-АстраЗенека АБ
Страна производитель: Швеция
Инъекция мен инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 40 мг
Лиофилизат для приготовления раствора для инъекций и инфузий, 40 мг
1 құтының ішінде
белсенді зат - натрий эзомепразолы 42.55 мг эзомепразолға баламалы 40 мг
қосымша заттар:
Эзомепразол омепразолдың S-изомері болып табылады және париетальді жасушалардағы қышқыл сорғысын спецификалық тежеу жолымен асқазандағы тұз қышқылының секрециясын төмендетеді. Омепразолдың S- және R-изомерлерінің фармакодинамикалық белсенділігі ұқсас.
Әсер ету механизмі
Эзомепразол әлсіз негіз болып табылады, концентрацияланады және асқазанның шырышты қабығының париетальді жасушаларының секреторлық өзекшелерінің қышқылдылығы күшті ортасында белсенді түріне айналады және қышқыл сорғысы -Н+, К+- АТФаза ферментін тежейді, сонымен қатар базалдық, және стимуляцияланған қышқыл секрециясының тежелуі орын алады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Асқазандағы қышқыл секрециясына ықпалы
Симптомдарының болуымен, гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) бар пациенттер 5 күн бойы 20 мг немесе 40 мг дозадағы эзомепразолды қабылдағаннан кейін асқазандағы рН мәні 24 сағаттың орташа алғанда 13 және 17 сағаты ішінде 4-тен жоғары болды.
Фармакокинетикалық деректерді талдау қышқыл секрециясының тежелуі мен ішке қабылдағаннан кейінгі плазмадағы препарат концентрациясы арасындағы өзара байланыстылықты анықтауға мүмкіндік берді (концентрациясын бағалау үшін AUC - «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан параметрі пайдаланылған).
23,5 сағат ішіндегі венаішілік ұзақ 8 мг/сағ инфузияның алдында 80 мг эзомепразолды болюстік инфузия түрінде 30 минут бойы вена ішіне енгізгенде, асқазанішілік рН мәні 4-тен жоғары және 6-дан жоғары болды, дені сау еріктілерде орташа алғанда, 21 сағат және 24 сағаттың 11-13 сағаты бойына сақталды.
Қышқыл секрециясын тежеудің нәтижесінде жететін емдік әсері
40 мг дозадағы эзомепразолмен емдегенде рефлюкс-эзофагиттің жазылуы 78% пациентте шамамен 4 апта емдеуден соң және 93% пациентте 8 апта емдеуден соң басталады.
Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын бір клиникалық зерттеуде эндоскопиялық жолмен расталған, Форрест бойынша Ia, Ib, IIa немесе IIb (сәйкесінше 9%, 43%, 38% және 10%) ретінде сиптталатын ойық жаралы қан кетуі бар пациенттер эзомепразолды инфузияға арналған ерітінді түрінде (n = 375) немесе плацебо (n = 389) енгізу топтарына рандомизацияланды. Эндоскопиялық гемостаздан кейін пациенттер не венаішілік инфузия түріндегі 80 мг эзомепразолды 30 минут ішінде қабылдап, артынан сағатына 8 мг үздіксіз инфузияны қабылдаған, не болмаса 72 сағат ішінде плацебо қабылдаған. Бастапқы 72 сағаттық кезеңнен кейін пациенттердің барлығы қышқылды бәсеңдету үшін 27 күн бойы 40 мг эзомепразолды ашық түрде пероральді қабылдаған. 3 күн ішінде қан кетудің қайталануының жиілігі плацебо тобындағы 10,3%-бен салыстырғанда эзомепразолды қабылдаған топта 5,9% құрады. Емдеуден кейін 30 күннен соң қан кетудің қайталануы плацебо қабылдаған топпен салыстырғанда, эзомепразолды қабылдаған топта 13,6%-ға қарсы 7,7% құрады.
Антисекреторлық дәрілік заттармен емдеу кезінде қышқыл секрециясының төмендеуіне жауап ретінде сарысудағы гастрин жоғарылайды. Сонымен қатар CgA асқазанның қышқылдылығы төмендеуіне де байланысты жоғарылайды. CgA деңгейінің жоғарылығы нейроэндокриндік ісіктерді зерттеулерге кедергі келтіруі мүмкін. Қолда бар жарияланған деректер, протондық помпа тежегіштерін CgA өлшеулерге дейін 5 күннен 2 аптаға дейінгі уақыт ішінде тоқтату керектігін көрсетіп отыр. Бұл ППТ әсерінен кейін күрт көтеріліп кетуі мүмкін CgA деңгейлерінің, бақылаудағы диапазонына оралуына мүмкіндік беруі тиіс.
Эзомепразолмен емдеу кезінде балаларда да, ересектерде де сарысудағы гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін ЭХП жасушалары санының артуы байқалды. Алынған деректер клиникалық тұрғыдан нақтыланбаған.
Асқазан бездерінің кистасын антисекреторлық дәрілік заттармен ұзақ уақыт пероральді емдеу кезінде біршама көп жиілікпен кездеседі. Мұндай өзгерістер қышқыл секрециясының айқын тежелуінің физиологиялық салдары болып табылады, қатерсіз және, шамасы қайтымды болып табылады.
