний эффективный период полужизни по аккумуляции эналаприлата составил 14 часов.
Лактация
После однократного приема 20 мг внутрь у пяти женщин послеродового периода средний пиковый уровень эналаприла в молоке составил 1,7 мкг/л (диапазон от 0,54 до 5,9 мкг/л) через 4-6 часов после приема. Средний пиковый уровень эналаприлата составил 1,7 мкг/л (диапазон от 1,2 до 2,3 мкг/л); пики наблюдались в разное время в течение 24 часов. Используя данные о пиковом уровне в молоке, предполагаемое максимальное потребление младенцем, находящемся исключительно на грудном вскармливании, составит около 0,16% от дозы, скорректированной по весу матери.
У женщины, принимавшей эналаприл 10 мг ежедневно в течение 11 месяцев, пиковый уровень эналаприла в молоке составил 2 мкг/л через 4 часа после приема препарата, а пиковый уровень эналаприлата - 0,75 мкг/л примерно через 9 часов после приема. Общее количество эналаприла и эналаприлата, измеренное в молоке в течение 24 часов, составило 1,44 мкг/л и 0,63 мкг/л молока, соответственно.
Уровень эналаприлата в молоке был ниже уровня обнаружения (< 0,2 мкг/л) через 4 часа после однократного приема эналаприла в дозе 5 мг у одной матери и 10 мг у двух матерей; уровень эналаприла не определялся.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі:
рецептурные
Симптоматикалық гипотензия
Симптоматикалық гипотензия асқынбаған гипертензиясы бар пациенттерде сирек кездеседі. Егер пациентте гиповолемия байқалса, мысалы, диуретиктермен емдеу, рационда тұзды шектеу, диализ, диарея немесе құсу нәтижесінде Энам қабылдайтын гипертензиясы бар пациенттерде симптоматикалық гипотензия жиі туындайды. Жүрек жеткіліксіздігі, қатар жүретін бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе онсыз пациенттерде симптоматикалық гипотензия байқалды. Ол неғұрлым ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайда болуы аса ықтимал, оны ілмектік диуретиктердің жоғары дозаларын қолдану, гипонатриемия немесе бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі растайды. Мұндай пациенттерде емді дәрігердің бақылауымен бастаған жөн және Энам және/немесе диуретик дозасын әрбір түзету кезінде пациенттерді мұқият бақылаған жөн. Осындай талдауды жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге қолдануға болады, оларда артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе жедел церебральді қан айналымының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Егер гипотензия пайда болса, пациентті шалқасынан жатқызып, қажет болғанда тұзды физиологиялық ерітіндінің венаішілік инфузиясын жасау керек. Өтпелі гипотензиялық реакция одан әрі қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды, ол әдетте көлемі ұлғайғаннан кейін артериялық қысым жоғарылаған бойда қиындықсыз өтеді.
Артериялық қысымы қалыпты немесе төмен жүрек жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде Энам қабылдаған кезде жүйелі артериялық қысымның қосымша төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл күтілетін әсер және әдетте емдеуді тоқтатуға себеп болмайды. Егер гипотензия симптоматикалық болса, дозаны төмендету және/немесе диуретик және/немесе Энам қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Аортальді және митральді клапанның стенозы/ гипертрофиялық кардиомиопатия
Барлық вазодилататорлар сияқты, АӨФ тежегіштерін сол жақ қарыншаның шығару бөлігінің обструкциясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау және оларды кардиогенді шок және гемодинамикалық маңызды обструкция жағдайында қолданудан аулақ болу керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) эналаприлдің бастапқы дозасы пациенттің креатинин клиренсіне сәйкес, сосын пациенттің емге реакциясына байланысты түзетілуі тиіс. Калий мен креатинин деңгейінің рутинді мониторингі мұндай пациенттер үшін әдеттегі медициналық тәжірибенің бөлігі болып табылады.
Эналаприлді қабылдауға байланысты бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары, негізінен ауыр жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек артериясының стенозын қоса, бүйректің негізгі ауруы бар пациенттерде хабарланды. Уақытылы анықтау және тиісті емдеу жағдайында эналаприл терапиясымен байланысты бүйрек жеткіліксіздігі әдетте қайтымды болады.
Гипертониялық ауруы бар кейбір пациенттерде алдыңғы бүйрек ауруы болмаса, эналаприлді диуретикпен бір мезгілде қабылдаған кезде қандағы мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалды. Эналаприл дозасын төмендету және/немесе диуретик қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бүйрек артерияларының стенозы қаупі артады.
