-ВАЛДЕФАРМ
Страна производитель: Франция
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой, 40 мг
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - пантопразол натрий сесквигидраты, 45,10 мг (40 мг пантопразолға баламалы)
қосымша заттар:
Нольпаза - париеталық жасушалардың протондық сорғыларына спецификалы әсер ету жолымен асқазандағы тұз қышқылының секрециясын басатын алмастырылған бензимидазол.
Пантопразол H+/K+АТФаза ферментін тежейтін және асқазандағы тұз қышқылы синтезінің соңғы кезеңін блоктайтын париеталық жасушалардың қышқыл қоршаған ортасындағы өзінің белсенді формасына айналады. Тежелу дозаға байланысты және қышқылдың негізгі және стимуляцияланған секрециясына әсер етеді. Көптеген пациенттерде симптомдар 2 апта ішінде басылады. Протондық помпа тежегіштері мен H2-рецепторлардың тежегіштері сияқты пантопразолмен емдеу асқазандағы қышқылдықты төмендетеді және осылайша қышқылдықтың төмендеуіне пропорционал гастринді арттырады. Гастриннің мөлшерінің артуы қайтымды. Пантопразол жасушалық рецепторға қатысты дистальді ферментпен байланысатын болғандықтан, ол басқа заттармен (ацетилхолин, гистамин, гастрин) стимуляцияға қарамастан тұз қышқылының секрециясын тежей алады. Өнімнің пероральді қабылданғанына немесе венаға енгізілгеніне қарамастан әсері бір.
Фармакодинамикалық әсерлері
Пантопразол қолданған кезде ашқарынға сарысулық гастриннің деңгейі артады. Қысқа мерзімді пайдалану кезінде көбінесе бұл деңгей норманың жоғарғы шегінен аспайды. Ұзақ емдеу кезінде гастрин деңгейі көп жағдайда екі есе артады. Шамадан тыс артуы, алайда, тек жеке жағдайларда ғана орын алады. Нәтижесінде, ұзақ мерзімді емдеу процесінде аз мөлшерде асқазанның спецификалы эндокриндік жасушалары санының шамалы немесе орташа ұлғаюы байқалады (қарапайым/аденоматоидты гиперплазия). Алайда, жүргізілген зерттеулерге сәйкес, карциноидтардың (атипиялы гиперплазия) немесе гастральдық карциноидтардың ізашарларының түзілуі жануарларға жасалған эксперименттерде анықталған (5.3 бөлімді қараңыз), адамдарда байқалмаған.
Бір жылдан асатын пантопразолмен ұзақ мерзімді емдеудің әсері жануарларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қалқаншабездің эндокриндік параметрлеріне қатысты толығымен алып тасталуы мүмкін емес.
Антисекрециялық дәрілік заттармен емдеу кезінде қышқыл секрециясының төмендеуіне жауап ретінде сарысулық гастриннің мөлшері артады. Асқазанның қышқылдығы төмендегенде хромогранин А (CgA) деңгейі де артады. CgA жоғары деңгейі нейроэндокриндік жаңа түзілімдерді анықтау мақсатында диагностикалық тексеру жүргізу кезінде зерттеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Нольпаза®- замещенный бензимидазол, который подавляет секрецию соляной кислоты в желудке путем специфического воздействия на протонные помпы париетальных клеток.
Пантопразол преобразовывается в свою активную форму в кислой окружающей среде париетальных клеток, где ингибирует фермент H+/K+АТФазу и блокирует заключительный этап синтеза соляной кислоты в желудке. Ингибирование зависит от дозы и влияет как на базальную, так и на стимулированную секрецию кислоты. При язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки, ассоциированной с Неlicobacter pylori, такое снижение желудочной секреции повышает чувствительность микроорганизма к антибиотикам.
После перорального приема Нольпазы® антисекреторный эффект наступает через 1 час и достигает максимума через 2 - 4 часа. Не влияет на моторику желудочно-кишечного тракта. Секреторная активность возвращается к исходному уровню через 3 - 4 дня после окончания приема.
У большинства пациентов прекращение симптомов достигается в течение
2 недель. Как и другие ингибиторы протонной помпы и ингибиторы рецептора H2, терапия пантопразолом уменьшает кислотность в желудке и, таким образом, обратимое увеличение гастрина. Пантопразол может воздействовать на секрецию соляной кислоты независимо от стимуляции другими веществами (ацетилхолин, гистамин, гастрин).
Абсорбциясы
Пантопразол тез сіңеді және плазмадағы ең жоғары концентрацияға тіпті 20 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін де жетеді. Ең жоғары концентрацияға орташа алғанда 2,0-2,5 сағаттан кейін жетеді және сарысуда шамамен 1-1, 5 мкг / мл құрайды және бұл мәндер бірнеше рет енгізгеннен кейін де тұрақты болып қалады. Препараттың бір рет және бірнеше рет қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикасы бірдей. 10-нан 80 мг дейінгі дозалар диапазонында плазмадағы пантопразол кинетикасы ауыз арқылы қабылдағаннан кейін де, венаға енгізгеннен кейін де сызықтық болып табылады. Таблеткаларды қабылдағаннан кейін абсолют биожетімділігі шамамен 77% екендігі анықталды. Азық-түлікті бірге тұтыну AUC-ға, сарысудағы ең жоғары концентрацияға және биожетімділікке әсер етпеді. Тамақпен бірге қабылдағанда препараттың әсер ету уақыты өзгеруі мүмкін.
Таралуы
Пантопразолдың сарысу ақуыздарымен байланысы шамамен 98%-ды құрайды. Таралу көлемі шамамен 0,15 л / кг құрайды.
Биотрансформациясы
Препарат негізінен тек бауырда ғана метаболизденеді. Негізгі метаболизмдік жол CYP2C19 арқылы келесі сульфатты конъюгациямен деметилдену болып табылады; басқа метаболизмдік жол CYP3A4 арқылы тотығуды қамтиды.
Элиминациясы
Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды, ал клиренс - шамамен 0,1 л / сағ. / кг. Субъектілерде баяу шығарудың бірнеше жағдайлары байқалды. Пантопразолдың париеталық жасушалардың протон сорғыларымен спецификалық байланысуы салдарынан жартылай шығарылу кезеңі ұзақтығы бойынша әлдеқайда ұзағырақ әсермен (қышқыл секрециясының тежелуі) байланысты емес.
Негізгі шығарылу жолы - бүйрек арқылы (80%-ға жуық) пантопразол метаболиттері түрінде, қалған бөлігі нәжіспен шығарылады. Қан сарысуындағы және несептегі негізгі метаболит сульфатпен конъюгацияланатын десметилпантопразол болып табылады. Негізгі метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1,5 сағатты құрайды, бұл пантопразолдың жартылай шығарылу кезеңінен шамалы артық.
Пациенттердің ерекше топтары
Баяу метаболизаторлар
Еуропа халқының шамамен 3%-ында баяу метаболизаторлар деп аталатын CYP2C19 изоферменті жоқ. Бұл адамдарда пантопразол метаболизмі негізінен CYP3A4 изоферментімен жүзеге асырылуы мүмкін. 40 мг пантопразол дозасын бір рет қабылдағаннан кейін плазмадағы «концентрация-уақыт» қисығының астындағы орташа аудан CYP2C19 (жылдам метаболизаторлар) функционалдық белсенді изоферменті бар адамдарға қарағанда баяу метаболизаторларда шамамен 6 есе жоғары болды. Плазмадағы ең жоғары концентрациялардың орташа мәні шамамен 60%-ға өсті. Бұл ерекшеліктер пантопразол дозасына әсер етпейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (диализдегі пациенттерді қоса алғанда) пантопразолды қолданған кезде дозаны төмендету талап етілмейді. Сау еріктілердегі сияқты, пантопразолдың жартылай ыдырауы кезеңі қысқа. Пантопразолдың өте аз мөлшері ғана диализге ұшырайды. Негізгі метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі ұзақ (2-3 сағат) болса да, оның экскрециясы өте тез жүреді, сондықтан жинақталу болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А и В класстары) жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағатқа дейін өсті, AUC мәні 5-7 есеге өсті, сарысудағы ең жоғары концентрациясы дені сау еріктілермен салыстырғанда тек 1,5 есе ғана өсті
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарда AUC және Cmax көрсеткішінің шамалы артуы жас адамдардың тиісті көрсеткіштерімен салыстырғанда клиникалық маңызды емес.
Балалар популяциясы
Пантопразолды 20 немесе 40 мг дозада бір рет ішу арқылы енгізгеннен кейін 5-16 жастағы балаларға AUC және Cmax ересектерде ұқсас мәндер диапазонында болды.
2-ден 16 жасқа дейінгі балалар үшін 0,8 немесе 1,6 мг / кг пантопразолдың бір реттік дозасын қолданғаннан кейін пантопразол клиренсі мен жас немесе салмақ арасында маңызды байланыс анықталмаған. AUC және бөлу көлемі ересек еріктілердің ұқсас деректеріне сәйкес болды.
Пантопразол всасывается быстро, максимальные концентрации (для дозировки 20 мг:
Басқа барлық препараттар сияқты, бұл дәрілік зат барлық пациенттерде бірдей көрінбейтін жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- асқазан түбінің безді полиптері (қатерсіз)
Жиі емес (≥ 1/1000 -ден < 1/100-ге дейін)
- ұйқының бұзылуы
- бас ауыруы, бас айналу
- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, метеоризм, іштің ауыруы және жайсыздық, диарея, іш қату
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (трансаминаз, γ-GT)
- тері бөртпелері, қышу, экзантема
- омыртқа, сан және білек сүйектерінің сынуы
- астения, шаршағыштық
Сирек (≥ 1/10000 -нан < 1/1000-ға дейін)
- агранулоцитоз
- жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар мен анафилаксиялық шокты қоса алғанда)
- гиперлипидемия, триглицеридтер, холестерин деңгейінің артуы, дене салмағының өзгеруі, дәм сезудің бұзылуы
- депрессия (барлық қосарлас өршулер)
- көрудің бұзылуы, нашар көру
- билирубин деңгейінің жоғарылауы
- есекжем, Квинке ісінуі
- артралгия, миалгия
- гинекомастия
- дене қызуының жоғарылауы, перифериялық ісіну
Өте сирек (<1/10000)
- тромбоцитопения, лейкопения
- бағдардан жаңылу (барлық қатарлас өршулер)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия1, гипокалиемия1
- галлюцинация, естен шатасу (әсіресе генетикалық бейім пациенттерде, сондай-ақ емдеу басталғанға дейін болған болса, осы симптомдардың өршуі)
- гепатоцеллюлалық бұзылулар, сарғаю, гепатоцеллюлалық жеткіліксіздік
- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, экссудативті мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделалды терілік қызыл жегі, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
- тубулоинтерстициальді нефрит (ТИН) (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін ықтимал үдеумен)
- бұлшықеттің түйілуі2
- парестезия
- микроскопиялық колит
Нечасто (от 1/1, 000 до <1/100)
- нарушения сна
- головная боль, головокружение
- диарея, тошнота, рвота, вздутие живота и метеоризм, запоры, сухость во рту, боли в животе, дискомфорт
- повышение уровня печеночных ферментов (трансаминаз, ?-GT)
- сыпь, экзантема, высыпание на коже, зуд
- переломы костей позвоночника, бедра и запястья
- астения, недомогание и утомляемость
Редко (от 1/10 000 до <1/1 000)
- агранулоцитоз
- реакции повышенной чувствительности (включая анафилактические реакции и анафилактический шок)
- гиперлипидемия, увеличение уровня триглицеридов, холестерина, изменения массы тела, нарушение вкуса
- депрессия (и все обострения)
- нарушения зрения, затуманенное зрение
- повышение уровня билирубина
- крапивница, отек Квинке
- артралгия, миалгия
- гинекомастия
- повышенная температура тела, периферический отек
Очень редко (<1/10 000)
- тромбоцитопения, лейкопения
- дезориентация (и все сопутствующие обострения)
Неизвестно (не может быть оценена на основе имеющихся данных):
рецептурные
Бауыр жеткіліксіздігі
Пантопразолмен емдеу кезінде бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерде, әсіресе ұзақ уақыт бойы бауыр ферменттерінің деңгейін тұрақты бақылау ұсынылады. Бауыр ферменттерінің деңгейі ұлғайған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
ҚҚСП бір мезгілде қолдану
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ емдеуді қажет ететін және асқазан-ішек асқынуларының даму қаупі жоғары топтағы пациенттерге ҚҚСП қолданудан туындаған асқазан мен он екі елі ішек ойықжарасының пайда болуының превентивті шарасы ретінде 20 мг дозаны қабылдауды шектеу керек.
Жоғары қауіпті қауіптің жеке факторларына сәйкес бағалау керек, мысалы:
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
- рефлюкс-эзофагит
Ересектер
- Н.pylori инфекциясымен астасқан ойық жара ауруы бар пациенттерде тиісті бактерияға қарсы еммен біріктірілген Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы
- асқазан мен он екі елі ішек ойықжара ауруы
- Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайлар
Взрослые и подростки с 12 лет и старше
- рефлюкс-эзофагит
Взрослые
- эрадикация Helicobacter pylori (H. pylori) в комбинации с соответствующей антибактериальной терапией у пациентов с язвенной болезнью, ассоциированной с Н.pylori
- язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- синдром Золлингера-Эллисона и другие патологические гиперсекреторные состояния
- пантопразолға, алмастырылған бензимидазолдарға немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- атазанавирмен бір мезгілде қолдану
- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы (сорбитолдың болуына байланысты)
-12 жасқа дейінгі балалар
- повышенная чувствительность к пантопразолу, замещенным бензимидазолам или вспомогательным компонентам препарата
- совместное применение с атазанавиром
РН-тәуелді сіңірілетін дәрілік препараттардың фармакокинетикасы
Асқазан қышқылының секрециясын едәуір және ұзақ тежеуге байланысты пантопразол басқа дәрілік заттардың сіңірілуіне кедергі келтіруі мүмкін, онда асқазан рН пероральді қолдану кезінде биожетімділікті анықтайтын маңызды фактор болып табылады, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол және эрлотиниб сияқты басқа да дәрілер сияқты кейбір азолды зеңге қарсы дәрілер.