Протондық помпа тежегіштерін қоса кез келген дәрілерге байланысты асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі, әдетте асқазан-ішек жолында болатын асқазан бактерияларының мөлшерін арттырады. Протондық помпа тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter сияқты асқазан-ішек инфекциялары қаупінің аздап жоғарылауына алып келуі мүмкін, ал ауруханаға түскен пациенттерде Clostridium difficile де болуы мүмкін.
Педиатриялық популяция
Плацебо-бақыланатын зерттеуде (1-11 айлық 98 пациент) ГЭРА белгілері мен симптомдары бар пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. Тәулігіне бір рет 1 мг/кг дозадағы эзомепразол 2 апта (ашық фаза) бойы пероральді берілді, және 80 пациент қосымша 4 апта (емдеуді тоқтатудың салыстырмалы жасырын фазасы) бойына кірістірілді. Симптомдарының нашарлауына байланысты емдеу тоқтатылғанға дейінгі бастапқы ақырғы нүкте кезеңі ішінде эзомепразол мен плацебо арасында айқын айырмашылық болмады.
Плацебо-бақыланатын зерттеуде (< 1 айлық 52 пациент) ГЭРА белгілері мен симптомдары бар пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. Тәулігіне бір рет 0,5 мг/кг дозадағы эзомепразол пероральді кемінде 10 күн бойы тағайындалды. Бастапқы ақырғы нүктеде ГЭРА симптомдары пайда болған жағдайлардың бастапқы санымен салыстырғанда, эзомепразол мен плацебо арасында анық айырмашылықтар болмады.
Педиатриялық зерттеулердің нәтижелері де, 1 айлық және 1 айдан 11 айға дейінгі балаларда эзомепразолдың тиісінше 0,5 мг/кг және 1,0 мг/кг дозалары, внутриэзофагеальді рН <4-пен орташа уақыт пайызын төмендететінін көрсетіп отыр. Қауіпсіздік бейіні ересектерде байқалғанға ұқсас болып шықты.
ГЭРА бар пациенттерді зертеуде, ППТ ұзақ ем қабылдаған балаларда (<1-17 жас шамасындағы), 61% балада қандай-да бір белгілі клиникалық айқындығынсыз және атрофиялық гастриттің немесе карциноидтық ісіктердің дамуынсыз ЭХП жасушалары гиперплазиясының елеусіз дәрежелері дамыған.
С-МЕЗОЛ является S-изомером омепразола и снижает секрецию соляной кислоты в желудке путем специфического ингибирования кислотного насоса в париетальных клетках. S- и R-изомеры омепразола обладают сходной фармакодинамической активностью.
Механизм действия
С-МЕЗОЛ является слабым основанием, концентрируется и переходит в активную форму в сильнокислой среде секреторных канальцев париетальных клеток слизистой оболочки желудка и ингибирует кислотный насос - фермент Н+, К+- АТФазу, при этом происходит ингибирование как базальной, так и стимулированной секреции кислоты.
Влияние на секрецию кислоты в желудке
После приема эзомепразола в дозе 20 мг или 40 мг в течение 5 дней пациентами с гастро-эзофагеальной рефлюксной болезнью (ГЭРБ) с наличием симптомов значение желудочного рН было выше 4 в течение в среднем 13 и 17 часов из 24 часов.
Анализ фармакокинетических данных позволил выявить взаимосвязь между ингибированием секреции кислоты и концентрацией препарата в плазме после приёма внутрь (для оценки концентрации использовали параметр AUC- площадь под кривой «концентрация-время»).
При внутривенном введении 80 мг эзомепразола в виде болюсной инфузии в течение 30 минут, предшествующем длительной внутривенной инфузии 8 мг/ч в течение 23,5 часов, значение внутрижелудочного рН выше 4 и выше 6 у здоровых добровольцев поддерживалось в течение, в среднем, 21 часа и 11-13 часов из 24 часов, соответственно.
Терапевтический эффект, достигаемый в результате ингибирования секреции кислоты
Заживление рефлюкс-эзофагита при лечении С-МЕЗОЛом в дозе 40 мг наступает приблизительно у 78% пациентов через 4 недели терапии и у 93% пациентов через 8 недель терапии.
Таралуы
Тепе-тең концентрациясындағы таралу көлемі дені сау адамдарда шамамен, дене салмағына 0,22 л/кг құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97% байланысады.
Биотрансформациясы
Эзомепразол Р450 цитохромы (CYP) жүйесінің қатысуымен толық метаболизмге ұшырайды. Негізгі бөлігі спецификалық полиморфты СYР2С19 изоформасының қатысуымен метаболизденеді, бұл кезде эзомепразолдың гидрокси- және десметилденген метаболиттері түзіледі. Қалған бөлігінің метаболизмі басқа спецификалық CYP3A4 изоформасы арқылы жүзеге асады; ол кезде плазмада анықталатын негізгі метаболиті - эзомепразолдың сульфотуындысы түзіледі.
Элиминациясы
Төменде келтірілген параметрлері негізінен, CYP2C19 ферменті белсенді (метаболизмі жылдам пациенттер) пациенттердегі фармакокинетикасының сипатын көрсетеді.
Жалпы плазмалық клиренсі препаратты бір рет қабылдағаннан кейін шамамен 17 л/сағатты және қайталап қабылдауларда - 9 л/сағатты құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препаратты тәулігіне бір рет қайталап қабылдаған кезде 1,3 сағатты құрайды.
Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазандағы қышқыл секрециясына әсер етпейді. Пероральді қолданғанда препарат дозасының 80%-ына дейінгі метаболиттері түрінде несеппен, басқа бөлігі - нәжіспен шығарылады. Несепте өзгермеген эзомепразолдың 1%-дан азы анықталады.
Дозаға тәуелділігі/озаға туелсіздігі
Қайталап енгізгенде «концентрация - уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) ұлғаяды. Бұл артуы дозаға және уақытқа тәуелді, ол бауыр арқылы алғашқы өтуі кезіндегі метаболизмі төмендеуінің, сондайақ, шамасы эзомепразол және/немесе оның сульфоқұрамды метаболиті CYP2C19 ферментін тежейтіндігінен туындайтын жүйелі клиренсі төмендеуінің салдары болып табылады.
Препаратты күнделікті тәулігіне бір рет енгізгенде эзомепразол енгізулер арасындағы үзіліс кезінде плазмадан толығымен шығарылады, препараттың кумуляциясы үрдістері байқалмайды.
40 мг дозадағы эзомепразолды вена ішіне қайталап енгізгенде плазмадағы орташа ең жоғары концентрациясы шамамен 13,6 мкмоль/л құрайды. Ішке қабылдағанда ұқсас дозаларын плазмадағы орташа ең жоғары концентрациясы 4,6 мкмоль/л құрайды. Пероральді қабылдаумен салыстырғанда, эзомепразолды вена ішіне енгізгенде жалпы экспозициясы біршама аз (шамамен 30%-ға) жоғарылайды.
Эзомепразолды 30 минуттық инфузия (40 мг, 80 мг және 120 мг) түрінде вена ішіне енгнізіп, артынан 23,5 сағат бойы ұзақ инфузиясын (4 мг/сағ немесе 8 мг/сағ) жүргізгеннен кейін AUC дозаға тәуелсіз жоғарылауы байқалады.
Пациенттердің кейбір топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері
Метаболизмі баяу пациенттер
Халықтың шамамен 2.9±1.5%-ында CYP2C19 изоферментінің белсенділігі төмен. Ондай пациенттерде эзомепразол метаболизмі, негізінен, CYP3A4 әсерінің нәтижесінде жүзеге асады. 40 мг эзомепразолды жүйелі түрде тәулігіне бір рет қабылдағанда АUС орташа мәні CYP2C19 изоферментінің белсенділігі жоғары пациенттердегі осы параметрдің мәнінен 100%-ға жоғары. Изоферменттің белсенділігі төмен пациенттерде плазмадағы ең жоғары концентрацияларының орташа мәндері шамамен 60%-ға жоғары. Көрсетілген ерекшеліктер эзомепразолдың дозасы мен қолдану тәсіліне ықпал етпейді.
Жыныс
40 мг эзомепразолды бір рет қабылдағаннан кейін әйелдерде АUС орташа мәні ерлердегі осындайдан 30%-ға жоғары болады. Препаратты күнделікті тәулігіне бір рет қабылдағанда ерлер мен әйелдердегі фармакокинетикасында айырмашылықтар байқалмайды. Осыған ұқсас айырмашылықтар эзомепразолды вена ішіне енгізгенде де байқалды. Аталған ерекшеліктер эзомепразолдың дозасы мен қолдану тәсіліне ықпал етпейді.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде эзомепразолдың метаболизмі бұзылуы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде метаболизм жылдамдығы төмендейді, ол эзомепразол үшін АUС мәнінің 2 есе артуына алып келеді. Сондықтан, ГЭРА және бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде ең жоғарғы тәуліктік дозасын 20 мг асырмау керек. Ойық жарадан қан кетумен және бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуымен пациенттерде бастапқы 80 мг болюстік дозасынан кейін 71.5 сағат бойғы үздіксіз венаішілік инфузияға арналған ең жоғарғы, сағатына 4 мг дозасы жеткілікті болуы мүмкін. Эзомепразол немесе оның негізгі метаболиттері тәулігіне 1 рет қолданғанда жинақталу үрдісін танытпайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде фармакокинетикасын зерттеу жүргізілмеді. Бүйрек арқылы эзомепразолдың өзінің емес, оның метаболиттерінің шығарылуы жүзеге асатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде эзомепразолдың метаболизмі өзгермейді деп шамалауға болады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде (71-80 жас) эзомепразолдың метаболизмі елеулі өзгерістерге ұшырамайды.
Балалар мен жасөспірімдер
Бірнеше рет қолданылатын рандомизацияланған ашық халықаралық зерттеуде эзомепразол төрт күн бойы бір реттік 3 минуттық инъекция түрінде енгізілген. Зерттеуге 0 жастан 18 жасқа дейінгі, жалпы саны 59 бала кірістірілді, олардың ішінен 50 пациент (1 жастан 5 жасқа дейінгі жас тобындағы 7 бала) зерттеуді аяқтады және эзомепразолдың фармакокинетикасына қатысты баға берілді.
Төменде келтірілген кестеде эзомепразолдың дені сау балалар мен ересек адамдардда 3 минуттық инъекция түрінде вена ішіне енгізілгеннен кейінгі жүйелі экспозициясы сипатталады. Кестедегі мәндер орташа геометриялық мәндері (ауқымы) болып табылады. Ересектерде 20 мг дозасын 30 минуттық инфузия жолымен енгізген. Css, max балалар жасындағы пациенттердің барлық жас топтарында 40 мг дозасын енгізгеннен кейін 5 минуттан соң және ересектерде 40 мг дозасын енгізгеннен кейін 7 минуттан соң және ересектерде 20 мг дозасының инфузиясын тоқтатқаннан кейін өлшенген.