Реноваскулярлық гипертензия
Екі жақты бүйрек артериясының стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы бар пациенттердің АӨФ тежегіштерімен емдеуде гипотония мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар. Бүйрек функциясының жоғалуы қан сарысуындағы креатининнің шамалы өзгеруінде орын алуы мүмкін. Мұндай пациенттерде терапия мұқият медициналық бақылаумен, төмен дозалармен, бүйрек функциясын мұқият титрлеумен және мұқият мониторингпен басталуы тиіс.
Бүйрек трансплантациясы
Жақында бүйрегі ауыстырып салынған пациенттерде Энам препаратын қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан мұндай пациенттерде Энам препаратымен емдеу ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштері холестаздық сарғаюдан немесе гепатиттен басталып, фульминантты бауыр некрозына және (кейде) өлімге әкелетін синдроммен байланысты. Бұл синдромның механизмі зерттелмеген. Сарғаю дамитын немесе бауыр ферменттерінің айқын жоғарылауы анықталатын АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттер АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатуы және тиісті медициналық бақылауда болуы тиіс.
Нейтропения/Агранулоцитоз
АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия жағдайлары байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты және басқа да асқынатын факторларсыз пациенттерде нейтропения сирек туындайды. Эналаприлді иммуносупрессиялық ем, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдайтын дәнекер тінінің диффузиялық зақымдануы бар пациенттерде немесе осы асқынатын факторлардың біріктірілімінде, әсіресе бұрын болған бүйрек функциясының бұзылуында ерекше сақтықпен қолдану керек. Бұл пациенттердің кейбірінде күрделі инфекциялар дамыды, олар бірнеше жағдайда қарқынды антибиотиктік терапияға жауап бермеді. Егер эналаприл осындай пациенттерде қолданылса, қандағы лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады, ал пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері туралы хабарлау ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну
Бет, қол-аяқ, ерін, тіл, жұтқыншақ және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі Энамды қоса, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін қабылдаған пациенттерде байқалды. Бұл емдеу кезінде кез-келген уақытта болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Энам қабылдауды дереу тоқтатып, пациентті шығарудан бұрын симптомдардың толық жойылғанына көз жеткізу үшін тиісті мониторингті бастау керек. Тыныс алудың бұзылуынсыз тек тілдің ісінуі байқалған жағдайда да пациенттерге ұзақ уақыт бақылау қажет болуы мүмкін, өйткені антигистаминдік препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Көмейдің ісінуімен немесе тілдің ісінуімен байланысты ангионевроздық ісінудің салдарынан өте сирек өлім туралы хабарланды. Тілге, көмейге немесе жұтқыншаққа зақым келген пациенттерде, әсіресе тыныс алу жолдарына операция жасалған адамдарда тыныс алу жолдарының обструкциясы байқалуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының обструкциясын тудыруы мүмкін тіл, көмей немесе жұтқыншақ зақымданған жағдайда дереу тиісті ем тағайындау керек, ол адреналин ерітіндісін 1:
-артериялық гипертензияны емдеу
- симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеу
- сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы (лықсу фракциясы) бар пациенттерде симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің профилактикасы
- различные формы артериальной гипертензии, включая реноваскулярную гипертензию
- хроническая сердечная недостаточность (в составе комбинированной терапии)
- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімде тізілген қосымша заттардың кез келгеніне немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне жоғары сезімталдық
- анамнезінде АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісінудің болуы
- жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде және лактация кезеңінде
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну
- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Лапп лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- құрамында алискирен бар препараттармен Энамды бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м 2)
- ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғары болғандықтан сакубитрилмен/валсартанмен біріктіру. Энам сакубитрилге/валсартанға, сондай-ақ құрамында неприлизин тежегіші бар препараттарға ауысқаннан кейін 36 сағат ішінде қолдануға болмайды
- повышенная чувствительность к эналаприлу, другим компонентам
препарата
- наличие в анамнезе ангионевротического отека, связанного с лечением
ингибиторами АПФ
- беременность и период лактации
- лейкопения и тромбоцитопения
- детский и подростковый возраст до 18 лет
- двухсторонний стеноз почечных артерий или стеноз артерий
единственной почки
- наследственный или идиопатический отек
- наследственная непереносимость лактозы, дефицит лактозы Лаппа или
мальабсорбция глюкозы-галактозы
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
Клиникалық зерттеулер деректері АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II немесе алискирен рецепторларының блокаторларын бірге қолдану жолымен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы РААЖ әсер ететін монотерапияда препаратты қолданумен салыстырғанда гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстардың анағұрлым жоғары жиілігімен байланысты екенін көрсетті.