АИТВ протеаза тежегіштері
Абсорбциясы қарыншаішілік рН-қа байланысты атазанавир сияқты АИТВ-протеаза тежегіштерімен пантопразолды олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Протондық помпа тежегіші бар АИТВ протеазы тежегіштерін біріктіріп қабылдау керек болған жағдайда мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (мысалы, вирустық жүктеме).
Пантопразолдың тәуліктік дозасын 20 мг асырмау керек. АИТВ протеазы тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кумариндік антикоагулянттар (фенпрокумон немесе варфарин)
Пантопразолды варфаринмен немесе фенпрокумонмен бірге қолдану варфариннің, фенпрокумонның немесе ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) фармакокинетикасына әсер етпеді. Алайда, бір мезгілде протондық помпа ингибиторын және варфарин немесе фенпрокумонды алған пациенттерде ХҚҚ жоғарылауы және протромбин уақытының ұлғаюы туралы хабарламалар пайда болды. ХҚҚ жоғарылауы және протромбин уақытының ұлғаюы патологиялық қан кетудің дамуына және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Варфарин немесе фенпрокумонмен пантопразол алатын пациенттерде ХҚҚ және протромбиндік уақытқа мониторинг жүргізу қажеттілігі туындауы мүмкін.
Метотрексат
Метотрексаттың (мысалы, 300 мг) және протондық помпа тежегіштерінің жоғары дозаларын бірге қолданғанда кейбір пациенттерде метотрексат деңгейінің жоғарылағаны туралы хабарланды. Сондықтан, метотрексаттың жоғары дозасын қабылдайтын пациенттерге, мысалы, қатерлі онкологиялық аурулармен немесе псориазбен ауыратын пациенттерге пантопразолмен емдеуді уақытша тоқтату ұсынылады.
Өзара әрекеттің басқа да зерттеулері
Пантопразол Р450 цитохромының ферменттік жүйесі арқылы бауырда толығымен метаболизденеді. Негізгі метаболизмі CYP2C19 арқылы деметилдеу, ал басқа метаболизм жолдары CYP3A4 ферментімен тотығуды қамтиды.
Карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин және құрамында левоноргестрел және этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтер сияқты, сондай-ақ ұқсас жолдармен метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу клиникалық маңызды өзара әрекеттесуді анықтамады.
Пантопразолдың басқа дәрілік заттармен немесе бір ферменттік жүйені пайдалана отырып метаболизденетін заттармен өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмайды.
Пантопразол CYP1A2 (кофеин, теофиллин сияқты), CYP2C9 (пироксикам, диклофенак, напроксен), CYP2D6 (метопролол сияқты), CYP2E1 (этанол) изоферменттерімен метаболизденетін белсенді заттардың метаболизміне әсер етпейді немесе р-гликопротеинмен байланысты дигоксиннің сіңірілуіне кедергі келтірмейді.
Антацидтермен бір мезгілде қолданғандағы өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Пантопразолдың бір мезгілде тағайындалатын кейбір антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің анықталмағаны белгілі.
CYP2C19 тежейтін немесе индукциялайтын дәрілік заттар:
Ближайшие к вам пункты доставки в Уральске вы можете посмотреть здесь.
Цены на Нольпаза в других городах
Нольпаза в Алматы, Нольпаза в Астане, Нольпаза в Актау, Нольпаза в Усть-Каменогорске, Нольпаза в Шымкенте, Нольпаза в Караганде
-ВАЛДЕФАРМ
Страна производитель: Франция
-TAKEDA GmbH, Oranienburg
Страна производитель: Германия
-SUN Pharmaceutical Industries Ltd.
Страна производитель: Индия
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-LABORATORIOS NORMON S.A
Страна производитель: Испания
-Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Страна производитель: Турция
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Мефар Илач Санаи А.Ш
Страна производитель: Турция
-ВАЛДЕФАРМ
Страна производитель: Франция
-LABORATORIOS NORMON S.A
Страна производитель: Испания
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Страна производитель: Индия