-СЕНТИСС ФАРМА ПВТ ЛТД.
Страна производитель: Индия
-СЕНТИСС ФАРМА ПВТ ЛТД.
Страна производитель: Индия
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ
Лиофилизированный порошок для приготовления раствора для инъекций
Бір құтының ішінде
белсенді зат - эзомепразол 40 мг (42.5 мг натрий эзомепразолына баламалы),
қосымша заттар:
Эзомепразол - спецификалық нысаналы әсер ету механизмі арқылы асқазанда қышқыл секрециясын төмендететін омепразолдың S-изомері болып табылады. Бұл париетальді жасушалардағы қышқылдық сорғының (помпаның) спецификалық тежегіші. Омепразолдың R- және S-изомерлері бірдей фармакодинамикалық белсенділікке ие.
Әсер ету механизмі
Эзомепразол - әлсіз негіз, ол париетальді жасушаның секреторлық өзекшелерінің күшті қышқылдық ортасында шоғырланады және белсенді күйге өтеді, мұнда H+/K+-АТФаза - қышқыл сорғы ферментін тежейді және қышқылдың базальді және стимуляцияланған секрециясын тежейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Симптоматикалық ГЭРА бар пациенттерде 20 мг және 40 мг дозада эзомепразолды пероральді қабылдағаннан кейін 5 күннен кейін асқазанішілік рН деңгейі > 4 құрады және тиісінше орта есеппен 13 және 17 сағат бойы сақталды. Бұл әсер эзомепразолдың пероральді немесе вена ішіне енгізілгеніне қарамастан ұқсас болды.
Плазмалық концентрациямен байланысты параметрі ретінде AUC көмегімен қышқыл секрециясының тежелуі мен эзомепразолды пероральді қабылдағаннан кейінгі экспозиция арасындағы байланыс көрсетілді.
80 мг эзомепразолды 24 сағат бойы дені сау еріктілерде болюстік инфузия түрінде 30 минут бойы кейіннен 23,5 сағат бойы 8 мг/сағ дозада вена ішіне үздіксіз инфузиямен енгізген кезде асқазандағы рН мәні > 4 және рН > 6 орташа алғанда тиісінше 21 сағат және 11-13 сағат сақталды.
40 мг дозада эзомепразолмен рефлюкс-эзофагит кезінде емдеу 4 апталық емдеу курсынан кейін пациенттердің шамамен 78%-ында және 8 апталық пероральді қабылдаудан кейін 93% - да сәтті болды.
Рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде Форрест бойынша Ia, Ib, IIa немесе IIb класының пептидтік ойық жарадан эндоскопиялық расталған қан кетуі бар пациенттер (тиісінше 9%, 43%, 38% және 10%) эзомепразолмен инфузияға арналған ерітінді түрінде ем алған топқа (n = 375) немесе плацебо алған топқа (n = 389)рандомизацияланды. Эндоскопиялық гемостаздан кейін пациенттерге не 30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде 80 мг эзомепразол, содан кейін 8 мг/сағ жылдамдықпен үздіксіз инфузия, не 72 сағат бойы плацебо енгізілді.
Бастапқы 72 сағаттық кезеңнен кейін барлық пациенттер асқазанның қышқыл функциясын бәсеңдету үшін 27 күн бойы ашық зерттеуде 40 мг дозада пероральді эзомепразол алды. 3 күн ішінде қайталанған қан кетудің пайда болу жиілігі плацебо тобындағы 10,3% - бен салыстырғанда эзомепразол қабылдаған топта 5,9% - ды құрады. Емдеуден кейін 30 күн өткен соң препаратпен ем алған топта қайталанудың пайда болу жиілігі плацебо қабылдаған топпен салыстырғанда 13,6% - ға қарсы 7,7% - ды құрады.
Антисекрециялық дәрілік заттармен емдеу кезінде қан плазмасындағы гастрин концентрациясы қышқыл секрециясының төмендеуіне жауап ретінде жоғарылайды. Сонымен қатар, асқазан қышқылдығының төмендеуіне байланысты хромогранин А (CgA) деңгейі жоғарылайды. CgA деңгейінің жоғарылауы нейроэндокринді ісіктерді анықтау бойынша зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Қолда бар жарияланған деректер ППТ емдеуді CgA өлшеуден 5-14 күн бұрын тоқтату керек екенін көрсетеді. Бұл CgA концентрациясы референсті мәнге оралғанға дейін ППТ қолданғаннан кейін аздап артуы мүмкін екенін білдіреді.
Қан сарысуындағы гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты энтерохромаффин тәрізді жасушалар (ECL) санының артуы балаларда да, ересектерде де эзомепразолмен ұзақ уақыт емделуде байқалды. Бұл нәтижелер клиникалық тұрғыдан маңызды емес болып саналады.
Пероральді антисекрециялық препараттармен ұзақ емдеу кезінде асқазан бездерінің кисталарының пайда болу жиілігінің шамалы жоғарылауы туралы хабарланды. Бұл өзгерістер қышқыл секрециясының белгілі бір тежелуінің физиологиялық салдары болып табылады. Олар қатерсіз болып табылады және қайтымды болуы мүмкін.
Кез-келген ППТ қолдану салдарынан асқазан қышқылдығының төмендеуі асқазан-ішек жолында қалыпты кезде асқазанда болатын бактериялардың санын арттырады. ППТ-ны емдеу, мысалы, Salmonella және Campylobacter, және мүмкін, Clostridium difficile туындаған асқазан-ішек инфекцияларының қаупін арттыруы мүмкін.
Педиатриялық популяция
Плацебо-бақыланатын зерттеуде (1-11 айлық 98 пациент) ГЭРА белгілері мен симптомдары бар пациенттердің тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. 1 мг/кг дозада эзомепразолды тәулігіне бір рет 2 апта ішінде (ашық зерттеу фазасы) және 80 пациент қосымша 4 апта ішінде (салыстырмалы жасырын зерттеу, емдеуді тоқтату фазасы) пероральді түрде енгізілді. Симптомдардың нашарлауына байланысты емді тоқтатқанға дейін бастапқы соңғы нүктеде эзомепразол мен плацебо арасында елеулі айырмашылық байқалған жоқ.
Плацебо-бақыланатын зерттеуде (1 айдан кіші жастағы 52 пациент) ГЭРА симптомдары бар пациенттердің тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. Эзомепразолды 0,5 мг/кг дозада тәулігіне бір рет кем дегенде 10 күн бойы пероральді енгізді. Бастапқы соңғы нүктеде эзомепразол мен плацебо арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ, ГЭРА симптомдары пайда болған жағдайлардың бастапқы санынан өзгеріс болды.
Педиатриялық зерттеулердің нәтижелері сондай-ақ < 1 ай жастағы және 1 айдан 11 айға дейінгі балаларда 0,5 мг/кг және 1,0 мг/кг дозада эзомепразолды қабылдау аясында тиісінше қарыншаішілік рН < 4 мәнімен уақыттың орташа пайызының азаюы байқалғанын көрсетеді.
Балалардағы эзомепразолдың қауіпсіздік бейіні ересектерге ұқсас.
ГЭРА бар (<1 жастан 17 жасқа дейінгі) педиатриялық пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде ППТ-мен ұзақ ем алған балалардың 61%-ында клиникалық маңыздылығы белгісіз елеусіз дәрежедегі ECL-жасушаларының гиперплазиясы байқалған. Атрофиялық гастрит немесе карциноидты ісіктердің дамуы байқалмады.
Эзомепразол - S-изомер омепразола, который снижает секрецию желудочного сока благодаря специфически направленному механизму действия; является ингибитором протонного насоса париетальных клеток слизистой оболочки желудка. Эзомепразол - слабое основание, он концентрируется и переходит в активную форму в кислой среде секреторных канальцев париетальных клеток, где ингибирует фермент Н+К+-АТФазу - протонный насос, а также угнетает базальную и стимулированную секрецию кислоты.
У пациентов с гастроэзофагеальной рефлюксной болезнью (ГЭРБ) и наличием клинических симптомов через 5 дней ежедневного перорального приема эзомепразола в дозе 20 мг или 40 мг значение внутрижелудочного pH выше 4 поддерживалось в течение, в среднем, 13-17 часов (в зависимости от дозы). Эффект достигается одинаково как при пероральном, так и при внутривенном применении.
На фоне внутривенного введения здоровым добровольцам 80 мг эзомепразола в течение 30 минут с последующей продленной внутривенной инфузией эзомепразола в дозе 8 мг/ч в течение 23,5 часов значение желудочного pH было выше 4 в течение, в среднем, 21 часа, и выше 6 - в течение 11-13 часов.
Терапевтические эффекты угнетения секреции кислоты
Выраженный клинический эффект эзомепразола в дозе 40 мг в терапии рефлюкс- ззофагита после 4 недель лечения отмечается у 78% пациентов, а после 8 недель лечения - у 93%.
Применение эзомепразола на протяжении одной недели в комплексе с соответствующими антибиотиками обеспечивает успешную эрадикацию Helicobacter pylori приблизительно в 90% случаев. Пациентам с неосложненной язвенной болезнью после недельного эрадикационного курса не требуется последующей монотерапии препаратами, понижающими секрецию желез желудка, для заживления язвы и устранения симптомов.
Эффективность эзомепразола при кровотечении из пептической язвы была показана в исследовании пациентов с кровотечением из пептической язвы, подтвержденным эндоскопически.
Другие эффекты, связанные с угнетением секреции кислоты
В период проведения антисекреторной терапии концентрация гастрина в плазме крови повышается в результате снижения секреции кислоты.
Увеличение количества эндокринных гистаминпродуцирующих клеток (ECL-клеток), которое отмечали у некоторых пациентов при длительном применении эзомепразола, возможно обусловлено повышением уровня гастрина в плазме крови.
Таралуы
Дені сау адамдарда тепе-теңдік жағдайында таралудың айқын көлемі дене салмағының шамамен 0,22 л/кг құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97% - ға байланысады.
Биотрансформациясы
Эзомепразол Р450 (CYP) цитохромы жүйесінің қатысуымен толық метаболизденеді. Негізгі бөлігі спецификалық полиморфты СYР2С19 изоферментінің қатысуымен метаболизденеді, бұл ретте эзомепразолдың гидроксилденген және десметилденген метаболиттері түзіледі. Қалған бөлігінің метаболизмі CYP3A4 изоферментімен жүзеге асырылады; бұл ретте эзомепразол сульфоны - плазмада айқындалатын негізгі метаболит түзіледі.
Шығарылуы
Төменде келтірілген параметрлер негізінен CYP2C19 изоферментінің белсенділігі жоғары пациенттерде фармакокинетиканың сипатын көрсетеді.
Жалпы плазмалық клиренс препаратты бір рет енгізгеннен кейін шамамен 17 л/сағ және қайта енгізгенде 9 л/сағ құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препаратты тәулігіне бір рет қайталап енгізген кезде 1,3 сағатты құрайды.
Күн сайын тәулігіне бір рет қолданған кезде эзомепразол енгізу арасындағы үзілісте плазмадан толық шығарылады, эзомепразолдың жинақталу үрдісі байқалмайды.
Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазандағы қышқыл секрециясына әсер етпейді. Эзомепразолдың пероральді дозасының 80% - ға жуығы несеппен метаболиттер түрінде, қалған бөлігі - нәжіспен шығарылады. Несепте өзгермеген эзомепразолдың 1% - дан азы анықталады.
Дозаға тәуелділігі/тәуелсіздігі
Эзомепразолды қайта қабылдаған кезде жалпы экспозиция (AUC) артады. Бұл ұлғаю дозаға тәуелді болып табылады және препаратты қайта қолданғаннан кейін «доза - AUC» тәуелсіз өсуіне әкеледі. Бұл уақыт пен дозаға тәуелділік CYP2C19 ферментінің эзомепразолмен және/немесе оның метаболит сульфонымен бәсеңдеуімен байланысты болуы мүмкін бірінші өту метаболизмінің және жүйелік клиренстің төмендеуіне негізделген.
Эзомепразолды 40 мг дозада вена ішіне қайталап енгізу кезінде плазмадағы орташа ең жоғары концентрация шамамен 13,6 мкмоль/л құрайды. Ұқсас дозаларды ішке қабылдаған кезде плазманың орташа ең жоғары концентрациясы шамамен 4,6 мкмоль / л құрайды. Пероральді қабылдаумен салыстырғанда эзомепразолды вена ішіне енгізу кезінде жалпы экспозиция (шамамен 30%) біршама аз артады. 23,5 сағат ішінде кейінгі инфузиямен (4 мг/сағ немесе 8 мг/сағ) 30 минуттық инфузия (40 мг, 80 мг және 120 мг) түрінде эзомепразолды вена ішіне енгізу кезінде енгізілетін дозаға жалпы экспозицияның дозаға тәуелділігі көрсетілді.
Распределение. Кажущийся объем распределения при равновесном состоянии у здоровых людей составляет приблизительно 0,22 л/кг массы тела. Эзомепразол связывается с белками плазмы на 97%.
Метаболизм и выведение. Эзомепразол полностью метаболизируется с участием системы цитохрома Р450. Общий клиренс составляет около 17 л/ч после однократного и примерно 9 л/ч - после повторного применения. Период полувыведения составляет 1,3 часа после повторного приема дозы препарата один раз в сутки. Эзомепразол полностью выводится из плазмы крови в течение междозового периода без тенденции к кумуляции в организме при приеме препарата 1 раз в сутки.
Основные метаболиты эзомепразола не влияют на желудочную секрецию. Метаболизм эзомепразола существенно не изменяется у пациентов пожилого возраста (71-80 лет). Скорость метаболизма снижается у пациентов с тяжелыми нарушениями функции печени, что ведет к увеличению площади под кривой «концентрация-время» (AUC) в два раза. Поэтому максимальная доза препарата для таких пациентов не должна превышать 20 мг в сутки.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан:
рецептурные
Кез келген үрейлі симптомдар (мысалы, дене салмағының айтарлықтай өздігінен жоғалуы, қайтадан құсу, дисфагия, қан аралас құсу, мелена) болған кезде, сондай-ақ асқазанның ойық жарасы бар болғанда немесе асқазанның ойық жарасына күдік туындаған кезде қатерлі жаңа түзілімнің болуын болдырмау керек, өйткені Помпезо препаратымен емдеу симптомдарды бәсеңдетуге және диагноз қоюды кейінге қалдыруға әкелуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді емдеу
Ұзақ емделуде жүрген пациенттер (әсіресе емдеу ұзақтығы 1 жылдан асатын пациенттер) тұрақты бақылауда болуы тиіс.
Талап бойынша емдеу
Талап бойынша ем алатын пациенттер ауру симптомдарының сипаты өзгерген жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Helicobacter pylori эрадикациясы
Helicobacter pylori эрадикациясы үшін эзомепразолды қолданған кезде үш еселік ем компоненттерінің әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесуін назарға алу керек.
Кларитромицин CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады, сондықтан цизаприд сияқты CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде ем алатын пациенттерде үш есе ем қолданған кезде кларитромициннің қолдануға болмайтын жағдайлары мен дәрілермен өзара әрекеттесуін ескеру керек.
Асқазан-ішек инфекциялары
Протонды помпа тежегіштерімен (ППТ) емдеу Salmonella және Campylobacter туындататын асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупінің шамалы артуына әкеп соғуы мүмкін.
В12 дәруменінің сіңірілуі
Эзомепразол, қышқылдықты төмендететін барлық препараттар сияқты, гипо- және ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Мұны ұзақ ем кезінде дене көлемі төмендеген пациенттерге немесе В12 дәрумені сіңірілуінің төмендеу қаупі факторларына ескерген жөн.