Калий жинақтаушы диуретиктер, құрамында калий бар қоспалар немесе қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылататын басқа препараттар
АӨФ тежегіштері диуретиктер тудырған калий жоғалуын баяулатады. Калий жинақтаушы диуретиктер (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), құрамында калий бар қоспалар, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар немесе қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылататын басқа препараттар (мысалы, гепарин, құрамында триметоприм бар препараттар, мысалы, котримоксазол) қан сарысуындағы калий деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Егер эналаприлді және жоғарыда аталған препараттардың кез келгенін бір мезгілде қолдану орынды деп саналса, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі бақылаумен қолданған жөн.
Диуретиктер (тиазидтік немесе ілмектік)
Диуретиктердің жоғары дозаларымен алдын ала емдеу эналаприлмен емнің басында гиповолемияға және гипертензияның туындау қаупіне әкелуі мүмкін.
Гипотензиялық әсерді диуретик қабылдауды тоқтату, тұз көлемін немесе қабылдауды арттыру немесе эналаприлдің төмен дозасымен емдеуді бастау арқылы азайтуға болады.
Басқа гипертензияға қарсы дәрілер
Осы дәрілерді бір мезгілде қолдану эналаприлдің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қолдану артериялық қысымды одан әрі төмендетуі мүмкін.
Литий
Литийді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаған кезде қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылығы туралы хабарланды. Тиазидтік диуретиктерді бір мезгілде қолдану литий деңгейін одан әрі жоғарылатып, АӨФ тежегіштерімен қабылдаған кезде литийдің уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Эналаприлді литиймен қолдану ұсынылмайды, бірақ егер мұндай біріктірілім қажет болса, қан сарысуындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Трициклдік антидепрессанттар/антипсихотиктер / анастетиктер/есірткі
Наркозға арналған кейбір препараттарды, трициклдік антидепрессанттарды және антипсихотиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) іріктелген тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)
Селективті циклооксигеназа-2 тежегіштерін (ЦОГ-2 тежегіштері) қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) диуретиктер мен басқа да гипертензияға қарсы препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің немесе АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсері ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП-мен бәсеңдеуі мүмкін.
ҚҚСД (ЦОГ-2 тежегіштерін қоса) және ангиотензин II рецепторларының антагонистерін немесе АӨФ тежегіштерін бірлесіп қабылдау қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына аддитивті әсер етеді және бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл әсерлер әдетте қайтымды. Сирек жағдайларда, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, егде жастағы адамдарда немесе диуретиктерді қабылдайтындарды қоса, гиповолемиясы бар пациенттерде) жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Сондықтан біріктірілімді бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер адекватты түрде гидратталуы тиіс және қатарлас ем барысында және одан кейін мезгіл-мезгіл бүйрек функциясының мониторингі мүмкіндігін қарастыру керек.
Алтын
Нитритоидты реакциялар (симптомдар бет гиперемиясын, жүрек айнуын, құсуды және гипотензияны қамтиды) инъекциялық алтынмен (натрий ауротиомалаты) ем қабылдаған пациенттерде және эналаприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен қатарлас ем алған пациенттерде сирек байқалған.
Сүтқоректілердің жасушасында рапамицин нысанасының тежегіштері (mTOR)
mTOR тежегіштерімен қатар ем қабылдайтын пациенттерде (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус) ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
Неприлизин тежегіштері
АӨФ тежегішімен және неприлизин тежегішімен (мысалы, сакубитрил, рацекадотрил) бір мезгілде ем алатын пациенттерде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Эналаприлді сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені неприлизин мен АӨФ бір мезгілде тежелуі ангионевроздық ісінудің даму қаупін арттыруы мүмкін. Сакубитрил/валсартанды эналаприлдің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан өткенде ғана қабылдауды бастау керек. Эналаприлмен емдеуді сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан кейін ғана бастау керек.
Симпатомиметиктер
Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.
Диабетке қарсы препараттар
Эпидемиологиялық зерттеулер АӨФ тежегіштері мен диабетке қарсы препараттарды (инсулиндер, пероральді гипогликемиялық дәрілер) бір мезгілде қабылдау гипогликемия туындау қаупімен қандағы глюкоза деңгейін төмендету әсерінің күшеюін туындататынын көрсетті. Бұл құбылыс біріктірілген емдеудің алғашқы апталарында және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жиі кездесетін сияқты.
Алкоголь
Алкоголь АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер және бета-блокаторлар
Эналаприлді ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитиктермен және бета-блокаторлармен бір мезгілде қауіпсіз тағайындауға болады.
Педиатриялық популяция
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.