Жас тобы Доза тобы AUC (мкмоль*сағ/л) Css,max (мкмоль/л)
0-1 ай* 0.5 мг/кг (n=6) 7.5 (4.5-20.5) 3.7 (2.7-5.8)
1-11 ай* 1.0 мг/кг (n=6) 10.5 (4.5-22.2) 8.7 (4.5-14.0)
1-5 жас 10 мг (n=7) 7.9 (2.9-16.6) 9.4 (4.4-17.2)
6-11 жас 10 мг (n=8) 6.9 (3.5-10.9) 5.6 (3.1-13.2)
20 мг (n=8)
20 мг (n=6)** 14.4 (7.2-42.3)
10.1 (7.2-13.7) 8.8 (3.4-29.4)
8.1 (3.4-29.4)
12-17 лет 20 мг (n=6) 8.1 (4.7-15.9) 7.1 (4.8-9.0)
40 мг (n=8) 17.6 (13.1-19.8) 10.5 (7.8-14.2)
Ересектер 20 мг (n=22) 5.1 (1.5-11.8) 3.9 (1.5-6.7)
40 мг (n=41) 12.6 (4.8-21.7) 8.5 (5.4-17.9)
* 0-ден 1 айға дейінгі жас тобындағы пациент жас шамасы түзетілген, толық ≥32 апталық және толық <44 апталық пациент ретінде саналды, мұнда түзетілген жас шамасы - бұл шарананың құрсақішілік жасы мен туылғаннан кейінгі толық апталармен есептелген жасының қосындысы. т 1 айдан 11 айға дейінгі жас тобындағы пациентте түзетілген жас шамасы толық ≥44 апта болды.
** Екі пациент шығарылып тасталды, оның 1-еуі CYP2C19метаболизмі баяу пациент болуы мүмкін, және 1-еуі CYP3A4 тежегішімен қатарлас ем қабылдаған.
Модельдердің негізіндегі болжамдар, эзомепразолды 10 минуттық, 20 минуттық және 30 минуттық инфузиялар түрінде вена ішіне енгізгеннен кейінгі Css,max дозасы 3 минуттық инъекция түрінде енгізілген кездегімен салыстырғанда, барлық жас топтарында және дозалық топтарда орташа алғанда, сәйкесінше 37-49 %, 54-66 % және 61-72 %-ға төмендегенін көрсетіп отыр.
Распределение
Объем распределения при равновесной концентрации составляет приблизительно 0,22 л/кг массы тела. Эзомепразол связывается с белками плазмы на 97%.
Метаболизм и выведение
Эзомепразол подвергается полному метаболизму с участием системы цитохрома Р450 (CYP). Основная часть метаболизируется при участии специфической полиморфной изоформы СYР2С19, при этом образуются гидрокси- и десметилированные метаболиты эзомепразола. Метаболизм оставшейся части осуществляется другой специфической изоформой CYP3A4; при этом образуется сульфопроизводное эзомепразола - основной метаболит, определяемый в плазме.
Параметры, приведенные ниже, отражают, в основном, характер фармакокинетики у пациентов с активным ферментом CYP2C19 (пациенты с быстрым метаболизмом).
Общий плазменный клиренс составляет примерно 17 л/ч после однократного приема препарата и 9 л/ч - при повторных приемах. Период полувыведения составляет 1,3 часа при повторных приемах препарата один раз в сутки. Площадь под кривой «концентрация - время» (AUC) увеличивается при повторном введении. Это увеличение является дозо- и время- зависимым, что является следствием снижения метаболизма при первом прохождении через печень, а также снижения системного клиренса, вероятно, вызванных тем, что эзомепразол и/или его сульфосодержащий метаболит ингибируют фермент CYP2C19.
При ежедневном введении препарата один раз в сутки эзомепразол полностью выводится из плазмы в перерыве между введениями, тенденции к кумуляции препарата не отмечается.
При повторном внутривенном введении эзомепразола в дозе 40 мг средняя пиковая концентрация в плазме составляет приблизительно 13,6 мкмоль/л. При приеме внутрь аналогичных доз средняя плазменная пиковая концентрация составляет 4,6 мкмоль/л. Несколько меньше увеличивается общая экспозиция (приблизительно на 30%) при внутривенном введении эзомепразола по сравнению с пероральным приемом.
Нелинейное увеличение AUC наблюдается после внутривенного введения эзомепразола в виде 30-минутной инфузии (40 мг, 80 мг и 120 мг) с после-дующей продолжительной инфузией (4 мг/ч или 8 мг/ч) в течение 23,5 ч.
Основные метаболиты эзомепразола не влияют на секрецию кислоты в желудке. При пероральном применении до 80% дозы препарата выводится в виде метаболитов с мочой, другая часть - с фекалиями. В моче обнаруживается менее 1% неизмененного эзомепразола.
Особенности фармакокинетики в некоторых группах пациентов
Приблизительно у 1- 2% населения снижена активность фермента CYP2C19 (пациенты с медленным метаболизмом). У таких пациентов метаболизм эзомепразола, в основном, осуществляется с помощью CYP3A4, и при повторном приеме внутрь 40 мг эзомепразола однократно в сутки средняя площадь под кривой «концентрация - время» на 100% выше, чем у пациентов с активным ферментом CYP2C19 (пациенты с быстрым метаболизмом). Средние значения пиковых концентраций в плазме у пациентов с медленным метаболизмом повышены приблизительно на 60%. Сходные различия выявлены при внутривенном введении эзомепразола. Отмеченные особенности не влияют на дозировку и способ применения эзомепразола.
У пациентов пожилого возраста (71-80 лет) метаболизм эзомепразола существенно не изменяется.
У пациентов с легким и умеренным нарушением функции печени метаболизм эзомепразола может нарушаться. У пациентов с тяжелым нарушением функции печени скорость метаболизма снижена, что приводит к удвоению площади под кривой «концентрация - время» для эзомепразола. Поэтому максимальная доза эзомепразола для пациентов с тяжелым нарушением функции печени составляет 20 мг/сутки и ее не следует превышать. Тенденции к кумуляции эзомепразола и его основных метаболитов при введении препарата один раз в сутки не отмечается.
Изучение фармакокинетики у пациентов со сниженной функцией почек не проводилось. Поскольку через почки осуществляется выведение не самого эзомепразола, а его метаболитов, можно полагать, что метаболизм эзомепразола у пациентов с нарушением функции почек не изменяется.
Жиі
- бас ауыруы
- іш ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, құсу, асқазан түбінің безді полиптері (қатерсіз)
- препаратты енгізген орындағы реакциялар
Жиі емес
- шеткері ісінулер
- ұйқысыздық
- дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе
- бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық
- ауыздың құрғауы
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- жамбастың, білектің немесе омыртқаның сынуы
Сирек
- лейкопения, тромбоцитопения
- аса жоғары сезімталдық реакциялары:
рецептурные
Үрей тудыратын кез келген симптомдар (мысалы, дене салмағын тосыннан елеулі жоғалту, қайта-қайта құсу, дисфагия, қан аралас құсу немесе мелена сияқты) болған, сондай-ақ асқазанның ойық жарасы (немесе асқазанның ойық жарасына күдіктенгенде) болған жағдайда, қатерлі жаңа түзілімнің бар-жоқтығын анықтау керек, өйткені препаратпен емдеу симптоматикасының білінбей кетуіне алып келуі және диагноз қойылуын кейінге қалдыруы мүмкін.
Ұзақ уақыт қолдану
Ұзақ уақыт емделіп жүрген пациенттер (әсіресе, бір жылдан артық емделгендер) жүйелі түрде қадағалауда болуы тиіс.
Талап етілуіне (қажеттілігіне) қарай емдеу
Қажеттілігіне қарай ем қабылдап жүрген пациенттерге, егер симптомдарының сипаты өзгерсе, өз дәрігерімен хабарласу қажеттілігі туралы нұсқау берілуі тиіс.
Helicobacter pylori эрадикациясы
Helicobacter pylori эрадикациясы үшін эзомепразолды тағайындағанда үштік емнің барлық компоненттерінің өзара әрекеттесетіндігін ескеру керек. Кларитромицин CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады, сондықтан, цизаприд сияқты CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде үштік емді қолданғанда кларитромициннің қарсы көрсетілімдері мен өзара әрекеттесулерін ескеру керек.
Асқазан-ішек инфекциялары
Протондық помпа тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter тудыратын асқазан-ішек инфекцияларының туындауы қаупінің болар-болмас жоғарылауына алып келуі мүмкін. Антисекреторлық препараттарды ұзақ уақыт аралығы бойына қабылдап жүрген пациенттерде, асқазанда безді кисталардың түзілгені жиі байқалады. Ондай құбылыстарға қышқыл секрециясының айқын тежелуі нәтижесіндегі физиологиялық өзгерістер түрткі болады. Кисталар қатерсіз және қайтымды сипатқа ие.
В12 дәруменінің сіңуі
Эзомепразол, қышқылды бөгейтін барлық дәрілік препараттар сияқты, гипо- немесе ахлоргидрияға байланысты B12 дәруменінің (цианокобаламиннің) сіңуін азайтуы мүмкін. Мұны В12 дәруменінің деңгейі төмен немесе B12 дәруменінің сіңуі төмендеуінің қауіп факторлары бар пациенттерде ескеру керек.
Гипомагниемия
Эзомепразол, басқа ППТ сияқты, ұзақ уақыт қолданғанда гипомагниемияға алып келеді. Шаршау, тетания, еліру, конвульсиялар, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның елеулі көріністері туындауы мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде магний препараттарын алмастырушы емнен және ППТ қабылдауды тоқтатқаннан кейін жағдайдың жақсарғаны байқалған.
ППТ емін бастар алдында магний деңгейін мұқият бақылау керек және емдеу кезінде, ППТ ұзақ уақыт қолданылуы күтілетін жағдайларда немесе пациенттер протондық помпа тежегіштерін дигоксинмен немесе гипомагниемия тудыруы мүмкін басқа дәрілік заттармен (мысалы, диуретиктер) бірге қабылдап жүрген кезде бақылау керек.
Сынулар қаупі
Протондық помпа тежегіштері, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ қабылдағанда (> 1 жыл), көбінесе егде жастағы адамдарда жамбастың, білектің және омыртқаның сынуы, немесе басқа қауіп факторларының болуы қаупін арттыруы мүмкін. Ағымдағы клиникалық нұсқауларға сәйкес, остеопороз қаупі бар пациенттерді мұқият қадағалау ұсынылады, пациенттер D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы тиіс.
Терінің жеделге жуық қызыл жегісі (ТЖҚЖ)
Протондық помпа тежегіштерін қабылдау ТЖҚЖ сирек жағдайларымен астасады. Егер зақымданулар, әсіресе, күн сәулесінің әсеріне ұшыраған тері бөліктерінде туындаса, және егер, олар артралгиямен қатар жүрсе, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Эзомепразолды қабылдауды тоқтату мүмкіндігін дәрігер қарастыруы тиіс. Осының алдында протондық помпа тежегіштерімен емдеген жағдайда аталған топтың басқа препараттарын тағайындағанда ТЖҚЖ даму қаупі арта түседі.
Басқа дәрілермен біріктірілімдері
Эзомепразол мен атазанавирді бірге қолдану ұсынылмайды. Егер бұл біріктірілімді қолданбауға болмайтын болса, 100 мг ритонавирмен біріктірілген атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттырумен бірге мұқият мониторингілеу ұсынылады, бірақ эзомепразолдың 20 мг дозасы арттырылмауы тиіс.
Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Эзомепразолмен емдеу басталған немесе тоқтатылған кезде CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкіндігін ескеру керек. Эзомепразолды клопидогрелмен бірге қолданбаған дұрыс. Бұл өзара әрекеттестіктің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолданбаған дұрыс. Эзомепразолды тағайындамауға болмайтын болса, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі үшін, қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының ауытқуларына байланысты салдарларын қарастыру керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR)
Эзомепразолмен ем жүргізумен байланысты, мультиформалы эритема (EM), Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS-синдром) жүретін дәрілік реакция сияқты, терінің өмірге қауіп төндіруі мүмкін ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) туралы сирек хабарланды. Пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдарынан хабардар болуы тиіс және оларға тән кез келген белгілер немесе симптомдар анықталған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Ондай белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда эзомепразолды қабылдауды тоқтату керек және, дереу шұғыл медициналық көмек көрсету және пациентке мұқият мониторинг жүргізу керек. EM/SJS/TEN/DRESS бар пациенттерде ов эзомепразолды қайталап қолдануға болмайды.
Зертханалық тестілердің нәтижелері
Хромогранин A (CgA) деңгейінің жоғарылығы нейроэндокриндік ісіктер тестілерінің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Мұндай әсеріне жол бермеу үшін, эзомепразолмен емдеуді CgA өлшегенге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы өлшеуден кейін CgA мен гастрин деңгейлері нормаға қайта оралмаса, өлшеуді протондық сорғы тежегішімен емдеу тоқтатылғаннан кейін 14 күннен соң қайталау керек.
Натрий
Препараттың құрамында натрий бар, тұзсыз диета ұстап жүрген адамдарға тағайындағанда сақтық таныту керек.
При наличии любых тревожных симптомов (например, таких как значительная спонтанная потеря массы тела, повторяющаяся рвота, дисфагия, рвота с кровью или мелена), а также при наличии язвы желудка (или при подозрении на язву желудка), следует исключить наличие злокачественного новообразования, поскольку лечение С-МЕЗОЛом может привести к сглаживанию симптоматики и отсрочить постановку диагноза.
С осторожностью:
Инъекцияға және инфузияға арналған С-МЕЗОЛ дәрілік препараты ересектерге:
- эзомепразолға, орынбасқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- нелфинавирмен бірге қолдану
- бала емізу кезеңі
- известная повышенная чувствительность к эзомепразолу, замещенным
бензимидазолам или другим ингредиентам препарата
- совместное применение с нелфинавиром
- беременность и период лактации
- детский и подростковый возраст до 18 лет (в связи с отсутствием данных
по безопасности и эффективности)
Басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына эзомепразолдың ықпалы
Протеазалар тежегіштері
Эзомепразолмен және басқа ППТ-мен емдеу аясында асқазан сөлі қышқылдылығының (рН) бәсеңдеуі, сіңуі ортаның қышқылдылығына тәуелді препараттар абсорбциясының өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Тәулігіне бір рет 40 мг дозадағы омепразол мен 300 мг атазанавирді / 100 мг ритонавирді бірге тағайындау «концентрация - уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) мәнінің, сондай-ақ атазанавирдің ең жоғарғы және ең төменгі концентрацияларының едәуір төмендеуіне алып келеді. Атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттыру омепразолдың атазанавир концентрациясына әсерінің орнын толтырды. Сондықтан, эзомепразолды атазанавирмен бірге тағайындамау керек, ал эзомепразол мен нелфинавирді бір мезгілде тағайындауға болмайды. Атазанавир мен нелфинавир омепразолмен бір мезгілде қабылданған жағдайларда, аталған препараттардың сарысудағы деңгейінің төмендегені байқалды, сондықтан оларды бірге қолданбау керек.
Метотрексат
ППТ мен метотрексатты бірге қабылдағанда, кейбір пациенттерде соңғысының концентрациясы артқаны байқалады. Метотрексатты жоғары дозаларда қолданғанда эзомепразолды қабылдауды уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін.
Такролимус
Эзомепразол мен такралимусты бірге тағайындау соңғысының сарысудағы концентрациясының артуына алып келген. Такролимус концентрацияларына және бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) мұқият мониторинг жүргізу, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, такролимустың дозасын түзету керек.
Сіңуі pH-тәуелді дәрілік препараттар
Эзомепразол, төмендететін асқазандағы қышқыл (рН) секрециясын төмендететін басқа препараттар сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб абсорбциясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, эзомепразолды дигоксинмен бірге қабылдағанда, соңғысының концентрациясы артуы мүмкін.
Эзомепразолмен бірге қолданғанда дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланады. Дегенмен, егде жастағы пациенттерге эзомепразолдың жоғары дозаларын тағайындағанда сақтық таныту керек. Дигоксинді қабылдап жүрген пациенттерді терапиялық бақылауды арттыру керек.
CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттар
Эзомепразол өзінің метаболизміне қатысатын негізгі фермент - CYP2C19 тежейді. Эзомепразолды метаболизміне CYP2C19 қатысатын, диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин және т.б. сияқты басқа препараттармен бірге қолдану аталған препараттардың плазмадағы концентрацияларының жоғарылуына алып келуі және олардың дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Метаболизміне CYP2C19 қатысатын препараттарға эзомепразолдың тигізетін әсері, препаратты вена ішіне енгізгенде айқынырақ болуы мүмкін, сондықтан жағымсыз әсерлерін дер кезінде анықтау мақсатында, пациенттерді вена ішіне енгізген сәттен бастап 3 күн бойы мұқият қадағалау керек.
Диазепам
30 мг эзомепразол мен диазепамды бірге пероральді қабылдағанда соңғысының клиренсі 45%-ға төмендейді.
Фенитоин
Эпилепсиясы бар науқастарда 40 мг дозадағы пероральді эзомепразол мен фенитоинді бірге қабылдағанда фенитоиннің плазмадағы қалдықтық концентрациясы 13%-ға жоғарылаған. Соған байланысты, эзомепразолмен емдеудің басында және оны тоқтатқан кезде плазмадағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады.
Вориконазол
Күніне бір рет 40 мг дозадағы омепразол вориконазолдың (CYP2C19 субстраты) Cmax пен AUC 15% және 41%-ға арттырады.
Цилостазол
Омепразол, эзомепразол сияқты, CYP2C19 тежегіші ретінде әсер береді. 40 мг дозадағы омепразол цитолазолдың Cmax және AUC сәйкесінше 18% және 26%-ға, және оның белсенді метаболиттерінің біреуінікін сәйкесінше 19% және 69%-ға жоғарылатады.
Цизаприд
40 мг дозадағы эзомепразол мен цизапридті бірге пероральді қабылдау AUC шамасын 32%-ға жоғарылатады және на цизаприд үшін жартылай шығарылу кезеңін (t1/2) 31%-ға арттырады; бұл ретте цизапридтің плазмадағы ең жоғары концентрациялары айтарлықтай өзгермейді. Цизапридпен монотерапия кезінде байқалатын, QT аралығының болар-болмас ұзаруы, эзомепразолды қосқан кезде артпайды.
Варфарин
Варфаринді қабылдап жүрген пациенттерге эзомепразолды 40 мг дозада пероральді тағайындағанда, коагуляция уақыты жол берілетін мәндер шегінде қалған. Алайда, варфарин мен эзомепразоды бірге қолданғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) индексінің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауының бірнеше жағдайлары туралы хабарланды. Соған байланысты, аталған препараттарды бірге қолданудың басында және аяғында мониторинг жүргізу ұсынылады.
Клопидогрел
Эзомепразолды клопидогрелмен бірге қолданбаған дұрыс.
Зерттеудегі дәрілік препараттардың клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттестігі жоқ.
Амоксициллин және хинидин
Эзомепразолдың амоксициллинмен немесе хинидинмен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесулері анықталмады.
Напроксен немесе рофекоксиб
Эзомепразолды напроксенмен немесе рофекоксибпен бірге қолданғанда қысқамерзімді ем кезінде клиникалық тұрғыдан елеулі қандай-да бір фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Дәрілік препараттарлдың эзомепразол фармакокинетикасына ықпалы
Эзомепразолдың метаболизміне CYP2C19 бен CYP3A4 қатысады. Эзомепразол мен CYP3А4 тежегіші кларитромицинді (500 мг тәулігіне 2 рет) бірге пероральді қолдану эзомепразол үшін AUC мәнінің екі есе жоғарылауына алып келеді. Эзомепразолды және CYP3А4 пен CYP2C19 біріктірілген тежегішін, мысалы, вориконазолды бірге қолдану эзомепразол үшін AUC мәнінің 2 еседен артық жоғарылауына алып келуі мүмкін. Ондай жағдайларда эзомепразолдың дозасын түзету қажет емес. Алайда, бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзақ ем тағайындағанда дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
CYP2C19 және / немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттар
CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттар (мысалы, рифампицин мен шәйқурай), мепразолдың метаболизмін арттыру жолымен сарысудағы эзомепразол деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Влияние эзомепразола на фармакокинетику других лекарственных препаратов
Подавление кислотности желудочного сока на фоне лечения эзомепразолом и другими Ингибитор протоновой помпы (ИПП) может привести к изменению абсорбции препаратов, всасывание которых зависит от кислотности среды. Эзомепразол, как и другие препараты, снижающие секрецию кислоты в желудке, может приводить к снижению абсорбции кетоконазола, итраконазола и эрлотиниба. В тоже время при совместном приеме эзомепразола с дигоксином, концентрация последнего может увеличиваться. При совместном приеме ИПП и метотрексата, отмечается увеличение концентрации у некоторых пациентов. При применении метотрексата в высоких дозах необходимо приостановить прием эзомепразола.
В случаях, когда атазанавир и нелфинавир принимались одновременно с омепразолом, было отмечено понижение уровня этих препаратов в сыворотке, поэтому их сочетанное применение следует избегать. Совместное назначение омепразола в дозе 40 мг в один раз сутки и атазанавира 300 мг/ритонавира 100 мг приводило к существенному снижению значений AUC, а также максимальной и минимальной концентраций атазанавира. Увеличение дозы атазанавира до 400 мг не компенсировало влияния омепразола на концентрацию атазанавира. Поэтому не следует назначать эзомепразол совместно с атазанавиром, а одновременное назначение эзомепразола и нелфинавира исключается.
Лекарственные средства, метаболизируемые CYP2C19
С-МЕЗОЛ ингибирует CYP2C19 - основной фермент, участвующий в его метаболизме. Совместное применение эзомепразола с другими препаратами, в метаболизме которых принимает участие CYP2C19, такими как диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин и др., может привести к повышению концентраций этих препаратов в плазме и потребовать снижения дозы. Исследования in vivo лекарственных взаимодействий эзомепразола при введении внутривенно больших дозировок (80 мг + 8 мг/ч) не проводились. Эффект, оказываемый эзомепразолом на препараты, в метаболизме которых принимает участие CYP2C19, может быть более выраженным при внутривенном введении препарата, поэтому следует тщательно наблюдать пациентов в течение 3 дней с момента внутривенного введения с целью своевременного обнаружения побочных эффектов.
Диазепам
При пероральном совместном приеме 30 мг С-МЕЗОЛа и диазепама на 45% снижается клиренс диазепама, который является субстратом CYP2C19.
Фенитоин
При совместном приеме С-МЕЗОЛа перорально в дозе 40 мг и фенитоина у больных эпилепсией на 13% повышалась остаточная концентрация фенитоина в плазме. В связи с этим рекомендуется контроль концентрации фенитоина в плазме в начале лечения эзомепразолом и при его отмене.
Варфарин
При назначении С-МЕЗОЛа перорально в дозе 40 мг пациентам, получающим варфарин, время коагуляции оставалось в пределах допустимых значений. Однако сообщалось о нескольких случаях клинически значимого повышения индекса МНО (международное нормализованное отношение) при совместном применении варфарина и эзомепразола.
Мониторинг рекомендуется при инициировании и прекращении сопутствующего лечения эзомепразолом во время лечения варфарином или другими производными кумарина.
Цизаприд
Совместный пероральный прием С-МЕЗОЛа в дозе 40 мг и цизаприда на 32% повышал величину площади под кривой "концентрация - время" (AUC) и на 31% увеличивал период полувыведения (t1/2) для цизаприда; пиковые концентрации цизаприда в плазме при этом значительно не изменялись. Незначительное удлинение интервала QT, которое наблюдалось при монотерапии цизапридом, при добавлении эзомепразола не увеличивалось.
Амоксициллин или хинидин
Показано, что С-МЕЗОЛ не вызывает клинически значимых изменений фармакокинетики амоксициллина и хинидина.
Циклоспорин
Совместное назначение с эзомепразолом приводило к увеличению концентрации такролимуса в сыворотке. Следует проводить усиленный мониторинг концентрации такролимуса, а так же функции почек (клиренс креатинина), при необходимости проводить коррекцию дозы такролимуса.
Влияние лекарственных препаратов на фармакокинетику С-МЕЗОЛа.
В метаболизме С-МЕЗОЛа участвуют CYP2C19 и CYP3A4. Совместное пероральное применение С-МЕЗОЛа и ингибитора CYP3А4, кларитромицина (500 мг 2 раза в сутки) приводит к двукратному увеличению значения AUC для эзомепразола. Совместное применение эзомепразола и комбинированного ингибитора CYP3А4 и CYP2C19, например, вориконазола, может приводить к удвоению воздействия эзомепразола. В таких случаях не требуется коррекции дозы С-МЕЗОЛа. Однако, коррекция дозировки может потребоваться у пациентов с тяжелой печеночной недостаточностью и при длительной терапии.
Ближайшие к вам пункты доставки в Алматы вы можете посмотреть здесь.
-АстраЗенека АБ
Страна производитель: Швеция
-АстраЗенека АБ
Страна производитель: Швеция
-Балканфарма-Дупница АД
Страна производитель: Болгария
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Балканфарма-Дупница АД
Страна производитель: Болгария
-KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto
Страна производитель: Словения
-Нобел АФФ АО
Страна производитель: Казахстан
-Мефар Илач Санаи А.Ш
Страна производитель: Турция
-Алкем Лабораториз Лтд.
Страна производитель: Индия
-Алкем Лабораториз Лтд.
Страна производитель: Индия
-IMMACULE LIFESCIENCES PRIVATE LIMITED
Страна производитель: Индия