Гипомагнемия
Эзомепразол сияқты ППТ қабылдайтын пациенттерде кемінде үш ай бойы, ал көп жағдайда бір жыл бойы айқын гипомагниемия туралы хабарланды. Шаршау, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның ауыр көріністері байқалуы мүмкін, бірақ бұл симптомдар байқалмай басталуы мүмкін және оларды өткізіп алуға болады. Көп жағдайда гипомагниемия байқалған пациенттердің жағдайы магниймен алмастырушы емнен және ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін жақсарды. Ұзақ мерзімді емделуден күтілетін немесе гипомагнемияны туындатуы мүмкін дигоксинмен немесе дәрілік заттармен ППТ алатын пациенттер үшін (мысалы, диуретиктер) медицина қызметкерлері ППТ-ны емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыруы керек.
Сыну қаупі
ППТ, әсіресе егер олар жоғары дозада және ұзақ уақыт (>1 жыл) аралығында қолданылса, негізінен егде жастағы адамдарда немесе басқа танылған қауіп факторлары бар болғанда, ортан жіліктің, білезіктің, омыртқаның сыну қаупін шамалы арттыруы мүмкін. Бақылау зерттеулері көрсеткендей, ППТ сынудың жалпы қаупін 10-40% арттыруы мүмкін. Қауіптің артуы басқа қауіп факторларына байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес күтім алуы керек және D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (SCLE)
ППТ қолдану SCLE-нің өте сирек кездесетін жағдайларымен байланысты. Егер зақымданулар пайда болса, әсіресе терінің күн тиетін ашық жерлерінде және егер олар артралгиямен қатар жүрсе, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек және медицина қызметкері Помпезо препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек. Алдында ППТ-мен жүргізілген емдеуден кейін SCLE басқа ППТ-мен бірге SCLE қаупін арттыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен біріктіру
Эзомепразолды атазанавирмен бірге енгізу ұсынылмайды.
Егер атазанавирдің ППТ-мен біріктірілуі сөзсіз деп болжанса, атазанавирдің дозасын 100 мг ритонавирден 400 мг-ға дейін арттырумен бірге мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады; 20 мг эзомепразол дозасын асырмау керек.
Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Емдеу басталғаннан кейін немесе эзомепразолмен емдеу аяқталғаннан кейін CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастыру керек. Клопидогрел мен эзомепразол арасында өзара әрекеттесу байқалады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы түсініксіз. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Эзомепразолды талап бойынша ем ретінде қолданған кезде қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының өзгеруі салдарынан басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің ықтималды нәтижелерін ескеру керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Эзомепразолды өте сирек жағдайларда пайдалану кезінде пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін мультиформалы эритеманы (ЕМ), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермальді некролизді (TEN), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы туралы хабарланды.
Пациенттерге терінің ауыр реакцияларының (EM/SJS/TEN/DRESS) белгілері мен симптомдары туралы және оларға кез келген сипатты белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде емдеуші дәрігерге дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Терінің ауыр жағымсыз реакцияларының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда пациенттерге тиісті ем/мұқият мониторинг жүргізу керек. EM/SJS/TEN/DRESS бар пациенттерде препаратпен емдеуді қайта бастауға болмайды.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Хромогранин A (CgA) жоғары деңгейі нейроэндокринді ісіктерді анықтау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін эзомепразолмен емдеуді CgA деңгейін өлшеу алдында кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы өлшеуден кейін CgA және гастрин деңгейлері референс мәндеріне қайтарылмаса, өлшеулерді ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен кейін қайталау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты осындай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
ГЭРА:
Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты ересектерде:
- белсенді затқа, бензимидазолдарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- нелфинавирмен бір мезгілде қолдану.
- известная повышенная чувствительность к эзомепразолу, замещенным
бензимидазолам или другим ингредиентам препарата
- детский и подростковый возраст до 18 лет (в связи с отсутствием данных
по безопасности и эффективности)
- совместное применение с нелфинавиром
- период лактации
Эзомепразолдың басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері
Протеаза тежегіштері
Омепразол кейбір протеаза тежегіштерімен өзара әрекеттесетіні хабарланды. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы мен механизмдері белгісіз. Омепразолмен емдеу кезінде асқазанның рН-ның жоғарылауы протеаза тежегіштерінің сіңуін өзгертуі мүмкін. CYP2C19 тежелуі өзара әрекеттесудің тағы бір мүмкін механизмі болып табылады.
Атазанавир мен нелфинавир омепразолмен бір мезгілде қабылданған жағдайларда, осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуі байқалды, сондықтан оларды омепразолмен бірге қолдану және бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен бірге қолдану атазанавир экспозициясының едәуір төмендеуіне («концентрация-уақыт» қисығының астындағы ауданның (AUC), ең жоғары (Cmax) және ең төмен (Cmin) концентрациялардың шамамен 75% - ға) әкелді. Атазанавир дозасын 400 мг-ға дейін арттыру омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерін өтемеді. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен /100 мг ритонавирмен бірге қолдану тәулігіне бір рет 20 мг омепразолсыз тәулігіне бір рет 300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді тағайындаған кезде байқалатын экспозициямен салыстырғанда атазанавир экспозициясының шамамен 30% - ға төмендеуіне әкелді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) бірге қолдану AUC, Cmax және Cmin орташа мәнінің нелфинавирдің 36-39% - ға төмендеуіне әкелді, ал фармакологиялық белсенді M8 метаболиті үшін AUC, Cmax және Cmin орташа мәні 75-92%-ға төмендеді. Омепразол мен эзомепразолдың ұқсас фармакодинамикалық әсерлері мен фармакокинетикалық қасиеттеріне байланысты эзомепразолды атазанавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және эзомепразолды нелфинавирмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Саквинавир үшін (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда) омепразолмен (тәулігіне бір рет 40 мг) бір мезгілде қолданғанда оның қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы (80-100%) туралы хабарланған. Тәулігіне бір рет 20 мг омепразолмен емдеу дарунавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) және ампренавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) экспозициясына әсер етпеді. Тәулігіне бір рет 20 мг эзомепразолмен емдеу ампренавирдің экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бірге және бір мезгілде тағайындаусыз). Тәулігіне бір рет 40 мг омепразолмен емдеу лопинавир экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда).
Метотрексат
ППТ-мен бірге қолдану кейбір пациенттерде метотрексат концентрациясын арттырады деп хабарланды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда эзомепразолмен емдеуді уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін.
Такролимус
Эзомепразолмен бір мезгілде тағайындау қан сарысуындағы такролимус концентрациясын арттыратыны хабарланды. Такролимус концентрациясына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету керек.
Сіңірілуі рН-ға байланысты дәрілік заттар
Эзомепразолмен және басқа ППТ-мен емдеу аясында асқазан сөлінің қышқылдығын басу сіңірілуі асқазан рН мәндеріне байланысты препараттар сіңірілуінің төмендеуіне немесе ұлғаюына әкелуі мүмкін. Асқазандағы қышқылдық секрецияны төмендететін басқа препараттар сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб сияқты препараттардың сіңуі төмендеуі мүмкін, ал эзомепразолмен емдеу кезінде дигоксиннің сіңуі жоғарылауы мүмкін. Дені сау еріктілерде омепразолды (күніне 20 мг) және дигоксинді бірге қабылдау дигоксиннің биожетімділігін 10% - ға (он еріктінің екеуінде 30% - ға дейін) арттырады. Дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланды. Алайда, егде жастағы пациенттерде жоғары дозаларда эзомепразолды тағайындағанда сақ болу керек. Содан кейін дигоксиннің емдік дәрілік мониторингін күшейту керек.
CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттар
Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі СҮР2С19 ферментін тежейді. Эзомепразолды диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин сияқты CYP2C19 метаболизміне қатысатын басқа препараттармен бірге қолдану осы препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі және дозаны төмендетуді талап етуі мүмкін. Эзомепразолдың вена ішіне үлкен дозаларды (80 мг + 8 мг/сағ) енгізу кезіндегі in vivo өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. Эзомепразолдың CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттарға әсері препаратты вена ішіне енгізген кезде анағұрлым айқын болуы мүмкін, сондықтан жағымсыз реакцияларды уақтылы анықтау мақсатында пациенттерді вена ішіне енгізген сәттен бастап 3 күн ішінде мұқият бақылау керек.
Диазепам
Бір мезгілде 30 мг эзомепразолды пероральді қабылдау CYP2C19 диазепам субстратының клиренсінің 45% - ға төмендеуіне әкеледі.
Фенитоин
40 мг эзомепразол мен фенитоинді бір мезгілде пероральді қабылдау эпилепсиясы бар пациенттерде қан плазмасындағы фенитоин деңгейінің 13% - ға жоғарылауына әкеледі. Эзомепразолмен ем тағайындау немесе тоқтату кезінде қан плазмасындағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады.
Вориконазол
Омепразолды (тәулігіне 1 рет 40 мг) қабылдау Cmax және AUCτ вориконазолдың (CYP2С19 субстраты) 15%-ға және тиісінше 41%-ға ұлғаюына әкеледі.
Цилостазол
Омепразол, эзомепразол сияқты, CYP2С19 тежегіштері ретінде әрекет етеді. Дені сау еріктілердің 40 мг дозада омепразолды қолдануы цилостазол үшін Cmax және AUC 18%-ға және сәйкесінше 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірі үшін сәйкесінше 29%-ға және 69%-ға артуына әкелді.
Цизаприд
Дені сау еріктілерде цизапридпен 40 мг эзомепразолды бір мезгілде пероральді тағайындау плазмадағы AUC 32% - ға ұлғаюына және жартылай шығарылу кезеңінің (T 1/2) 31% - ға ұлғаюына әкелді, бірақ бұл ретте қан плазмасындағы Сmax цизапридтен айтарлықтай ұлғаю болған жоқ. ЭКГ-дағы QT орташа ұзартылған аралығы монотерапия режимінде цизапридті қабылдағаннан кейін байқалды, ол кейіннен эзомепразолмен біріктіріп цизапридті тағайындау кезінде ұлғаймады.
Варфарин
Клиникалық зерттеуде варфарин қабылдаған пациенттерде 40 мг эзомепразолды біріктіріп пероральді қолдану коагуляция уақыты рұқсат етілген шекте қалғанын көрсетті. Алайда, эзомепразолды пероральді қолданудың постмаркетингтік тәжірибесі эзомепразол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауының бірнеше жекелеген жағдайлары туралы куәландырады. Эзомепразолмен және варфаринмен немесе кумариннің басқа да туындыларымен бір мезгілде емдеудің басында және соңында ХҚҚ мониторингін жүргізу ұсынылады.
Клопидогрел
Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеулер жүргізу барысында алынған клопидогрел (тәулігіне 75 мг демеуші доза/ 300 мг жүктеме дозасы) мен эзомепразол (тәулігіне 40 мг пероральді) арасындағы фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесу нәтижелері клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының орта есеппен 40% - ға төмендегенін және тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (аденозиндифосфатпен (АДФ) индукцияланған) ең жоғары көрсеткішінің орта есеппен 14% - ға төмендегенін көрсетті.
Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу жүргізу кезінде монотерапия түрінде клопидогрелді қолданумен салыстырғанда клопидогрел эзомепразолмен және ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге дозалардың бекітілген біріктірілімде (20 мг + тиісінше 81 мг) қолданылған кезде клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының шамамен 40%-ға төмендегені байқалды. Алайда еріктілерде тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (индукцияланған АДФ) ең жоғары деңгейі клопидогрелді монотерапия ретінде қолдану тобында және эзомепразолмен және АСҚ-мен бірге клопидогрелді қолдану тобында бірдей болды.
Бақылау және клиникалық зерттеулерде эзомепразолдың негізгі жүрек-қантамыр құбылыстарына қатысты ФК/ФД өзара әрекеттесуінің клиникалық аспектілері туралы қарама-қайшы деректер алынды. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Клиникалық маңызды өзара әрекеттесусіз зерттелетін дәрілік заттар
Амоксициллин немесе хинидин
Эзомепразолдың амоксициллин немесе хинидин фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсері жоқ екені көрсетілді.
Напроксен немесе рофекоксиб
Эзомепразол мен напроксенді немесе рофекоксибті бірге қолдануды бағалайтын зерттеулер қысқа мерзімді зерттеулер кезінде қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерді анықтаған жоқ.
Басқа дәрілік заттардың эзомепразол фармакокинетикасына әсері
CYP2C19 және/немесе CYP3A4 тежейтін дәрілік заттар
Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді. Эзомепразолды және CYP3A4 тежегішін (тәулігіне 2 рет 500 мг) бір мезгілде пероральді қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкелді. Эзомепразолды және CYP2C19 және CYP3A4 біріктірілген тежегішін бір мезгілде қолдану эзомепразол экспозициясының 2 еседен астам ұлғаюына әкелуі мүмкін. CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші вориконазол омепразолдың AUCτ-ін 280% - ға арттырды. Осы жағдайлардың кез-келгенінде эзомепразол дозасын түзету қажет емес. Дегенмен, бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде және ұзақ емдегенде дозаны түзету қажет.
CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар
Рифампицин және шілтері жапырақты шайқурай препараттары сияқты CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар эзомепразол метаболизмін жеделдету есебінен эзомепразолдың қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Педиатриялық популяция
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.
Снижение кислотности желудочного сока на фоне лечения эзомепразолом может привести к изменению абсорбции препаратов, всасывание которых зависит от кислотности среды.
Эзомепразол, как антациды и другие препараты, снижающие секрецию кислоты в желудке, может приводить к снижению абсорбции кетоконазола и итраконазола. Совместный прием омепразола в дозе 20 мг 1 раз в день и дигоксина повышает биодоступность дигоксина на 10% (биодоступность дигоксина повышалась на 30% у 20% пациентов).
Эзомепразол ингибирует CYP2C19 - основной фермент, участвующий в его метаболизме. Соответственно, совместное применение эзомепразола с другими препаратами, в метаболизме которых принимает участие CYP2C19 (например, диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин), может привести к повышению концентраций этих препаратов в плазме, что в свою очередь приведет к необходимости снижения дозы. Это явление особенно выражено при использовании Помпезо в режиме терапии «по необходимости».
Минимальные концентрации фенитоина в плазме больных эпилепсией повышались на 13% при сочетании его с эзомепразолом в дозе 40 мг. В связи с этим рекомендуется контролировать концентрации фенитоина в плазме в начале лечения эзомепразолом и при его отмене.
Совместный прием варфарина с эзомепразолом в дозе 40 мг не приводит к изменению времени коагуляции у пациентов, длительно принимающих варфарин. Рекомендуется наблюдение за пациентами при начале и по окончании совместного применения этих препаратов.
Совместный прием цизаприда с эзомепразолом в дозе 40 мг приводит к повышению значений фармакокинетических параметров цизаприда:
Ближайшие к вам пункты доставки в Алматы вы можете посмотреть здесь.
-SUN Pharmaceutical Industries Ltd.
Страна производитель: Индия
-АстраЗенека АБ
Страна производитель: Швеция
-АстраЗенека АБ
Страна производитель: Швеция
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Балканфарма-Дупница АД
Страна производитель: Болгария
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Алкем Лабораториз Лтд.
Страна производитель: Индия
-Балканфарма-Дупница АД
Страна производитель: Болгария
-Алкем Лабораториз Лтд.
Страна производитель: Индия
-SUN Pharmaceutical Industries Ltd.
Страна производитель: Индия