При одновременном назначении Энама с нестероидными противовоспалительными препаратами (НПВП) возможно снижение гипотензивного эффекта эналаприла; с калийсберегающими диуретиками - возможна гиперкалиемия; с солями лития - замедление выведения лития.
Одновременный прием Энама с жаропонижающими и болеутоляющими препаратами может уменьшить эффективность Энама.
Энам ослабляет действие препаратов, содержащих теофиллин.
Циметидин удлиняет действие Энама.
Антигипертензивное действие эналаприла усиливает диуретики, β-аденоблокаторы.
При одновременном применении с иммунодепрессантами, цитостатиками повышается риск развития лейкопении.
При одновременном применении калийсберегающих диуретиков (в т.ч. спиронолактона, триамтерена, амилорида), препаратов калия, заменителей соли и БАД к пище, содержащих калий, возможно развитие гиперкалиемии (особенно у пациентов с нарушениями функции почек), т.к. ингибиторы АПФ уменьшают содержание альдостерона, что приводит к задержке калия в организме на фоне ограничения выведения калия или его дополнительного поступления в организм.
При одновременном применении опиоидных анальгетиков и средств для наркоза усиливается антигипертензивное действие эналаприла.
При одновременном применении "петлевых" диуретиков, тиазидных диуретиков усиливается антигипертензивное действие. Имеется риск развития гипокалиемии. Повышение риска нарушения функции почек.
При одновременном применении с азатиоприном возможно развитие анемии, что обусловлено угнетением активности эритропоэтина под влиянием ингибиторов АПФ и азатиоприна.
Описан случай развития анафилактической реакции и инфаркта миокарда при применении аллопуринола у пациента, получающего эналаприл.
Ацетилсалициловая кислота в высоких дозах может уменьшать антигипертензивное действие эналаприла.
Окончательно не установлено, уменьшает ли ацетилсалициловая кислота терапевтическую эффективность ингибиторов АПФ у пациентов с ИБС и сердечной недостаточностью. Характер этого взаимодействия зависит от течения заболевания.
Ацетилсалициловая кислота, ингибируя ЦОГ и синтез простагландинов, может вызывать вазоконстрикцию, что приводит к уменьшению сердечного выброса и ухудшению состояния пациентов с сердечной недостаточностью, получающих ингибиторы АПФ.
При одновременном применении бета-адреноблокаторов, метилдопы, нитратов, блокаторов кальциевых каналов, гидралазина, празозина возможно усиление антигипертензивного действия.
При одновременном применении с НПВС (в т.ч. с индометацином) уменьшается антигипертензивное действие эналаприла, по-видимому, вследствие ингибирования под влиянием НПВС синтеза простагландинов (которые, как полагают, играют определенную роль в развитии гипотензивного эффекта ингибиторов АПФ). Повышается риск развития нарушений функции почек; редко наблюдается гиперкалиемия.
При одновременном применении инсулина, гипогликемических средств производных сульфонилмочевины возможно развитие гипогликемии.
При одновременном применении ингибиторов АПФ и интерлейкина-3 существует риск развития артериальной гипотензии.
При одновременном применении с клозапином имеются сообщения о развитии синкопе.
При одновременном применении с кломипрамином сообщается об усилении действия кломипрамина и развитии токсических эффектов.
При одновременном применении с ко-тримоксазолом описаны случаи развития гиперкалиемии.
При одновременном применении с лития карбонатом увеличивается концентрация лития в сыворотке крови, которая сопровождается симптомами интоксикации литием.
При одновременном применении с орлистатом уменьшается антигипертензивное действие эналаприла, что может привести к значительному повышению АД, развитию гипертонического криза.
Полагают, что при одновременном применении с прокаинамидом возможно повышение риска развития лейкопении.
При одновременном применении с эналаприлом уменьшается действие препаратов, содержащих теофиллин.
Имеются сообщения о развитии острой почечной недостаточности у пациентов после пересадки почки при одновременном применении с циклоспорином.
При одновременном применении с циметидином увеличивается T1/2 эналаприла и повышается его концентрация в плазме крови.
Полагают, что возможно уменьшение эффективности антигипертензивных средств при одновременном применении с эритропоэтинами.
При одновременном применении с этанолом увеличивается риск развития артериальной гипотензии.
В период лечения запрещается употреблять алкогольные напитки, так как алкоголь усиливает гипотензивное действие препарата.
Ближайшие к вам пункты доставки в Актау вы можете посмотреть здесь.
Цены на Энам в других городах
Энам в Алматы, Энам в Астане, Энам в Уральске, Энам в Усть-Каменогорске, Энам в Шымкенте, Энам в Караганде
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Д-Р.РЕДДИ'С ЛАБОРАТОРИС ЛИМИТЕД
Страна производитель: Индия
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения